Лекция 7 Атмосфера ауасын қорғау 1. Атмосфера ауасының сипаттамасы 2. Техногендік ластар классификациясы 3. Атмосфераны ластау көздері

Ауадағы, судағы, топырақтағы, өсімдіктердегі зиянды заттектерді нормалау. Атмосфералық ауа: ШРКжз –жұмыс зонасының ауасындағы зиянды заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/м 3 . Ол сегіз сағаттық жұмыс күндік немесе ұзақтығы басқа мерзім ішінде (демалыс күндерісіз), яғни аптасына 40 сағаттан аспайтынувқыт аралығында, қызмет істеген барлық жылдар бойы қазіргі жəне кейінгі буындардың денсаулығын бұзбайтын концентрация мөлшері. Жұмыс зонасы деп қызметшінің тұрақты немесе уақытша еденнен немесе жерден биіктігі 2 м-ге дейінгі кеңістікте болатын орнын айтады. Ластағыш заттектердің класын осы көрсеткішке сүйеніп анықтайды. Қауіптілік класы ШРКжз мағынасына қарай 4 топқа бөлінеді: 1 класс (ШРКжз‹ 0,1 мг/м) – айрықша қауіпті , 2 класс (ШРКжз ═0-1 мг/м )- жоғары қауіпті , 3 класс (ШРК ═ 1- 10 мг/м) – орташа қауіпті; 4 класс (ШРКжз ═› 10 мг/м 3 ) – болымсыз қауіпті. -ШРКм.б –елді мекеннің ауасындағы заттектердің шекті рауалы максималды бір жолдық концентрациясы, мг/м 3 . Бұл концентрация ауаны 20 минуттай жұтқанда адам организмінде рефлекторлық реакцияны туғызбауы қажет. - ШРКо.т - елді мекеннің ауасындағы улы заттектердің шекті рауалы орташа тəуліктік концентрациясы, мг/м 3 . Зиянды агенттің адам организміне өткенде (демалу, тамақпен бірге жəне т.б) оларға əлі құртатындай ықпал жасамайтынең көп мөлшері. Топырақ: Топырақтағы ластағыш заттектер үш бағытта нормаланады: 1) ауыл шаруашылығында пайдаланатын жердің егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері; 2) кəсіпорынның территориясындағы улы заттектердің жинақталуы; 3) елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтар сақтайтын жер топырағының ластануы. Егістік қабаттағы улы химикаттарды нормалауға екі көрсеткіш қолданылады . шекті рауалы концентрация (ШРК1)жəне уақытша рауалы концентрация (УРК1). - ШРК – топырақтың егістік қабатындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/кг. Бұл концентрация адамның денсаулығына жəне топырақтың өздігінен тазалану қабілетіне тікелей немесе жанама түрде қолайсыз əсер тигізбеуі қажет. - ШРК, (РҚМ) – азық – түлік өнімдеріндегі заттектердің шекті рауалы концентрациясы (рауалы қалған мөлшері), мг/кг. ШРК белгілеу үшін қарастырылып отырған заттектің фондық концентрациясы, оның физикалық – химиялық қасиеті, тұрақтылығы, улылығы туралы мəліметтер қолданылады. Сонымен тəжірибе арқылы келесі мəліметтер анықталады: - топырақтағы заттектің шектік рауалы концентрациясы, бұл мөлшер деңгейінде оның тағамдық жəне жемдік өсімдіктерге өтетін көлемі кейбір рауалы қалдықтық мөлшерден аспауы қажет, басқаша айтқанда, тамақ өнімдеріндегі ШРК-дан, - заттек топырақтан ауаға ұшқанда олардың мөлшері ауа үшін белгіленген ШРК-дан аспайтын рауалы концентрация (ұшатын заттектер үшін); - микроорганизмдерге жəне топырақтың өздігімен тазалану процесіне əсер етпейтін рауалы концентрация. Қарастырылған көрсеткіштердің ішіндегі ең қатаң шартты түрде қабылданатын ШРК1, топырақтарды зияндық сапаларына қарай салыстырғанда негізгі болып қолданылатын да тек осы көрсеткіштің өзі ғана. Өсімдіктерді зиянкештерден, аурудан, арам шөптерден қорғау үшін қолданылатын кейбір улы химикаттарға белгіленген ШРК бар, олар мына кестеде көрсетілген: Пестицидтердің топырақтағы шекті рауалы концентрациялары,мг/кг Пестицид ШРК Пестицид ШРК Прометрин (арборицид) 0,5 Хлорамп (арборицид) 0,05 Хлорофос (инсектицид) 0,5 Дихлордифенилтрихлорэтан 0,1 Севин (инсектицид) 0,05 Гексахлоран 1,0 Гексахлоранның гамма-изомері 1,0 Полихлорпинен 0,5 Полихлоркамфен 0,5 Карбофос 2,0 Егерде əртүрлі орталар үшін ШРК шамасы белгіленбеген болса, онда уақытша гигиеналық норматив – заттектердің уақытша рауалы концентрациясы УРК тағайындалады. Уақытша норматив белгілі мерзімге (2- 3 жылға) белгіленеді. Оны есептеу арқылы анықтайды. Сулы орта: - ШРК – шаруашылық ауыз су мен мəдени – тұрмыстық жағдайға қолданатын су қоймаларындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/л. Бұл концентрация адамныңбүкіл ғұмыры ішінде оның мүшелеріне тікелей немесе жанама əсерін тигізбеуі, сонымен қатар келесі ұрпақтардың денсаулығына да жəне қолданатын судың гигиеналық жағдайын да төмендетпеуі қажет; - ШРК балық суларында – балық шаруашылығында қолданылатын суаттардың суындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы да белгіленеді. -Судың интегралдық көрсеткіштері: ОБҚ – оттекке биологиялық қажеттілік – сынау инкубациясының белгілі уақыт ішінде (2, 5, 20, 120 тəулік) органикалық заттектердің (нитрификация процесін кіргізбегенде) биохимиялық тотығу (ыдырау) процестеріне пайдаланылған оттектің мөлшері, мг О2 /л суға (ОБК5 -5 тəулік, ОБҚ20 тəулік ішінде); ОХҚ – оттекке химиялық қажеттілік – судағы барлық тотықсыздандырғыштарды тотықтыруға қажетті, яғни тотықтырғыштың жұмсалатын мөлшеріне эквивалентті, оттектің мөлшері (бихроматты əдіспен анықталады), мг О2 /л суға.ОБҚ/ОХҚ қатынастарына қарап отырып, заттектердің биохимиялық тотығуының тиімділігін айтады. Су объектілеріндегі судың құрамы мен қасиеті өзен жармасындағы немесе ақпайтын су қоймаларындағы су алатын нүктеден радиусы 1 км – дей жердегі нормативтерге сəйкес болуы керек Заттектердің шектік рауалы концентрациясының шамасы əртүрлі болады, ол суды қолдану категориясының түріне байланысты келеді. Мысалы, шаруашылық- ауыз су жəне мəдени- тұрмыстық жағдайға қолданылатын су объектілерінің суында хлорорганикалық қосылыстың – гексахлоранның мөлшері 0,1 мг/л шамасында болуға рұқсат беріледі, ал балық шаруашылығына пайдаланатын су қоймаларының суларында бұл заттек мүлде болмауы қажет. Бұл заттектер организмнің ішіне түскенде ғана қолайсыз əсер тигізсе, екіншілері сырттай ұштастырылғанның өзінде зиянды əсерін тигізеді, осыған байланысты іс-жүзінде əртүрлі шектеулер қолданылады. Мысалы, санитарлық шектеулерге сəйкес бір заттектердің суда болуы шомылу мен жуынуды шектейді, ал санитарлық-гигиеналық шектеу басқа заттектердің болуына қарай оны ішуге жəне тамақ пісіруге лимиттейді. Сондықтан, ШРК- мен қатар су объектілеріне басқа шектеу нормативі – зияндылықты лимиттеу көрсеткіші (ЗЛК) қолданылады. Ол суды сандық жағынан емес, тек судың сапасына қойылатын талаптарды сипаттайды. ЗЛК үш түрге бөлінеді: - санитарлық- токсикологиялық (заттектердің адам организмін жəне су жануарларын уландыруын сипаттайды); - жалпы санитарлық (заттектің су объектісінің жалпы санитарлық жағдайына , сондай –ақ өздігімен жүретін процестердің жылдамдығына тигізетін əсерін сипаттайды); - органолептикалық (заттектің судың органолептикалық қасиетін – иісін, дəмін, түсін, көбіктенуін өзгерту қабілетін сипаттайды, яғни адамның сезім мүшелерімен бағаланатын қасиеттер). Ауыз суға жəне шипалылығын пайдалануға бағытталған сулар негізгі 11 көрсеткіштермен нормаланады. Қазіргі кезде 1200- дей улы заттектерге ШРК белгіленген.

