Литосфераны қорғау бойынша шаралар. 3 страница

Топырақтың пестицидтермен,минералды тыңайтқыштармен ауыр металдармен мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануының экологиялық зардаптары.Пестицидтер адам үшін қажетсіз ағзаларды жоюға не санын кемітуде қолданылатын заттар.Пестицидттерге мыналар жатады: өсімдіктерді жою үшін қолданылатын гербицидтер,бунақденелілер инсектицидтер,саңырауқұлақтар фунгицидтер,кенелерге акарицидтер,балдырлар альгицидтер.Пестицидтерді қолданудың экологиялық зардаптары.Есептеулер қоршаған ортаға енгізілген улардың тек 1% ғана,олар қарсы пайдаланатын ағзалармен тікелей жанасатынын көрсетті.Алқалған массасы қоршаған ортаның әр түрлі звеноларына түседі.Олардың әсері ізсіз кетпейді.Пестицидтердің экологиялық заңдылығы негізінен олардың улылығына,өмір суру уакытына ,жеке ағзаларға таңдщамалы түрде әсер туіне және ортада өзгеруіне байланысты болады.Белгілі ДДТ препараты ультракүлгін сәулелердің әсерінен басқа тұрақты және улы көмірсутек полихлорлы бифенилге (ПХБ)айналады.Бұл заттың ДДТ тәрізді өмір сүру уакыты ұзақ,Қоректік тізбек буындарында жиналады және кобею мүшелерін зақымдайды.Экологиялық жағынан пестицидтерді пайдаланудың көлемінің артуы қауіп тудырып отыр.Бұл тек өңделетін жерлердің артуымен ғана емес,ағзалардың пестицидтерге уйренуімен де байланысты.Уақыт өтуіне қарай бірдей нәтиже алу үшін пестицидтерді көп қолдану қажет.Адам қоркетену тізбегінің ждоғары деңгейінен қоректік заттар алады.Сондықтан,пестицидтер мен олардың туындылары адам ағзасына жоғары концентрленген түрде түседі.Дүние жүзінде жыл сайын шамамен 500 мың адам пестицидтерден зардап шегеді.Пестимцидтерді қолданудың белгілі бір сатысында адам өзі зиянкестердің көбеюін туғызады.Бұған жылдам бейімделуден басқа, олардың бәсекелестері немесе жыртқыштарын жою әсер етеді. Минералды тыңайтқыш Экожүйеде тыңайтқыштарды енгізуден іс жүзінде өнімнің артуы болмайтын,ал тыңайтқыштар мөлшерінің одан әрі артуы өнімнің төмендеуіне әкелетін жағдай қалыптасуы мүмкін.Топырақ жуйесінде оның құнарлылығының төмендеуіне әкелетін өзгерістер жүреді: қышқылдығының артуы,топырақ ағзаларының түрлік құрамы артады,заттардың зат алмасуы,құрылымы бұзылады және басқа да қасиеттері нашарлайды.Тыңайтқыштардың, соның ішінде қышқыл азот тыңайтқыштары әсерінен топырақтың қышқылдығының артуы одан кальций мен магнийдің шайылып кетуіне әкеледі.Бұл процесті нейтралдау үшін топыраққа осы элементтерді енгізу керек.Азоттық тыңайтқыштардың жоғарғы дозалары өсімдіктердің ауруы қаупін туғызады.Фосфорлық тыңайтқыштардың азоттық тыңайтқыштар тәрізді анық қышқылдандырушы эффектісі болмайды.Олар өсімдіктерде цинктің жетіспеушілігіне және алынған өнімде стронциийдің жиналуына әсер етеді.Көптеген тыңайтқыштарда қоспа заттар болады.Олар радиоактивті фонның,ауыр металдардың мөлшерінің артуына әкелуі мүмкін.Аталған құбылыстарды болдырмау үшін оптималды дозасы,зиянды қоспалардың минималды мөлшері,органикалық тыңайтқыштармен кезектестіріп отыруы керек.Калий тыңайтқышы.Негізінен хлорлы калийді енгізгенде өсімдікте хлордың жиналуы арқылы калийдің артық мөлшері уландырады.Негізгі калий жинаушы дақылдар:картоп,жүзім,қарақұмық,теплица көкөністері.Фосфор мен калий әдетте азоттың зиянды әсенрін төмендетеді.Бірақ көп мөлшерде бұл элементтер де өсімдіктердің жеңіл улануына әкеледі.Ауыр металдар.Сынап :Жуйке жуйесіне, ас қорыьту органдарының,бүйректуң қызметіне әсер етеді,хромосомдарда өзерістер туғызады.Ластаушы көздер:ластанған су мен топырақ. Мышьяк:терінің рак ауруларын,интоксикация туғызады,жуке жуесіне әсер етеді.Ластаушы көздер:Ластанған топырақ пен зақымданған дәнді дақылдар.Қорғасын:Суйек тканьдерінбұзады, қанда протеиннің синтезделуін нашарлатады,жуйке жүйесі мен буйректің қызметне әсер етеді.Ластаушы көздер:Ластанған топырақ,жер бетілік,жер астылық сулар.Мыс:Тканьдерде органикалық өзгерістер туғызады,суйек тканьдерін бұзады,гепаттит пайда болады.Ластаушы көздер: Ластанған топырақ,жер бетілік,жер астылық сулар.Кадмий:Бауырдың циррозын туғызады,бүйректің қызметін бұзады,протеинурия пайда болады.Ластаушы көздер:ластанған топырақ.Топырақты бұлардан басқа гельминтті инвазиялар,патогенді микроорганизмдермен ластаушылар фекалды массалар,өндірістік қалдықтар,топырақтан шайылған су немесе жануарлардың өліктері болуы мүмкін.Топырақтың гельминттермен латануы тұрғын үйлер маңындағы огородтарды жиі кездеседі.

