Индира Тұрсынбай, "Еуразия бірінші" арнасының тележүргізушісі

Индира Тұрсынбай, "Еуразия бірінші" арнасының тележүргізушісі - student2.ru

1983 жылы 2 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім алған.

Еңбек жолы. 2003 жылы студент кезінде өзінің сыпайылығы мен ептілігінің арқасында кішігірім телеарналардың біріне жұмысқа тұрады. Содан бері 5 телеарна («Алматы» жаңалықтар тілшісі-жүргізушісі, «Экология бекеті» бағдарламасының редакторы, «Қазақстан» телеарнасы жаңалықтар тілшісі, «Бизнес kz» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, «Астана» телеарнасы жаңалықтар тілшісі, жүргізушісі, «Хабар» телеарнасында «Таразы» бағдарламасының журналисі) ауыстырған.

Тележүргізуші арқалаған жүк.«Бір сөйлемді дұрыс аяқтап шығу үшін дем жетпей қала ма деген алаңдаушылық болып тұрады. Бірақ уақыт өте келе тәжірибелі бола бастайсың. Тікелей эфирде екінші дубль деген жоқ, сол себепті үлкен қателіктерге жол берілмейді және ептілігің сарапқа салынатын сынақ. Саған бүкіл ел, мыңдаған көрермен зер салып қарап отырады. Бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазір жастар жаңалықтарды интернеттен қарайтын болған. Біздің аудитория көбіне зейнеталды немесе зейнетке шыққан адамдар және ауыл тұрғындары. Ал олар өте сезімтал, елдегі кез келген өзгерісті жақын қабылдайтын адамдар. Міне, телеарна беті саналатын адамдар, соларға жол таба білуі керек. Ақпаратты дұрыс жеткізуі керек. Әр жаңалықты сезіне жеткізгенде көрермендер де саған сене бастайды, мамандығыңды сыйлай бастайды».

Отбасы, қызығушылығы. Жолдасы да журналист (орыс тілді). Екі ұлы бар: үлкен ұлы 10-да 3-сыныпта оқиды, кіші ұлы - жетіде. "Мен үшін әрқашан отбасым жұмыстан маңызды. Екі баланың тәрбиесі мен жұмыс үй шаруасы өзімнің мойнымда болғандықтан күндерім қарбалас тіршілікпен өтіп жатыр. Жолдасымның түзде шаруасы көп болғандықтан, үй ішілік, яғни отбасының қажеттіліктерін өз міндетім деп білемін. Қазір мен ғана емес, қазақ қоғамында әйелдер өз мойнына шамадан тыс жауапкершіліктер жүктеп алады. Заман талабы осындай болгандықтан көнуге тура келеді. Хоббиім жоқ. Ешқашан болған емес. Қол сөмке ала берем, жинай берем. Бірақ ол хобби деп айтуға келмес. Әлеуметтік желілерді күніне бір-екі рет ақтарып, халық тынысын біліп тұрғанды ұнатамын. Демалыста отбасыммен қыдырғанды жаным жақсы көреді. Дала қазағы болғандықтан үйге қамалып отырғанды жек көрем. Екі ұлымды ертіп алып, темір тұлпармен сырттағы шаруаларды жайғастырып жүремін. Оқушы ұлымның сабағын оқыту мен тамақ жасауды ешкімге сеніп тапсыра алмаймын", - дейді Индира.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Индира Тұрсынбай, "Еуразия бірінші" арнасының тележүргізушісі - student2.ru

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ:___________________________________________

Орындаған:___________

Тексерген:____________

Талдықорған 2016 жыл

Наши рекомендации