Түсті металдардың үлкен қоймасы – Сарыарқа қай жерде орналасқанын белгілеңіз.

A) Солтүстік Қазақстан
B) Орталық Қазақстан
C) Батыс Қазақстан
D) Шығыс Қазақстан
E) Оңтүстік Қазақстан

6- нұсқа 1. Бірыңғай ашық дауысты дыбыстар бар сөзді белгілеңіз. A) жібек B) қатипа C) бәтес D) барқыт E) шыт 2. Қатаң дауыссыздан басталатын қос сөздер қатарын көрсетіңіз. A) киім-кешек, көрші-қолаң B) бала-шаға, жеміс-жидек C) ата-ана, ұл-қыз D) бас- аяқ, алды-арты E) бес-алты, жеті-сегіз 3. Бітеу буыннан басталатын сөздер қатарын көрсетіңіз. A) тырма, қармақ B) санамақ, ойын C) ыңғай, жағдай D) жусан, қарақат E) үйеңкі,терек 4. Синоним бола алмайтын сөздерді көрсетіңіз. A) терең, саяз B) кенже, кішкентай C) алғашқы, тұңғыш D) сабырлы, салмақты E) ақырын, баяу 5. Тұрақты тіркесті көрсетіңіз. A) туған жер B) ұзын құлақ C) тұсау кесу D) ақ боз ат E) кең дала 6. «Ұрыс ырысты қашырар, ынтымақ халықты асырар» мақалдың мағынасын анықтаңыз.A) өнер-білім туралы B) тәлім-тәрбие туралы C) бірлік, татулық туралы D) отбасы, туысқандық туралы E) ел, халық туралы 7. «Жұмысшымын» сөзінің қосымшаларын көрсетіңіз. A) сөз түрлендіруші жұрнақ, жіктік жалғау B) жіктік жалғау, тәуелдік жалғау C) сөз тудырушы жұрнақ, жіктік жалғау D) сөз түрлендіруші жұрнақ, тәуелдік жалғау E) сөз тудырушы жұрнақ, септік жалғау 8. Жай сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұрған тіркескен сөзді табыңыз. A) Төрт түлік мал көктемде төлдейді. B) Табиғаттың жанды көрінісінің бірі – төрт түлік. C) Бүгінгі күні төрт түліктің орны ерекше. D) Адам үшін үй жануарларының пайдасы мол. E) Қазақ халқы жылқы малын ерекше қадірлеген. 9. Тәуелдік жалғауының әсерінен өзгеріске ұшыраған зат есімді табыңыз. A) қозыңыз B) теңізімен C) тірегім D) балықтары E) жолдасы 10. Құрамында қатыстық сын есімі бар сөйлемді анықтаңыз. A) Қала көшелерінде жасыл ағаштар көп өсіп тұр. B) Онда жиындар, қызық концерттер жиі өтеді. C) Иығында жүгі бар екі бала жолмен келе жатты. D) Әсия сулы орамалмен үстелді сүртті. E) Сол жақта кішкене үстелім тұр. 11. Бөлшектік сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз. A) Ертең сағат екі жарымда кездесейік. B) Сенің екі кітабың да қызық екен. C) Екеуміз сабақты жақсы оқимыз. D) Түнде үйдің бір терезесінен айдың жарығы түседі. E) Пілдер тәулігіне 200 литрге дейін су ішеді. 12. Сұрау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз. A) Олар балын өзінің бауыр қалтасына сақтайды. B) Табиғат бүгін қандай тамаша! C) Менің мектебімде дарынды оқушылар көп. D) Ешқашан өтірік айтуға болмайды. E) Өздерінің қателіктерін түсінді. 13. Болымсыз етістік қатысқан сөйлемді табыңыз. A) Айжан әнді құлпырта айтты. B) Көрмес – түйені де көрмес. C) Айгүл үйірме жұмысына кетті. D) Армансыз адам болмайды. E) Табиғат – біздің досымыз. 14. Сын (бейне) үстеулі тіркесті көрсетіңіз. A) анағұрлым көп B) әрқашан біргеміз C) әрең қозғалды D) мектепке бару E) елжіреді 15. Қаратпа сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. A) Мен жаз бойы саяжайда еңбек етемін. B) Ендігі сөз сенде, айналайын. C) Ертең маған телефон соғыңыз. D) Сәния бұл кітапты оқып жатыр. E) Студент ауылда тұратын жолдасына хат жазды. 16.Еліктеу сөзі көмекші етістікпен тіркесіп толықтауыш болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. A) Ол тасыр-тұсыр еткенді алыстан естіді. B) Телефон шыр-шыр етті. C) Сары самаурын ыс-ыс етіп қайнап тұр. D) Далада найзағай жарқ-жұрқ етеді. E) Түнімен құлақ түбінде маса ызыңдап шықты. 17.Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз. A) көк алма B) бүйіріңді таянба C) сүрініп жүр D) терезенің жақтауы E) тәтті қауын 18.Тура толықтауыш қызметіндегі деректі зат есімді анықтаңыз. A) Атасы – ағаштан түйін түйген адам. B) Қалың ел ұйқыда жатыр. C) Мен жалғыз жатып қалдым ұйқы басып. D) Жұмыла көтерген жүк жеңіл. E) Ол киімдерін шүберекке түйіп алды. 19. Айқындауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді табыңыз. A) Уақыт біз үшін, еңбек адамдары үшін істейді. Тыыс белги? B) Төрт бөлмелі тас үй салқын да, жайлы. C) Олар Жамбылға, Динаға сәлем бере келіпті. D) Білімді адамды алған жөн. E) Ол мемлекетке көп пайда келтірді. 