Адам іс әрекетінің нәтижесі шаңнан болатын әртүрлі пневмокониоз аруларын талдаңыз

Пневмокониоз - ұзақ уақыт өндірістік шаң жұтудан пайда болатын, нәтижесінде өкпеде әртүрлі склероздық құбылыстар, әрқилы өзгерістер және асқынулар туындайтын кәсіби ауру.Асбестоз. Этиопатогенезі. Асбест шаңдарынан туындайтын пнемокониозды асбестоз деп атайды. Асбест дегеніміз талшық құрылымдағы минерал, химиялық құрамына сәйкес магний мен темірдің және көбінесе кальций мен натрийдің гидросиликаты болып табылады. Асбесттің әрқилы түрлері кездеседі, олардың ішінде өндірісте серпентин тобы (жылан тәрізді) немесе хризотиласбест тобы маңызды болып саналады. Асбесттің басқа да топтары – амфиболды тобы кеңінен қолданыла бастады. Оған антофилит, тремолит, амозит, крикодолит және басқа да түрлері жатады. Асбестотуберкулез.Силикозға қарағанда сирек кездеседі, алайда осындай асқынуға тек асбестоздың дамуы ғана емес, сонымен қатар асбест шаңымен тікелей қатынаста болған адамдарда да дамуы мүмкін. Көбінесе асбестозда инфильтрациялық өзгерістері мен үдемелі дамуына бейім емес және фиброзды тығыздалуыға бейім ошақты туберкулез байқалады. Асбестоз бен рак. Асбест шаңымен ұзақ қатынаста болу өкпе рагы мен плевраның мезотелиомасы дамуларына бейім тудыратыны бұрыннан белгілі. Талькоз бен басқа да силикатоздар. Тальк дегеніміз магний силикаты, талшық, пластинка немесе аморфты масса түрінде кездеседі. Құрамында талькі бар топырақта басқа да минералдардың қоспасы болуы мүмкін: серпентин, термолит, долмит, кварц, т.б. Осылардың қоспасының болуы тұрақты емес және осыған байланысты талькоздың ағымы әрқилы болуы мүмкін. Тальк резина, парфюмерия, радиотехника, пластмасса, машина дөңгелектерін жасайтын және басқа да өндірістерде қолданылады.

26. Диоксин улы заттары организмге қалай түседі және қандай ауру тудыратынын сипаттаңыз;

Адамзаты тарихта болған улы заттардың барлығымен дерлік таныс. Бұл ксенобиотиктер әсері (еске салсақ, тірі организмдерге қолданылмайтын тірі заттар) өте қауіпті болды, мысалға инсектицидпен улану кезінде болған оқиғаны алсақ. Бұл оқиғадағы удан улылығы жоғары зат – диоксин. Көп уақыттар бойы бұл за Оңтүстік Вьетнам мен Италиялық қала Севезомен тығыз байланысты болды, себебі, осы жерлердің бұл удың әсерін тікелей көрді. Бірақ диоксиннің таралу географиясы жылдан-жылға ұлғайып, қазір жер жүзіндегі ең атақты у болып отыр. Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді.

Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар.

27 . Рио-де-Жанейро (13-14 маусым, 1992ж.) ООН-ның қорщаған ортаны қорғау және даму конференциясындағы негізгі документтің бірі «Күн тәртібінде 21 ғасыр» материалына сипаттама жасаңыз;ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібінде көрсетілген ұсынысқа сәйкес осы мәселеніңтиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы 1993 жылыТұрақты даму жμніндегі комиссия құрды. Аталған комиссия Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің функционалдық комиссиясы болып табылады.Ол жыл сайынғы конференцияларда ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібінің мәселелерін

үнемі қарастырып отырады. Ол 1998 жылы өзінің алтыншы сессиясында білім және ақпарат бойынша кең көлемді резолюция қабылдады. Бұдан басқа ол ж‰ргізілетін ж±мыстардыњ ауќымды баѓдарламасын бекітті, онда мемлекеттерге тұрақты даму мақсаттарын барлыќ дењгейдегі білім беру бағдарламаларына енгізу ұсынылады жєне олардыњ осы баѓыттаѓы іс-ќимылдарына ќолдау кμрсетілетіні атап μтіледі. ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібі шеңберіндегі Балтық теңізі аймағындағы тұрақты даму мүддесінде білім беру саласындағы қызметті, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экологиялық білім беру бойынша Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің Жұмысшы тобының; экологиялық білім беру бойынша Орталық Азиялық мемлекетаралық жұмысшы тобының және экологиялық білім беру мәселелері бойынша Солтүстік Америка ассоциациясыныњ ќызметін ќоса алѓанда аймаќішілік ‰кіметаралыќ процестер ж‰ріп жатыр.

28. Сынап ауыр металдарының организмге түсу жолдары және оның улы әсерінен болатын ауруларды сипаттаңыз.

Сынаптың органикалық қосындыларын ұрықты өндіру үшін фунгицид түрінде қолданады. Ерітінді, ұнтақ, дүст түрінде қолданады. Меркургексан, меркуран, гранозан комплексті әсер ететін фунгицидтерге жатады. Бүйрек, асқазан-ішек жолдары және жоғарғы тыныс жолдары арқылы ағзаға түседі.

Асқазан-ішек жолдарымен бүйрек арқылы шығу жолдары.

Қасиеті:

1.Ағзаларда жиналуы

2.Жасырын кезеңінің ұзақ болуы

Патогенезі:

1.Жалпы улылық әсері

2.Тиолдың уы. SH-тобымен әсерлесіп, энзимохимиялық процеске қатысады, нәтижесінде май, белок, көмірсу алмасуларының күрделі процестері дамиды.

3.Капиллярлытоксикалық әсердің нәтижесінде, тамырлар зақымданады, яғни гематоэнцефалиялық барьермен тамырлардың өткізгіштігі жоғарлайды.

4.Липотропты әсері

5.Кардиотоксикалық әсері → жүрек қызметінің реттелуінің бұзылуы.

Клиникасы:

Жедел улану кезінде:

1.Астениялық – вегетациялық синдром.

2.Жұлынның бағаналы бөлігімен мишықтың басым зақымдануымен жүретін токсикалық энцефалопатияның белгілері. Бұған-жүрістің бұзылуы, қолдардың дірілдеуі, аяқтардың салдануы, есту қабілетінің, көру қабілеінің төмендеуі, жұтынудың қиындауы, естен тану, соқырлық жатады.

3.Мидың зақымдану қызметі. Бұл – қантсыз диабеттің белгісі.

4.Токсикалық миокардиодистрофия, нефропатия белгілері.

Наши рекомендации