Фитоценоздағы өсімдіктердің бір-біріне әсер ету жолдары 11 страница

Тараудың қысқаша мазмұны

Әрбір фитоценоздың орналасқан территориясын оның тіршілік орны немесе биотоп деп атайды. «Тұрғын орны» деп фитоценоздардың кеңістіктегі жағдайын айтады, ол - географиялық, топографиялық түсінік емес, ол - экологиялық және фитоценологиялық түсінік. Жердің бетіндегі бұрын-соңды өсімдіктер болмаған учаскелер кеңістіктегі орынмен және физико-химиялық ортаның абиотикалық факторларының үйлестірілуімен сипатталады. Бұл - экотоп деп аталады. Сосын биоценоз компоненттерінің пайда болуына байланысты экотоп өзгеріп биотопқа айналады.

Биотоп - күрделі экологиялық факторлар комплексі. Онда мыналарды ажыратуға болады:

1) Экотоп – белгілі учаскедегі өсімдіктер пайда болғанға дейінгі бейорганикалық ортаның абиотикалық жағдайларының жиынтығы. Бұған жататындар: климат, топографиялық жағдай, геологиялық жыныстар, олардың физикалық және химиялық қасиеттері және учаскенің кеңістіктегі осы орынның гидрологиялық жағдайы.

2) Биогенді факторлар комплексі - дербес өсімдіктердің, фитоценоздың, көршілес өсімдіктердің, микрорганизмдердің, жануарлардың, яғни биотикалық ортаның әсерінен пайда болған ортаның қасиеті.

3) Табиғи-тарихи факторлар және уақыт факторы - өткен замандағы климаттың, топырақ және грунттың құрылуындағы өткен этаптарының геологиялық тарихының, бұл жерде бұрын болған флора және фауна тарихының, қазіргі тіршілік жағдайының ұзақтығының әсерлері.

4) Антропогендік факторлар – барлық абиотикалық факторларға адамның әртүрлі әрекетінің әсері.

Барлық экологиялық факторларды организмге әсер етуі әдісіне байланысты былайша топтастыруға болады: 1) тікелей әсер ететіндер /жарық, жылу, ауа, су, минералды қоректену режимдері/; 2) жанама әсер ететіндер /басқа факторларға әсер ететіндер/; 3) жоғарыда аталған режимдерге әсер етіп солар арқылы өсімдіктерге әсер ететін факторлар.

Бірақ та бір фактордың өзі бір жағдайда организмге тікелей әсер етіп, ал екінші бір жағдайда жанама әсер етуі мүмкін. Тікелей әсер ететін факторларды, эколого-физиологиялық немесе негізгі факторлар деп те атайды, бұл факторлардың біреуі екіншісін алмастыра алмайды. Мысалы, су жеткіліксіз болса, оны қоректік заттың мөлшерін көбейтумен орнын толтыруға болмайды.

Әрбір экологиялық фактор белгілі сандық көрсеткіштерімен сипатталады, қарқындылығымен және әсердің мөлшерімен (диапозон). Сонымен, экологиялық фактордың әсері оның «дозасына» тәуелді. Осыған байланысты ең басты екі нүктені бөледі: минимум (ең аз шама) және максимум (ең көп шама).

Фактордың амплитудасының тербелуінің өсімдік үшін екі шамасы минимумнан төмен немесе максимумнан жоғары болып кетсе, онда өсімдіктің жағдайы нашарлайды. Бұл екі нүктені қысым көрсету аймағы «пессимум» деп атайды. Ал бұл екі нүктенің арасы, яғни фактордың әсер ететін аймағы – минимумнан максимумға дейін түрдің экологиялық валенттілігі болып табылады. Сонымен биологиялық фактордың кез-келген өзгерісінде емес, оның екі – ең аз (минимум) және ең көп (максимум) мөлшерлерінің араларында ғана іске асатын құбылыс.

Белгілі фактордың екі мөлшері (максимум және минимум) биологиялық процестің осы факторға қатысты толеранттылығының шекарасы болып табылады.

Егер факторлар жиынтығының әсерін және конкуренттік қарым-қатынасын ескермесек, сосын жасанды түрде бір ғана факторды «бөліп» алсақ, тек сонда ғана біздер түрлерді стенобионттарға және эврибионттарға жатқыза аламыз.

