Ысқаша теориялық мәліметтер.
Меншік нысаны мен қай ведомствоға жататындығына қарамастан ҚР экологиялық сараптама заңының 6-бабына сәйкес, сараптама обьектілеріне міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуі тиіс (3-тарау, 14-бап).
Қоршаған ортаға тікелей немесе жанама жарамсыз әсер ете алатын обьектілер, жобалар, құрылыс және қайта жөндеу жұмыстары, өндіріс орындарын іске қосу және т.б. қойылатын жалпы экологиялық талаптар ҚР-ң «Қоршаан ортаны қорғауң заңының Х-тарауының 46-62 баптарында бекітілген.
Кәсіпорындарды, обьектілер мен кешендерді, үйлер мен ғимараттарды орналастыруға, салуға, қайта жаңартуға, дамытуға техникалық жаңа жарақтандыруда, қайта бейімдеуде, ауыл-шаруашылық саласында, энергетика және көлік шаруашылығында, су, коммуналды шаруашылығында электр желісі мен мұнай, құбырларын салу, каналдар және т.б. қоршаған ортаға тікелей немесе жанама әсер ете алатын обьектілер салынуы кезінде (48-50 баптар) экологиялық қауіпсіздік талаптарымен халықтың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау жұмыстары, табиғат қорларын үнемді пайдалану, қоршаған ортаны қалпына келтіру жұмыстары ескерілуі қажет. Бұл талаптардың орындалмаған немесе бұзылған жағдайда жұмыс ақаулық түзетілгенше тоқтатылады немесе толық тоқтатылады.
Кәсіпорындарды орналастыруда қоршаған ортаны қорғаудың мына талаптарының орындалуы қажет: табиғи ресурстардың үнемді қолданылуы және қалпына келтірілуі; экологиялық, экономикалық, демографиялық және т.б. әсерлердің зардаптарының адам денсаулығына келтіретін зиянының дәрежесі: сол территориядағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, әсердің мейлінше аз болуы. өнеркәсіп орындарының және басқа обьектілердің орналастырылуы ҚР қоршаған ортаны қорғау заңының Х-тарауының 48-бабына сәйкес, обьектілерді орналастыру кезінде санитарлық-қорғау және аймақтық қорғау орындары жасалады.
Обьектілерді қайта жаңарту мен құрылыс және басқа өнеркәсіп обьектілері, алдын-ала экологиялық сараптаудан өтіп, оң қорытынды алып, табиғат қорғау және барлық санитарлық құрылыс нормаларына жауап беретін бекітілген жобалар бойынша жасалуы керек (50-бап). Бекітілген жобаны немесе жұмсалатын қаржы көлемін қоршаған ортаны қорғау жұмыстары есебінен өзгертуге болмайды.
Құрылыс жұмыстары жүргізілуі кезінде топырақтың күйін, табиғи қорларды сақтау, қорғау және тиімді қолдану, қоршаған ортаны және территорияны когалдандыру, сауықтыру жұмыстарының орындалу шаралары алдын-ала белгіленеді.
Обьектілерді пайдалануға беру кезінде ТБТК сараптама мен жобада жоспарланған экологиялық талаптардың толық көлемде орындалуы қадағаланып (54-бап), тазалау, залалсыздандыру, зиянды қалдықтарды қайта өңдеу қатаң тексеріледі, ал қондырғылармен қамтамасыз етілмеген өндіріс, өнеркәсіп немесе басқа обьектілерді іске қосуға рұқсат етілмейді.
Обьектілерді пайдалануға беру кезіндегі экологиялық талаптарға (55-бап) өндіріс, энергетика, көлік және байланыс, ауыл-шаруашылық обьектілері т.б. белгіленген экологиялық технологиялардың қолданылуы қоршаған ортаны ластамайтын, қажетті тазалағыш қондырғылар мен санитарлық қорғау аймақтарының болуы қажет. Бұл обьектілерді пайдалануға беру кезінде аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар, өндірістер, тиімді тазалағыштары бар, зиянды қалдықтарының барлығын қайта өңдей алатын, зиянсыз және қауіпсіз отын қолданатын, қауіпсіздік шаралары максимальды дәрежеде ескерілген технологияларды қолдану керек.
Ауыл шаруашылығындағы экологиялық талаптарға да обьектілерге жобалау кезіндегі қойылатын талаптар мен обьекті пайдалануға берілердегі талаптар қойылады. Мал шаруашылық фермалары мен кешендері, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуші өнеркәсіп орындары, топырақ, жер үсті және жер асты суларын, атмосфераны ластамайтын қажетті санитарлық қорғау аймақтары мен тазалағыш қондырғылармен жабдықталған болуы керек.