20. Бастауышы сан есімнен болған жайылма сөйлемді көрсетіңіз. A) Жаңа зауыттар, фабрикалар, кен орындары аз емес. B) Бұл – нарықтық экономикада заңдылық болып табылады. C) Ғалия дүкеннен бес томдық шығармалар жинағын сатып алды. D) Екеуі колхоз малын төлдету науқанына көмектесті. E) Біз ертең кешкі сағат бесте кездесетін болып келістік. 21.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. A) Судың жағасымен екі салт атты көрінді: біреуі – Омар, екіншісі – Сәрсен. B) Жиналыс бітті де, халық тез тарқай бастады. C) Мен оны күттім, бірақ ол келмеді. D) Далада жаңбыр жауып тұр, сондықтан біз тауға бармадық. E) Бірде көк ала қамысты көлдер қалқып жатыр, бірде сары ала тон белестер кездесіп жатыр. 22. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз. A) Мына кітапты оқып шыққан соң, саған оқуға беремін. B) Кеш жатса да, Асыл бүгін ерте тұрды. C) Саяхатқа баратынымызды хабарламақ болып, оқу ісінің меңгерушісіне кірдім. D) Уақытым болмағандықтан, дүкенге бара алмаймын. E) Ол адамдар еститіндей қатты сөйледі. 23. Бірыңғай баяндауыш арасына тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.A) Балқаш, Алакөл, Марқакөл – Қазақстанның ірі көлдері. B) Газет пен журналды біздің үй көп оқиды. C) Ол математиканы, физиканы, әдебиетті жақсы оқитын. D) Абай ұрпақтары Семейде, Алматыда тұрады. E) Ол біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды. 24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз. A) Арада, бірнеше ай өткен соң, екі соқа кездесіп қалды. B) Арада бірнеше ай өткен соң: екі соқа кездесіп қалды. C) Арада бірнеше ай өткен соң, екі соқа кездесіп қалды. D) Арада бірнеше ай өткен соң – екі соқа кездесіп қалды. E) Арада: бірнеше ай өткен соң, екі соқа кездесіп қалды. 25. Риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза қай стильдің тілдік құралына жататындығын анықтаңыз.A) ауызекі сөйлеу стилі B)публицистикалық стиль ?C) көркем әдебиет стилі D) ғылыми стиль E) ресми іс қағаздары стилі 26. Қай стиль түріне жататынын ажыратыңыз. Көшпенділердің киіз үйі – адамзат тарихындағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Ол жер сілкіністерге де төзімді.A) ауызекі сөйлеу стилі B) публицистикалық стиль C) көркем әдебиет стилі D) ғылыми стиль ? E) ресми іс қағаздары стилі 27. Абылай қазақ елінде хан болған жылдарын атаңыз. A) 1697-1716 ж. B) 1761-1771 ж. C) 1771-1781 ж. D) 1878-1887 ж. E) 1810-1821 ж. 28. Біржан салмен айтысқан Жетісудың ақыны мен сол айтыс желісі бойынша композитор М.Төлебаев жазған операны көрсетіңіз.A) Құрманғазы Сағырбаев, «Балбырауын» B) Күләш Байсейітова, «Ертарғын» C) Сара Тастанбекқызы, «Біржан - Сара» D) Дина Нұрпейісова, «Тойбастар» E) Ғазиза Жұбанова, «Кестелі орамал» 29. Ұл балаға арналып жасалатын той түрін көрсетіңіз. A) Ұзату тойы B) Тілашар тойы C) Тұсау кесу тойы D) Шілдехана тойы E) Сүндет тойы 30.Батыс Қазақстанда өндірілетін кенді белгілеңіз. A) мұнай B) көмір C) алтын D) күміс E) сынап 7-нұсқа 1. Бірыңғай қысаң дауысты дыбыстар бар сөзді белгілеңіз. A) сәулет B) мүсін C) сурет D) бейнелеу E) өнер 2.Ұяң дауыссыздан басталатын біріккен сөздер қатарын көрсетіңіз. A) адамзат, қолөнер B) итмұрын, аққайың C) ақбөкен, қарақұйрық D) аққу, түйеқұс E) бәйтерек, гүлзар 3. Буын талғамайтын жұрнақ арқылы жасалған сөздер қатарын табыңыз . A) тарихшы, саяхатшы B) әдеби, ғылыми C) тамаша, керемет D) дәріхана, табыскер E) күрделі, өзекті 4. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз. A) қарақағаз B) қара жұмыс C) қара көйлек D) қара ниет E) қара сөз 5. Фразеологизм бола алмайтын тіркесті табыңыз. A) көзі жету B) көз қиығын салу C) көздің қарашығы D) көзіне шөп салу E) көзді ашып-жұмғанша 6. Мақалдың жалғасын табыңыз. Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез, тағы жат – ... A) жарым ырыс. B) көздің нұры. C) талмас қанат. D) надандықтың белгісі. E) жұтамас байлық. 7. Жіктік жалғауының І жағында тұрған сөзді көрсетіңіз. A) анықтағаным B) қайталамаспын C) көлікпен D) көргенім E) бүркітшісің 8. Жай сөйлем құрамындағы пысықтауыш қызметін атқарып тұрған біріккен есімдікті табыңыз. A) Бір-біріне сыбырлай сөйлеседі. B) Әрқашан өзіңді ойлағайсың. C) Бірде шал сол ұлдарын жинапты. D) Сөйлеуші, айтушы адамдар – басқалар. E) Олар өз салт-дәстүрлерін ерекше қадірлеген. 9. Жіктік жалғауының ІІ жағында тұрған туынды зат есімді табыңыз. A) өнерлісің B) келісесің C) дәрігерсің D) сілеусін E) демалысың 10. Құрамында сапалық сын есім бар сөйлемді анықтаңыз. A) Тұзды тамақтың адам денсаулығына зияны көп. B) Институттың жастары іскер адамдармен кездесті. C) Күзгі кеште табиғат аясында жүрген қандай тамаша! D) Айша мен Айжан көңілді демалыстан оралды. E) Мен Асқардың үйіне апаратын қысқа жолды білемін. 11.Есептік сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз. A) Пілдің салмағы бес тоннаға дейін барады. B) 1961 жылы Ю.Гагарин ғарышқа ұшты. C) Бибімен кешкі үштерде кездесеміз. D) 22 наурызда күн мен түн теңеледі. E) Екеуі қаладан тез оралды. 12.Сілтеу есімдігіне байланысты сөйлемді табыңыз. A) Тойға бәрі тегіс жиылыпты. B) Әсия өзінің сүйікті кітабын Жарасқа сыйлады. C) Бұл әркімге ой саларлық іс болды. D) Біздің ауыл қаладан алыста орналасқан. E) Ауа райы бүгін қандай тамаша! 13.Етістіктің нақ осы шақ түрін табыңыз. A) ескерткен болатын B) оқып отыр C) ойнап кетер D) барып еді E) айтпақ болды 14. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз. A) амалсыздан келді B) ілгері жүрді C) емін-еркін D) неғұрлым аз E) тым көңілді 15. Қыстырма сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. A) Бүгін таңертең ұшаққа міндік. B) Төменде қала шамдары көрінеді. C) Эстрада әншісі Роза Рымбаева ән айтты. D) Оның пікірінше, Ермектің айтқаны дұрыс. E) Алматы – еліміздің саяхат орталықтарының бірі. 16.Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді көрсетіңіз. A) Көк алманы же(ме). B) Сырыңды ешкімге айт(па). C) Демалыс күні ерте тұрасың (ба). D) Теледидардың алдында ұзақ отыр(ма). E) Өзіңе көп жауапкершілік ал(ма). 17. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер неше түрлі тәсілмен байланысатынын көрсетіңіз. A) 1 B) 2 C) 3 D) 4 E) 5 18.Зат есімнен болған бірыңғай анықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз. A) Марқакөлде балықшы, ұлар, аққу, тырна сияқты құстар бар. B) Оның суы тұщы, таза. C) Аңдары бұғы, марал ойын салған. D) Дамира мен Қатипа театрдан ерте қайтты. E) Қорықта көптеген орман, тоғайлар бар. 19. Қосарлы айқындауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді табыңыз. A) Қарлы боран түні бойы тынбады. B) Ол Әбіш туралы естігенін түгел баяндаған еді. C) Сөйлеу – тек адамға біткен қасиет. D) Дәптерді, оқу құралдарын әкеліңдер. E) Мұражайға және пәтер мұражайға келушілер көбейді. 20.Тәуелдік жалғаулы қалау рай арқылы жасалған жақсыз сөйлемді көрсетіңіз. A) Бірлесіп кітап оқуымыз керек. B) Оның келмей қалуы мүмкін еді. C) Жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келеді. D) Бұл жерде суға түсуге болмайды. E) Келетіндердің билеттері осында. 21.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. A) Қызметкерлер есептерін дайындаған екен, бірақ есепте нақты деректер жоқ. B) Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды. C) Бетпақ дала дегенді сен әлі көрген жоқсың. D) Женттің тәттілігі сондай – аузыңа салсаң, еріп кетеді. E) Бүгін жұмысқа жаяу барамыз, өйткені батпақта машина жүрмейді. 22. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз. A) Мен келгенше, ол үйге кетіп қалыпты. B) Раушан бір-екі рет шақырса да, ол бұрылмады. C) Ш.Уәлиханов мұражайына бару үшін, оқушылар көп әзірлік жасады. D) Оған техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге болмайды. E) Институттқа ерте жету үшін, біз тез жүрдік. 23. Бірыңғай анықтауыш арасына тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.A) Біз жайлауда қарақат, итмұрын, бүлдірген тердік. B) Сабира теледидардан қызық кино, концерт көргенді ұнатады.. C) Ол химияны, биологияны сүйіп оқиды. D) Жаңбыр біресе шелектеп құяды, біресе саябырсиды. E) Еркеш – ұзын бойлы, кең иықты, қоңқақ мұрынды, алпамсадай жігіт. 