Стенобионттар (грек. stenos - тар және bios - өмір) - ортаның салыстырмалы тұрақты жағдайында ғана өмір сүруге қабілеті бар экологиялық бейімделуі қысыңқы организмдер.

Эврибионттар (грек. eurus – кең және bios – өмір) - әртүрлі орта жағдайында өмір сүруге қабілеті бар, экологиялық кең бейімделген (немесе толерантты) организмдер. Егер, біз, эвритермді түр десек, ол температураға қатысты, бұл температураның кең амплитудалық жағдайында өмір сүре алады деген мағына. Стенотермді түр десек – оны демек температураның өзгермейтін қысыңқы жағдайында ғана өмір сүре алатын өсімдік деп түсіну керек.

Биотоп – белгілі бір түрдің барлық генетикалық туыс особьтарының жиынтығы. Түр көптеген биотиптерден тұрады.

Экотип (грек. oikos – үй, typus – тип) түрлердің (ксерофиттер, мезофиттер, галофиттер, гигрофиттер және т.б.) бір ғана экологиялық факторға қатынасына байланысты болады. Ал экотиптер өсімдіктердің мекен жайының экологиялық факторының комплексті әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.

Фитоценоздар үшін максимум не минимум дәрежесінде тұрған факторлар болады. Ол факторлар бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Соңғы жағдайда оларды есепке алу өте қиын, өйткені ол факторларды толық анықтау үшін күрделі математикалық тәсілдер керек.

Фитоценоздардың өнімділігіне және структурасына басқаларға қарағанда басым әсер ететін болғандықтан орта жағдайлары өсімдік қауымдарының таралуында басты факторлар қатарынан саналады.

Басты факторларды «лимиттеуші факторлар» деп атайды. Өсімдіктер қауымымен ортаның арасындағы байланысты зерттеудің геоботаника үшін маңызы өте зор. Қазіргі кезде өсімдіктермен ортаның арасындағы байланысты зерттейтін айқын тәсілдер бар. Бұл проблемалар туралы зерттеу жұмыстарын үш топқа біріктіруге болады: ординация, координация және индикация.

Ординация (латын. ordination - тәртіппен, ретпен орналасқан) - өсімдіктердің өзгеру сипатын көрсететін кейбір ось бойында түрлерді немесе қауымдарды ретке келтіру процедурасы.

Координация – түрлер тобын немесе фитоценоздарды ретке келтіру процедурасы.

Индикация (латын. indication – көрсету) - ортаның жағдайын өсімдіктер арқылы анықтау.

Экологиялық факторлардың әсері нәтижесінде, өсімдіктің айқын сырт көрінісі, кейпі оның тіршілік формасы қалыптасады. Бірінші рет «тіршілік формасы» деген терминді Варминг ұсынды. Ол өмір бойы сыртқы ортамен үндестікте болатын индивидтік вегетативтік денесінің формасын - тіршілік формасы деп атады.

Раункиер тіршілік формалары классификациясын ұсынды. Жылдың қолайсыз уақыттарына өсімдіктердің шыдап, төзу ерекшеліктерінің ішінен бір белгісін негізге алған. Ол жаңару бүршіктерінің немесе төбе өркендерінің жылдың қолайсыз уақыттарында топырақ (немесе су) бетіне қатысты орналасуына байланысты тіршілік формаларын 5 топқа бөлді:

1) Фанерофиттер

2) Хамефиттер

3) Гемикриптофиттер

4) Криптофиттер

5) Терофиттер

Пысықтау сұрақтары

1. Фитоценоздың «тіршілік орны», «тұрғын орны», «экотоп» және «биотоп» туралы түсінік

2. Экологиялық факторлардың топталуы

3. Стенобионттар және эврибионттар. Эвритермді және стенотермді түрлер

4. Биотиптер және экотиптер

5. Өсімдік қауымдарының таралуындағы басты факторлар

6. Тіршілік формалары және олардың классификациясы

5. ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ӨНІМДІЛІГІ

Өнімділік дегеніміз - тірі организмдердің органикалық заттарды жасау, консервілеу және өзгерту қабілеттілігі. Органикалық заттардың жасалуы және өзгеруі жиынтығын, энергияның сіңіріліп және әртүрлі дәрежеде ұйымдастырылған био- және экосистемалардан өтуін - өнім процесі деп атайды.