Топырақтың биологиялық ластануы және оның эпидемиологиялық қауіптілігі.Топырақ көптеген қарапайымдылардың, жануарлардың,микроорганизмдердің,соның ішінде бактериялардың,көгеретін саңырауқұлақтардың,вирустардың тіршілік ететін ортасы. Топырақта тұрғыоықты немесе уақытша тіршілік ететін микроорганизмдер:а)жануарлар мен адамға зияндық жасамайтын сапрофиттер;б)патогендік микроорганизмдер.Топырақтағы патогендік бактериялар мынадай аурулар жұқпалы туғызады:сібірлік жара(қарасан),газдық гангрена,тырысқақ,ботулизм.Жұқпалы ауруды адам топырақты өңдеуде,ауылшаруашылық өнімдерін жинауда,құрылыс жұмыстарында,мал жайылымдарда,жер суаруда,немесе көкөніске,жемістерге,балыққа,саңырауқұлақтарға микробтар тускенде жұқтырады(ботулизм таяқшасы)Жануар мен адамның қаупі жұқпалы аурулардың қатарына сібір жарасы кіреді.Сібір жарасының қоздырғышы сібір жарасының таяқщасы,ол ауру малдың шығаратын зәр,тезегімен бірге түсіп,спора жасайды және сол күйнде жылдар бойы,әсіресе қызғылт және қаратопырақты жерлерде сақталады.Осы таяқшалармен ластанған шөпті жануарлар жеп,сібір жарасын жұқтырады.Адам ұлпалары жарақаттанса онда топырақпен ластанған газдық гангрена қоздырғышы адам денесіне кіреді.Топырақта жиі кездесетіндер А Перфрингенс тектес клостридий болады.Осы микробтар жараланған жерге түсіп,токсин өндіреді,ол ұлпалардың ісінуіне және өлуіне ұшыратады.Ботулизмді жұқтыру тағам өнімдерін уйде сүрлеп дайындау алараларымен тығыз байланысты болады:балық тұздағанда немесе не қақтағанда,консервіленген саңырауқұлақтар,көкөністер мен жемістер дайындауда болады.Ботулинус таяқшасы тудыратын токсин анаэробтық жағдайларда барлық басқа бактериалдық токсиндер мен химиялық уларға қарағанда адам организміне аса кушті әсер етеді.Актиномициттер,терінің үстіңгі қабатында және терең микоздар,сондай-ақ туберкулез,алапес,дифтерия,микобактерияларын тудырады топыраққа түскенде әжептәуір қауіп туғызады:топырақта туберкулез таяқшалары 15 айға дейін,дифтериялық таяқшалар 2-3 аптаға дейін тіршілік етеді.Адам организміне тускен глисттер паразаттер гельминттерден болатын аурулар –гельминтоздардың таралуында топырақтың алатын рөлі аса улкен.КЕйбір гельминттердің даму кезеңдерінің бірі топырақта өтеді.Гельминттармен ластанған топырақта көкөніс,жеміс жидектерді,ластанған суды қолданғанда адам организміне гельминттердің жетілген жұмыртқалары туседі.Энтеровирустар полимиелиттің және кейбір ішек ауруларының қоздырғыштары топырақта 25 тен 170кунге дейін сақталады.Әдетте адам ішек жұқпалы ауруларын ластанған көкөністер арқылы,әсіресе шаруашылқ мақсатындағы жуынды сулармен егістермен суарғанда жұқтырады.