24. Сөйлем ішінде қойылмай қалған тыныс белгісін көрсетіңіз. Ол Әсем әнімен аты шыққан Біржан сал. A) сызықша B) үтір C) қос нүкте D) сызықша, үтір E) нүктелі үтір 25. Кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, даяр тіркестер мен терминдер қай стильдің тілдік құралына жататындығын анықтаңыз. A) ауызекі сөйлеу стилі B) публицистикалық стиль C) көркем әдебиет стилі D) ғылыми стиль E) ресми іс қағаздары стилі 26. Ресми іс қағаздары стиліне жататын сөйлемді көрсетіңіз. A) Көз алдыңда күн емес, шарға ұқсаған дөңгелек, қып-қызыл от сонау бір көкжиекке кіріп бара жатқандай. B) Дыбыс, сөз, қосымша, сөз тіркесі, сөйлем тәрізді тілдік бірліктердің қызметі мәтін ішінен танылады. C) – Е, немерең де бар екен ғой ... D) Мен, Ахметов Саят, 1982 жылы 7 қаңтарда Алматы қаласында тудым. E) 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында мерекелік концерттер өткізілді. 27. ХVІІ ғасырдың аяғы мен ХVІІІ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ құқықтарының жиынтығын атаңыз.A) «Қасым ханның қасқа жолы» B) «Есім ханның ескі жолы» C) «Заңдар жиынтығы» D) «Жеті жарғы» E) «Ата Заң» 28. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының Амангелді Иманов туралы түсіргенін фильмі қалай аталып, көрермендерге қай жылы ұсынылғанын көрсетіңіз.A) «Дала қызы», 1954 ж.B) «Аманкелді»,1938 ж. C) «Атаманның ақыры», 1970 ж.D) «Туған жер», 1967 ж. E) «Асауға тұсау», 1943 ж. 29.1 шілде қандай күн екенін көрсетіңіз.A) Қарттар күні B) Аналар күні C) Әкелер күні D) Халықаралық күн E) Балалар күні 30. Қызылорда өңірінде өсірілетін дәнді дақылды белгілеңіз. A) бидай B) күріш C) сұлы D) арпа E) бұршақ 8-нұсқа 1. Бірыңғай жуан дауысты дыбыстан тұратын сөзді белгілеңіз. A) бастапқы B) қазіргі C) кешегі D) ертеңгі E) бүгінгі 2. Қосымшасы үнді дауыссыздан басталатын дерексіз зат есімдер қатарын көрсетіңіз. A) шындық, адалдық B) сөзшең, тілмаш C) балалық, жылнама D) жолдастық, жастық E) достық, әділдік 3. Үш буыннан құралған сөздер қатарын көрсетіңіз. A) бағыт, қозғалыс B) жолаушылар, саяхатшылар C) жүргізуші, жолсерігі D) сапар, жол E) қиылыс, бұрылыс 4. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. A) Қарақұс – жыртқыш құс. B) Ел үмітін ер ақтар. C) Көк алманы алма. D) Сулы жер – нулы жер. E) Жалқау – өзіне жау. 5. Антонимдес фразеологизмдерді табыңыз. A) сөз қонбады – ойы бұзылды B) қолы ашық – пейілін кеңге салу C) сөз қайыру – тіл қату D) терісіне сыймау – тойған қозыдай болу E) бауыр басу – іш тарту 6. Төрт түлікке байланысты мақалды табыңыз. A) Бас болмақ оңай, бастамақ қиын. B) Тау бұлағымен сәнді, көл құрағымен сәнді. C) Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы. D) Бөрікті тастап, бөріден құтылуға болмайды. E) Өзен бойы тұрғанда, өзге жерге қонбаңыз. 7. Тәуелдік жалғауының І жағында тұрған сөзді көрсетіңіз. A) көңілдімін B) көңілдісің C) көңілім D) қатысушылары E) сөйлеушімен 8. Анықтауыш қызметіндегі қосарлану арқылы жасалған сын есімді табыңыз. A) Алдымыздан ұзын бойлы жігіт шықты. B) Біздің жердің табиғаты өте әдемі. C) Қарауыл тауының басында қара тонды кісі көрінді. D) Қазақстанда үлкенді-кішілі өзендер көп. E) Үйдің іргесінде отырған әжейді көрдім. 9. Құрамындағы «у» әрпі дауысты дыбыс орнына қолданылып тұрған тәуелденген зат есімді табыңыз. A) тауымыз B) ауасы C) дәуірдің D) сусыны E) баумен 10.Қатыстық сын есімді тіркесті анықтаңыз. A) қара шалбар B) қызғылт түс C) сөзшең адам D) үлкен кісі E) жасыл қалам 11. Болжалдық сан есімді тіркесті көрсетіңіз. A) үш кісі B) бес-алты кесек топырақ C) отыз түп ағаш D) жиырма бес оқушы E) үш жарым шақырым 12.Болымсыздық есімдігіне байланысты сөйлемді табыңыз. A) Құрман атай ешбір адамнан жақсылығын аямаған. B) Оның мақсаты елге жақсылық жасау еді. C) Олар Астанаға кеткелі көп болды. D) Ертең барлығымыз бірге концертке барамыз. E) Мен жұмыстан ерте қайттым. 13.Етістіктің мақсатты келер шақ түрін табыңыз. A) барғысы келді B) барған еді C) бармапты D) бармақпын E) баршы 14.Мақсат үстеулі тіркесті көрсетіңіз. A) осында отыр B) лажсыздан келді C) әрең жүр D) нағыз дос E) әдейі сөйледі 15. Одағай сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. A) Ауа райы қандай тамаша! B) Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. C) Мен туристік сапармен Италияға барамын. D) Адам көзбен көреді, құлақпен естиді. E) Шіркін, суға бір сүңгіп қайтар ма!? 16.Құрамында еліктеуіші қос сөзден болған сөйлемді көрсетіңіз. A) Біз ата-анамызға алғыс айттық. B) Күзде ормандағы жапырақтар сап-сары болыпты. C) Жанат келе жатып қисаң ете қалды. D) Балаларға суға күмп-күмп сүңгиді. E) Қанат бізге қарап ыржыңдай береді. 17. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз. A) оқу үшін келді B) мектептегі оқушылар C) хатқа жауап D) оқыған азамат E) оқуды бітірді 18. Мезгіл үстеуі бар жақты сөйлемді анықтаңыз. A) Біз жаңа жылды қуанышпен қарсы алдық. B) Кеше біз жиналыс өткізді. C) Ол жетінші үйде тұрады. D) Күміс сағат үстелдің үстінде жатыр. E) Сен айтқан кітапты оқыдым. 19. Айқындауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.A) Батыс Қазақстан – Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орын тепкен.B) Ғарышқа тұңғыш жол қазақ жерінен салынды. C) Табиғатқа зиян келтіру – өзімізге қастандық жасау. D) Қайырханның кіші ұлының, Әділдің, елге жасаған қайырымдылығы жетерлік. E) Корея мемлекеті қоршаған ортаны қорғауға ерекше мән береді. 20. Қыстырма сөз қатысқан хабарлы сөйлемді көрсетіңіз. A) Қап, оған айтуды ұмытып кетіппін. B) Қыздар, сендерді мерекелеріңмен құттықтаймыз. C) Пай-пай, неткен әдемі көйлек! D) Қысқасы, сен не істемекшісің? E) Бағымызға қарай, көлігіміз бұзылмай тез жеттік. 21.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. A) Жаңбыр екпінінің күштілігі соншалық – аспаннан теңіз ақтарылғандай болды. B) Балалар біресе күледі, біресе айғайлайды. C) Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады. D) Мен сабаққа бара алмадым, өйткені ауырып қалдым. E) Кітап дүкені алыс, сондықтан бара алмадым. 22. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз. A) Ол жұмысқа келгенге дейін, мен күтіп отырдым. B) Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді. C) Аудармашы болу үшін, тілдерді жақсы білу керек. D) Олар су ішіп, шөлдерін қандырды. E) Күз болғанда, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. 23. Жалпылауыш сөзге байланысты тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.A) Өзеннің бұл тұсынан өте алмаймыз: әрі терең, әрі қайық жоқ. B) Үйге Әсия, шешем, мен: үшеуміз ғана кірдік. C) Көктем айларында: біресе жаңбыр, біресе қар жауады. D) Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Алакөл және Марқакөл. E) Абай әкесі кеткелі: үйден шыққан жоқ. 24. Сөйлемдегі сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз. Ақылбай, Ербол, Мағаш – үшеуі бірге келді.A) бірыңғай бастауыштар арасына қойылғанB) жалпылауыш сөзге байланысты қойылған C) бастауыш пен баяндауыш тың арасына қойылған D) сызықша қоюдың қажеті жоқ E) төл сөзден кейін қойылған 25. Ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары жиі қолданылатын стиль түрін анықтаңыз. A) ауызекі сөйлеу стилі B) публицистикалық стиль C) көркем әдебиет стилі D) ғылыми стиль E) ресми іс қағаздары стилі 26. Ғылыми стильдің қолдану аясын көрсетіңіз. A) жиналыстарда B) кеңсе құжатында C) көркем әдеби шығарма D) зерттеу еңбектерінде Е) бұқаралық ақпарат құралдарында 27. Туғанында Ерасыл есімі берілген қазақ батырын атаңыз.A) Қобыланды батыр B) Бөгенбай батыр C) Қабанбай батыр D) Жәнібек батыр E) Наурызбай батыр 28. «Құрманғазы» атты поэманың авторын және Құрманғазының портретін салған суретшіні көрсетіңіз. A) С.Мұқанов, Ә. Қастеев B) Х.Ерғалиев, М.Кенбаев C) Ғ.Мұстафин, Т.Досмағамбетов D) Ғ.Мүсірепов, А.Ғалымбаева E) Б.Майлин, М.Кенбаев 29. Балаға тұсау кесу рәсімі қашан жасалатынын көрсетіңіз. A) бала мектепке барғанда B) бала жүре бастағанда C) бала сөйлей бастағанда D) бала 13 жасқа толғанда E) бала дүниеге келгенде 30. Қазақстандағы ең терең көлді белгілеңіз. A) Балқаш B) Зайсан C) Алакөл D) Жалаңашкөл E) Марқакөл   9-нұсқа 1. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстан тұратын сөзді белгілеңіз. A) әсемпаз B) әзілқой C) еңбекқор D) жұмыскер E) өнерсүйгіш 2. Қосымшасы ұяң дауыссыздан басталатын туынды сөздер қатарын көрсетіңіз. A) аязда, боранға B) орталықта, қалашыққа C) оқытушыда, заңгерге D) татулықта, еркіндікке E) серіктестікте, қоғамдастыққа 3. Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалды табыңыз. А) сары ала B) тасжол C) көзқарас D) аққу E) ауа райы 4. Неологизмге жататын сөзді табыңыз.A) бірлестік, бірлік B) сапарнама, ұжым C) дәптер, оқулық D) мағына, ұғым E) тұрмыс, тіршілік 5. Мағыналас фразеологизмдерді табыңыз.A) қаны қайнау – ойы бұзылды B) құлағына кірмеу – сөз қонбады C) іші тар – қолы ашық D) көзді ашып-жұмғанша – көз байлау E) әңгімесі жарасу – назар салу 6. Тіл өнері туралы мақалды анықтаңыз.A) Өнер көпке де жеткізеді, көкке де жеткізеді. B) Ердің атын еңбек шығарады. C) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. Д) Көппен көрген ұлы той E) Біліп тұрсаң да, сұрап ал. 7. «-ла, -ле» жұрнағының түрін көрсетіңіз.A) зат есімнен сын есім тудыратын жұр нақ B)сын есімнің шырайын тудыратын жұрнақ C)етістіктен етістік тудыратын жұрнақ D) зат есімнен етістік тудыратын жұрнақ E) еліктеу сөзден етістік тудыратын жұрнақ 8. Сөйлемде ІІІ жақта келіп, баяндауыш қызметін атқарып тұрған ауыспалы өткен шақтағы есімшені табыңыз.A) Бала бұл жаққа ұзақ қарады. B) Кітапты қолға алғанда, бәрін ұмытып кететін. C) Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған. D) Енді оған сөйлеуді қойдым. E) Ақ кеме әлі көрінбейді. 9. Құрамындағы «у» әрпі дауыссыз дыбыс орнына қолданылып тұрған жіктелген зат есімді табыңыз. A) қурайым B) туы C) буланды D) бауырмын E) қуыршақ 10. Құрамында қатыстық сын есімі бар сөйлемді анықтаңыз. A) Әжем дүкеннен қалың көрпе сатып әкелді. B) Менің қызық кітаптарым, журналдарым, газеттерім бар. C) Біздің үйде үлкен және кіші бөлмелер бар. D) Ащы тамақ адам ағзасына зиян келтіреді. E) Асқар Алатаудың гүлді бөктерінде демалды. 11.Жинақтық сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз. A) Бір жылда үш жүз алпыс бес күн бар. B) Саяжайға №65 автобус жүреді. C) Күзгі жиын-терінде төртеуі көзге ерекше түсті. D) Абылай хан үш жүздің басын қосты. E) Атасы күнде кешке бір ертегі айтады. 12.Жіктеу есімдігіне байланысты сөйлемді табыңыз. A) Сабақ аяқталысымен барлығы жиналып, сырғанаққа кетті. B) Менің жолдастарым ешкімге қиянат жасамайды. C) Біреулер сақтау камерасына қол жүктерін тапсырып жатыр. D) Омар да бұл үйге жаңа келді. E) Гүлнарға мұны білуге болмайды. 13.Туынды етістік қатысқан сөйлемді табыңыз. A) Өзіңнің өмірің туралы жақсы ойлан. B) Бір аптадан кейін жұмыс бітеді C) Біз оған өлең айтқыздық. D) Жанар көйлек сатып алды. E) Мен досыма кітап бердім. 14.Мекен үстеулі тіркесті көрсетіңіз. A) ілгері кетті B) таңертеңгі ас C) бекерге әуреленді D) бүгінгі кеш E) аса қымбат 15. Ой тәртібін білдіретін қаратпа сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. A) Сірә, ертең бізде келерміз. B) Қап! Енді не айтамын? C) Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай. D) Ой, мынау бір жақсы бала екен! E) Біз, жастар, біріншіден, еңбекте алда болуымыз керек. 16.Септеулік шылаумен байланысқан зат есімді тіркесті көрсетіңіз. A) ойға шомылу B) бір-екі орындық C) зу-зу етті D) ойыны қызды E) үйге шейін 17. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз. A) балуанмен күресті B) үйді жинады C) ескерту үшін келді D) еркелеп отыр E) бойшаң жігіт 18. Бастауышы жіктік есімдіктен болған сөйлемді анықтаңыз. A) Жолаушылар пойызға отырды. B) Жиырма сегіз төртке бөлінеді. C) Біз биыл институттың екінші курсында оқимыз. D) Үлкендер жиналыс залына тегіс жиналды. E) Келетіндердің билеттері осында. 19. Айқындауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.A) Әке-шешені сыйлау – халық дәстүрі.B) Көлқайнар – суы мөлдір, мол бұлақ.C) Біз, жастар, еліміздің болашағын тереңнен ойлауымыз қажет. қайталанған емес пе? D) Абай екі жолдасынан бұрын түсті.E) Бұлақтың айналасына үш-төрт ауыл жиі қонған. 20.Тура толықтауыш қатысқан хабарлы сөйлемді көрсетіңіз. A) Ахмет Байтұрсынов айтқан төрт қағида бар. B) Атам теледидарды жібермей көреді. C) Мерзімдік басылымдар – бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі. D) Олар жаңалықтар мен ресми хабарлардың жинақтары болған. E) Әркімнің өзінің сүйікті газет-журналы бар. 21.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. A) Көктем келді, бірақ қар әлі еріген жоқ. B) Меніңше, адамда ірі мақсат, үлкен арман болуы керек. C) Абай Әбіштің кең, мол тәрбие алғанына қызыға қарады. D) Мен үлкенмін, сондықтан сен мені тыңдауың керек. E) Күн шуақты болғанымен, ағаштардың ажары сынық. 22.