Биологиялық өнім дегеніміз - фотосинтез және хемосинтез процесі кезінде организмдердің -продуценттердің күн сәулесі энергиясын сіңіріп, органикалық заттарды жинау қарқындылығы. Ол органикалық заттарды сосын қоректік зат есебінде консументтер немесе редуценттер пайдаланады. Өнімділіктің екі түрін ажыратады: бірінші – органикалық заттарды автотрофтар жасайды, екінші – органикалық заттарды гетеротрофтар жасайды.

Органикалық затты өндіруді төрт сатыға бөледі: 1/ жалпы бірінші өнім –фотосинтез процесінде құралған органикалық зат мөлшері; 2/ таза бірінші өнім - өсімдіктердің тыныс алуына жұмсалғанынан қалған органикалық зат мөлшері; 3/ шын таза бірінші өнім - органикалық заттың жиналу жылдамдығы, одан есептеу кезеңіндегі гетеротрофтардың пайдаланғанын және опадты-үзіліп түскен өсімдік бөлшектерін алып тастау керек; 4/ екінші өнім - органикалық заттың гетеротрофты организмдердегі жасалуы.

Биологиялық өнім белгілі бір аудан мөлшерінде, белгілі бір уақытта синтезделген органикалық заттың мөлшерімен көрсетіледі.

Сонымен, жалпы бірінші өнім /ӨЖ/ - өсімдіктер қауымының белгілі бір аудандағы /гектар, м2/ белгілі бір уақытта /жыл, вегетациялық маусым, тәулік/ құралған таза бірінші өнімге /ӨТ/ өсімдіктердің демалуына жұмсалған /Өд/, үзіліп түскен бөлшектерін /опад – ОО/ және гетеротрофтар пайдаланғанын /Өг/ қосқандағы фитомассасының көбеюі. Жоғарыда айтылған өнімділік көрсеткіштерін мынадай формуламен көрсетуге болады:

Өж=Өт+Өд+Өо+Өг.

Фитоценоздың биологиялық өнімділіктерін сипаттау үшін көптеген терминдер ұсынылады. Фитоценоздардың бұл көрсеткішін зерттеу үшін олардың фитомассасын анықтау керек. Фитомасса құрамына өсімдіктердің тірі және өлі мүшелері кіреді. Өсімдіктердің өлі мүшелері мысалы ағаштар мен бұталардың бұтақтары, өлген тамырлар және басқалары тірі өсімдіктермен байланысын сақтауы немесе жер бетінен үзіліп түсуі мүмкін. Өсімдіктердің әртүрлі мүшелері жер бетіне түскен жағдайда, олар жинала-жинала ерекше төсеніш /подстилка/ қабатын құрады.

Адамдар пайдаланбайтын немесе жеткіліксіз пайдаланатын шөптесін фитоценоздарда өсімдіктердің жер үстіндегі өркендері өлгеннен кейін біраз уақытқа дейін жердің астындағы мүшелерімен байланысын сақтап ветошь /ескі-құсқы/ түзеді. Биологиялық өнімділікті зерттегенде, демек, тірі өсімдіктердің массасын ғана анықтап қоймай, олардың өлген мүшелерінің де массасын анықтау керек. Ол үшін тірі өсімдіктермен байланысын үзген мүшелерінің (опад) ағаштар мен бұталардың өлген діңдерін /отпад/ жеке және өлген жер асты мүшелерін /корнепад/, ветошьті есептеу қажет.

Ценоэкосистема есебінде фитоценоздардың қызметтерінің негізгі ерекшеліктерін қарастырғанда, тек қана автотрофты популяциялармен шектелуге болмайды. Бұл жағдайда биотаны /гректің bio – өмір/ - биоценоздағы өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, және микроорганизмдер ерекшеліктерін де ескеру керек. Биота организмдері - бір-бірімен күрделі биотикалық, ал ортамен – трансбиотикалық қарым-қатынастарымен байланысты. Егер бұны ескеріп, есепке алатын болсақ, онда фитоценоздардың ценоэкосистема күйіндегі жұмысын былайша /Быков, 1978/ қорытындылауға болады:

1/ автотрофты популяциялардың күн энергиясын фитоценозға кіргізуі;