Топырақтың маңызы мен экологиялық қасиеттері.Топырақтың табиғи ландшафтармен экожүйелердегі маңызы зор.Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.В.В.Докучаев XX ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары,тіршілік ету заңдылықтары мен өзін өзі реттеуге қабілетті табиғи тарихи дене деп қарастырады.Топырақ зат айналымның маңызды буыны.Биологиялық айналым топырақтан басталады:одан минералдық заттар мен су сіңіріледі де ,айналым редуцент ағзалардың қызметімен аяқталады.Топырақтағы детрит пен гумуста,оның сіңірілу комплексінле энергия мен химиялық элемнттер шоғырланады.Топырақтың тазартушылық рөлі оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты.ОЛ су мен сулы ерітінділерді тазартуда кушті сузгі және химиялық элементтер мен қосылыстарды байланыстыруға қабілетті.Топырақтың буферлік қасиеттері де жоғары.Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі Докучаев топырақтың планетаның тарихымен ,тау жыныстарымен,климатымен,өсімдіктермен рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.Докучаев «топырақ ландшафттың айнасы»деген. кемуімен сипатталады.Топырақтағы энергияның жиналу және сақталу факторы ретнде ең алдымен ерекше органикалық зат гумус пен тірі ағзаларды атауға болады.Аталған затардың топырақтағы мөлшерінің кемуі құнарлылықпен қатар,оның өзін өзі реттелуі мен тұрақтылығын да төмендетеді.Топырақ барлық материалдық игіліктердің көзі.Ол азық түлік,малға жем,киім үшін талшық,құрылыс материаларынын береді.Топырақтың ең маңызды байлық екенін айта келіп,К.Маркс,еңбек байлықтың әкесі болса,топырақ анасы деген.Топырақ тешнәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс.Қазіргі таңда,ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ.Өсімдкті топырақсыз өсірудің кез келген әдісі (гидропонды,пластопонды,аэропонды)топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды.Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңызды проблема топырақтың топырақтың топырақ тузілу процесінлегі Адамның топыраққа әсері табиғи ландшафттардың бұзылуымен,алуантурліліктің кедейленуімен,экожуйелердің тұрақтылығының күрт төмендеуі мен,өнімділігі мен биомассасының өздігінен қалпына келу қабілетін сақтап қалуға барынша жағдай жасау.Топырақтың деградациялануының негізгіфакторлары:эрозия,миреалдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану т.с.с.Топырақтыңқорғау мен бақылау обьектісі ретінде қоршаған ортаның басқат обьектілермен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар.Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен жер бетілік суларға қарағанда әлдеқайда қозғалыссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи өздігінен тазарту қасиеті жоқ.Топыраққа түскен антропогендік ластаушылар онда жинақталып,көбейе береді.

Экология терминін» (грекше үй, тіршілік ету ортасы) 1866 ж неміс биологы Эрнст Геккель ұсынды. Ол өз зерттеулері б/ша экология термини бірнеше сатыларға бөлді:1) Организмдердің өзара ж/е қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биолоэкология. Биоэкология- особьтар экологиясы, популяциялар экологияы , қауымдастықтар экологиясы болып бөлінеді.2) Эклогия-әртүрлі иеархиялық деңгейдегі экожүйелерің тіршілік етуінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.3) Экология- барлық тірі организмдердің тіршілік ету ортасын зерттейтін комплексті ғылым.4) Экология- адамның түр ретінде ж/е қоғамның планета экосферасындағы орнын, оның экологиялық жүйелермен байланыстар мен олларға әсер ету жағдайларын зерттейді.5) Экология адамның шаруашылық тіршілік әрекетінде өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін биофера ресрстарын тиімді пайдалану жолдарын қарастыратын ғылым.Экологияның зерттеу нысандары: аутоэкологиялық ж/е синэкологиялық. Аутоэкологиялық әдіс- бір түрге жататын организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатнасын, ал синэкология- көптеген түрлрдің қоршаған ортамен қарым-қатынасы.Бұл зерттеулер: бақылау, тәжірибелер, модельдеу әдістер жатады: табии ж/е техногенді әдістерді зерттеу, проестермен құбылыстарды статистикалық әдіспен бағалау, математиалық модельдеу, әлеуметтк-демографиялық, табиғи жасанды объектілерді паспорттау, экологиялық менеджмент, эклогиялық сараптама.Қазіргі экологияның негізгі міндеті- бүкіл биосфераны қамтитын процестермен құбылыстарды зерттеу.

Экологияның даму тарихыБілімнің барлық салалары сияқты экология ғылымы да тұрақты дамыды.Жануарлар мен өсімдіктердің таралу сипаты , қоршаған ортамен байланысы туралы мәліметтердің жиналуы адамның табиғатты терең меңгеруінен басталды. Аристотель жануарлардың 500 түрін інез-құлығын сипаттап жазды. Ал оның шәкірті Теофраст әр түрлі өсімдіктердің ерекшеліктерін , олардң пішіні мен өсуінің топыра пен ауа-райына тәуелділігі туралы мәліметтер жинақтады.Қайта өрлеу дәуірінде географиялық ашылуларға байланысты түрлі жануарлар мен өсімдіктер ашылды. Бірінші эволюциялық ілімнің авторы- Ламарк ол «сыртқы жағдайлардың әсері ағзалардың бейімделуі ж/е өсімдіктердің мен жануарлардың эволюциясының негігі себептерінің бірі», Дарвин табиғаттағы тіршілік үшін күресті теория жүзінде тұжырымдады «түлердің табиғи сұрыпталу жолымен шығу тегі

немесе тіршілік үшін күресте оған қолайлы қолтұқымдардың сақталуы», Геккель өзінің еңбектерінде экологияны ағзалардың қоршаған ортамен іршілік ету жағдайларымен қатынасын зерттейтін жалпы ғылым ретінде түсіндіреді. Экология ғылым ретінде негізінен 19ғ аяғында қалыптаса бастады.3.20ғ экология жылдам дами бстады.Жалпы экологяны қарқнды дамтқан ғалымдар: Одумдар,Сукачев,Реймерс, Шварц, Наумов т.б. Қазақстанда экология мәселелерімен Ғылым Академиясының топырақтану, ботаника, зоология, физиология институттары айналсады.

Экологияның негізгі заңдарыАғылшын ғалымы Коммонер тірі ж/е өлі табиғатың арасындағы барлық эколоигялық өзара қарым-қатынастарды 4 заңға бірікірді. 1-ші заң: барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағ жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип б/ша табиғаттағы күрделі трофтық н/е басқа байланыстағы қандайда бі бөлігінің күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін.Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланыста болады.М: оңтүстік аралдардың бірінде ДДТ препаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жргізілген. Масалар олық жойылды.Бірақ біраз уақыттан соң осы бунақденелермен қоректенетін кеірткелер қырыла бастаған. Содан осы жорғалаушылармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Натижеде тышқандардың саны артқан. Кесірткелердің жойылуы натижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тірелерін кемірген.Олай б/са масаларда қалыптасан экожүйенің маңызды құрамы болып табылады.2-ші заң:матери жойылмайы жоқтан пайда болмайды ол біір түрден 2- ші түрге өтеді. ККз келген табиғи жүеде бір ағзалардың экскементтері мен қалдықтары 2—шілер ұшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтиижесінде бөлініп щығатын қалдық ккөмір қышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады. Жануарлардың қалдықтары- олардың ыдырататын бунақденелілермен бактериалар үшін азық. Ал олардың қалдыққтар- бейорганикалық заттар.-өсімдіктер үшін азық .3-ші заң табиғат өзі жақы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса. Ешқандай органикалық зат жасалмайды. Тір ағада жасалатын кез келген оргаиккалық атт ыдыраттын фермент болады.Адамның қолмен жасалған,бұрын ттабиғатта болмаған жаңа органикалық затты ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан бұл затжинала береді.Бұған улы химикаттар цесстидтер мен гербициттер мысал олады.4-ші заң: Тегін ешнарсе жоқ. Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамның еңбе қызметі нәижесінде экожүйеден алынған нарсенің барлығы қайтарлуы тиіс.

