Азақстанның аймақтық экологиялық мәселелрі: Семейдің экологиялық жағдайы.
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесіндеатмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семейэкологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.[1] КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды. Негізгі бөлім:Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.
52.Тұрақты даму концепциясының экономикалық аспектілері (Қазақстан Республикасы мысалында)
Тұрақты даму стратегиясы 1992 жылы ҚОДК-2 (КОСР-2) конференциясында қабылданды, бірақ ол қазіргі уақытта да жалпы назар орталығында болуды жалғастырып келеді. Тұрақты даму осы шақтың сұраныстарына сай келетін, бірақ бола-шақ ұрпақты өз сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігінен айырмайтын құбылыс ретінде анықталды. БҰҰ-да Тұрақты даму бойынша арнайы комиссия құрылды.
Тұрақты даму Стратегиясының негізі мен мақсаты. Тұрақты даму Стратегиясының негізі қоршаған орта мен оның ресурстары және экономика мен Жер халқы арасын теңдестіру идеясы болып табылады. Тұрақты даму Стратегия-сының мақсаты – тіршілікті жаһандық өзгерістерге бейімдеудің негізгі жолдары мен тәсілдерін жасау.
Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге күш салуда адамдарға қамқорлық орталық орын иеленеді. Әрбір адам салауатты қоршаған ортада, табиғатпен үндескен жемісті өмірге құқылы. Стратегияда руханилылық түсінігі жай тірі қалу мақсатынан бөлек мақсаттың болуы түрінде тұжырымдалған. Стратегияны жүзеге асыру әртүрлі мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағынан орнығуына қарамастан, интегра-циялануын және олардың іс-әрекет бірлігін қамтамасыз етуді талап етеді.
Тұрақты даму белгілері. Тұрақты даму ұғымы негізгі 2 белгі арқылы анықталуы тиіс:
1. Антропоцентрлік даму;
2. Биосфероцентрлік даму.
Дамудың антропоцентрлік белгісі кең мағынада адамзаттың (елдің) тірі қалуын, және біздің ұрпақтарымыз өзінің сұраныстарын табиғи жағдайда және Жер мен ғарыштың экологиялық жағдайында өтеуге бүгінгі ұрпақтармен салыстырғанда кем емес мүмкіндіктерге ие болатын, адамзаттың тоқтаусыз әрі үздіксіз ұзақ дамуға қабілетін (мүмкіндігін) көрсетеді. Биосфероцентрлік (жалпы жағдайда – экологиялық) белгі ұғымы биосфераның Жер бетіндегі тіршілік негізі және оның тұрақтылығы мен табиғи эволюциясына қажетті жағдай ретінде, адамзаттың әрі қарай дамуы экофобты түрде жүрмейтіндей күйде сақталуымен байланысты. «Біздің ортақ болашағымыз» кітабында «Тұрақты даму стратегиясы адамдар мен қоғамның және табиғаттың арасында үндестікке жетуге бағытталған» деп атап көрсетілген. Бұл принципті табиғат пен қоғамның коэволюциясы принципі ретінде сипаттауға болады.
Осы айтылғандардан тұрақты дамуды қоғамның аман қалуын және үздіксіз прогресін қамтамасыз ететін және қоршаған табиғи ортаны, әсіресе биосфераны бұзбайтын социотабиғи даму стратегиясы ретінде тұжырымдауға болады.
Тұрақты даму принциптері. Табиғи даму принциптеріне төмендегілер кіреді:
жердегі барлық тіршілік иелерін сыйлау және қамқор болу;
тіршілік сапасын көтеру;
экожүйелердің өміршеңдігін және алуантүрлілігін сақтау;
қайта қалпына келмейтін ресурстардың сарқылуының алдын алу;
экожүйелердің сиымдылық мүмкіншілігінің шегінде даму;
адам санасын және оның мінез-қылығының стереотиптерін өзгерту;
өзінің мекендеу ортасын сақтауға қоғамның әлеуметтік мүдделелігін қолдау;
әлеуметтік-экономикалық даму және қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық концепцияларының интеграциясын жасау;
әлемдік деңгейде іс-әрекет бірлігіне жету.
Бұл принциптер 1991 жылы Мәскеуде «Жерге қамқорлық жасау – тұрақты тіршілік ету стратегиясы» құжатында жарияланды. Құжатпен жұмыс ТҚХК (МСОП), БҰҰҚОК (ЮНЕП), ЖТӘФ (ВВФ) халықаралық ұйымдарының бастауымен орындалды.
Тұрақты даму міндеттері. Стратегия өз алдына екі негізгі міндет қойған: адамзаттың аман қалуы және адам өмірінің мәнін пәлсапалық анықтау.
Стратегияда жарияланған басқа принциптер арасындағы ең таластысы – халық санын реттеу (жанұялық жоспарлау).
Стратегияда басты назар ресурстарды сарқымай пайдалануға аударылған. Тек осындай көзқпрас қана ұрпақтарға бір нәрсе қалдыра алатынымыздан үміттендіреді.
Тұрақты даму биосфераға әсер ететін жалпы антропогендік қысымды төмендту барысында, ең кем дегенде экономикалық тиімділікті, босферосәйкестікті және әлеуметтік әділеттілікті болжайды.
Шаруашылық іс-әрекеттерді биосфераны бұзбайтындай, керісінше оны сақтайтындай, яғни оны экологиялық қолжетімді етіп, экожүйе сиымдылығының шегінен шықпайтындай етіп ұйымдастыру – болашақта тұрақты қоғам орнауының орталық бағыттарының бірі.
Бұл міндеті шешу шаруашылықтың жан-жақты және толық қарқындандырылуы мен экологияландырылуы принциптеріне негізделген, тепе-теңдіктегі немесе тұрақты экономиканың жаңа үлгісін құрудан күтіледі.
Тұрақты даму критериі ретінде экологтар қоршаған ортаға және табиғи экожүйелерге (табиғатты пайдалануға) оларды шаруашылықтық сиымдылық шегінде сақтауға мүмкіндік беретіндей дәрежедегі көзқарасты санайды.
Тұрақты дамуды бағалауда төмендегі критерийлер пайдаланылады:
халықтың жұмыспен қамтылуының нақты деңгейі;
адам дамуының индексі;
монетарлық-қаржылық критерий.