2/ олардың бірінші өнім – фитомассаны өндіруі;

3/ заттың және энергияның трофикалық каналдар арқылы автотрофтардан консументтерге және редуценттерге жеткізілуі,

4) гетеротрофтылардың екінші өнім – биомассасын өндіруі;

5/ сапрофитті организмдердің өлі органикалық заттарды қарапайым заттарға айналдыруы;

6) тыныс алу процесі кезінде энергияның фитоценотикалық ортаға, одан әрі бұл жерден сыртқа бөлініп шығуы;

7) зат алмасу процесінің болуы және ценотикалық ортаны тұрақты жағдайда ұстау;

8) ценобионттардың көбейіп жаңаруы;

9) системаның бұзылғаннан кейін қалпына келуі немесе жағдайдың режимінің өзгеруі;

10) сыртқы ортаның факторларының жаңа комбинациясы орын алған жағдайда системаның қайта құрылуы немесе биотаның құрамының өзгеруі;

11) осы процестердің реттеліп жөнге салынуы.

Жоғарыда аталған барлық жұмыстардың ішіндегі ерекше көзге түсіп бөлінетіндері - биомассаның өндірілуі, трофикалық каналдар арқылы заттар және энергияның жеткізілуі, заттардың айналымы.

Фитоценоздың жұмысы үшін күн сәулесі энергия көзі болып табылады. Күн сәулесі энергиясы автотрофты өсімдіктер ценопопуляциясы – продуценттердің жасыл, хлорофильді мүшелері /жапырақтар, көк сабақтар, көк жемістер/ арқылы өнеді. Фотосинтез процесінің бір қасиеті - ол энергияның жиналып, биосфераның және бүкіл планетаның энергетикалық дәрежесінің өсуіне алып келеді. Фитоценоздардың бар өмірі тәуелді. Өйткені, энергия көптеген тіршілік қызметтері үшін /автотрофты өсімдіктердің тыныс алуы үшін, автотрофты өсімдіктерді гетеротрофты организмдердің пайдалануы үшін, екінші өнімді өндіру үшін және т.б./ жұмсалады. Осы жұмсаудан кейінгі сақталған бірінші және екінші өнім қоры - таза өнім деп аталады.

Фотосинтез процесіне қатысатын және қатыспайтын мүшелерінің массасының ара-қатынасы әртүрлі болғандықтан өсімдіктердің жеке түрлерінің тыныс алуына жұмсалатын энергия бірдей емес. Балдырларды алатын болсақ, олардың жалпы биомассасының көп бөлігі фотосинтез процесіне қатысады, ағаштардың тек 1-2%-ы ғана қатыса алады. Шөптесін өсімдіктер осы балдырлармен ағаштардың арасында орналасады. Шөптесін өсімдіктер фотосинтезге қабілетті жер үстіндегі мүшелерімен және фотосинтезге қабілетсіз жер асты мүшелерінің ара-қатынасы вегетациялық маусым ішінде фитоценоздан фитоценозға және жылдан- жылға өзгеріп отырады.

Температура жоғарылаған сайын дамуға жұмсалатын органикалық зат мөлшері өсе береді. Планктонды балдырлар қауымында жалпы өнімнің 30-40%-ы тыныс алуға жұмсалатын болса, тропикалық жаңбыры көп ормандарда ол 70-80 %-ға дейін жетеді, ал қоңыржай жағдайындағы ормандарда демалуға жалпы өнімнің 50-60%-ы жұмсалады.

Таза бірінші өнім фотосинтездің нәтижелілігімен анықталады. Ал фотосинтездің нәтижелілігі - фотосинтезге қабілетті мүшелердің көлеміне тәуелді. Фитоценоздың әрбір типіне тән фотосинтездің нәтижелілігінде оптимальды жапырақ тақтасының мөлшері болады. Жапырақ тақтасының көлемі оптимальды мөлшерден кем болса жарық /күн сәулесі/ толық пайдаланылмайды, ал артық болса жапырақтар бір-біріне көлеңке түсіріп олардың фотосинтездік өнімділігін төмендетеді. Жапырақ бетінің оптимальды индексі, яғни өсімдіктің жапырақтарының көлемінің жер беті көлеміне қатысты солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжыған сайын өзгеріп отырады. Қоңыржай климатты аймақтарда ол индекс 4-5-ке тең. Көлеңкеде орналасқан жапырақтар күнде орналасқан жапырақтарға қарағанда тыныс алуға органикалық затты аз жұмсайды. Ал басқа жағынан қарағанда күн сәулесіне бейімделген жапырақтар көлеңкедегі жапырақтарға қарағанда оны жақсы пайдаланады /Лархер, 1978/.

