Экологиялық құқық жүйесі оқу пәні ретінде
Экологиялық-құқықтық нормалар реттелетін қатынастар шеңберіне қатысты институттарға біріктірілген (субинституттарға), олар өз кезегінде құқықтың оқылатын саласына біріктірілген.
Экологиялық институт дегеніміз ұқсас қоғамдық қатынастардың санаулы түрлерінің құқықтық нормаларының жиынтығы.
Маңыздылығына байланысты институттар экологиялық құқықта бәрінен бұрын, жалпы және ерекше бөлімдерге біріктірілген, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары тағы арнайы бөлімді шығарған. Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінің институттарына осы саланың барлық жүйесіне жалпы маңызы бар барынша маңызды ережелер бар институттар енген. Осы құқықтық институттар ерекше бөлімнің институттарының құрамы мен мазмұнын қалыптастыруға шешуші ықпал жасайды.
ҚР Экологиялық құқықтарының оқыту курсына мынадай негізгі институттар енгізілген: Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері – қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселесі; Экологиялық құқық түсінігі, объектісі, әдісі, принциптері; Табиғи ресурстарға меншік құқығы; Табиғатты пайдалану құқығы; Экологиялық құқық көздері; Экологиялық пайдаланым мен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару мен реттеу; Экологиялық бақылаудың ұйымдастыру-құқықтық формалары; Қоршаған табиғи ортаға әсерді бағалау мен экологиялық сараптама; мемлекеттік экологиялық мониторинг және табиғи-ресурстық кадастрлар; Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық реттеу; Шаруашылық және өзге де қызметтерді жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік.
Ерекше бөлімде келесі институттар бар: Жердің, жер қойнауының, жер үсті және жер асты сулары, ормандарды қорғау және пайдалану саласындағы экологиялық-құқықтық режим; Атмосфералық ауаны қорғаудың экологиялық-құқықтық режимі; Жануарлар дүниесін молықтыру мен пайдаланудағы экологиялық-құқықтық режим; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық-құқықтық режимі; Атом энергиясы мен радиацияның қоршаған ортаға әсерін құқықтық реттеу; Қоршаған табиғи ортаны халықаралық-құқықтық қорғау.
Біздің көзқарасымыз бойынша, экологиялық құқыққа барынша дұрыс анықтаманы В.В.Петров берген. Анықтаманы, қазіргі ұрпақтың және келер ұрпақтың мүдделері үшін табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуі саласындағы қоғамдық қатынастарды табиғатты қорғау, оның ресурстарын рационалды пайдалану және өндіру, адамды қоршаған ортаны сауықтыру мен жақсарту мақсатында реттейтін құқықтың әртүрлі салаларының заңды номаларының жиынтығы деп анықтауға болар еді.[5]
Экологиялық құқық үш аспектіде зерттеледі – ғылым ретінде, құқықтың бір саласы және оқу пәні ретінде.
Экологииялық құқық толығымен қазақстандық құқық жүйесін құрайтын құқықтардың барлық саласымен өзара әрекеттеседі.
Бәрінен бұрын, экологиялық құқықтың рухани жүйеде басты рөлді атқаратын конституциялық құқықпен ерекше байланыста екендігін атап көрсеткен жөн. ҚР Конституциясы қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың және экологиялық құқық ғылымының дамуының негізі болып табылады.
Экологииялық құқық әкімшілік құқығымен тығыз байланыста. Әкімшілік құқықтың институттары–басқару, бақылау, әкімшілік қиылысулар, әкімшілік жауакершілік – қоршаған табиғи ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Экологиялық құқық пен азаматтық құқық. Бұл мәселені қарастыру азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік қатынастар мен экологиялық құқықпен реттелетін экологиялық қатынастардың арасындағы өзара байланыстың айқындалуына байланысты. Экологиялық және мүліктік қатынастар қатынастардың әртүрлі салаларына жатады және әдетте заңның әртүрлі салаларының нормативтік актілерімен реттеледі.
Азаматтық құқық экологиялық құқыққа қарағанда қорғайтын және өндіретін қызметтерді орындайды. Сондықтан экологиялық құқық қатынастары үшін келтірілген зиянды өтеу институтарының маңызы басты болып табылады. Экологиялық қатынастарды жетілдіруге қарай нарықтық экономиканың базасында, табиғатты рационалды пайдалануда және қоршаған ортаны қорғаудың тиімді түрі ретінде енгізуді талап ететін азаматтық-құқықтық шарттың нормаларының маңызды болашағы бар. әкімшілік, азаматтық қорғайтын қызметтермен бірге экологиялық құқыққа қатысты қорғау қызметін қылмыстық құқық орындайды. Оның нормалары экологиялық қылмыстарды қоршаған табиғи ортаға зиян келтіретін, қоғамға қауіпті әрекеттердің құрамын бекітеді.
Экологиялық құқық жер құқықтарымен тығыс байланысты, бұл табиғаттың біртұтастығымен, жердің қоршаған ортадағы маңызды құрауыштарының бірі екендігімен шарттасқан.
Кез келген табиғи нысандарды пайдалануда жерді пайдаланбау мүмкін емес екендігін атап көрсеткен жөн. Жер – бұл барлық табиғи нысандарды пайдалану үшін негіз болып табылады.
Экологиялық құқықтың көптеген басқа құқық салаларымен тығыз байланыста.