Экологиялық құқық бұзушылықтың түсінігі мен құрылымы.

Экологиялық заңнаманы бүзғаны үшін зандық жауапкершілік тандауының негізі экологиялық құқық бұзушылықты жасау болып табылады, одан экологиялық құқықың нормаларын реттеуді бұзатын құқықка қарсы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік, мемлекетке, табиғат пайдаланушыға және қоршаған ортаға зиян келтіретін, ал осы арқылы адамның денсаулығына да, не осындай зиян кел-ірудің нақты мазмұны болатын қоғамдық катынастар түсініледі.

Бұл анықгамадан мынаны аңғаруға болады: экологиялық құқық бұзушылық бұл табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды бұзатын құқыққа қарсы әрекет.

Қазақстан Республикасының жекелеген табиғат объектілері бойынша қолданыстағы заңнамасында жер, су, орман және т.с. с. бұзушылық заңдарының тізбесі келтірілген.

Осы заманғы құқықтың теориясымен мыналар көзделген: кұқық бұзушылықтың құрамына субъект, субъективтік тарап, объект, объективтік тарап жатады. Бұл құрамдас бөліктер экологиялық құқық бұзушылыққа да сипатты болады.

Экологиялық құқық бұзушылық субъектілері азаматтар, лауазымды адамдар, кәсіпорын, мекеме, ұйым болып табылады.

Бұл орайда жеке тұлғаларға шетелдік азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жатады, өйткені олар да табиғат пайдалану жөніндегі құқықтық қатынастарына қатысуы және экологиялық заңнаманы бүзғаны үшін жауапты болуы мүмкін.

Табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды үтымды пайдалану саласындағы жеке тұлғалардың жауапкершілігі 16 жасқа толған кезде басталады. Қылмыстық заңда көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жауапкершілігі 14 жастан басталуы мүмкін (Мысалы, ҚР-ның ҚК-нің 3-бөлімі 187-бабы — «Мемлекет қорғауына алынған табиғи кешендерді немесе объектілерді қасақана жою немесе бүлдіру». Занды тұлғаларға, экологиялық құқық катынастарының субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорыңдар мен мекемелерді, кооперативтік, коммерциялық, шағын, шетелдік нысандары бар бірлескен көсіпорындарды жатқызуға болады, олар да табиғат пайдаланушылар рөлін атқарып, экологиялық жауапты болуы мүмкін.

Экологиялық құқық бұзушылық объектісі қылмыстық ниеттің неге бағытталғанын сипаттайды. Экологиялық құқық бұзушылықгың жалпы объектісі табиғат және оның құрамындағы элементтер болады, олар экологиялық құқық қатынастарының кіші объектілеріңде топырақка, суға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне т.б. бөлінеді. Мынаны атап көрсету керек: экологиялық заңнамамен өз болмысында табиғат объектісі емес объектісі болатын құқық бұзулары, мысалға айтсақ, табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мемлекеттің зандылық күші көзделген. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 164-бабында былай делінген: меншік құқығы мен жар пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Казақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген тәртіппен қорғал-ды. Су, Орман кодексінің нормаларын келтіруге болады, бұларда экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі табиғат пайдаланушы мен табиғат иеленушінің заңдылығы болып табылады.

Бұл құқық бұзудың объективті жағы кінәлі адамның құқыққа қарсы әрекеттер жасауынан немесе әрекетсіздігінен көрінеді. Мысалға, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіңде объективтік жағына пәрменді әрекеттер жататын баптар бар — бұл 288-бап – «Заңсыз аңшылық», 287-бап — «Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау», «Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кату қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әректтер» — 290-бап және т.б. Екінші жағынан, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында экологиялық құқық бұзушылықтар көзделген, олардың объективтік жағы әрекетсіздік болып табылады: қоршаған табиғи ортаны қалпына келтіру және табиғи ресурстарды молайту жөнінде шаралар қабылдамау; қоршаған ортаға ластаушы заттардың өндірістік нормативтен тыс шығарулары мен тастандылары және басқа да зиянды авариялық ықпалдары туралы хабарламау; мемлекеттік экологиялық сараптама талаптарын орындамау. Мысалы, ҚР ҚК «Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау»— 294-бап.

Экологиялық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы кінәлі адам жасалған қылмысқа, оның себептеріне, мүдделеріне қатысымен сипатталады. Экологиялық жауапкершіліктің міндетті факторы бұзушының кінәсі болып табылады. Мүнда да қолданыстағы заңнама кінәнің екі нысанын— жанама ниет және абайсыздықты көздейді. Егер кінәлі адам табиғатқа немесе табиғат пайдаланушыларға зиян келтіретін әрекет жасаған және ол мұны ұғынып, осыған ниет етсе, онда біз тікелей ниетті карастырамыз.

