Жамбыл облысының үлкен қалалары мен демографиясы
Жамбыл облысының ірі қалалары:Тараз қаласы, Шу қаласы, Қаратау қаласы, Жаңатас қаласы
Шу қаласы– Жамбыл облысы Шу ауданындағы қала. Аудан орталығы Төле би ауылынан оңтүстікке қарай 8 км, облыс орталығы Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 225 км жерде, Шу өзенінің сол жағында орналасқан. Тұрғыны 36 010 адам (2010).
Іргесі 1928 жылы Түркістан – Сібір теміржолын салуға байланысты қаланған. Қала Мойынты – Шу теміржолы қосылғаннан кейін шұғыл дами бастады.1960 жылдан аудан, 1965 жылдан облыстық бағыныштағы қала болады. Қалада 1995 жылға дейін жөндеу-механика, темір-бетон, қант, сүт өнімдері, автокөлік және құрылыс орындары, баспахана, ауыл шаруашылық техника бірлестіктері болды. Олардың басым көпшілігінің атауы мен құзырлары өзгеріп, экономиканың әр түрлі бағытындағы кәсіпорындар мен мекемелерге айналды. Ірілері: “Шу тепловоз жөндеу зауыты”, “Шу механикалық жөндеу зауыты”, “Шу астық тарату базасы”, “Шатыркөл” мыс кен орны , “Қызыл бидай”, “Шу автокөлік кәсіпорны”, “Шу жолаушы автокөлік кәсіпорны” АҚ-тары және “Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны” ЖШС-і, т.б. кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді. Бұлардан басқа ауыл шаруашығы бағытта 28 шаруа қожалығы, 2 ЖШС және 1 агробірлестік бар.
Білім беру және мәдениет орындарынан жалпы білім беретін 10 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 2 колледж, 6 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 2 стадион, мешіттер, т.б. мекемелер бар. Денсаулық сақтау орындарынан 1орталық қалалық аурухана, аумақтық емхана, тубдиспансер, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт және тіс емханасы жұмыс істейді.[1.23]
Қаратау қаласы— қала (1963 жылдан), Жамбыл облысы Талас ауданының орталығы, темір жол бекеті. Облыстың оңтүстік бөлігінде, Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 82 км жерде, Қаратау тауының солтүстік-батыс сілемі – Шолақтау баурайында, Жетімшоқы және Ақтау тауаралық аңғарында, бұта аралас боз жусан, сұлыбас, баялыш, бетеге, т.б. астық тұ Іргесі 1946 жылы Шолақтау кенті болып қаланған. Қала өмірі Қаратау фосфоритті алабымен тығыз байланысты. Қаратау кеніші алғашқы өнімін 1946 жылы 5 желтоқсанда бере бастады. 1963 жылы флотациялық әдіспен байыту фабрикасы іске қосылды. Қаратау 20 ғасырдың 60 – 90-жылдары, КСРО және республика экономикасының дамуына елеулі үлес қосты. Осы жылдары ауыл шаруашылығына қажет фосфорлы минералды тыңайтқыштарға сұраныс күшейді. Бұл Қаратауда фосфорит өндірісін қарқынды дамытуға жағдай туғызды. Оның негізінде Қаратау кен-химия комбинаты салынды.
1965 – 85 жылдары Қаратауда республика деңгейдегі құрылыс ұйымдарының сала аралық кәсіпорындары жұмыс істеді. Қалада өндірістің дамуы оның инфрақұрылымдарының санын жедел өсірді. Жартас бөгені салынды (1944, сыйымдылығы 6 млн. м³). 1948 жылы Кеншілер саябағы ашылды. 1970 – 80 жылдары қалалық кітапхана, балалар кітапханасы, спорт ғимараттары бой көтерді. 1964 жылы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Ұлттық технология университет) бөлімшесі ашылды.
