Ластаушы заттардың түрлері

Ауаны ластағыш заттар қатарына 214 зиянды заттар кіреді. 2009 жылы Қазақстанда атмосфералық ауа жайын бақылау 69 постта жүргізілді, ластайтын заттың 16 көрсеткішіанықталды.

Ластағыш заттардың антропогенді түрдегі қосылыстары қауіпті келеді. Олардың кеңістікте таралуы әртүрлі, құрамы тұрақсыз келеді. Антропогенді ластану халық көп қоныстанған райондарда байқалады, адамның денсаулығына, өсімдіктер мен жануарларға зиянды әсер ететін көптеген заттардан тұрады.

Ауаны ластаушы зиянды заттарға көміртегі оксиді, азот оксиді, күкірт диоксиді, көмірқышқыл газы, альдегидтер, ауыр металдар ((Pb, Cu, Zn, Cd, Cr), аммиак, озон, атмосфералық шаң және реактивті изотоптар жатады.

Ауаға лақтырылатын зиянды заттар агрегатты жағдайларына байланысты: 1) газ тәрізді (күкірт диоксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, көмірсутектер және т.б.); 2) сұйық (қышқылдар, сілтілер, тұздар ерітінділері және басқ.); 3) қатты (ауыр металдар, канцерогенді заттар, органикалық және органикалық емес шаңдар, күл, шаңдар, шайырлы заттар және т.б.).

Негізгі антропогенді ластаушылар (поллютанттар) қатарына – күкірт диоксиді (SО2), азот диоксиді (NО2), көміртегі оксиді (СО), қатты бөлшектер (күл, шаң, күйе) жатады. Олардың мөлшері барлық лақтырылатын зиянды заттардың 98%-н құрайды.

Қатты бөлшектер пайда болуы механизміне байланысты келесі кластарға бөлінеді:

механикалық шаң - технологиялық процестер кезінде өнімді уату нәтижесінде пайда болады;

ұшатын қалдық – түтінді газдарда қалқыған күйде кездесетін жанбайтын жанар-жағар май қалдығы, жану кезінде жанар-жағар майдың минералды қоспаларынан пайда болады;

өндірістік күл – көмірсутектердің толығымен жанбауы және термиялық бөлінуі нәтижесінде пайда болатын қатты дисперстілігі жоғары көміртек.

Бұлардан басқа зиянды заттардың 70-тен астам түрлері атмосфераға лақтырылады: ауыр металдар (күкірт, сынап, кадмий, қорғасын және т.б.), көмірсутектер (СnНn), олардың ішінде қауіптілеріне бенз(а(пирен, альдегидтер (бірінші кезекте формальдегидтер), күкіртсутегі, улы ұшатын еріткіштер( бензиндер, спирттер, эмирлер) және т.б.

Қорғасын (Pb ) – кез-келген түрде улы көкшіл металл. Дүниежүзі бойынша өндірілетін күкірттің 60%-ы қышқылды аккумуляторларды шығаруға жұмсалады. Алайда атмосфераны күкіртті қосылыстармен ластайтын негізгі көзге (80 % шамасында) этилді бензинді пайдаланатын көлік түрлерінен бөлінетін улы газдар жатады.

Ауыр металлургия ауаны көміртек оксидімен, маргенецпен, аз мөлшерде мышьякпен, фосформен, сурьмамен, қорғасынмен, сынап буларымен және т.б. ластайды.

Металлургия кәсіпорындары ауаны металдың қалдықтары және қосындыларымен ластайды, олардың ішінде темір, қорғасын, мыс, мырыш, қалайы, никель, көмір, күкіртті түтін, глинозем (алюминий тотығы) т.б. қалдықтар бар.

Мұнайды өңдейтін және жасанды жібек шығаратын кәсіпорындар күкіртті сутек қалдықтарын ауаға шығарады; химия кәсіпорындары азот тотығын бөледі; құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың шаңы мен тозаңында, газдарында кальций тотығы, алюминий тотығы, кремназем (кремнийдің оттекпен қосындысы), магний, темір, гипс, асбест, әк, т.б. заттардың қалдықтары бар.

Химия өнеркәсіптері – күкіртсутек және хлорлы қосылыстармен ластайды.

Көмір өндірісі атмосфераға күкірт диоксидін, көміртегі оксидін, шайырлы заттар өнімдерін лақтырады.

Автокөліктердің жаққан газдарынан азот оксиді, әртүрлі көмірсутектер, альдегидтер, күкірт қосылыстары және т.б. бөлінеді. Бір автокөлік жылына 4 т оттегіні жұтып, ауаға 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидін және 200 кг көмірсутектерді лақтырады.

Ауаны ластаушылар қатарына сондай-ақ ауыл шаруашылығы да үлес қосып келеді. Ауылшаруашылық өндірісіндегі қауіпті және негізгі ластаушыға – пестицидтер жатады.

Қышқылды компоненттер ( көміртегі оксидтері және диоксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді, күкіртсутегі) лақтырылыстары көздеріне қалдықтарды жағу өнімдері жатады.

Қышқыл компонентердің атмосферада болуына мұнайды өндіретін және мұнайхимиясы өнеркәсіптері әсерін тигізеді. Жанар-жағар майда жағу кезінде көміртегі мен сутегі қосылыстарында қышқылдану жүреді, көмірқышқыл газы мен су буы бөлінеді.

Атмосфераны ластаушылардың ішінде ең қауіптілеріне радиоактивті изотоптардың көмегімен жүретін радиоактивті ластанулар жатады. Оның көздеріне – ядролық қаруды өндіру және сынау, АЭС-ның қалдықтары мен апатты лақтырылыстары жатады. 1986 жылы Чернобыль АЭС-ның төртінші блогының жарылысынан радиоактивті заттардың ауаға лақтырылысы басты орынға ие. Осы лақтырылыстардың жалпы мөлшері 77 кг-ды құрады. Егер Хиросимадағы атом жарылысы кезінде небары 740 г радиоактивті заттар бөлінсе, онда бұл апат салыстырмалы түрде ең сорақы апатқа жатады.

Наши рекомендации