Жер маңындағы атмосфера қабатындағы ауа ластануының таралу заңдылықтары
Атмосфералық ауа ластанған жағдайда олардың қандай зат және концентрациясы қандай екенiн бiлiп қана қоймай, табылған концентрацияның мәнi шектеулi көлемнен қаншалықты жоғары екенiн анықтау қажет. Мұндай бағалау “масштаб” ролiн атқаратын атмосфераны ластауыштардың ШРК (шектеулi рауалы концентрация) көмегiмен анықталады. Олардың ауада шектен тыс кездесуi мекендiк жерлерде атмосфералық ауаның сапасын реттеп отыруға көмектесiп, ауа бассейiнiнiң ластануына қарсы күресте қолданылады. “Атмосфералық ауаны қорғау” заңына сәйкес, мекендiк жерлердiң ауа сапасын реттеудiң негiзi – атмосфералық ластауыштар ШРК гигиеналық нормативтерi болып табылады.
Атмосфералық ауаны қорғаудағы гигиеналық нормалау елiмiзде Ұлы Отан соғысынан кейiн (1950 ж.) басталды. Атақты ғалым В.А.Рязановтың жасаған тұжырымы төмендегiдей:
1) шектеулi концентрация деп зиянды заттар шамасының ағзаға (организмге) тiкелей немесе қосалқы зиян және жағымсыз әрекет етпейтiн, оның жұмыс жасау қабiлетiн төмендетпейтiн, адамдардың хал-жайы (самочувствие) мен көңiл күйiне (настроение) әсер етпейтiн концентрациясын атауға болады;
2) зиянды заттарға үйрену (машықтану) қолайсыз сәт деп қаралады және бұл концентрацияның шектен тыс екенiн көрсетедi;
3) зиянды заттардың шектен тыс концентрациясы деп мекендiк жердiң өсiмдiктерi мен климатына, атмосфера мөлдiрлiгiне (прозрачность) және халықтың тұрмыстық хал-ақуалына әсер ететiн концентрация көлемiн атайды. Отандық санитарлық заңда ШРК екi түрi бар: максимальды-бiр реттiк және ортатәулiктiк. Максимальды-бiр реттiк ШРК зиянды заттардың атмосфераға дүркiндiк (залповые), массивтi қалдықтарының түсуiн есепке алады. Ол атмосфералық ауаның бiр реттiк, бiр сәттiк рефлекторлы ластануының адам ағзасына әсерiн суреттейдi. Ортатәулiктiк ШРК атмосфералық ластауыштар концентрация-сының тәулiк iшiндегi шыңы мен ең төменгi шегiн есепке алады. Бұл концентрация мекендiк жерден тәулiк iшiнде алынған сынамалардың (пробалардың) орташа арифметикалық көрсеткiшi болып табылады. ШРК жасау барысында тағы да бiр маңызды мәселе ол – атмосфералық ауа сапасы ағзаның өз қорғаныш механизмдерiн қолданбауға сай болуы қажеттiлiгiн есепке алу. Бұл механизмдердiң тыныс алуда ауамен бiрге түсетiн зиянды заттар әсерiнен ұзақ уақыт әрекетте болуы олардың тежелуiне әкелiп соқтырады. Сондықтан барлық зерттелiп жасалынатын ауа сапасының нормативтерi ағзаның қорғаныш күштерiн мобилизациялайтын деңгейден төмен болуы қажет. Адам үшiн тәулiктiк ШРК лабораториялық жануарларға жасалынған тәжiрибелер негiзiнде анықталады. Атмосфералық ауадағы зиянды заттар мөлшерiн гигиеналық нормалау үшiн атмосфералық ауаны ластауыш көздер өндiрiс кәсiпорындарына жақын орналасқан мекендiк жердiң тұрғындарының денсаулығын динамикалық бақылау әдiсi қолданылады. Атмосфералық ауа сапасының гигиеналық нормативтерi 395 зат үшiн максимальды-бiр реттiк және 368 зат үшiн тәулiктiк ШРК белгiленген. Көптеген химиялық заттарға ШРК -мен қатар бейiмделген қауiпсiз әсер деңгейi(БҚӘД - ОБУВ) белгiленген. Бұл нормативтердiң әсер ету уақыты шектеулi (3 жылға дейiн). Қазiргi уақытта 1400 химиялық заттардың БҚӘД ұсынылған.
- РФ “Атмосфералық ауаны қорғау” заңына (1999 ж.) сәйкес, атмосфералық ауаға түсетiн зиян (ластауыш) заттар қалдықтарын мемлекет тарапынан реттеу мақсатында төмендегiдей қалдықтардың нормативтерi белгiлендi:
- қалдықтардың техникалық нормативтерi;
- қалдықтардың шектеулi деңгейi (ҚШД).
Атмосфералық ауа ластану дәрежесi уақыт пен кеңiстiк көлемiнде өте күштi ауытқып тұрады. Атмосфералық ауа ластану дәрежесiн гигиеналық бағалауда ластауыштың ұзақ резорбтi (сiңiрiп алу) әрекетiн анықтайтын орта деңгейi, сол сияқты тыныс алу жолдары мен көздiң кiлегей қабығын тiтiркендiретiн иiстiң пайда болуына байланысты салыстырмалы қысқауақытты концентрация шыңының маңызы бар. Концентрация деңгейi мен оның өзгеруi атмосфераның жер маңындағы қабатының ластану заңдылықтарын анықтайтын бiрқатар факторға байланысты. Қалдық мөлшерiнiң (величина) үлкен маңызы бар. Уақыт шамасына қарай қалдық мөлшерi неғұрлым үлкен болса, соғұрлым тең жағдайда ластауыш заттар ауа ағынына келiп түседi, яғни онда ластану концентрациясы жоғарырақ болады. Қалдық мөлшерi жер маңындағы концентрация деңгейiн анықтауда негiзгi фактор болып табылады. Осыған байланысты атмосфералық ластауыш көздердi гигиеналық бағалауда санитарлық дәрiгер қалдықтың әр компонентiнiң сандық сипатына ерекше көңiл қою қажет. Қалдық уақыт шамасына қарай мөлшермен (кг/тәулiк, г/тәулiк, т/жыл) немесе басқа өлшеммен, мысалы, өнiм кг/т, өндiрiстiк қалдық мг/м3 есептеледi. Ластауыш заттар атмосфераға ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған қалдықтар түрiнде түседi. Ұйымдасқан қалдықтарғақұйрықты газдар, абгаздар, аспирация және желдеткiш (вентиляция) жүйелерiнiң газдары жатады. Құйрықты газдар өндiрiс процестерiнiң соңғы кезеңiнде пайда болады және олар концентрациясының жоғарылығымен, ластауыш заттарының едәуiр массасымен сипатталады. Абгаздар өндiрiс процестерiнiң аралық кезеңдерiнде пайда болады. Абгаздар қалдықтардың мерзiмдiлiгiмен (периодичность), ластауыш заттардың салыстырмалы жоғарғы концентрациясына шағын көлемiмен сипатталады. Әсiресе абгаздар химиялық, мұнайхимиялық және мұнай өңдеушi өнеркәсiптерде тасталады. Аспирациялық жүйе газдары әр түрлi баспанадан (укрытие) жасалынған желдеткiш (вентиляция) жұмыстарының нәтижесiнде пайда болады және салыстырмалы түрде өте жоғары концентрациялы болуымен сипатталады.
Ұйымдаспаған қалдықтарцехтан тыс құралдар мен құрылымдар есебiнен және сыртқы жұмыстарды орындау кезiнде пайда болады. Оларға тозаңданатын (шаңданатын) және буланатын шикiзат материалдары мен дайын өнiмдердi арту-түсiру жұмыстары, тозаңданатын материалдарды ашық сақтау, шлам (руданы бұрғылау кезiнде түзiлетiн ұсақ ұнтақталған тау жынысы) қоймалары, үйiндiлер (отвалы), ағын сулардың ашық каналдары жатады. Мұндай қалдықтардың ерекшелiгi сол, оларды есепке алу өте қиын болып келедi. Қалдықтарды сандық және сапалық сипаттау үшiн тiкелей және қосалқы әдiстер қолданылады. Тiкелей әдiс ұйымдасқан қалдықтардағы ластауыш концентрациясын өлшеуге және ластауыш массасының уақыт шамасына шаққан есебiне негiзделедi. Қосалқы әдiстiң негiзiне қажеттi шикiзат пен пайда болатын өнiмдi есепке алатын материалдық баланс алынады.