1966 жылы құрылыс техникумы, кәсіби-технология училище құрылды (қазіргі кәсіптік бағдар беретін мектеп-лицей). Тәуелсіздік жылдары бұрынғы КСРО аумағындағы экономикалық байланыстардың жаппай үзілуі өндіріс орындарының тоқырауына әкелді, қала өмірінің ырғақты дамуы тежелді. Қаратау фосфорит кентасын пайдаланатын Самара, Волгоград, Пермь, Қоқан, Алмалық, Самарқан, Чарджевқалаларындағы химия кәсіпорындар фосфор шикізатын сатып алуды тоқтатты. Тек 90-жылдардың соңында ғана бұрынғы байланыстар қалпына келе бастады.[2.26]
қымдас шөптесін өскен сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан. 1990 жылға дейін Қаратауда 40-тан астам өндіріс орындары болды. Бұрынғы фосфорит өндірістік құрылымдары «Қаратау» АҚ-на біріктірілді. Сонымен бірге қалада химия, құрылыс материалдары, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, ет, нан, сүт заттары, т.б. кәсіпорындар бар. Аудан тұтынушылар кооперативі, аудан телекоммуникация, пошта торабы, аудан электрлендіру жүйесінің мекемесі, Ақкөл су шаруашылық жүйесінің басқармасы, «Сарытас», «Қаратау» кен байыту басқармасы» акционерлік қоғамдары, «Мәрмәртас» кен орны, Сүлейменсай тері өңдеу фабрикасы, «ҚаратауНан», «Құрылыс-Жанар», «Жолаушы автокөлік кәсіпорны» акционерлік қоғамдары, 2 жол жөндеу басқармасы, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.
Жаңатас қаласы— Жамбыл облысы Сарысу ауданының орталығы. Облыс орталығы — Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде, Қаратау жотасының солтүстік беткейінде жусан, күйреуік, баялыш өскен таудың сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан. Іргесі ірі фосфорит кенін игеруге байланысты 1964 жылы қалана бастады. 1969 жылы кентке, 1971 жылы қалаға айналды. Қалада бұрынғы фосфорит өндірісінің негізінде құрылған акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді.
Тараз қаласы— Жамбыл облысының орталығы. XVIII ғасырда бұл қала Әулие-Ата деп аталған. 1936-1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937-1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылы 8 қаңтарда тарихи аты - Тараз атауы қайтарылды. Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер - Ферғана алқабының өзбектері болған. 1997жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 - жылғы мерейтойын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. 19 ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-шы жылдарында Ресей империясыныңқұрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң егемен елінің жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендейді. [2.29]
Жамбыл облысы халқының саны 2 – КЕСТЕ
794 320 | 933 426 | 1048 546 | 988 840 | 980 072 | 985 552 | 992 089 | 1001 094 | 1009 210 |
1018 845 | 1020 791 | 1034 487 | 1046 497 | 1055 813 | 1069 874 | 1084 482 | 1098 740 |
2011 жылдың 1 қаңтарына халық саны 1043,6 млн адамды құрайды. Халықтың құрамы 90-нан астам ұлттан тұрады, оның 71,4% -ы қазақтар
Облыстың этникалық құрамы: 3- КЕСТЕ | ||||||
Халық саны 1989 жылы | % | Халық саны 1999 жылы | % | Халық саны 2010 жылы | % | |
Барлығы | 100,00 % | 100,00 % | 100,00 % | |||
Қазақтар | 48,84 % | 64,76 % | 69,23 % | |||
Орыстар | 26,52 % | 18,13 % | 13,59 % | |||
Дүнгендер | 2,27 % | 3,07 % | 4,06 % | |||
Түріктер | 1,65 % | 2,51 % | 2,81 % | |||
Өзбектер | 2,07 % | 2,28 % | 2,39 % | |||
Күрттер | 0,85 % | 1,10 % | 1,27 % | |||
корейлер | 1,29 % | 1,42 % | 1,19 % | |||
Әзірбайжандар | 1,12 % | 1,07 % | 1,17 % | |||
Татарлар | 1,60 % | 1,27 % | 1,02 % | |||
Қырғыздар | 0,51 % | 0,50 % | 0,74 % | |||
Немістер | 6,75 % | 1,15 % | 0,64 % | |||
Украиндар | 3,26 % | 1,01 % | 0,37 % | |||
Ұйғырлар | 0,27 % | 0,26 % | 0,27 % | |||
Шешендер | 0,08 % | 0,25 % | 0,24 % | |||
Гректер | 0,89 % | 0,20 % | 0,16 % |