Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Азақстандағы суландыруды талап етпейтін егістік алқаптары 24 млн. гектарды құрайды, оның 10,4 млн. гектары шөлейттенген. Шамамен 17 млн. гектар алқап топырақтық эрозияға ұшырауы, тұздануы, химиялық ластануы және қарашіріктен айрылуы салдарынан егіндік мақсатта пайдаланылмайтын болды. Аралдың экологиялық проблемасы
Арал теңізі деңгейінің төмендеуі(1960-2010 жж.)
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария менСырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшыГренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады. АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км² (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км² болған. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауданы шамамен 2235 км² (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жьылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбылмалылық болмаса, су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%-ға дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқыры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы А. т. Аталып, кейін теңіз түгелімен Арал аталған.
Арал теңізінің экологиясы Арал теңізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км², тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: - жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өскен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтар бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген ШЫҒЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу.
Арал теңізінің экологиялық ахуалы
2000-2011 жылдардағы спутниктік түсірілім
Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан менТәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.
Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
Арал апатына себеп болған факторлар:
· жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
· ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
· суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
· жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
· табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Серіктік суреттер: сол жақта - 1989; оң жақта - 2003 жж.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60%, Қазақстанда – 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, «Байқоңыр» ғарыш аймағын және қауіпті «Возрождение» аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді. Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9) ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып еледі.
Жалпы, адам үшін бірінші байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмр сүруін қадағалайтынын әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады.