Төтенше жағдайлардың салдарын жою

Төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс а,даттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қара-жатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі мате-риалдық, техникалық, ақша қаражатын жоне адам күшін талап ететін жағдай.

Қазақстан мемлектінің орналасқан жері — орасаы зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты қүбылыстар жиі болып жатады.

Зілзала — бүл кенеттен найда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бүзатын, материалдық қүнды-лықтарды үлкен шығынға үшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат қүбылысы.

Әрбір зілзаланың өзіне төн физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпа-шылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.

Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілза-лалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.

Әрбір – жағдайдың өзінің мәні бар, сол жағдайға байланысты пайда болу себептері, демудың ерекшеліктері болады.

Барлық төтенше жағдайлар пайда болу себептеріне, таралу қашықтығына, жиілігіне және т.б. жағдайларға орай жіктелінеді.

Төтенше жағдайларды былай жіктеуге болады:

- Геофизикалық қаупті құбылыстар (жер сілкінісі, тау жанар);

- Геологиялық қауіпті құбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, опырма);

- Метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық, аяз және т.б.);

- Гидрологиялық қауіпті құбылыстар ( теңіз деңгейінің қатты құбылуы, мұздар арыны, су басу, тасқындар, жер асты сулар деңгейінің көтерілуі);

- Табиғи өрттер (далалық, ормандық, шымтезектік);

- Адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялық);

- Ауыл шаруашылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотия);

- Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жұқпалы ауруға шалдығуы (эпифитатия).

Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт бұзылуына, материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады.Мысалы;су басу,жер сілкінісі,ормандағы өрттер,көшкін т.б жатады.

Төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады.

Оның түрлері:

— Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т.с.с).

— Көлік жүйесіндегі апаттар.

— Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын-дарында, мүнай, газ қүбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).

Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, қүрылыс, тау-кен байлығын өидіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бүндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайда-лану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салда-рынан апаттың болу қауіпі туындайды.

Апаттың тағы бір себептері — улы, тез түтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жүмыс істеудегі қателік-терге жол берілуі жатады.

Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақта-маушылыгына, жүмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.

Наши рекомендации