Бап. Шаруашылық және өзге де объектiлердi жобалауға қойылатын экологиялық талаптар
Бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар және олардың түрлерi
1. Экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметке белгiленедi.
2. Экологиялық талаптар мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы экологиялық талаптар;
2) табиғи ресурстарды пайдалану кезiнде қойылатын экологиялық талаптар;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар;
4) Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағындағы шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар;
5) радиоактивтi материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар;
6) ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер мен ағзаларды өндiру және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; P080346
7) өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу кезiндегi экологиялық талаптар;
8) әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар.
3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында экологиялық талаптардың өзге де түрлерi белгiленуi мүмкiн.
Бап. Экологиялық талаптарды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi
1. Экологиялық талаптар осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнде белгiленедi және жекелеген құжаттар немесе шаруашылық және өзге де қызметтiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру ережелерiнiң жекелеген бөлiмдерi түрiнде қабылдануы мүмкiн.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган экологиялық талаптарды әзiрлеу кезiнде мамандандырылған ғылыми-зерттеу, жобалау институттары мен басқа да ұйымдарды, сондай-ақ табиғат пайдаланушыларды тартуы мүмкiн.
3. Жер ресурстарын, жер қойнауы мен минералдық ресурстарды, жер асты және жер үстi суларын, орман және өсiмдiктер дүниесiнiң өзге де ресурстарын, жануарлар дүниесiнiң ресурстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар тиiсiнше жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық атқарушы органмен, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, орман шаруашылығы саласындағы, жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша белгiленедi.
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiленедi.
5. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi салу мен реконструкциялау, пайдалануға беру және пайдалану, қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу, радиоактивтi материалдарды пайдалану, ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер мен организмдердi өндiру және пайдалану, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу кезiнде оларды жобалауға және, орналастыруға қойылатын, әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.
Ескерту. 195-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiндегi экологиялық талаптар мен мiндеттемелердi есепке алу
1. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiнде жекешелендiрудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Кәсiпорындарды және өзге де объектiлердi жекешелендiру кәсiпорынды және өзге де объектiнi жекешелендiру жоспарында көзделуге тиiстi экологиялық жай-күйдi тексерудiң нәтижелерi ескерiле отырып жүзеге асырылады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қатысуымен жүзеге асырылады.
Бап. Экологиялық қауiптi шаруашылық және өзге де қызметтер түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы заңды тұлға банкрот болған, қайта ұйымдастырылған және таратылған кездегi экологиялық талаптарды есепке алу
1. Экологиялық қауiптi шаруашылық және өзге де қызметтер түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы заңды тұлғаның банкроттығы туралы iс қозғалған кезде мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледi.
Табиғат пайдаланушы заңды тұлғаның банкроттығы туралы iстi жүргiзу кезiнде мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерiн есепке алу қамтамасыз етiледi.
2. Экологиялық қауiптi шаруашылық және өзге де қызметтер түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерiн есепке ала отырып және оларды бөлу балансында (бөлiну немесе бөлiп шығару нысанындағы қайта ұйымдастыру кезiнде) және өткiзу балансында (бiрiгу нысанындағы қайта ұйымдастыру кезiнде) көрсете отырып жүргiзiледi.
3. Экологиялық ықтимал қауiптi шаруашылық және өзге де қызметтер түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы заңды тұлғаны тарату кезiнде оның нәтижелерi тарату балансында мiндеттi түрде көрсетiлетiн жоспардан тыс инспекторлық экологиялық тексеру тағайындалады.
29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
бап. Шаруашылық және өзге де объектiлердi жобалауға қойылатын экологиялық талаптар
1. Кәсiпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау жүйелерiн, кәрiздердi, гидротехникалық құрылыстарды, көлiк және байланыс объектiлерiн, технологиялық процестердi, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектiлердi жобалау кезiнде:
1) қоршаған орта сапа нормативтерiнiң сақталуы;
2) қауiптi қалдықтардың залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы;
3) қалдығы аз және қалдықсыз технологиялардың пайдаланылуы;
4) қоршаған ортаны ластаудың алдын алудың тиiмдi шараларының қолданылуы;
5) табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдалану көзделуi тиiс.
