Деңгей тест тапсырмалары

$$$1 Өмірбаян мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірліктер:

$$жылдар аралығында

$жылдар үшін

$жылдар өтті

$жылдар өткен соң

$$$2Себеп мәнді құрмалас сөйлемді белгілеңіз:

$$Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады

$Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп

$Байқағаным жоқ, сондықтан кінәлі емеспін

$Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады

$$$3 «Мамандарды біліктілігіне қарай ... » сөйлемді аяқтаңыз:

$$іріктеуге тура келді

$аралауға тура келді

$ойлауыма тура келді

$жүгіруіне тура келді

$$$4 Дұрыс аударылған тіркес:

$$жоғары білім – высшее образование

$орта білім – высшее образование

$аяқталмаған жоғары – высшее образование

$жоғарғы білім – высшее образование

$$$5 Сіз басқаларға бір жаңалықты айтқыңыз келді, қандай ісқағазын жазасыз?
$$хабарландыру
$жеделхат
$анықтама

$өтініш

$$$6 Хабарландыруда кездесетін сөздер:
$$өткізіледі, болады
$күн тәртібі, жарлық
$бұйрық, жарғы
$өтінемін, сұраймын

$$$7Талғаулы мағыналы сөйлемді көрсетіңіз:
$$Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек
$Ол туралы өзгелер не дейді, өзіміз қалай ойлаймыз
$Қазақ мақалы бар: асыл тастан, өнер жастан

$Кейде қабағы түксиеді, кейде бет әлпеті күлім қағады

$$$8 «Хабарландыру ... келдім» сөйлемді толықтырыңыз:

$$бойынша

$сияқты

$беру

$байланысты

$$$9 Кезектес мәнді салалас сөйлемнің жалғаулығын анықтаңыз:

$$ бірде

$ бірақ

$ дегенмен

$ әйтпесе

$$$10 «Біресе «Жиырма бес» әні естіледі, бірде «Жанбота» әні шығады» сөйлемнің түрін анықтаңыз:

$$ кезектес мәнді салалас

$ түсіндермелі мәнді салалас

$ қарсылықты мәнді сабақтас

$ шартты мәнді сабақтас

$$$11 Өтініште қолданылатын тілдік бірліктер:

$$қабылдауыңызды сұраймын

$қабылданды

$қабылдау керек

$қабылдаса екен

$$$12 «Дать внеочередной отпуск» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз:

$$кезектен тыс демалыс беру

$кезексіз демалысқа шығу

$кезексіз демалыс алу

$кезекті демалыс беру

$$$13 Сөйлемді жалғастырыңыз: Сендердің іссапардан қайтқыларың келіп еді, бірақ ...

$$билет болмады

$өткізді

$дамып келе жатыр

$ризашылығын білдірді

$$$14 Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз:

$$Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға бармаймын

$Ол үйде болмағандықтан, біз көрші үйге кірдік

$Оқуға бармаймын, өйткені жұмыс істеймін

$Шығарып салуға я мен барамын, я сен барасың

$$$15 Қарсылық білдіру формасы:

$$Жалпы алғанда, сіздің пікіріңізді қоштаймын, бірақ

$Пікіріңізге оң көзқарас танытамын

$Келіспеуге амал қалдырмадыңыз

$Қарсы емеспін

$$$16 Қарсылық білдіру формасы:

$$Сізбен келіспеуге өзіме ерік бердім

$Сіздікі жөн

$Бұны жоққа шығаруға болмайды

$Дұрыс

$$$17 «Сөз тапқанға қолқа жоқ» тіркесінің мағынасы:

$$тапқырлықпен тауып айту

$ізденсең табарсың

$дұрыс

$мәлімет беру

$$$18 «Тәуекел етуге де болады» дұрыс аудармасы:

$$можно и рискнуть

$решиться

$риск

$рисковать

$$$19 Шартты мәнді сөйлемді табыңыз:

$$5Сабаққа жақсы дайындалсаң, жақсы баға аласың

$Асан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды

$Жаңбыр да басылды, күн де жарқырап кетті

$Бұл – менің туған жерім, сондықтан мен оны сүйемін

$$$20 «Бас қосты» тұрақты тіркесінің мағынасы:

$$бір жерде жиналды, мәжіліс жасады

$өмірін жақсы жаққа қарай бұру

$бастаған ісін аяқтамады

$ұйымшылдық, татулық

$$$21 «Жобаны біздің бірауыздан ... тамаша болды» сөйлемді толықтырыңыз:

$$мақұлдағанымыз

$мақұлдағандарыңыз

$мақұлдағандарың

$мақұлдағаны

$$$22 «Хаттамаға ... қолы қойылады» сөйлемді толықтырыңыз:

$$мәжіліс төрағасы мен хатшының

$мәжіліске қатысқандардың

$хатшының

$мекеме басшысының

$$$23 Хаттама мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:

$$күн тәртібіндегі мәселелер

$күнделікті мәселелер

$сөйленген мәселелер

$дұрыс жауап жоқ

$$$24 Қалыс қалды тіркесінің мағынасы:

$$қарсы екендігін де, қолдайтындығын да білдірмеді

$айтқанын істеді

$қолдайтындығын білдірді

$дұрыс жауап жоқ

$$$25 Мінездеме мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірліктер:

$$әріптестері арасында сыйлы

$оны бәрі сыйлайды

$жұмыстағылар жақсы көреді

$ылғи сыйлап жүреді

$$$26 Мінездеме мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірліктер:

$$атқарып отырған қызметіне лайық

$жұмысты жақсы істеп жүр

$ жұмысы дұрыс

$ары қарай істей берсін

$$$27 Дұрыс аударылған тіркес:

$$еңбек жолы – трудовая деятельность

$еңбек етті – трудовая деятельность

$еңбекке қабілет – трудовая деятельность

$еңбек үшін – трудовая деятельность

$$$28 Қадірлілік, сый-құрметке иелік, абыройлылық мағыналас сөздер қатарын жалғастырыңыз:

$$беделділік

$білімділік

$сәттілік

$іскерлік

$$$29 «Әкеңнің ұлы болғанша, ... » мақалды аяқтаңыз:

$$халқыңның ұлы бол

$ананың көзі балада

$қарызыңнан құтыла алмайсың

$ұл өсер

$$$30 Қимыл-сын мәнді сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз:

$$Амантай үйден тез киініп шығып, автобусқа келіп отырды

$ Мен келдім, – уәде берген досым жоқ

$ Сен жақсы оқығаныңда, бес алып кетер едің

$ Күлген жақсы, бірақ шектен аса күлу – мәдениетсіздік

$$$31 Көзді ашып, жұмғанша тұрақты тіркесінің мағынасы:

$$шапшаң, тез

$әдемі, сұлу

$қарапайым, батыл

$өткір, жылдам

$$$32 «Шаңырағың ... !» мына тілектің жалғасын жазыңыз:

$$шайқалмасын

$керілмесін

$айтылмасын

$жабылмасын

$$$33 Дұрыс құрастырылмаған тіркесті көрсетіңіз:

$$шешім іскерлігі

$басқару іскерлігі

$ұйымдастыру іскерлігі

$іскерлік қасиеттері

$$$34 Қалау мәнді сөйлемді көрсетіңіз:

$$Мен құжаттарымды көрсетейін деп едім

$Маған құжаттарыңызды тастап кетіңіз

$Мен сәулетші мамандығын алып шығамын

$Мен әлі екінші курстамын

$$$35 «Жақсы басшысы жоқ ... » мақалды толықтырыңыз:

$$ел жетім

$өлім күшті

$жер жетім

$қызыл тіл

$$$36 «Өз қалауларын білдіру үшін, жастар алаңға шықты» сөйлемнің түрін анықтаңыз:

$$мақсат мәнді сабақтас

$қарсылықты мәнді сабақтас

$себеп мәнді сабақтас

$ қимыл-сын мәнді сабақтас

$$$37 «Әдіс» сөзінің синонимі:

$$ тәсіл

$қызмет

$ бөлік

$дамуы

$$$38 «Оказывается, они разработали очень хороший проект» дұрыс аудармасы:

$$Олар өте жақсы жоба жасамақшы

$Олар өте жақсы жоба жасапты

$Олардың өте жақсы жоба жасағылары келеді

$Олар өте жақсы жоба жасамапты

$$$39 «Дипломатия мемлекеттің атынан саясат ... » сөйлемді аяқтаңыз:

$$жүргізеді

$үлес қосады

$қабылдайды

$сезінеді

$$$40 «Сіздер олардан ештеңені сұрама... »сөйлемді толықтырыңыз:

$$-псыздар

$-псыңдар

$-пты

$-псыз

$$$41 Қайраткер... сөзге жалғауды дұрыс таңдаңыз:

$$-ді

$-шы

$-и

$-іп

$$$42 «Олжас Сүлейменов Италияда ...» сөйлемді толықтырыңыз:

$$дипломаттық қызмет атқарды

$жазушыларға көмектесті

$ақындық мектеп ашты

$саясатын зерттеді

$$$43 Себеп мәнді құрылымды табыңыз:

$$Алғашқыда өнеркәсіп дамымағандықтан, мұнайды қазылған шұңқырларда сақтады

$Бөлім қызметкерлерімен қоян-қолтық, тіл табыса еңбек етуді ойлады

$Пойыз біраз жүргеннен кейін, жолсерік билет тексерді

$Үшінші орында ел емес, «Халықаралық валюта қоры» ұйымы тұр

$$$44 Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз:

$$ Дипломатиялық қызмет қызметкерлері заң актілерінде көрсетілген ережені бұзғанда, олар дипломатиялық дәрежесінен айырылады

$ Оның білімге деген құштарлығы арта түсті, өз білімін кеңейтудің басқа да жолдарын іздестіре бастады

$ Қазақ, өзбек, тәжік тілдерін еркін меңгерген, осы тілдерде оқулық жазған

$ Кеңес үкіметінің алғашқы кезеңінде қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш кәсіби, білікті маман, ірі дипломат, қоғам қайраткері болған – Нәзір Төреқұлов

$$$45 «Интернетте ... істей алуым керек» тиісті сөзді қойыңыз:

$$жұмыс

$іс

$қызмет

$шаруа

$$$46 «Білім ордаларынан білікті мамандар шығады» сөйлемнің баламасын табыңыз:

$$Жоғары оқу орындары кәсіби мамандар даярлайды

$Мектепті жақсы оқушылар бітіреді

$Институтты білімді студенттер бітіріпті

$Оқу орындарында жақсы мамандар оқып жатыр

$$$47 Маңдай алды атану тұрақты тіркесінің мағынасы:

$$алдыңғы қатардағы, озат

$адал еңбек

$бетінен қақпады

$басына қиындық түспеді

$$$48 Мақсатты келер шақ:

$$Шетелде білім алмақшы

$білімді мыңды жығар

$Білім – ырыс қазығы

$Бақыт жолы біліммен табылады

$$$49 Бұйрық мәндегі сөйлемді көрсетіңіз:

$$Мақсатыңа жету үшін аянбай еңбек ет

$Еңбегі аздың өнбегі аз

$Қайдан ақша алуға болады?

$Ерінбегеннің еңбегі жанар

$$$50 «Егер сессияны үздік аяқтасаң, ... » сөйлемді жалғастырыңыз:

$$онда мемлекеттік грантқа құжаттарыңды тапсырасың

$онда мемлекеттік грантқа құжаттарымды тапсырамын

$онда мемлекеттік грантқа құжаттарымызды тапсырамыз

$интернетпен жұмыс істемейсіңдер

$$$51 «Еңбегің қатты болса, ... » мақалды аяқтаңыз:

$$татқаның тәтті болады
$бәрін де жеңбек
$білімнен асар байлық жоқ
$ақылдың сабыр серігі