Мелиоративті жұмыстарды жобалау, жоспарлау және жұмыстарын іске асыру кезінде су балансының сақталуын топырақты рационалды пайдалануды, суды үнемдеп пайдалануды, топырақты қорғауды, организмдер мен басқа өсімдіктер дүниесін тозып кетуден, судың басып қалуынан және т.б. қоршаған ортаның зиянды зардаптарынан қорғаудың барлық мүмкін жобалары жазба бұйрықпен білдіріледі.
Бұл талаптар орындалмаса жобалау тоқтатылады, немесе құрылыс және пайдалануға берілген обьектілердің айқындалған кемшіліктері жойылғанша тоқтатылады немесе мемлекеттік экологиялық сараптау органдарының жұмысты тоқтату туралы қаулысы алынғанға дейін ол жұмыстың қаржыландырылуы да банкілер тарапынан бір мезгілде тоқтатылады.
Қалаларды басқа да елді мекендерді жобалау мен құрылыс жаңарту жұмыстарына қойылатын экологиялық талаптар: (заңның 56-бабы) бұл заң бойынша тұрғындардың демалысына, еңбегіне, тіршілігіне кепілдік бере алатын экологиялық жағдайдың қамтамасыз етілуі, өндіріс, көлік шаруашылықтары, түрлі тасымалдаушы құбырлар және т.б. шаруашылық обьектілерінің зиянды факторларын тұрғындардың денсаулығы мен өміріне, санитарлық тұрмыстық жағдайларына жағымсыз әсерлері болмайтындай етіп орналастыру.
Радиоактивтік материалдарды қолдануға қойылатын экологиялық талаптар (57-бап).өндіріс орындары, өнеркәсіп және басқа обьектілер, жеке адамдар радиоактивті заттарды өндіру, сақтау, тасымалдау, қолдану, жою және қайта өңдеумен көму ережелерін сақтап, радиацияның белгілі нормасынан аспауын қадағалау, ал ол мөлшерден асып кеткен жағдайда радиациялық қауіпсіздік органдарына хабарлап, радиация деңгейін төмендету шараларын жылдам және тез арада іске асыруы қажет.
Халық шаруашылығында биологиялық және потенциалды қауіпті химиялық заттарды қолдануға қойылатын экологиялық талаптар (58-бап). Бұл талаптар әр түрлі химиялық заттар пайдаланатын өндіріс, өнеркәсіп орындарын, мекемелер мен обьектілерді жобалау кезінде қолданылады.
Бұл жұмыстар қажетті токсико-гигиеналық және эко-токсикологиялық зерттеулер, олармен жұмыс істеудің гигиеналық және экологиялық нормативтермен танысқан соң ол заттарды ҚР үкіметі белгілеген тәртіпппен мемлекеттік тіркеуден өткізілуінен кейін жүргізілуі мүмкін.
Химиялық және биологиялық заттарды өндіруде немесе жұмыс істеу барысында, ауыл шаруашылығында қолданылатын дәрі-дәрмек, өсу жылдамдығын арттырушы препараттар, минералды тыңайтқыштар, басқа да халық шаруашылығында қолданатын заттар мен жұмыс жасау нормативтерін орындау, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірмеу шараларының бәрлығы орындалуы керек.
ҚР министрліктері (экология және биоресурстар, денсаулық сақтау, тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылық министрліктері) тарапынан кезеңді түрде ауыл шаруашылығында қолданылатын химиялық препараттардың тізімі, тамақ және тағамдар құрамындағы химиялық заттардың шектік мөлшерлік нормалары бекітіледі. Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын жаңа химиялық заттардың, адам денсаулығына тікелей немесе жанама әсеріне байланысты ғылыми зерттеулер жүргізілген соң, денсаулық министрлігі тарапынан рұқсат беріледі, шешіледі.
Биологиялық әсердің қоршаған ортаға әсерінің деңгейін бақылау, есепке алу өкілетті санитарлық-эпидемиологиялық органдар тарапынан жүргізіледі.
Қоршаған ортаны зиянды физикалық әсерлерден қорғау (59-бап). Мекемелер және азаматтар шулардың, тербелістердің, магниттік өрістің және тербелістің басқа физикалық зиянды әсерлерінің өндірісте, қоғамдық және тұрғын үйлерде, көшеде, қалада және басқа орындарда демалыс аймақтарында, жабайы аңдар мен құстардың жиналатын жерлерінде, қорықтарда бұларды болдырмау немесе олардан қорғау және жою шараларын ұйымдастыру қажет.