2. Мыналар:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың;
2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объект жобаланған жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындылары жоқ жобаларды қаржыландыруға және iске асыруға тыйым салынады.
Ескерту. 198-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап. Жалпы экологиялық талаптар және табиғат пайдаланушылардың шаруашылық және өзге де объектiлердi пайдалануға беру мен пайдалану кезiндегi жауапкершiлiгi
1. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қатысуымен құрылатын қабылдау комиссиясының актiсi бойынша жүргiзiледi.
2. Қауiптi қалдықтарды, шығарындыларды, төгiндiлердi залалсыздандыру және кәдеге жарату жөнiндегi қоршаған ортаны қорғау нормативтерiн қамтамасыз ететiн жабдықтарды орнатпай, сондай-ақ жердi рекультивациялау, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану жөнiндегi жобада көзделген жұмыстарды аяқтамай кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға тыйым салынады.
3. Шаруашылық және өзге де объектiлердi пайдалануды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы:
1) өзiне бөлiнген аумақта жұмысты экологиялық қауiпсiздiк талаптарын сақтай отырып жүргiзу;
2) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi белгiленген құжаттаманы жүргiзу және бүкiл қызметi бойынша мемлекеттiк органдарға белгiленген есептiлiктi беру;
3) мемлекеттiк бақылаушы органдар инспекцияларының жұмысына жәрдемдесу және заңды нұсқамаларды белгiленген мерзiмде орындау үшiн жауаптылықта болады.
4. Табиғат пайдаланушы әрбiр объектiде:
1) өндiрiстiк экологиялық бақылауды ұйымдастыруға, жүргiзуге және бақылаушы органдармен өзара iс-қимыл жасауға жауап беретiн арнайы бөлiмше құруға не қызметкердi тағайындауға;
2) қызметкерлердiң денсаулығы мен өмiрiн, қоршаған ортаны және мүлiктi қорғау мақсатында барлық операцияларды неғұрлым қауiпсiз тәсiлмен жүргiзуге және жабдықтарды қауiпсiз жай-күйде ұстауға;
3) барлық қызмет түрлерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен келiсiлген, кемiнде бес жылда бiр рет қайта қаралатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеп, бекiтуге тиiс. Нормативтiк-техникалық құжаттар жаңа үлгiлiк ережелер мен нормаларды, жаңа технологиялық процестердi, қондырғыларды, машиналар мен аппаратураларды енгiзу кезiнде де қайта қаралуға тиiс;
4) жұмыс учаскелерiнде (объектiлерiнде) табиғат пайдаланушының жауапты лауазымды адамдары анықталған кемшiлiктердi жоюдың мерзiмдерiн көрсетiп, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн жазатын тексеру журналдарын жүргiзуге тиiс.
5. Экологиялық қауiптi объектiлердегi жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi табиғат пайдаланушы әзiрлеген арнайы ережеде белгiленуге тиiс.
6. Табиғат пайдаланушыда Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуының, дүлей зiлзалалар мен табиғи катаклизмдердiң нәтижесiнде туындаған авариялық жағдайларды жою немесе оқшаулау жөнiндегi iс-қимылдар жоспары болуға тиiс.
7. Экологиялық талаптардың, нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуын немесе адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндіретiн қауіпті, сондай-ақ қоршаған ортаның ластану мүмкiндiгiн анықтаған қызметкер туындаған жағдайды жою немесе оқшаулау жөнiндегi шамасы жететiн барлық шараларды дереу қабылдауға және ол жөнiнде диспетчерге немесе басшылыққа хабарлауға мiндеттi.
8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, сондай-ақ шаруашылық және өзге де объектiлердi пайдалануды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы анықталған кемшiлiктердiң белгiленген мерзiмдерде жойылуын бақылауға тиiс.
9. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға және экологиялық зардаптарға әкеп соқпаған авариялар жазатайым оқиғаларға және экологиялық зардаптарға әкеп соқпаған аварияларды техникалық тексеру және есепке алу жөнiндегi нұсқаулықтарға сәйкес тексерiледi. Ерекше жағдайларда iрi техникалық аварияларды және экологиялық зардаптарды, сондай-ақ топтық жазатайым оқиғаларды тексеру үшiн комиссия тағайындалады.
10. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарылған және төгілген авариялар туралы ол анықталған кезден бастап екi сағат iшiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 199-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.