Қолданылатын əдебиеттер: 1 Оспанова Г.С. Экологиядан оқу -əдістемелік құрал/ Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева; ҚР білім жəне ғылым министрлігі, М. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. -Алматы: Экономика, 2000.-136 бет 2 Адилов Ж.М.Город и окружающая среда.-Алма-Ата:Ана тiлi,1991 3 Акимова Т.А.,Хаскин В.В.Экология:Учеб.для вузов.-М.:Юнити, 1998 4 Воронков Н.А.Основы общей экологии:Учеб.пособие для вузов.-М.: Агар, 1997 5 Врышев И.И.,Сазыкина Т.Г.Имитационные модели экосистем в условиях антропогенного воздействия ТЭС и АЭС.-М.:Энергоатом издат,1990 6 Глухов В.В. и др.Экономические основы экологии.-С.-Пб.:Спец.лит.,1997 7 Демина Т.А.Экология,природопользование,охрана окружающей среды. - М.: Аспект Пресс, 1998 8 Иванов В.Н.,Сторчевус В.К.Экология и автоматизация.- Киев,Будивельник,1990 9 Киселев В.Н.Основы экологии:Учеб.пособие для вузов.- Минск: Унивеситэцкае, 1998 10 Лосев А.В.,Провадкин Г.Г.Социальная экология.-М.:ВЛА ДОС, 1998

Наши рекомендации