Елекцияның ауыл шаруашылығын қарқындатудағы маңызы.
Қазіргі кезеңнен 15 – 20 жыл бұрын жаңа сорт шығару үшін 12 – 15 жыл уақыт қажет болатын, ал кейде 18 – 20 жылға дейін. Демек атқарылған жұмыс қысқа мерзімде нәтиже бермейтін. Мұндай жағдай қазіргі заманауи селекция талаптарына сай келмейтін. Селекция үдерісіті қарқындату қажеттігіне Н.И.Вавилов 1934 жылы аса көңіл бөлген. Ол қыс мезгілінде күнтүзбелік жыл бойы қысқа мерзімде будандармен жұмыс істеудің нақты шараларын атап көрсетті. Айта кетер бір жайт, қысқа сабақты жаздық бидай сорттарының селециялық Н.Борлауг жылына екі рет сеуіп көбейтіп жылдамдатылған мексикалық бағдарлама бойыншша жүргізді. Бірінші өнім Сонор қаласының маңында теңіз деңгейінен 40 м биіктікте, қалыпты себу мерзімінде себіліп желтоқсан айында алынды. Өсімдіктердің өсуі қысқа күн жағдайында жүреді. Келесі ұрпақ алу үшін тұқым оңтүстік Толука қаласы маңында теңіз деңгейінен 2600 м биіктікте таулы жерде егіледі. Егін мамыр айында себіліп, күннің ұзақтығы ұзарады. Бұл жерде 1000 – 1200 мм жауын – шашын түседі, теңіз жағалауына қарағанда едәуір суық. Жыл сайын екі рет өнім алу кезінде осы аймақта таралған әр түрлі тат ауруларына төзімді линияларды сұрыптау жүргізуге мүмкіншілік туады. Осылайша күн ұзақтығына реакция бейтарап, экологиялық иілімді және көптеген ауруларға төзімді, бидай үшін сапасы жағынан жаңа комбинация, яғни жоғары өнімді сорттар қалыптасты. Бидайдың кәдімгі үлгілеріне көпшілік, ұзақ күндік өсімдіктер қатарына жатады.Академик П.П.Лукьяненконың айтқандай, «жасыл революцияның» ең құнды нәтиже, ол әрине Н.Борлаугтың жаңа әдістемемен жұмыс істеу. Бұл тәжірибе селекциялық жұмыстарда кеңінен қолдану қажет. Климаты қоңырсалқын аймақтарда орналасқан селекциялық мекемелер жылы климатты аудандарда селекциялық жұмыстар жүргізуге мүдделі. Мұндай жағдайда, селекция үдерісінің жылдамдығы екі немесе үш есе артады. Бұл тәжірибе ауылшаруашылық дақылдарының перспективалы сорттарымен будандарының өнімділігін әлеуетін анықтау үшін тропитерде қалыптасатын жағдайды қолдану репродукция бөлімшелерінің қосымша селекциялық үдерісті қысқаруына мүмкіндік береді. Фитотрондар және басқа да техникалық құрылғылаар селекция үдерісінің алғашқы кезеңін ғана үдетуге мүмкіндік береді, сондықтан бұл әдіс өте радикалды болып есептеледі. Селекция жұмыстарының қортынды кезеңдерінде ең маңызды мәселе сортсынаудың өткізу, ол тек үлкен алаңдарда және далалық жағдайда жүргізіледі. Бұл кезеңде сортсынау өткізу әдістемелерінің жетілдірілген нұсқасын пайдалану арқылы да, дер кезенде экологиялық сынаудан өткізу жолымен де уақытты үнемдеу болады. Соңғы онжылдықтарда селекцияның даму тәжірибесі, селекцияда генетикалық қағидаларды қолдануды селекциялық үдерісті дұрыс ұйымдастырумен ұштастырылып, жұмыс көлемі жеткілікті мөлшерде болған жағдайда ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болатындығын көрсетті.
72. Өсімдіктер селекциясының биологиялық негіздері
Мәдени өсімдіктердің көпшілігі тұқымымен көбейеді, сондықтан олардың жынысты көбею үдерісін білу, тұқымқуалаушылықтың теориялық негізін түсінуге мүмкіндік береді. Организмдер көбеюінің материалдық негізі жасуша және оның құрлымдық элементтері. Ол организмдердің дамуының белгілі бір кезеңінде іске асырылады да, түрдің сақталуын және оның ұрпақтан ұрпаққа құнды белгі, қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді. Организмдердің көбею жолдары көп болғанымен, олардың бәрі негізгі екі топқа бөлуге болады:
- Жыныссыз – вегетативті және спора арқылы көбею;
- Жынысты – аналық және аталық гаметалардың қосылуы арқылы.
