Атмосфералық ауаның қорғасынмен ластануын анықтау
Жұмыс мақсаты: Қала шағын аудандарында өсіп тұрған ағаш жапырақтарының құрамындағы қорғасынды анықтау. Мүмкін ластау көздерін анықтап, қорытынды жасау.
Тапсырма: Қала шағын аудандарында өсіп тұрған ағаш жапырақтарының құрамындағы қорғасынды анықтау әдістемесін уйрену.
Керекті құрал-жабдықтар: Кьельдал колбасы, 1:1 қатынастағы (1 мл азот қышқылына 1 мл күкірт қышқылы) азот және күкірт қышқылы, 25 мл өлшемді колба, дистилденген су.
Жұмыстың жүрісі:
- Даладан жаңа ғана алып келінген өсімдік материалын кептіргіш шкафта 30-400С температурада кептіріп, ұсақтаймыз және 0,2 гр бөлігін өлшеп аламыз.
- Өлшенген массаны ылғал көкте 300 мл Кьельдал колбасында жайып қоямыз. Бұл үшін зерттелетін үлгіге 1:1 қатынастағы (1 мл азот қышқылына 1 мл күкірт қышқылы) азот және күкірт қышқылын құямыз да, жаймен, мұқият толық тотыққанға дейін қыздырамыз (қайнатпаймыз, яғни азот оксидінің боялған буының бөлінуі тоқтағанша).
- Колба ішіндегі қоспаны 25 мл өлшемді колбаға кұйып, дистилденген сумен араластырамыз. Қоспа тотыққаннан кейін кейбір ерімейтін силикаттар қалауы мүмкін, сондықтан алынған қоспаны өлшемді колбаға құю кезінде сүзіп алу қажет.
- Қоспа құрамындағы қорғасынды атомды-абсорбциялық спектрометрмен өлшеу үшін колбаны зертханашыға береміз.
- Алынған диаграмма бойынша график тұрғызып, зерттелген қоспа құрамындағы қорғасынды есептеп шығарамыз. Құрғақ өсімдіктің 1 гр массасына қорғасынның неше гр сәйкес келетіндігін есептеп шығарамыз.
Ескерту: Егер қоспа құрамындағы қорғасын құралдың сезімталдық шегінен төмен болса, онда коспаны 2-4 рет қайнатып, өлшеуді қайталаймыз.
Бақылау сұрақтары:
- Қала шағын аудандарында өсіп тұрған ағаш жапырақтарының құрамындағы қорғасынды қалай анықтайды?
- Өсіп тұрған ағаш жапырақтарының құрамындағы қорғасынды анықтау әдістемесін түсіндір.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Муравьев А.Г. Пугал Н.А., Лаврова В.Н. Карты-инструкции к практическим занятиям по экологической оценке состояния окружающей среды. Ю.Л.Хотунцев. «Экология и экологическая безопасность» , Москва -2002
2. Л.Г.Подунова,«Руководство к практическим занятиям по методам
санитарно-гигиенических исследований» М: Медицина-1990
3. Методика расчета концентраций в атмосферном воздухе вредных
веществ, содержащихся в выбросах предприятий. М., Госкомгидромет, 1987
4. Сборник методик по расчету выбросов вредных веществ в атмосферу различными производствами. Алматы, 1996
Берлянд М.Е. Прогноз и регулирование загрязнения атмосферы. М., Гидрометеоиздат, 1985
№5-ші практикалық сабақ
Ауаның күкірт қышқылымен ластануын анықтау
Атмосфераның антропогендiк факторлар əсерiнен ластануының негiзгi түрлерi күкiрт қышқылы мен сульфаттар. Күкiрт қышқылы мен суда ерiгiш сульфаттарды анықтаудың негiзгi жолы бұл қосылыстардың барий хлоридiмен əре-
кеттесуiне негiзделген. Күкiрт қышқылы үшiн ПДК — 0,3 мг/м
3.Реактивтер мен құрал-жабдықтар:
1. Аспиратор мен АФА — ХП-18 пластмасса фильтрлi фильтр ұстағыш;
2. көп саңылаулы пластиналы шыны фильтр;
3. фотокалориметр;
4. барометр;
5. термометр;
6. глицерин (х.т.) немесе этиленгликоль;
7. тұз қышқылы, конц. (тығыздығы 1,19 х.т.);
8. этил спиртi;
9. сутек асқын тотығы, х.т.;
10. сусыз калий сульфаты, х.т.;
11. сiңiргiш ерiтiндi: 10 мл 30%-тiк Н2О2 1 л суда ерiтедi, 0,3% Н2О2 бiр аптадай қараңғы шыныда сақтайды.