Егіс даласы жағдайында таза бірінші өнім толық есептелмейді, өйткені олардың біразын биотрофтар пайдаланады, ал кейбір мүшелері үзіліп жерге түседі /опад/. Оларға қосымша өсімдіктер әртүрлі органикалық қосындыларды бөліп шығарып, оларды жаңбыр жуып кету арқылы да барлық затын жоғалтады. Жануарлар жеп пайдаланатын өнімнің мөлшері ценоздан ценозға және жыл сайын өзгеріп отырады, әсіресе фитофагтар жаппай көбейген жылдары көбейе түседі. Табиғи фитоценоздар жағдайында жануарлар жейтін өнімнің мөлшері 10%-дан аспайды. Жайылым ретінде пайдаланылатын фитоценоздарды алсақ, оларда әрине малдар өсімдіктердің жер үстіндегі мүшелерін көбірек пайдаланады.

Сонымен, биотрофтардың пайдаланған өніміне өсімдіктердің үзіліп түскен мүшелерін /опад/ және фитомасса өнімін қосып есептесек, таза бірінші өнім шығады. Одан басқа, экосистемалар /биогеоценоздар/ дәрежесінде таза өнімді ажыратады; оны жалпы өнімді және оның фототрофтармен гетеротрофтардың тыныс алуына жұмсалғанын есептеу арқылы анықтайды. Қалыптасқан, тұрақты фитоценоздың таза өнімі едәуір болуы мүмкін, ал биогеоценоздардың таза өнімі өте аз тіпті нөлге тең болуы мүмкін, өйткені фототрофтардың түзген заттарының бәрі биоценоз құрамына кіретін организмдердің тыныс алуына жұмсалып кетеді /16 сурет/.


Жер шарындағы негізгі экосистемалардың өнімдері және биомассасы туралы мәліметтер 8 кестеде келтірілген.

8 кесте

Жер шарындағы өсімдіктер жабынының таза өнімі және биомассасы /Базилевич, Родин, Розов, 1970/

Термиялық белдеулер, биоклиматтық облыстар Аудан млн, шаршы км Бірінші өнім (құрғақ зат) Биомасса /құрғақ зат/
орташа бір жылда т/га барлығы млрд т бір жылда орташа т/га барлығы млрд т
1.Полярлық 2.Бореальдық 3.Суббореальдық ылғалдық Жартылай құрғақ Құрғақ 8,05 23,20 7,39   8,10 7,04 1,6 6,5 12,6   8,2 2,8 1,33 15,77 9,34   6,64 1,99 17,1 189,2 342,0   20,8 11,7 13,77 439,06 253,58   16,85 8,24
Жиыны 22,53 7,9 17,99 133,6 278,67
4.Субтропикалық ылғалды Жартылай құрғақ Құрғақ   6,24 8,29 9,73 25,5 13,8 7,3 15,92 11,49 7,14 366,1 98,7 13,9 228,42 81,90 13,58  
Жиыны 24,26 14,2 34,55 133,5 323,90
5.Тропикалық ылғалды Жартылай құрғақ Құрғақ 26,50 16,01 12,84 29,2 14,1 2,0 77,32 22,59 2,62 440,4 107,4 7,0 1666,17 171,96 9,01
Жиыны 55,35 18,5 102,53 243,3 1347,1
6.Құрлық /өзендерді, көлдерді, мұз айдындарын есептемегенде/ Континенттер/тұтас/ Мұхиттар Планета/ тұтас/ 133,4     149,3 361,0 510,3 12,8     11,5 1,7 4,5 171,54     172,54 60,0 232,54 180,1     160,9 0,005 47,1 2402,5     2402,54 0,17 2402,71

ТМД территориясында Арктикадағы шөлейттен жалпақ жапырақты ормандарға дейін өнім де, биомассаның жалпы қоры да өседі, ал сосын Оңтүстік шығысқа қарай Солтүстік нағыз шөлейт және шөл аймақтарына жылжығанда бірте-бірте шөптесін және бұташық өсімдіктер басым бола бастайды да, жалпы биомасса және өнім азая бастайды. Өсімдіктер өнімі және олардың жалпы биомассасының қорының мөлшері негізінен өсімдіктердің сумен, қоректік минералдық элементтермен қамтамасыз етілуіне және температуралық жағдайға байланысты. Әрбір табиғи зона ішінде сумен жеткілікті және өте нашар қамтамасыз етілген жерлер бар, соған байланысты өсімдіктердің өнімділігі өте жоғары және өте төмен болуы мүмкін.