Жануарлар мен өсімдіктердің басым көпшілігі жынысты жолмен көбейеді. Жабықық тұқымдылар , гүлді өсімдіктер деп аталады. Жабық тұқымды өсімдіктер түрлерінің 250 мыңнан – 300 мыңғк дейін жетеді. Жабық тұқымдылардың ерекше мүшесі – аналықтың болуы, сол топтағы өсімдіктерге тән қасиет, аналықтың түйінінде тұқымбүршік дамиды. Ұрақтану үдерісінде гаметалар қосылып зиготатүзеді. Ұрықтанғаннан кейін түйіннен жеміс пайда болады, ал тұқымбүршіктен тұқым түзіледі, олар шашылғанға дейін жеміс ішінде орналасады. Өсімдіктің көбею үдерісі екі кезеңнен тұрады: диплоидты кезең немесе спорофит кезеңі және гаплоидты немес гаметофит кезеңі. Спорофит– жеке өсімдік, диплоидты – кезеңде өсімдік жасушаларында хромосомалар құрамы екі еселенген болады. Диплоиты кезең– жұмыртқа жасуша ұрықтанғанынан немесе гаметалардың қосылуынан бастап тұқым қалыптасып, өсімдік барлық даму кезеңдерінен өтіп, генеративтік мүшелері толық түзілгенге дейін жалғасады. Гаплоидтыкезең мейоздан бастап гаметалардың қосылуына дейін созылады. Гүлдің тозаңқабында микроспоралардың түзілу үдерісі микроспорогенездеп, ал түйіннің тұқым бүрлерінде мегаспоралардың түзілуі мегаспорогенездеп аталады, микроспора және мегаспоралар гаплоидты. Микроспоралар және мегаспоралардың түзілуімен өсімдіктерде спорофиттің диплоидты кезеңі аяқталып, гаметофит дамуының гаплоидты кзеңі басталады да, ол тозаңқаптарда тозаң түйіршіктерінің және түйіндерде ұрық жасушаларының түзілуімен аяқталады. Аталық тозаңның аналық аузына барып түсу тозаңдану деп аталады. Тозаңданудың екі тәсілі бар: өздігінен және айқас. Өздігінен тозаңдану кезінде бір гүлдің тозаңы сол гүлдегі аналық аузына барып түседі.
Ұрақтану– қайталанбайтың үдеріс, бір рет ұрықтанған жұмыртқа жасушасы екінші рет ұрықтанбайды. Жан – жануар мен өсімдік бір жұмыртқа жасушасына тозаң түйіршіктері мен сперматозоидтар көп мөлшерде келетіндігіне қарамастан, ұрықтану, әдетте, бір тозаң түйіршігінің және бір сперматозоидтың қатысуымен ғана іске асырылады. Ұрықтанудың мұндай түрін моноспермиялыұрықтану деп атайды. Ол жануарлар мен өсімдіктердің басым көпшілігіне тән. Алайда бірқатар жануарлар мен өсімдіктерде жұмыртқа жасушаның цитоплазмасына бірнеше сперматозид пен тозаң түтікшелер енуі мүмкін. Бұл құбылыс полиспермиялыұрықтану деп аталады. Полиспермия, яғни ұрық қалтасына бірнеше тозаң түтікшелерінің енуі, қызылшада, мақтада, қарақұмықта, темекіде және басқа өсімдіктерде кездеседі.
Өсімдіктерің вегетативтік көбеюі тамырдың, сабақтың, жапырақтың бөліктері арқылы жүзеге асырылады. Бір жасушалы өсімдіктерде (балдырлар, бактериялар) вегетативтік көбею жасушаның тең екіге бөлінуі арқылы жүреді, ал колониялы және көп жасушалы өсімдіктерде талломдарының бірнеше бөліктерге бөлінуі арқылы жүреді. Вегетативтік көбею табиғатта өздігінен жүретін табиғи және адамның қатысуымен жүзеге асатын - жасаңдыдеп екіге бөлінеді. Табиғи вегетативтік көбею өсімдіктердің регенерациялық қасиетіне, ал екіншісі түрлі әдістермен қолдану арқылы вегетативтік көбейтуге негізделген.
Жабық тұқымды өсімдіктерде өсімдіктерде вегетативтік көбею тамырдың сабақың, жапырақтың бөліктері және бүршіктері арқылы жүзеге асады. Қолдаң,яғни жасаңды көбейтудің бірнеше жолы бар. Соның бірі телу әдісі.Телу дегеніміз бір өсімдіктің бүршікті бөлігін екінші өсімдіктің денесіне ұластыру. Телуді кейде транспланитация деп атайды. Телідің жүзден астам түрлері белгілі. Олардың көп қолданылып жүргендері – жынысты телу, кесінділеп (қалемшелер арқылы) телу және көзшелеп телу.
Соңғы жылдары өсімдіктерді вегетативтік жолмен жылдам көбейту және тұқымқуалушылық қасиеттерін тұрақты сақтап қалу мақсатында оқшауланған ұлпалар, өсімдік мүшелерін микроклоналды көбейту әдісі қолданылып жүр. Бұл әдіс in vitroжағдайдында өсімдіктерді қысқа мерзімде қажет мөлшерде көбейту мүмкіндік береді.