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз. A) Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді. B) Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік. C) Қазақ тілін жақсы үйрену үшін, үйірмеге қатысамыз. D) Қыста қар жауса, балалар қуанады. E) Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп кітап әкеліп берді. 23. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы бастауыш пен баяндауыштың арасына дұрыс қойылған тыныс белгісін табыңыз.A) Байлықтың атасы – еңбек. B) Үнсіз күліп тұрған – бағанағы шәкірт бала. C) Қыздардың үлкені – Майра да, кішісі – Сайра. D) Білім алу – әр оқушының міндеті, жетер мұраты. E) Білім мен даналық – адамның көркі. 24. Тырнақшаға алынатын орынды көрсетіңіз.A) Қалалық мәдениет сарайы B) Өлкетану мұражайы C) Алтын алқа белгісі D) Қазақстанның халық жазушысы E) Мемлекеттік Опера және балет театры 25. Қарапайым сөздер және сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылатын стиль түрін анықтаңыз.A) ауызекі сөйлеу стилі B) публицистикалық стиль C) көркем әдебиет стилі D) ғылыми стиль E) ресми іс қағаздары стилі 26. Қай стиль түріне жататынын ажыратыңыз. Дәннің химиялық құрамын екі топқа бөлуге болады: 1) органикалық заттар, 2) минералдық заттар. A) ауызекі сөйлеу стилі B) публицистикалық стиль C) ғылыми стиль D) көркем әдебиет стилі E) ресми іс қағаздары стилі 27. Ақсақ Темір орнатқан күмбезді кесенені көрсетіңіз. A) Арыстанбаб кесенесі B) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі C) Айша бибі кесенесі D) Қарахан кесенесі E) Қорқыт ата кесенесі 28. ІХ ғасырда өмір сүрген композитор, жыршы, ақын мен оның шығарған музыкалық аспабын көрсетіңіз.A) Асан қайғы, қобыз B) Тәттімбет, шаңқобыз C) Жаяу Мұса, домбыраD) Қорқыт ата, қобыз E) Ықылас, даңғыра 29. Тілашар тойы қашан жасалатынын көрсетіңіз. A) бала дүниеге келгенде B) бала мектепке барғанда ( қайталанатын сияқты) C) бала жүре бастағанда D) бала 13-ке келгенде E) бала мектеп бітіргенде 30.Қазақстанның ең ірі өзендерін белгілеңіз. A) Қаратал, Сырдария, Шу, Жем. B) Ақсу, Жайық, Іле, Қаратал. C) Сағыз, Обаған, Сарыөзен, Ертіс. D) Ертіс, Сырдария, Іле, Жайық E) Қараөзен, Сілеті, Іле, Быжы.   10-нұсқа 1. Бірыңғай езулік дауысты дыбыстан тұратын сөзді белгілеңіз. A) ұсынушы B) тәрбиеші C) ұйымдастырушы D) ескеруші E) құрастырушы 2. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөздер қатарын көрсетіңіз. A) заңдылық, қызығушылық B) сарапшы, сынақшы C) таудай, төбедей D) өнерпаз, әуесқой E) білімді, тәрбиелі 3. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.А) кемпірқосақB) тасбақа C) ақбөкен ? D) бейбітшілік E) ауа райы 4. Архаизмге жататын сөзді табыңыз.A) саяжай B) адырна C) орамал D) әңгелек E) арман 5. «Инемен құдық қазғандай» фразеологизмінің мағынасын анықтаңыз. A) қиын B) терең C) толық D) алыс E) жеңіл 6. Мақалдың жалғасын табыңыз. Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады. Жақсымен сөйлессең, ...A) сөз жетеді. B) біліммен жүгір. C) төбедегі келеді. D) көңілің ашылады. E) ақылыңа ақыл қос. 7. Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақты көрсетіңіз. A) -нікі,-дікі B) -сыз, -сіз C) -ау, -еу D) -а, -е E) -ып,-іп 8. Заттық ұғымның атауы болып, бірге жазылатын сөздер қатарын табыңыз. A) көк (шөп), көк (базар), қол (қою). B) бас (киім), сары (май), тоң (май). C) ат (қора), қол (сұғу), көк (қағаз). D) көк (құтан), көк (жиек), қол (өнер). E) көк (көз), көз (жұму), қол (үзу). 9. Тәуелдік формадағы тырнақша қойылып жазылатын жалқы есімді табыңыз. А) Балдырған журналы В) Жетісу өлкесі С) Алматы қаласы D) Оқжетпес тауы Е) Мәдениет сарайы 10.Сапалық сын есімді тіркесті анықтаңыз. A) үлкен үй B) құмды жер C) мұңды адам D) сүтті сиыр E) әңгімешіл адам 11.Реттік сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз. A) Дүние жүзіндегі ең ауыр тасбақаның салмағы бір жарым тоннадай. B) Эвкалипт ағашының биіктігі бір жүз елу метрден асады. C) Ең үлкен крокодилдің ұзындығы он метрге жетеді. D) Дүниедегі ең үлкен жарқанаттың қанаты бір жарым метрдей. E) 5-6 -сабақтарда тест жұмыстарын орындадық. 12.Жалпылау есімдігіне байланысты сөйлемді табыңыз. A) Мына оқиғадан кейін осыны мойындауға тура келді. B) Ол бізге жиі келіп тұрды. C) Біздің халық, оның айтуынша, ақын халық екен. D) Әркімнің бәйгеден дәмесі бар. E) Атам тамақ ішуге үй ішінің тегіс отырғанын қалайды. 