Қоршаған орта мен адам денсаулығына өндіріс және көлік шуының көлемінің, тербелістерінің, магниттік өрістің және басқа нормативтерден асып кетуіне тиым салынады.
Қоршаған ортаға физикалық факторлардың әсер ету деңгейін есепке алу мен бақылау жұмыстары ҚР-ң мемлекеттік өкілетті органдары (ҚР денсаулық министрлігі, экология және биоресурстар министрлігі және т.б.) тарапынан жүргізіледі.
Қоршаған табиғи ортаны тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан қорғауға қойылатын талаптар (60-бап).
Қалдықтарды жинау, жою және көму орындары жергілікті коммуналды және қосалқы органдарымен келісілген, қоршаған ортаны қорғаушы функциясын атқарушы ҚР-ң орталық атқарушы және орындаушы органдар тарапынан бекітілген.
Қоршаған ортаны ластайтын өндіріс қалдықтарын тастау, ағызу т.б. іс-шараларды қоршаған ортаны қорғаудың атқарушы орталық органдарының рұқсатынсыз жасауға тиым салынады.
Қалдықтарды ҚР-ң территориясында қайта өңдеу, сақтау және көму мақсатымен алып келу тек ҚР-сы үкіметінің арнайы рұқсатымен жасалады.
Тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинау және қолдану мемлекеттік есепке алу арқылы жүргізіледі.
Токсикологиялық қалдықтарды, атомдық өндіріс қалдықтарын қала немесе басқа елді мекендерде, санаторийлерде, демалыс орындарында, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіре алатын жерлерде орналастыруға тиім салынған.
Бұл ережелердің сақталмауы ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті мемлекеттік органдары тарапынан, санитарлық-эпидемиологиялық органдар тарапынан обьектінің қызмет атқаруға алған рұқсатының жобасында немесе қызмет атқаруын шектеуге, немесе уақытша әлде болмаса түгелдей тоқтатуға құқықты.
Әскери және қорғаныс обьектілеріне, әскери қызметтерге қойылатын экологиялық талаптар (61-бап).
ҚР заңында бекітілген экологиялық талаптар тек ҚР-ның заңына сәйкес төтенше жағдайлардан басқа уақытта әскери және қроғаныс обьекутілеріне де, әскери қызметтеріне де толықтай қатысты. ҚР-ның заңдарына сәйкес, басқа органдар сияқты, әскери органдарда қоршаған ортамен адам денсаулығына зиян келтіретін әсерлерді келтірмеуі тиіс, ал болған күнде оның зардаптарын жою, оны қалпына келтіруі қажет.
Жердің озон қабаты мен климатын қорғауға қойылатын талаптар (62-бап).
Жердің озон қабаты мен климатты қорғау ҚР-ның заңдаврына және халықаралық келісім шарттарға сәйкес, әрі ҚР тарапынан бекітілген құжаттарға сәйкес орандалады.
Халықаралық келісім-шарттар бойынша министрліктер мен ведомстволар, мекемелер озон қабатына зиянды әсер ететін химиялық заттардың өндірісі мен қолданылуын азайтуды жоспарлап, ал содан соң түгелдей тоқтатуы қажет.
Жердің озон қабатына зиянды әсер ететін химиялық заттар мен өндіріс қалдықтарының тізімі ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік өкілетті органдары тарапынан жасалып бекітіліп, барлық министрліктерге хабарландырылады.
Сонымен, қоршаған ортаға елеулі әсер ететін жобаларды зерттеу және іске асыруға қойылатын талаптар экологиялық сараптаманы жүргізуде жалпы және маңызды экологиялық талаптар болып табылады.
Бұл талаптар бойынша қоршаған табиғи орта мен адам денсаулығына қайтымсыз зардаптар шектіре алатын, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық қорын жоя алатын, Жердің озон қабаты мен климатқа зиянды өзгерістер келтіретін, табиғаттағы жоғары өнімді экологиялық жүйелердің табиғи тепе-теңдігінің бұзылуына немесе қирауына жол беретін салаларды зерттеуге немесе іске асыруға қатаң түрде тиім салынады.
Жоғарыда аталған экологиялық талаптардың барлығы нормативтер жүйесіне негізделіп, ҚР қоршаған ортаны қорғау заңының 35-42 баптарында қарастырылған және қоршаған ортаның сапасын өзгертетін нормативтер ШМК, шекті мөлшерлік деңгей (ШМД), зиянды әсерлердің шектік нормативтері, шекті мөлшерлік шығарылым (ШМШ), табиғатқа мейлінше мүмкін болатын шекті жүктеме (ММБШЖ) және т.б. шығарылымдар мен ағызылымдарды және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуі нәтижесіне қарай немесе ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органдар және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан тоқталуы да мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
1. ТБТКС жүргізуде жалпы және маңызды экологиялық талаптар түрлері.
2.Экологиялық талаптардың нормативтері, шекті мөлшерлік концентрация (ШМК), шекті мөлшерлік деңгей, зиянды әсерлердің шектік нормативтері, шекті мөлшерлік шығарылым, т.б.
3. ТБТКС талаптардың негіздеме құжаттары.
Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі.
1. Бақылау сұрақтарына жауап.
2. А.Н. Каримов, Н.Р. Мажренова, А.Г. Сармузина Экологиялық сараптама бағалау, бақылау А., 2003, 46 бет.
Сабаққа тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Демегенов А.Н., Жаңбыршин Е.Г., Экология. Тараз, 2000 ж.
2. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: Ғылым, 1998ж
3. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995 ж
4. Руководство о порядке проведения ОВОС.М., 1992 г
5. Букс И.И., Фомин С.А. Экологическая экспертиза и ОВОС. Программа курса и учебно-методические материалы. М., 1997 г
6. Баешов А., Дарібаев Ж.Е., Шакиров Б.С. Экология негіздері. Түркістан 2000 ж.
№3 Атмосфераның ластануы және Қазақстандағы қалыптасқан
экологиялық жағдайлар
Сабақ жоспары:
1. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар
2. Су ресурстары, су айдындарының ластану топтары, көздері
3. Қазақстанның қазіргі кездегі климатының өзгеруі және оның экономикасы мен табиғи ресурстарының климаттың потенциалды өзгерісіне байланыстылығы.
Сабақ мақсаты: Адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Ластағыш заттардың негізгі көздерін, Республика жағдайында атмосфераның ластануын, Қазақстан климатының өзгеру себеп, салдарын оқып үйрету.
Қысқаша теориялық мәліметтер.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері-ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әр түрлі газдардың шығарылуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.
Атмосфера-бүкіл әлемнің тіршілік ортасы. Атмосфера-бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтері мен (оттегі, азот, көмірқышқыл газы, аргон, т.б.) байытады және Жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа-райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамнан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.
Ластағыш заттардың негізгі көздері-өнеркәсіп, автокөліктер, зауыттар, жылу энергетикасы, қару-жарақтарды сынау, ғарыш кемелері мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған обьектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды, құрылыс материалдарын бүлдіреді.
Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейіннің тепе-теңдігіне әсер етеді.
Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы ең көп ластанатын қалаларға: үскемен, Жезқазған, Балқаш, Қарағанда, Павлодар, Екібастұз, Теміртау, Алматы қалалары кіреді. Әрине бұл үнемі өзгеріп отырады, өйткені аталған қалалардағы өнеркәсіптің т.б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мысалы, 1995 жылдары ең көп ластанған қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2001 жылдары Лениногор және үскемен шығып отыр. Бұл жерде қара металлургияның ластағыштары және түсті металлургия кәсіпорындарының шығатын қалдықтары көп. Алматы мен Зырян қалаларының зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы қолайсыз.
Республика жағдайында атмосфераның ластануына өнеркәсіптердің техникалық жағынан жабдықталуының нашар болуы әсер етеді. Яғни, ескірген технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті, улы келеді. Олар негізінен күкірт диоксиді, көмітегі оксиді, азот оксиді, күкіртті сутек және аммиак, әр түрлі қатты және сұйық заттар.
Соңғы 2001 жылдың мәліметі бойынша үскемен қаласының ауасында күкірт диоксиді және фенол, формальдегид, азот диоксиді қалыпты деңгейден 1-4 ШМК-ға артып отыр. Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларында өсе түсуде. Әсіресе улы формальдегид (3 есе көбейгені)- Шымкент, Тараз және Петропавл қалаларында байқалып отыр. Ауадағы аммиак пен фенолдың мөлшері Теміртауда (2,3 ШМК), Петропавлда (3 ШМК) жетсе, ал Астанада фторлы сутегі 4 ШМК мөлшеріне жеткен.
Қазақстан жағдайында ауа бассейнінің ластануы көбінесе қатаң континентальды ауа райына да байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Оның үстіне үнемі соғатын күшті желдер біркелкі емес. Мысалы, Алматы, Шымкент, Лениногор, Зырян, Глубокое қалаларының ауа бассейндерінде табиғи ауа ағыстары болмайды, соның себебінен қалалар үнемі қалың зиянды улы тұманмен оранып жатады.
Қазақстанның ауа бассейнінің ластануы көршілес мемлекеттердің ауаға шығарылатын зиянды заттардың есебінен де көбейе түседі. үйткені ауа бассейнінің бәрімізге ортақ екені айқын. Төмендегі мәлімет осыны дәлелдейді. Мысалы, Қазақстанның өз ластану көздерінен түскен және шекаралас ауа арқылы өткен заттардың үлесі төмендегідей болған:
Ластағыштар Қазақстанның ластағыш Көршілес елдердің
ластағыш көздерінен түскен көздерінен түскен үлес
1. Күкірт 46% немесе 380000т. 54%
2. Азот 19% немесе 46400т. 81%
(тотыққан)
3. Азот (тотық 51% немесе 11300т. 49%
сызданған)
4. Күкірт (сутек) 68% 32%
5. Көмірсутектер 61% 39%
Әрине өз кезегінде Қазақстанның ауа бассейнінен де Ресей, Қырғыз, Өзбек республикаларына да күкірт пен азот қосылыстары өтіп отырады.
Су ресурстары. Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын төмендегідей топтайды:
-биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер;
-химиялық ластану: улы және су ортасының табиғи құрамын бұзатындар;
-физикалық ластану: жылу-қызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Қазақстанда ауыз су сапасы мемлекеттік стандарт (Мем СТ. 287482) бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады.
Су бассейнінің ластануының негізгі себептері-тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
-тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
-өнеркәсіп орындары;
-ауыл шаруашылығын химияландыру;
-халық шаруашылығының басқа да салалары.
Жер асты суларында әр түрлі жұқпалы ауру тарататын микроптар, вирустар кездеседі.
Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай етек алуда. Өзендердің ішінде Ертіс су алабы, үскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор қорғасын заводы, Глубокое мыс заводтары сияқты өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластанады. Су құрамында қорғасын, кадмий, мырыш, сынап, т.б. ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.
Іле-Балқаш бассейіні суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар-ауыр металдар, мұнай өнімдері және фенольдар.
Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Көксу өзендерінің сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр.
Соңғы жылдары Каспий теңізі шөлдерінде мұнай өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс тіршілігін шиеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғылау қондырғыларын, мұнай қоймалары мен өңдеу обьектілерін істен шығарып отыр. Қазір бұл жерде алты мұнай-газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникацияар, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Мысалы, 1995-2001 жылдар аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді. Ал, 1999 жылы қырылып қалған 20-30 мың ит балықтың және жүздеген мың құстардың өлуі теңіз суының бүгінгі сапасының көрсеткіші-биоиндикаторы болса керек.
Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам-Сайрам кен орындарында байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор, химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, кадмий, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген.
Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстанда жиірек ұшырасуда.
Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет экологиялық сараптау органдары мен тиісті территориялық өкілетті органдар тарапынан бақылау жұмыстарының эффективтігін арттыру, қоршаған ортаға әсерді дер кезінде және дұрыс бағалау арқылы оң нәтиже алуға болатыны анық.
Қазақстан үшін қазіргі климаттық жағдайларда шөлдің молаюына қарсы күрес және тіршілік түрлерін сақтау мәселелері өзекті болып табылады.
Қазақстанның географиялық орналасуы, оның климатының қатаң континентальды және құрғақ болуының басты себебі болып табылады. Республиканың территориясының 50%-тен артығын шөл және шөлейт ландшафт зоналары, 30%-ке жуығын дала, ал аз бөлігін орманды дала зонасы алып жатқанын атап өту керек. Температураның жалпы жылылық мөлшері вегетациялық кезде қоңыржай ендіктегі дәнді дақылдарды өсіруге, ал оңтүстікте мақта, жүзім, қант қызылшасы және т.б. жылу сүйетін өсімдіктерді өсіруге жеткілікті болғанымен, Қазақстан территориясының басым бөлігіне түсетін жауын-шашын мөлшері тұрақты суарылмайтын жер игеру шаруашылығына жеткіліксіз.
__Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қысқа тарихи мерзім арасында тез қарқынмен дамуы табиғи ресурстарды жедел игеруге әкеліп соқты. Тың және тыңайған жерлердің кен алқабы игерілді. Климаттың құрғақ болуының салдарынан аздаған өзендердің сулары егістікті суаруға, жайылымдар мен шабындықтарды суландыруға, электр энергиясын өндіруге үнемді жұмсалмады. Осындай зор антропогенді қысым Арал тағдыры және Қазақстанның жалпы су ресурстарының тозуына әкеліп соқты. Егістік жерлерді өңдеудің төмен технологиясы және жайылымдардың шамадан артық пайдаланылуы, ауа мен жер беті суларының әр түрлі өндірістік қоқыстармен ластануы, топырақтың гербецидтермен, пестицидтермен қанығуы, топырақтың және табиғи өсімдік жамылғыларының көптеген алқаптардың азуына әкеліп соқты.
Ауа температурасының өсуге бағытталған тенденцияның сақталуы біздің республикамызға өте қолайсыз болады. Зерттеулер барысында орташа жылдық ауа температурасының 10С -ға көтерілуі мен жауын-шашынның өзгермеуі ылғалданған зоналардың солтүстік бағытта 100 км дейін ығысуына әкеліп соғады. Климат модельдері бойынша алынған аймақтық климаттық өзгерудің потенциалды болжаулары да жақсы емес. Олардың бәрі 2050-2075 жылдарға дейін ауа температурасының өсуін 40С-тан артық және олардың кейбіреулері ғана жауын-шашын мөлшерінің аздап көбеюін 25%-ке дейін болжайды. Бұл болжаулар бойынша температура мен жауын-шашын өзгерістерінің булану қарқынының өсуінің әсерінен осындай қарым-қатынаста болғандығынан топырақтың ылғалдану жағдайларының нашарлауын күтуге болады. Болжаулардың ішіндегі әлдеқайда аз қолайсызы бойынша ылғалдану зонасы салтүстік бағытта 40-50 км ығысса, экстремалды қолайсыз болжам бойынша ол зона 400 км-ге ығысады. Басқаша айтқанда, шөл және шөлейт зоналарының алқаптары бірталай өседі. Еркін болжаулардың көмегімен жасалған анализ қазіргі кездегі ылғалдану жағдайларын сақтау үшін температураның 2-30С дейінгі өсуі жауын мөлшерінің 20%-ке дейінгі өсуімен орны толтырылып тұруы керек деген қорытынды жасауға негіз болады.
Зерттеушілердің бағасы бойынша республиканың 30%-ке жуық жерінде су ресурстары кемуі мүмкін. Су ағынының жыл арасындағы тараламы да өзгереді. Мысалы, су азайған кезеңінде су ағынының көбеюін, ал су тасу кезеңінде су ағынының азаюын күтуге болады. Жаздық құрғақшылық көктемгі су тасқыны сияқты экстремальды құбылыстардың көбеюі көптеген су көздерін жояды. Су қорларының азаюы адам үшін, ауыл шаруашылығы және қоршаған орта үшін қосымша қиындықтар туғызады.
Температураның өсуі тау мұздықтарының азаюына әкеліп соғады. Мұздықтардың динамикасы бірталай Солтүстік Тян-Шань тау тізбектеріне тән болып келетін Іле Алатауында соңғы 35 жыл ішінде мұздану процесі 30%-ке жуық немесе әрбір жылға шаққанда 1%-ке жуық кеміді. Осындай мөлшерде мұздықтардың көлемі де азаяды. Сол себептен, мұздық жүйедегі судың қоры да азаяды. Жәй есептеудің нәтижесінде неше жылдан кейін мұздықтар мүлде жойылатынын көруге болады.
Қорыта келе, егер парникті газдардың ауамен араласуын қысқартатын немесе климаттың өзгерісінің салдарына икемді жасайтын шаралар дер кезінде қолданылған болса, онда климаттың өзгеруінің нәтижесінде туған шығын өте қатерлі және қайтымсыз болмас еді.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар.
2. Су ресурстары, су айдындарының ластану топтары, көздері.
3. Қазақстанның қазіргі кездегі климатының өзгеруі және оның экономикасы мен табиғи ресурстарының климаттың потенциалды өзгерісіне байланыстылығы.
Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі.
1. Бақылау сұрақтарына жауап.
2. А.Н. Каримов, Н.Р. Мажренова, А.Г. Сармузина ТБТКсараптамасын бағалау, бақылау А., 2003, 64 бет.
Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Демегенов А.Н., Жаңбыршин Е.Г., Экология. Тараз, 2000 ж.
2. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: Ғылым, 1998ж
3. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995 ж
4. Руководство о порядке проведения ОВОС.М., 1992 г
5. Букс И.И., Фомин С.А. Экологическая экспертиза и ОВОС. Программа курса и учебно-методические материалы. М., 1997 г
6. Баешов А., Дарібаев Ж.Е., Шакиров Б.С. Экология негіздері. Түркістан 2000 ж
№5 Дәріс тақырыбы. Топырақ экологиясының өзгерісін бақылау және бағалау. Жердің топырақ қабатындағы әсерді және өсімдіктер қабатын, жануарлар дүниесіне әсерді бағалау.
Сабақ жоспары
1. Топырақ ластануының интегралды көрсеткіштері.
2. Топырақтың техногнді ластануын бағалау.
3. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге қажетті сипаттамалар мен жұмыстар (топыраққа жасалатын әсерді бағалау үшін).
4. Өсімдіктер дүниесіне әсерді бағалау және негіздеу жүргізуде МЭС реттілігі.
5. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне әсерді бағалаудағы ерекшеліктері.
6. Жануарлар дүниесіне әсерді негіздеу мен бағалау кезінде МЭС реттілігі.
7. Орталық Қазақстан жеріндегі экологиялық күйзеліс жағдайы.
8. Қазақстандағы егістікке пайдаланылатын жерлердің экологиялық жағдайы.
9. Оңтүстік Қазақстан аймағының экологиясы.
10. Батыс Қазақстан аймағындағы (1996-1979 ж.ж.) экологиялық жағдайы.
11. Қазақстанның топырағы, ауасы, су ресурстарының қазіргі экологиялық сапасы.
Сабақтың мақсаты.Экологиялық ахуалға сай келетін шаралар қолдану оның алдын алушы тетіктерді іске қосу, яғни ТБТКС-дың механизмін іске қосу, МЕС жүйесін кешенді қолдану арқылы халықтың денсаулығына зиянын тигізбеу, халық шаруашылығы дамуының маңызды бағыттарын оқып, үйрету, сонымен қатар топырақ құнарлығының төмендеу себептерін, топыраққа антропогендік қызмет нәтижесінде жасалатын әсерді бағалау мен өсімдік қабатының бұзылуын, обьекті әсер ететін зонадағы жануарлар дүниесіне сипаттама беру, бағалау жолдарын үйрету.
Қысқаша теориялық мәліметтер.
Қазақстанның барлық жер көлемі жоғарыда көрсетілгендей 2724,9 мың км2. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн га немесе 60% шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлерді, 185 млн га жайылым және 34 млн га таулы аймақты алып жатыр.
Жоғарыда аталған 235 млн га құнарлы жердің 180 млн га жері жарамсыз жерлерге айналып, оның 30 млн га топырақ эрозиясына ұшырап 60 млн га тұзданып, 10 млн га химиялық және радиоактивті заттармен ластанған.
Республиканың 30 млн га жерін өнеркәсіп, транспорт, байланыс, елді мекендер орналасқан.
Солтүстік облыстарда тың игеру науқанына байланысты және бірегей бидай дақылын егу топырақ қарашірігінің 25-30% жоғалтты.
Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы 1000 га астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн га, ал тозған жайылым 3 млн га жерді алып жатыр. Сол сияқты Азғыр мен Тайсойған сынақ полигондарының игілігінде 1,4 млн га жер бөлінген. Оның үстіне Каспий теңізінің көтерілуі болашақта осы аймақтың шамамен 2,8 млн га жерін су басады деп болжам жасалуда.
Экологиялық күйзеліс жағдайы Орталық Қазақстан жерін де қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтармен ластану, ауыр металдардың жинақталуы, радиоактивті элементтердің және зымыран-ғарыштық қоқыстардың (Байқоңыр кесенесі) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған.
Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Амудария мен Сырдария өзендерінің су бассейнінің азаюы. Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклидтермен ластануы жылдам жүруде.
Балқаш-Алакөл және Шу-Мойынқұм аймақтарындағы өзгерістер, Іле өзеніне Қапшағай су қоймасының салынып, судың жасанды реттелуі табиғатқа көп зардаптар әкелді. Су деңгейінің 1,5-2,0 метрге төмендеуі Іле атырабы бойынша топарақтың құрғап, бүлініп, сорланып, тозып кетуіне жол берді. Әсіресе, Іле-Балқаш бассейні жер жаннаты аталған Жетісу өңіріне экологиялық апатты да ала келді. Іле бойындағы тоғай, тораңғы орманы, Шарын өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты мен каньондары тозып, жағалаудағы шұрайлы жайылымдар құлазыған сары далаға, шөлге айналып бара жатыр. Ендігі жерде Іле суының 10-15% Қытай Халық Республикасының алуы бұл өңірдің табиғатын одан да терең күйзелісе ұшыратуы мүмкін.
Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр.
Соңғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі, Қазақстанның шөл-шөлейтті белдеулеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі және шөлге айналуы қарқынды жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріп, жердің сапасын төмендетті. Мысалы, 1996 жылы егістіктерге 1 млн тонна минералдық және 33,2 млн тонна органикалық тыңайтқыш берілсе, бұл көрсеткіштер 1998 жылы 160 мың тонна, ол 2001 жылы 110 мың тоннаға қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша Қазақстанның құнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22% жоғалтқан. Мұның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады.
