Санитарлық-қорғау аймағы
Санитарлық-қорғау аймағы (СҚА) – бұл өндірістік ластанулар көздерін тұрмыстық және қоғамдық орындардан тұрғындарды өндірістің зиянды факторлары әсерінен қорғау үшін қолданылатын кеңістіктті айтады. Бұл аймақ көлемі 50 м-ден 1000 м-ге дейін өндірістің қауіпті класына, ластану зияндылығына және атмосфераға шығарылатын зиянды заттар мөлшеріне байланысты болады. Осы СҚА-ның сыртында үйі орналасқан адамдар өзінің конституциялық құқығын пайдалана отырып, кәсіпорыннның экологиялық қауіпті әсерін не тоқтатуға не өзін кәсіпорын есебінен басқа жерге орын ауыстыруға талап етуге құқылы.
Атмосфераны қорғаудың биотехнологиясы
Атмосфераны ластаушы иісі жаман көздердегі молекулалар әртүрлі процестердің нәтижелерінде пайда болады. Бұл молеккулалар көптеген жағдайларда органикалық болып келеді, сондықтан да олар микробты деградацияға ұшырауы да мүмкін. Нашар иістердің шектік концентрациясы салыстырмалы түрде көп емес. Мысалы, валериандық қышқыл-0,6 %, тиофенол-0,06 %, диамилсульфид-0,14 %, майлы қышқыл-1,0 %, метил-меркаптан-1,104 %, скатол -1,2 %, этилмеркаптан-0,19 %.
Нашар иісті газдар «құрғақ» және «ылғалды» биореакторларда биотехнологиялық түрде тез тазаланады.
«Ылғал» реактор немесе биоскакруббер жұмысы кезінде нашар иісті газдар газ фазасынан сұйық фазасына өтіп, өзі жабысқан биомассамен бірге қышқылданады. Бұл процестің артықшылығына келесілер жатады:
- жұтудың тиімділігі жоғары, биоқышқылдану кезінде нашар иістер нөлге дейінгі шамаға дейін жойылады, жұтатын сұйықтық көлемі тез азаяды;
- сонымен қатар бұралқы суларды жою проблемасыда шешіледі.
«Құрғақ» реактор биоәрекетті сорғыш материалдан (компаст, торф) жасалған насадкамен батырылады. Ол арқылы ластанған газдар жіберіледі.Сорылған қосылыстар насадканың үстінде дамитын микробты бірлестіктермен жақсы қышқылданады, сондай-ақ оларды айырады. Мұндай биотехнологиямен мысалы, свинарниктерде ауаны тазалайды. Газды биотехнологиямен тазалаудың тиімді бағытына биологиялық әрекетті сорбенттерді жасау және микробты бірлестіктерді оптимизациялау болып табылады.
Шы дәріс
Дәріс мақсаты:Қатты қалдықтардың классификациясы.Өндірісті қалдықтарды көмуге арналған полигондар
Ключтық сөздер:Полигон,өндірістік қалдықтар, залалсыздандыру,көму
Қалдықтардың классификациясы келесі белгілер бойынша айқындалады:
- қалдық түзілу орны (өндіріс саласына байланысты);
- өндіріс циклінің кезеңі;
- қалдық түрі;
- қоршаған ортаға және адамға зиянды әсері;
- қолдану бағыты;
- қолданыс эффектісі;
- утильдеу технологиясының қаншалықты қарастырылып, зерттелгені.
Отандық стандарт бойынша «Зиянды заттар классификациясы және ортақ қауіпсіздік талаптары», барлық өндіріс қалдықтары қауіптілігі бойынша 4 классқа жіктеледі: бірінші классқа – аса қауіпті, екінші классқа – жоғары қауіпті, үшінші классқа – орташа қауіпті, ал төртінші классқа –қауіптілігі аз қалдықтар жатады.
Егер де қалдықтарда сынап, калий хлорқышқылы, үшхлорлы сурьма, мышьяк оксиді және басқа да улы заттар болса, олар бірінші классқа жатқызылады.
Хлорлы никель, хлорлы медь болатын болса екінші классқа жатады.
Классификациялардың негізінде орталық жинақтау схемалары жасалады, оларды екінші ретті пайдалануға асыру және ол қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмауы қарастырылады. Барлық қатты өндірістік қалдықтарды 2 түрге бөлеміз :
1 улы қалдықтар
2 улы емес қалдықтар
Улы қалдықтар өзі бірнеше топқа жіктеледі, олардың кейбіреулері төменде көрсетілген:
- құрамында мышьягы бар органикалық емес қатты қалдықтар және шламдар, сынабы бар қалдықтар, құрамында: қорғасын, цинк, сурьма, висмут,кобальт және т.б. қалдықтар;
- құрамында фосфор және фторы бар қалдықтар мен шламдар, қолданысқа жарамайтын және тыйым салынған пестицидтер;
- гальваникалық өндіріс қалдықтары;
- мұнайхимия және мұнайөңдеудегі қалдықтар;
- хромқұрамды қалдықтар,шламдар,темір карбонильдері бар қалдықтар.
Улы қалдықтарды жиюдың, жинақтаудың, зиянсыздандырудың және көмудің тәсілдері мен тәртібі химиялық заттардың қауіптілік класын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс, сонымен бірге жұмысшылардың қауіпсіздігін, қоршаған территорияның ластануын болдырмауды және қамтамасыз етуі керек.
Құрамында улы заттары бар қатты қалдықтарды қоймада ұстауға, сонымен қатар өндіріс алаңдарында шламды жинағыштарды және шлам жиналуын орналастыруға рұқсат етілмейді.