$$$52 «Труд его пропал зря» тұрақты тіркесінің мағынасы:

$$еңбегі зая кетті
$адал еңбек
$бағы жанды
$жаны ашыды

$$$53 «Ол өз ісінің ... » сөйлемді аяқтаңыз:

$$шебері

$құлы

$өлшеушісі

$куәгері

$$$54 Тігісін жатқызды тұрақты тіркесінің мағынасы:

$$ерсі, жайсыз жайды жұмсартып жуып-шаю

$киім үтіктеу

$билікті өз қолына алу

$еркіне жібермеу

$$$55 «Мен адамдарды жақсы түсіне ... » сөйлемді толықтырыңыз:

$$бастадым

$бастадық

$бастаймыз

$бастадың

$$$56 «Құрылыспен инженер мамандар ғана айналысқаны жөн» мағыналас сөйлемді табыңыз:

$$Құрылыспен инженер мамандар ғана шұғылданғандары абзал

$Құрылысқа инженер мамандар бару керек

$Құрылыспен инженермандар ғана айналыспауы керек

$Құрылысты инженер мамандар ғана біле бастады

$$$57 «­Өнерді бағаламай, ... » сөйлемді аяқтаңыз:

$$ұлттық дәстүрді сақтауға болмайды

$жақсы білім алуға болмайды

$интернетпен жұмыс істемейсің

$шетелге бару оңай

$$$58 «Шебердің ісі ... , шешеннің тілі ... » мақалды аяқтаңыз:

$$ортақ

$жұмсақ

$жеңіс

$қиын

$$$59 Асығы алшысынан түсті тұрақты тіркестің мағынасы:

$$жолы болды, тасы өрге домалап тұр

$бағалы сөз, өсиет

$шаруаға еш қыры жоқ

$ас ішіп, аяқ босатар

$$$60 «Жақсы маман бол... , қоғамға пайдалы боласың» сөйлемді толықтырыңыз:

$$-саң

$-сам

$-саңыз

$-сақ

$$$61 «Жастарға жағдай ... керек» қажетті сөзді қойыңыз:

$$жасау

$құру

$төлеу

$келу

$$$62 «Инновациялық жобаларға қаржы бөлін.. керек» қажетті форманы қойыңыз:

$$-уі

$-уге

$-умен

$-уді

$$$63 Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз:

$$ Ұста: «Бұны қайдан көрдім?» – деп ойлады

$«Қол ұстату» деген ырым осы

$«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын оқыдың ба

$ Сен дегенде ойым таза

$$$64 «Абайдың өлеңдерін оқы... отырмын» қажетті қосымшаны қойыңыз:

$$-ғалы

$-ғанша

$-қалы

$- келі

$$$65 «Студенттер шетелдік конференцияға қатысып ... » сөйлемді толықтырыңыз:

$$келді

$басталды

$қалды

$кеттіңдер

$$$66 «Ғылыми еңбек» тіркесінің синонимдік қатарын көрсетіңіз:

$$ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу

$ғылыми дерек, ғылыми зерттеу

$ғылыми еңбек, ғылыми нәтиже

$ғылыми сана, ғылыми тәжірибе

$$$67 «Ғылыми жетекші өз ... басшылық етеді» сөйлемді толықтырыңыз:

$$шәкіртіне

$шәкіртке

$ шәкіртпен

$шәкіртті

$$$68 «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» авторын көрсетіңіз:

$$Абай Құнанбайұлы

$Әбу Насыр әл-Фараби

$Мұхтар Әуезов

$халық мақалы

$$$69 Қуану сөзінің тұрақты тіркес түріндегі баламасын көрсетіңіз:

$$жерден жеті қоян тапқандай

$қатты қуанды

$қуанып кетті

$қуанышты хабар

$$$70 «Новые направления науки» аударыңыз:

$$ғылымның жаңа бағыттары

$ғылымдағы жетістіктер

$ғылымның бағыттары

$ғылымдағы бағыттар

$$$71 Мағыналас тұрақты тіркестер:

$$екі езуі құлағында, жерден жеті қоян тапқандай

$жерден жеті қоян тапқандай, қабақ шытысу

$екі езуі құлағында, айрандай ұйып отыр

$көзді ашып-жұмғанша, ит өлген жерде

$$$72 «Ғылымды өркендету үшін қыруар ...» сөйлемді аяқтаңыз:

$$қаржы бөлінді

$байқау бөлінді

$ғалым айналысты

$жастар қуанды

$$$73 Дұрыс құрастырылмаған сөз тіркесі:

$$Нобель қызметкері

$Нобель сыйлығының кандидаты

$Нолель сыйлығының лауреаты

$Нобель сыйлығы

$$$74 «Жауап» арқылы жасалған сөз тіркестерінің дұрыс баламасын көрсетіңіз:

$$жауап қайтару, жауап беру, жауап алу

$жауапты деу, жауапты сөйлеу, жауапты орындау

$жауапты жоспарлау, жауаптың қалыптасуы, жауапты ұзарту

$жауап көрсету, жауапты нақтылау, жауапты құрастыру

$$$75 Қалауды, ниетті білдіретін етістік тұлғасы бар сөйлемді дұрыс белгілеңіз:

$$Мен байқауға құжат тапсырайын деп едім

$Мен құжат тапсырған едім

$Мен құжаттарды толтырдым

$Байқауға құжаттар тапсырылды ?

$$$76 «Нобель сыйлығына кандидаттарды таңдау, іріктеу үшін арнайы комитет құрылған» мағыналас сөйлемді табыңыз:

$$Нобель сыйлығына үміткерлерді таңдау, іріктеу мақсатында арнайы комитет жасалған

$Нобель сыйлығына үміткерлерді таңдау, іріктеу бес адамнан тұратын арнайы комитет шешу керек

$Нобель сыйлығын үміткерлерге Швеция Королі табыс етеді

$Марапаттаудан кейін лауреаттар өздерінің Нобельдік лекцияларын оқиды

$$$77 Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер:

$$бақытымызға қарай
$түйіп айтқанда
$шынын айту керек
$екінші жағынан

$$$78 Жарнама сөзімен мағынасы жақын сөзді белгілеңіз:

$$хабарландыру

$қағаз

$газет

$журнал

$$$79 Дұрыс аудармасын көрсетіңіз:

$$жарнамалық анықтама – рекламный справочник

$жарнамалық анықтама – рекламный агент

$жарнамалық анықтама – рекламные услуги

$жарнамалық анықтама – рекламное сообщение

$$$80 Сұраулы сөйлемді табыңыз:

$$Жарнамаларды, хабарландыруларды оқисың ба

$Жарнамаларды, хабарландыруларды оқымаймын

$Жарнамаларды үнемі қарап жүремін

$Жарнамаларды, хабарландыруларды оқимын

$$$81 «Приглашаем на конференцию» аудармасын табыңыз:

$$конференцияға шақырамыз

$конференцияға ақпараттық хаты

$конференцияға шақыру

$конференцияға шақырып қойдық

$$$82 «Біз барлық құжаттарды ... » сөйлемді толықтырыңыз:

$$поштаменжіберіп қойдық

$поштаменжіберіп қойдыңыз ба?

$поштаменжіберіп қойдыңдар

$поштаменжіберіп қойдым

$$$83 Дұрыс құрастырылмаған тіркес:

$$ұлттық шақыру

$ұлттық мінез

$ұлттық сәулет өнері

$ұлттық нақыш

$$$84 «Я уже пригласил всех сотрудников» дұрыс аудармасын көрсетіңіз:

$$Мен барлық қызметкерлерді шақырып қойдым

$Мен барлық қызметкерлерді шақырдым

$Мен барлық қызметкерлерді шақыра аламын

$Мен барлық қызметкерлерді шақырып көрдім

$$$85 «Мен бүгін газетке хабарландыру бере... ... » сөйлемді аяқтаңыз:

$$-йін деп едім

$-йік деп едік

$-ейін деп едің

$-ейін деп едіңдер

$$$86 «Мәдениет – дүниемен өлшенбейтін ... байлық» сөйлемді толықтырыңыз:

$$рухани

$байлық

$матералды

$көп

$$$87 «Жігітке ... өнер аз, ... өнер көп емес» мақалды толықтырыңыз:

$$жеті, жетпіс

$жеті, жеті

$жеті, сегіз

$бір, жеті

$$$88 Хабарландыру нені білдіреді?