12. барий хлоридi: 5,85 г барий хлоридiнiң кристаллды тұзын 50 мл суда ерiтедi. Одан соң үстiне 150 мл этил спиртi мен150 мл глицерин не этиленгликоль құяды. РН мөлшерiн концентрациялы тұз қышқылымен 2,5-2,8-ге дейiн жеткiзедi. Ерi-
тiндiнiң сақтау мерзiмi 2 ай.
13. бастапқы стандартты ерiтiндi. Сусыз калий сульфатын
майдалап үгiтiп, 120-1500 С температурада 2 сағат кептiредi. Одан кейiн 0,2720 г тұзды 100 мл суда ерiтедi. Бұл ерiтiндiде 1000 мкг/мл SO2 болады;
14. негiзгi стандартты ерiтiндi. Бастапқы стандартты ерiтiндiнi сiңiргiш ерiтiндiмен 10 есе сұйылту арқылы алынады.
Алынған ерiтiндiде 100 мкг/мл SO2 болады. 28a • m V0 • b
Жұмыстың барысы
Зерттелетiн ауаны 20 мин 40 л/мин жылдамдықпен АФА фильтрi арқылы өткiзедi. Одан кейiн фильтрдi пинцетпен 25 мл-лiк стаканға салып, үстiне 0,2 мл этил спиртiн, 10 мл ыстықсу құяды. Стаканды 10 мин шыны таяқшамен араластырады.
Аэрозольдың ерiмеген бөлiгiн шыны фильтр арқылы сүзедi. Сульфат-иондарын анықтау үшiн 4 мл фильтраттың үстiне1 мл барий хлоридiн құяды. Осымен бiрге нольдiк ерiтiндi дайындайды, ол үшiн таза фильтрге 1 мл барий хлоридiн құяды. 15 мин соң ерiтiндiнi шайқап, қалыңдығы 10 мм толқынұзындығы 400 нм кюветамен оптикалық тығыздығын анықтайды. Нольдiк ерiтiндiнiң оптикалық тығыздығы 0,01 ден аспауы керек. Егер одан көп болса, онда ыдыстар мен кюветаның тазалығын, дайындалған ерiтiндiлердiң сапасын тексеру керек. Күкiрт қышқылы мен сульфаттардың үлгiдегi мөлшерiн калибрлiк график құру арқылы үлгi мен нольдiк ерiтiндiнiң оптикалық тығыздықтарының айырмасы бойынша табады. Калибрлiк график құру 50 мл-лiк өлшеуiш колбаларға 0,5; 1; 2; 4 мл негiзгi стандартты ерiтiндi (100 мкг/мл), 0,6; 0,8; 1 мл бастапқы стандартты ерiтiндi (1000 мкг/мл) құяды. Белгiсiне дейiн дис-
тильденген су құяды. 4 мл стандартты ерiтiндiдегi SO2 концентрациясы сəйкес 4; 8; 16; 24; 32; 48; 64; 80 мкг болады.Стандарттар шкаласын дайындау үшiн үлгi алуға арналған
бiр ғана фильтрдi пайдаланады, анализдiң барысына сəйкес барлық жұмыстарды жүзеге асырады. Осымен қатар нольдiк үлгiнiң оптикалық тығыздығын да анықтайды.
Күкiрт қышқылы мен ерiгiш сульфаттардың концентрациясын төмендегi формула бойынша анықтайды:
С = ;
бұндағы: a — үлгiнiң жалпы көлемi (10 мл);
b — анализге алынған үлгiнiң көлемi (4 мл); 29
m — калибрлiк график арқылы табылған үлгiдегi SO2 (мкг);
V0 — анализге алынған ауаның қалыпты жағдайдағы көлемi, л. 30