Экология әдістеріҚаіргі заманғы экологияның әдістемелік негзінің жүйелік тұрғыдан қарастыру ораның жағдайын бақылау, эксперимент ж/е модельдеу құрайды. Жүйелік тұрғыдан қарастыру экологияның кез келген объектісі, тірі табиғаттың барлық элементтері өзара байланыста болғандықтан, жүйе н/е жүйенің бөлігі болып табылатындықтан көптеген экологиялық ерттеулерде қолданылады.Ортаның жағдайын бақылау ж/е есепке алу. Бұларға метеорологиялық бақылау, температкраны өлшеу, судың химиялық құрамын тұздылығын мөлдірлігін топырақ ортасының сипатын анықтау радиациялық фонды өлшеу, ортаның химиялық ж/е бактериалық ластануын анықтау т.б.Экологиялық мониторинг- биосфера н/е оның жеке бөліктерін элементтерінің жағдайының антропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау, бағалау, бақылау комплексті жүйесі.Мониторингте ьиосфераның жағдайы геофизикалықб физико-географикалық, геохимиялық биологиялық көрсеткіштері сипатталады.

Экологиялық қуыс ғылымын зоолог Глиннер биоценоздагы түрдің рөлін анықтау үшін енгізді. Экологиялық қуыс- обстракты ұғым, бұл табиғатта түрдңің тіршілік етуіне ықпал ететін барлық орта факторларының жиынтығы. Ю. Одумның айтуынша бұл ұғым организмнің экожүйедегі атқаратые рөліне жатады. Яғни тіршілік ететін ортасыы түрдің мекен жайы, ал қуыс түрдің мамандығы мысылы: өсімдік қоректі антилопамен кенгіру әртүрлі жерде тіршілік еткенімен бір экологиялық қуысты иеленеді. Керісінше орман тиінімен бұғысыда өсімдік қоректі болғанымен әртүрлі экологиялық қуысты иеленеді. Қорек түрлері әртүрлі болуына байнысты эклогиялық қуыс жануарлар арасндада жақсы байқалады.Африка саваннасында жацылып жүрген тұяқты жауарлар жайылым шөптерімен әтрүрлі қоректенеді: зебралар өсімдіктің бас жағымен, антилопа Гну зебралардан қалған өсімдіктердің тек кейбір түрлерімен,газел аласа өсімдіктермен, ал топи антилопалары басқа жануарлардан қалған қураған биік шөптермен қоректенеді.Гаузе принципі б/ша екі түр кішкентай 1 кеңістікте бірге тіршілік ете алмайды. Өмір сүруі үшін 1 түр міндетті түрде экологиялық қуысын өзгертіу қажет. Экологиялық қуысты тіршілік ететін орын деп қарастыруға болады. Әрбір жеке организмнің жеке өзіне тән тіршілік ететтін экологиялық қуысы болады. Ол көбінесе биоценоздың құрылымына б/ты өзінің атқаратын ерекше қызметімен сипатталады.Биосферада әр организмнің алатын өзінің орны, қызметі болады.Экологиялық қуыстың тұрақты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке тікелей б/ты.М: организмнің біреуі жыртқыш 2-сі қалдықпен қоректенсе экологиялық қуыс тұрақты болып келеді. Фундаментальды қуыс түрдің тіршілік ете алатын жағдайлары, ал іске асырылған түрдің сол қауымдастықтағы кездесуі. Іске асырылған қуыс фундаментальды қуыстың 1 бөлігі

Экологиялық жағдай жіне адам денсаулығы. Қоршаған орта жағдайын бағалау. Қоршаған ортаның ластануын интегралдық көрсеткіш ретінде тұрғындар денсаулығы.Денсаулықты бағалау кезінде 4 деңгейді атап айту қалыптасты: 1 деңгей – жеке адам денсаулы. 2 деңгей – шағын әлеуметтік немесе этникалық немесе этникалық топтардың денсаулығы – топтық денсаулық. 3 деңгей – халықтың денсаулығы – әкімшілік – аумақтық бірлік.4 деңгей – қоғамдық денсаулық – тұтасымен қоғамның денсаулық сиппатамалары статикада және кезеңдерде жеке – дара алғанда әрбір адамның жеке басы денсаулығының аралық түсінігі ретінде қарастыралды.Дербес денсаулықты бағалау үшін бірқатар шартты көрсерткіш – денсаулық ресурстары, денсаулық мүмкіндіктерін, денсаулық мүмкіндігі және денсаулық балансы сияқты терминдер қолданылады.Денсаулық ресурстары – организмнің моральдік – фунционалдық және психологиялық мүмкіндіктерін, денсаулық балансын оң жаққа өзгерте алатын мүмкіндігі. Денсаулық ресурстарын жоғарлату салауатты өмір салтын барлық шаралары арқылы қамтамасыз етіледі.Денсаулық мүмкіндігі – бұл сыртқы факторлар әрекетіне жеке адамның осыған ұқсас реакция жасау қабілеттерінің жиынтығы. Реакциялардың ұқасастығы компенсаторлық – беймдегіш жүйелердің жағдайы және психикалық өзін – өзі реттеу тетігі арқылы анықталады.Денсаулық балансы – денсаулықтың мүмкіндігі мен оған әсер ететін факторлар арасындағы тепе – теңдіктің көрініс тапқан жағдайыХалық денсаулығының жағдайына тек қоршаған ортаның ластануы ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге, щған бір қатар биологиялық, әлеуметтік – экономикалық, климаттық-географиялық факторлар мен жағдайлардың да әсері болады. Қоғамдық денсаулық факторларын зерттеу кезінде, оны анықтайтын жағдайларды мынадай топтарға біріктіруге болады: 1.Әлеуметтік – эконмикалық факторлар (еңбек жағдайлары, баспана жағдайлары, материалдық қолайлықтары, т.т.). 2.Әлеуметтік – биологиялық факторлар (ата – анасының жасы, жынысы, антенальдық кезеңің ағыны т.т.). 3.Экологиялық және табиғат – климаттық факторлар (тіршілік ортасының ластануы, орташа жылдық температура, күн радиациясының деңгейі, т.т.)4.Ұйымдастырушылық және медициналық факторлар (медициналық көмектің деңгейі және ұйымдастырылуы).Қоршаған ортаның ластануының негізгі түсініктер, оның ауқымы кең. Тар мағынада ластану деп қандай да бір ортада жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас бойынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады 1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесіде пайда болып жатқан заттар; 2) қоршаған ортаны ластайтын заттарЛастану түрлерінің жіктелуі (классификациясы). Шыққан бойынша ластанудың екі түрін қарастырылады: Адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын ластанулар;Адамдардың іс – әрекетінің нәтижесінде болатын антропогенді ластанулар;бұғанөнеркәсіптік өндірістік техногенді әсерлері үлкен үлес қосады. Ластаушылардың табиғаты бойынша ластаудың мына түрлерін айырады: 1)биологиялық ластану – экожүйедегі оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі. Микоорганизмдермен ластануды сондай-ақ бактерологиялық, немесе микробиологиялық ластану деп те атайды; 2)Физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық, электормагниттік, шулық және т.б.); 3)химиялық (биосфераның химиялық заттармен ластануы). Кеңістік тұрғыдан бүкіләлемдік, аймақтық және жергілікті ластануларға бөледі.Ластаушы заттардың табиғатына және биологиялық әсер ету ерекшеліктеріне, оның денсаулыққа ықпал етуінің ұзақтығы мен қарқындылығына байланысты оны шартты түрде жедел және созылмалы деп бөлуге болады. Ластаушы заттардың тигізетін жедел әрекеті ерекше жағдайларда ғана білінеді: белгілі бір елді мекендер үшін әдеттегі ластауыштардың күрт көбеюі нәтижесінде немесе сағаттармен есептелуі мүмкін, бұл бұрынғы ластану деңгейін сипаттау үшін материалдың орташа дәрежесін анықтайды. Әлемнің әртүрлі құрлықтарындағы қалаларда әр уақытта пайда болатын улы тұмандар атмосфералық ластаудың жедел түрде провакациялықәсер етудің осындай түрі болып саналады. Улы тұмандар төменгі қабаттағы желдің белсенділігі төмендегенде температуралық инверсиялар кезеңдерінде, немесе өнекәсіптік шығарындылардың атмосфераның жер бетіне жақын қабатындағыжинақталуына ықпал жасайтын жағдайлар пайда болады. Ауаның желсіз тымық күндердегі құбылыстары қаншалықты ұзақ уақыт сақталса, улы тұмандар кезеңдерінде соғұрлым ластанудың көбеюі тіркелуді.

Наши рекомендации