$$қандай да бір оқиға, шара т.б. туралы ресми хабарлау

$газет, журналдарға жеке басқа байланысты хабарлар тарату

$белгілі бір мәліметке қатысты кеңінен ақпарат беретін құжат

$белгілі бір топқа (ұжымға) шақыру ретінде жолданылатын ресми хат

$$$89 «Биылғы «Тарлан» сыйлығына «А-Студио» тобын ... » сөйлемді аяқтаңыз:

$$ұсынамыз

$құттықтаймыз

$көрейік

$тыңдайық

$$$90 «Біздің ұсынысымызға ... деп сенеміз» сөйлемді толықтырыңыз:

$$көңіл аударады

$қабылдайды

$үшін

$хабарлайды

$$$91 Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз:

$$Оның ғылым­дағы еңбек жолы жастарға үлгі

$Оның ғылым­дағы жастарға үлгі жолы еңбек

$Үлгі оның еңбек ғылым­дағы жастарға жолы

$Оның ғылым­дағы үлгі еңбек жолы жастарға

$$$92 «Қоғам қайраткері» аудармасын табыңыз:

$$общественный деятель

$деятели культуры

$заслуженный деятель

$государственный деятель

$$$93 «Аңыз қылып ...» жалғасын табыңыз:

$$айтады

$салды

$тіледі

$жеңді

$$$94 Қарсылықты мағыналы сөйлемді көрсетіңіз:

$$ Жас бола тұра, абыздың барлық сұрағына жауап береді

$ Білімін жетілдіру үшін, қалаға келеді

$Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы

$Сегізінші топпен кездеспек болып, олар жоғары көтерілді

$$$95 Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз:

$$Көпшілікті іске жұмылдыра білетін қабілеті мол кемеңгер басшы болды

$Көпшілікті іске жұмылдыра білетін қабілеті

$Кемеңгер басшы қабілеті мол болды көпшілікті іске жұмылдыра білетін

$Көпшілікті басшы болды іске жұмылдыра білетін қабілеті мол кемеңгер

$$$96 «Стать легендарным» аудармасын табыңыз:

$$аңыз болу

$аңыз айту

$аңыз әңгіме

$аңыз

$$$97 Қалау, тілекті білдіретін сөйлемді табыңыз:

$$Мен шет тілін жетік меңгергім келеді

$Мен шет тілін жетік білемін

$Мен шет тілін академияда үйреніп жүрмін

$Мен ағылшын тілін үйреніп болмадым

$$$98 Әдепке қатысты халық ережесін көрсетіңіз:

$$ Жасы үлкен адамдар отырған жерде жастар қисаймайды, жатпайды

$ Жастар болашағы алаңдатады

$ Жастардың әлеуметтік мәселесі кезек күттірмейді

$Білімді жастар ауылға жолдама алды

$$$99 Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз:

$$Жастар – еліміздің мақтанышы

$Айту менің парызым

$Талап талмас – қанат

$Ақылды қария ағып жатқан дария

$$$100 «Қазіргі заманда ... тіл білу – өмір талабы» сөйлемді аяқтаңыз:

$$көп

$бір

$аз

$қажет емес

$$$101 «Атаңнан … қалғанша, … қалсын» мақалды толықтырыңыз:

$$мал, тал

$тал, мал

$ақша, мал

$мал, мұра

$$$102 «Халқымыз табиғатты ... теңеген» көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз:

$$анаға

$апат

$лас

$пайдалы

$$$103 «Табиғатқа ... ... үлкен апатқа соқтырады» көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркестерін қойыңыз:

$$немқұрайлы қарау

$көңілсіз болды

$қарап отыр

$серуенге шығу

$$$104 «... денсаулыққа зиян» көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз:

$$лас ауа

$адамдар

$табиғат

$әртүрлі

$$$105 «Таза ауа – ... » мақалды толықтырыңыз:

$$жанға дауа

$өмір тірегі

$жан жылуы

$жылы ауа

$$$106 «Қалада көліктер, өндіріс орындары көп болғандықтан, қаланың экологиясы нашар» сөйлемнің сұрағын белгілеңіз:

$$Қаланың экологиясы неге нашар?

$Неге қалада өндіріс орындары көп?

$Қалада көліктер көп па?

$Қаланың экологиясы жақсарды ма?

$$$107 Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз:

$$Көк алманы алма

$Көңілі бұлақтай таза

$Сулы жер – нулы жер

$ Қарақұс – жыртқыш құс

$$$108 «Көліктердің 30 пайызы ... талаптарды сақтамай отыр» сөйлемді толықтырыңыз:

$$экологияны

$экологияның

$экологиялық

$экология

$$$109 «Экономика» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

$$шаруашылықты басқару

$бұйымдарды жасау

$акцияны шығару

$тауар сату

$$$110 Антонимдік қатарды табыңыз

$$кіріс – шығыс

$іскер – табыскер

$мекеме – ұйым

$пайда – табыс

$$$111 Синонимдік қатарды көрсетіңіз:

$$табыс табу – пайда табу – олжа табу

$салық төлеу – салықтан жалтару

$құқықтар – міндеттемелер

$сату – сатып алу

$$$112 Себеп мәнді құрылымды табыңыз:

$$Алғашқыда өнеркәсіп дамымағандықтан, мұнайды қазылған шұңқырларда сақтады

$Бөлім қызметкерлерімен қоян-қолтық, тіл табыса еңбек етуді ойлады

$Пойыз біраз жүргеннен кейін, жолсерік билет тексерді

$Үшінші орында ел емес, «Халықаралық валюта қоры» ұйымы тұр

$$$113 Аяқталған сөйлемді көрсетіңіз:

$$Бұл көмектің негізін салауатты өмір салты құрайды

$Бұл көмектің негізін салауатты өмір салты

$Салауатты өмір салты құрайды көмектің негізін

$Көмектің салауатты өмір салты негізін бұл

$$$114 «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» мақалының мәнін айтыңыз:

$$денсаулық

$батырлық

$ынтымақ

$егіншілік

$$$115 Сөйлемді аяқтаңыз: «Денсаулығыма байланысты қысқы емтихан сессиясын ... » сөйлемді аяқтаңыз:

$$уақытынан бұрын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын

$уақытында жатақханадан орын беруіңізді сұраймын

$уақытында жалақымды беруіңізді сұраймын

$уақытында ақысы төленетін демалыс беруіңізді сұраймын

$$$116 «Халық денсаулығы ... ұлттық байлық»сөйлемді толықтырыңыз:

$$дегеніміз

$деп

$деді

$де

$$$117 «Қазақстан Республикасының 1992 жылы Шекара қызметі ... » сөйлемді толықтырыңыз:

$$құрылды

$межеленбек

$орнатылды

$келді

$$$118 «Охранять границу» аудармасын табыңыз:

$$шекараны күзету

$шекараны күзетеміз

$шекараны күзеттім

$шекараны күзеттік

$$$119 Дұрыс құрастырылмаған тіркес:

$$ұлттық шекарашы

$ұлттық арна

$ұлттық намыс

$ұлттық қауіпсіздік

$$$120 «Воинские задания выполнил мужественно» дұрыс аудармасын көрсетіңіз:

$$жауынгерлік тапсырмаларды ерлікпен орындады

$жауынгерлік тапсырмаларды орындады

$жауынгерлік тапсырмаларды орындадық

$жауынгерлік тапсырмаларды орындау

Наши рекомендации