13.Етістіктің жедел өткен шақ түрінде тұрған сөзді табыңыз. A) жаздырдым B) жаздырғысы келді C) жаздырған еді D) жаздырған болатын E) жаздырады 14. Мөлшер үстеулі тіркесті көрсетіңіз. A) кілең жастар B) босқа айтты C) бері қайт D) әжептеуір жүрдік E) әрең қозғалды 15. Сөйлем мүшесіне талданбайтын сөзді көрсетіңіз. A) келді B) әрине C) арманым D) екеуі E) жақсы 16.Еліктеуіш сөз көмекші етістікпен тіркесіп анықтауыш болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.A) Әсияның бауырына жаны ашып, шырылдап жүр. B) Кішкене балапан қиралаңдап қалыпты. C) Орман жақтан шаңқ еткен оқыс дауыс естілді. D) Таулардан су сылдыр-сылдыр ағар. E) Әйгерім қызараңдап қалды. 17. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз. A) баланың жақсысы B) ауыл малы C) жыртық лашық D) қаладан қашық E) бүгін келді 18.Анықтауышы есімдіктен болған сөйлемді анықтаңыз. A) Бұл өңірде мұнайдың сарқылмас қоры бар. B) Қазақстанда туризмге лайықты жерлер аз емес. C) Өлкенің жер асты байлықтары да мол. D) Қазақстанның батыс аймағында мұнай өндірісі дамыған. E) Мұнда әйгілі Марқакөл бар. 19.Айқындауыш мүшенің ережесін көрсетіңіз.A) Сөйлеушінің түрлі көңіл күйін білдіретін сөз.B) Бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларды жинақтап тұратын мүше.C) Сөйлеушінің сөйлемдегі ойға қатысты түрлі көзқарасын білдіретін сөз. D) Сөйлеушінің сөзіндегі біреудің өзгертілмей берілген сөзі. E) Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі. 20. Мезгіл үстеуі қатысқан хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.A) Бүгін алыс ауылдан қонақтар келеді. B) Күз түсті, бірақ күн әлі жылы. C) Мен үйдің сыртында болдым. D) Біздің үйдің жанында алма ағашы бар. E) Оның ағасын мен жақсы танитын болып шықтым. 21.Талғаулықты салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. A) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: су секілді тез ағып кетеді. B) Күн сәулесі кеткендіктен, үйдің іші күңгірт еді. C) Ол жұмысқа кешігіп келгендіктен, бастық ескерту жасады. D) Ауа райы салқындағанмен, ел жайлаудан түсе қоймады. E) Бүгін я қазақ тілі сабағы болады, я сайыс болады. 22. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз. A) Қалаға келгелі, мен театрға, концертке жиі барып жүрмін. B) Осындай жаңғалақтығына қарамастан, Бектай өте зерек бала. C) Ол ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастырмақ болып, жан-жақты дайындық жүргізді. D) Шешесі жұмыстан келгенге дейін, қызы тамақ пісіріп қойыпты. E) Сабақ оқуға уақыты аз бола тұра, емтиханды жақсы тапсырды. 23. Қаратпа сөзге байланысты тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.A) Айтып жібер, көп күттірмей.B) Уа, шіркін, ән деп осыны айт! C) Ия, дұрыс айтасыз Ғалия. D) Әрине Санжар, жарыста кім озары белгілі. E) Қош келдіңіздер, құрметті мырзалар мен ханымдар! 24. Драмалық шығармаларда автордың қосымша түсініктемелеріне байланысты қойылатын тыныс білгісін көрсетіңіз.A) сызықшаB) жақша C) тырнақша D) көп нүктеE) нүктелі үтір 25. Жазба тілдің стильдік тармақтарын көрсетіңіз.A) ауызекі сөйлеу стилі B) жүйелі сөйлеу мәдениеті C) көркем әдебиет стилі D) ғылыми стиль, сөз мәдениеті E) мақала, баяндама 26.Сөйлем қандай стильде жазылғанын ажыратыңыз. Өсімдіктер татымды ғана емес, сонымен қатар өте пайдалы. Жер шарында өсетін көкөніс өсімдіктерінің жүзден астам түрі белгілі. A) ауызекі сөйлеу стилі B) публицистикалық стиль C) ғылыми стиль D) көркем әдебиет стилі E) ресми іс қағаздары стилі 27. «Жұлдыз бойынша болжаулар» еңбегінің авторын атаңыз.A) Жүсіп Баласағұни B) Махмұт Қашғари C) Әбу Насыр әл-Фараби D) Қожа Ахмет Яссауи E) Қорқыт ата 28. «Отырар сазы» оркестрін ұйымдастырған композиторды көрсетіңіз. A) Ш.Қалдаяқов B) Н.Тілендиев C) А.Жұбанов D) Л.Хамиди E) М.Омаров 29.Ұл бала 3-4 жасқа келгенде қандай рәсім жасалатынын көрсетіңіз. A) ат қою B) сырға салу C) атқа мінгізу D) мектепке апару E) машинаға отырғызу 30. Қазақстанда алғашқы демалыс орны қай жерде ашылғанын белгілеңіз. A) Қызылордада B) Қарағандыда C) Алматыда D) Текеліде E) Бурабайда    

Наши рекомендации