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, әскери-өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму зоналарында жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд т., ал 529 обьектіде радиоактивті қалдықтар сақталған. үнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн т. жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бром, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған.
Өскемен, Лениногор, Зырян қалалары маңындағы жерлерде қорғасынның мөлшері 100 ШМК, кадмий, мырыш-8-14 ШМК, мыс 10 ШМК-ға жеткен.
Павлодар, Екібастұз, Қаратау, Тараз т.б. өнеркәсіп орындары аймағы геохимиялық ауытқуларға және улы заттармен ластануға ұшыраған.
Семей өңірінің радиоактивті заттармен ластануы өте жоғары. Осы жерлерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 мың т улы химиялық заттар қоршаған ортаға шығарылады. Мысалы, мыс 100 ШМК, мырыш 300 ШМК, хром 100 ШМК, кобальт 50 ШМК т.б. ауыр металдардың шекті мөлшерінің тіркелгені Семей қаласы бойынша жарияланған әдебиеттерде келтіріледі.
1990 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстан территориясында ядролық қарулар сыналған жерлердің көлемі Ақтөбе облысында 4207,5, 4900, Батыс Қазақстан-1558,8, Орталық Қазақстан-19,6, Маңғыстау-21,4, Павлодар-717,0, Оңтүстік Қазақстан-8,1, Семей-941,2 мың га жерлерді қамтыған. Осы жерлерде 50 жыл бойы (1949-1996 ж.) Ресейдің әскери ведомстволары 503 ядролық сынақ жасап, шұрайлы жердің 20 млн гектарын жарамсыз етті.
Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядролық қару сыналған, олар Маңғыстау облысында-3, Батыс Қазақстанда-4 және Атырауда-17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Зерттеулер нәтижелерібойынша цезий137 концентрациясы Нарын, Азғыр құмдарында-130 ШМК, кадмий-80-120, стронций-150, қорғасын-80 және нитрат-8,8 есе шекті мөлшерден асып кеткен.
Республика территориясында ірі зымырандық полигондар Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңында Ташкен және Байқоңыр ғарыш кесенесі орналасқан. Бұл жерлерде топырақ беті өте қатты гептил жанармайымен және зымыран қоқыстарымен ластанған. Гептил өте улы зат болғандықтан адамдардың өкпе-тыныс жолдарына, нерв жүйесіне әсер етіп, бүйрек, бауыр мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол сияқты зымыран космос корабльдерінің ұшуы қышқыл жаңбырлар жаудырып қоршаған ортаның тірі кешенінің 30-50% биомассасын жойып жіберді. Мысалы, 1988-1991 жылдар аралығында тек қана Тайсойған полигонында ғана 24000 зымыран барлығы 30 мың тонна жанармай жаққан. 1994 ж. 5 шілде мен 27 қазанда апатқа ұшыраған «Протон зымыран тасығышы Қарағанды облысының жеріне гептил уын шашып орасан зор қауіп төндірді. Оның зардабы әлі зерттеліп жатыр, Әрине көлемі үлкен болғандықтан, зиянының үлкен болатыны да анық.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн га жері әскери полигондардың кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағында барлығы 16 млрд. тонна радиоактивті қалдық жиналған. Ол қалдықтар Ақмола облысының-800 га, Жамбыл облысының-190 га, Жезқазған облысының-25 га, Қызылорда облысының-3,0, Оңтүстік Қазақстан облысының 2 га жерін алып жатыр.
Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге одан жан-жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал, адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. адам мутагенез ауруымен есепке алынған. Атырау облысында 32 мың адам анемия, сүйек рагі, туберкулез, жүйке ауруларымен ауырып зардап шегуде.
Жоғарыда келтірілген фактілерді, Қазақстанның топырағы, ауасы мен су ресурстарының қаншалықты зардап шегіп келгенін дүние жүзінің адамзат қоғамы саңғы жылдары ғана біліп отыр.
Демек, экологиялық ахуалға сай келетін шаралар қолдану оның алдын алушы тетіктерді іске қосу, яғни ТБТКС-дың механизмін іске қосу, МЭС жүйесін кешенді қолдану арқылы халықтың денсаулығына зиянын тигізбеу, халық шаруашылығы дамуының бірсыпыра маңызды маңызды бағыттарына анықтаушы роль атқаратыны күмәнсіз.
Сондықтан, экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық іргелі бөліктерінің бірі және халықаралық интеграциялық процестердегі елдің мүдделері мен басымдықтарын қорғаудың аса маңызды аспекті болып табылады.