ЖЭО-З -тің 2015 жылғы атмосфераға шығарған газ мөлшері

Кіріспе

"Жетісуым - жеті құт ырыс маған" деп ақиық ақын Мұқағали жырлаған жер жаннаты Жетісу - таңғажайып тамаша тамылжыған табиғатымен тамсантқаны баршаға аян. Әлі де таңдай қақтыра беруі хақ. Тек, әр ұрпақ өз кезегінде адам қажеттілігі үшін жаратылған табиғатты дұрыс пайдаланып, келер ұрпақ өкіліне дін аман өткізуге міндетті екенін ұмытпаған жөн.

Бүгінде әрбір кішігірім деген кәсіпорынның өзі табиғаттан алып, тұтынатын кен байлықтарының мөлшері барған сайын арттыра береді және бәрін ұшынды ( выбросы), төгінді (сбросы) қалдықтармен күресіндер (отходы) түрінде кері қайтарып, қоршаған ортаның демалыс ырғағын бұза түседі. Мысалы, кез-келген картадағы кәсіпорынның табиғат пен алыс-берісінің жобасы мынадай:

Шикізаттар
Отын, электр қуаты
КӘСІПОРЫН
Өнім
Ұшынды қалдықтар
Төгінді қалдықтар
Күресіндер
Қуаттық шығарындылар
тозандар
газдар, булар
Жылулық Шу,инфра және ультрадыбыстар, дірілдер Электромагниттік өріс Жарықтық, инфра қызыл, ультракүлгін, лазер сәулелері Иондандырушы сәулелер    
Отек
Су
Күн сәулесі

Зерттеу бөлімі

Халық санының артуы мен адамдардың бір жерге, яғни, қалаларға өндірістік әрекеттер мен қаржы көздерінің айрықша ынсапқорлықпен жұмылдыру жайлары да экологиялық күйзелісті күшейте түсуде. Өндіріс орындары ғана емес, кәдімгі қаланың өзі де күніне тонналаған табиғат байлықтарын ішіп-жеп, соншалық мөлшерде былғанған қатты, сұйық және ұшынды қалдықтар мен зиянды заттарды шығарып отырады. Табиғат және оның байлықтары халықтың өмірі мен оның салауатының табиғи негізгі және халқымыздың әлеуметтік-экономикалық өркендеуі игілікті тұрмысы мен әл-ауқаты болып табылады. Облыс территориясында 3000-ға жуық табиғат байлықтарын қолдану орталықтары тіркелген. Олар өзінің шаруашылық және басқа да қызметіне айналадағы ортаға белгілі бір залал келтіруде. Жыл сайын Алматы облысындағы атмосфералық ауамызға 70 000 тоннадан астам зиянды заттар таралады. Біздің Өтеген батыр кентінің өзі де осындай өндірістер қатарына жатады. Кенттегі ЖЭО-З алсақ оның күнделікті тіршілігіндегі будақтап жатқан түтінін көріп қайран қаласың. ЖЭО 1962 жылдан бастап 51 жыл жұмыс істеп келеді. Ауданда және І алматы өңірін жарықпен, жылумен қамтамасыз етеді. ЖЭО-З-те алтынқазандық пеш бар. Оның екеуі жұмыс істейді. Атмосфераға зиянды заттарды аз жіберу, экологиялық жағдайды жақсарту үшін екі пешке соңғы эмульгатор шаң тұтқыштар қойылған. 2015 жылы ЖЭО-З 660 500 кВт тонна электр энергиясын өндіру керек болатын, ал өндірілген 456 000 кВт тонна.

ЖЭО-З -тің 2015 жылғы атмосфераға шығарған газ мөлшері

Газ түрлері 1 жылдық стандарт бойынша рұқсат етілген мөлшері Ауаға жіберілгені
Күкірт диоксиді SO2 10806 т 4 мың 131 т
Азот диоксиді NO2 5 т 1,5 т
Азот оксиді NO 748 т 256 т

"Филипп Моррис" компаниясының шығарып жатқан темекісі, темекі шығарудағы өндірісте 47 түрлі атмосфераны ластайтын заттар шығарады. Мысалы: көмірқышқыл газы синельді қышқылдар, пираминді негіздер т.б.сондай-ақ, Өтеген батыр кенті арқылы Қапшағай жолы, Іле тас жолы өтіп жатқандықтан көлік түрлері өте көп жүреді. Сондықтан, ауаны ластаушы көздерінің бірі - автокөліктер. Көліктерде жанармай жанған кезде ауаға әртүрлі газдар бөліп шығарады.

Автомобильден шығатын газдардың құрамы (% көлемі бойынша )

Құрамы Двигатель
  Карбюраторлы дизельді
Азот Оттегі Су Көмір диоксиді Көмір оксиді Азот оксиді Көмірсутектер Альдегидтер Күйе тазаңы г/м3 Бензопирен мкг/м3 72-75 0,3-0,5 3,0-,8,0 10-14,5 0,5-1,3 0,1-0,8 0,2-0,3 0-0,2 0,1-0,4 10-20 74-76 1,5-3,6 0,8-4,0 6,0-10 0,1-0,5 0,01-0,5 0,02-0,5 0-0,01 0,1-1,5 10 дейін

( Ақпарат Алматы қаласы, Сүйінбай көшесіндегі Экологиялық бекеттен алынды)

Міне, осындай атмосфераға бөлініп шығатын зиянды улы заттар ауа құрамын өзгертіп атмосферадағы ауаның газдық құрамының тепе-теңдігін бұзады. Ұшқан улы газдар әсерінен қазіргі кезде қышқыл жаңбырлар жауып жатыр. Қышқыл жаңбырлар әсерінен судың құрамы , топырақтың құрамы өзгеріп, өсімдіктер мен жануарларға әсер етеді. Топырақтың өнімділігін, құнарлы заттардың топыраққа түсуі азаяды. Топырақтағы микроорганизмдердің құрамы өзгереді. Қышқыл жаңбырлар әсерінен топырақ құрғап, зиянды заттар көбейе бастайы. Қышқыл жаңбырлар мрамормен әктастан жасалған ескерткіштерді бұза бастайды. Балықтардың құрамынан сынаптың табылуы да қышқыл жаңбырмен байланысты.

Осыдын 15 жыл бұрын Іле тас жол жиегінде өсіп тұрған ағаштардың қалыңдығы үйлерді көрсетпей тұратын. Ал, қазір, сол ағаштардың арасы сиреп, тіпті көбі оталған. Кесілген ағаштардың орнында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мұндай жағдай І.Жансүгіров даңғылының бойында да орын алған. Бұған соншалықты мән бермеуге болатын ба еді?

"Ағаштар да ақын сияқты аялауды ұнатады" , - дейтін әдемі ой бар емес пе еді? Ағашты ақынға теңемегеннің өзінде, ағаштың адам өмірі мен денсаулығына тигізетін пайдасының ұшан-теңіз екенін барлығымыз білеміз.

Зерттеулерге сүйенсек 25 жастағы терек 5 ай ішінде, яғни мамыр мен қыркүйекке дейін 44 кг көмірқышқылын өзіне сіңіреді екен. Ал осындай уақыт ішінде емен 28 кг, қарағай 10 кг, шырша 6 кг көмірқышқыл газын сіңіреді. Шыршамен салыстырғанда терек ауданы 9,6 есе, емен шыршадан 4,3 есе артық ылғалдандырады

Ауаға әртүрлі өндіріс орындары, көліктерден зиянды улы заттардың бөлінуіне байланысты халық арасында тыныс алу мүшелері аурулары көбейіп барады.

Наши рекомендации