Фитоценоздардың құрамына кіретін жеке түрлердің және түр топтарының фитоценоздардың өнімділігін, фитомассасын құруға қатысы әртүрлі болады. Ормандағы фитоценоздарда фитомассаның негізгі бөлігін ағаш өсімдіктерінің жер үстіндегі мүшелері береді. Шөптесін фитоценоздарда, ерекше шалғындықтарда, өсімдіктердің жер астындағы мүшелерінің массасы жер үстіндегілерден бірнеше есе көп болады. Бұта өсімдіктері қауымында фитомассаның таралуы 17 суретте көрсетілген.

Әртүрлі өсімдіктер қауымдарының биологиялық өнімділіктері олардың жер үстіндегі және астындағы мүшелерінің массаларының ара-қатынастары әртүрлі екендігін 9 кестеден көруге болады. Бұл кестедегі деректерден барынша көп фитомасса тегістегі және таудағы ылғалды тропикалық ормандарда, содан кейін субтропикалық ормандарда, қоңыржай белдеудегі ормандарда, Мангр тоғайларында, шөптесін тоғайларда фитомассаның барынша көп мөлшерде, ал тақырлардағы балдырлар қауымында, шөлдерде, Арктикалық тундрада фитомассаның ең аз мөлшерде болатындығын көруге болады.

Өсімдіктердің балауса көк-жасыл масса бөлігі, көпжылдық жер үсті және жер асты бөліктерінің ара-қатынасы бойынша да өсімдіктер қауымдары бір-бірінен ажыратылады. Өніммен биомассаның ара-қатынасы да өзгеріп отырады. Мысалы, орманда өнімнің биомассаға қатынасы 1/50-1/30 болса, далада, опад кейде өнімге тең, кейде өнімнің 1/2-1/3 бөлігіне тең болады.


9 кесте

Әртүрлі фитоценоздардағы фитомасса, өнімділік және опад /Родин және Базилевич, 1965/

Өсімдік қауымдары Фитомасса ц/га Өнім ц/га   Опад ц/га
барлығы Балауса көк масса Көпжылдық жер үстінде гі масса Жер астында ғы масса
Арктикалық тундра -
Бұтақты тундра
Солтүстік тайгадағы қарағайлық /ТМД/ -
Солтүстік тайгадағы шыршалық /ТМД/
Орталық тайгадағы шыршалық /ТМД/
Оңтүстік тайгадағы қарағайлық /ТМД/
Оңтүстік тайгадағы шыршалық /ТМД/
ТМД-дағы қайыңдық
Орталық Европадағы Бучиналар
ТМД-дағы еменді орман
Шалғындық дала ТМД
Орташа қуаң дала /ТМД/
Құрғақ дала /ТМД/
Жартылай бұташалы шөл /ТМД/ 12,2
Эфемерлі -жартылай бұташалы шөл /ТМД/
Эфемерлі жартылай бұташалы шөл /Сирия/
Қыналы-жартылай бұташалы шөл /Сирия/ 9,4 1,3 5,5 2,6 5,1 5,0
Субтропикалық жапырақты орман
Индиядағы құрғақ саванналар
Ганадағы саванналар /120/ /115/
Ылғалды тропикалық орман
Бразилия тауындағы мәңгі жасыл ормандар - -
Ормандағы сфагнумды батпақтар /ТМД/
Далалық сфагнумдылықтағы шалғындық
Қара сексеуілдер
Шөлдегі кебірлер 6,1
Тақырлардағы балдырлар қауымы 1,1 0,1 1,0 1,1 1,1
Шөптесін тоғайлар
Американдық мангр-тоғайлары -

Наши рекомендации