Абайсыздық дегеніміз кінәлі адам өзінің мінез-құлқының салдарларын алдын ала білуге тиіс болған, бірақ бұған байыпсыз қараған кезде ұқыпсыз мінез-құлықты білдіреді.

Экологиялық жауапкершілік шараларын қолдану үшін экологиялық кұқық бұзушылықгың барлық белгілерінің және барлық элементтерінің болуы қажет.

Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері табиғат объектісіне қарай бөлінеді. Олар мыналарға:

1) Жер құқық бұзушылығы;

2) Су құқық бұзушылығы;

3) Орман құқық бұзушылығы;

4) Тау-кен құқық бұзушылығы;

5) Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану жөніндегі құқық бұзушылығы (фауналық құқықбұзушылықтары);

6)Ауаны қорғау құқық бұзушылығы болып бөлінеді.

Қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай экологиялық құқық бұзушылық ЭК-тің 315-бабы экологиялық қылмыстарға бөлінеді, олар үшін қылмыстық жауапкершілік және теріс қылық үшін әкімшілік және мүліктік жауапкершілік көзделген.

3. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түрлері.

ҚР ЭК-тің 320-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі бар аса ауыр экологиялық құқық бұзу деп экологиялық қылмыс танылады. Экологиялық қылмыс деп Казақстан Республикасының заңымен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздігіне, қоршаған табиғат ортасына немесе адамның денсаулығына елеулі нүқсан келтіріп жасалған қол сұғушылықтан көрінетін зиянкестікті ұғыну керек. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген қьшмыстық жауапкершілікке жауапты болады. ҚР ҚК-нің 11 тарауына – «Экологиялық қылмыстарға» мына баптар:

277-бап — «Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы»;

278-бап — «Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бүзылуы»;

279-бап — «Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттар жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бүзылуы»;

282- бап – «Атмосфераны ластау» т.б.

Экологиялық қылмыстар субъектілері азаматтар, сондай-ақ, бірақ барлығы да 16 жасқа толған лауазымды адамдар болуы мүмкін. Бірқатар қылмыстар бойынша қылмыстық жауапкершілік кінәлі адамға бұрын әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданьшған кінәлі адамға қолдануды көздейді.

Экологиялық қьшмыстар объектісі табиғат объектілері мен ресурстарының сапасы, мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі, адам денсаулығы болып табылады. Экологиялық қьшмыстардың мәні тұтастай алғанда немесе нақты табиғи ресурстардың сапасы, немесе қоршаған орта болады. Сондықтан экологиялық қылмыстарды топтастыруға болады.

1. Объектісі қоршаған орта болатын қылмыстар. Мұнда экоцид үшін жауапкершілікті реттейтін бапты ерекше атауға болады.

2. Объектісі жекелеген табиғи ресурстар — жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералықауа болатын қылмыс.

3. Табиғат ресурстары меншік иесінің немесе табиғат пайдаланушыларының меншік иесінің меншік құқығы мен өзге де мүліктік құқығына қарсы қылмыстар. Бүл жерде 284-бапты — «Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бүзылуын» атауға болады.

4. Белгіленген экологиялық, шаруашылық ветеринарлық өзге де талаптарды бұзатын қылмыстар, оларды орындамау қоршаған ортаға ықпал жасауы мүмкін.

Объективтік жағынан экологиялық қылмыстар әрекет нысанында, сондай-ақ әрекетсіздік нысанында көрінуі мүмкін. Субъективтік жағынан жанама ниет және абайсыздық нысанында білдіріледі.

Экологиялық қылмыстарды жасағаны үшін ҚР-ның Қылмыстық Кодексі жазалаулардың мына түрлерін көздейді: айыппұл салу; белгілі бір лауазымды атқару немесе бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; түзеу жүмыстары; бас бостандығын шектеу, қамау; белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік табиғатты қорғау саласындағы аса кең таралған түрлері болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану үшін негіз әкімшілік қылық жасау болып табылады. Қолданыстағы заңнама бойынша ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес мынадай әкімшілік жазалары көзделген:

1) ескерту жасау;

2) әкімшілік айыппұл салу;

3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты тәркілеу;

5) белгілі бір азаматқа берілген арнаулы құқықтан айыру;

6) түзеу жұмыстары;

7) әкімшілік қамау.

ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған азаматтар мен лауазымды адамдар, сондай-ақзаңды тұлғалар тартылады.

ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 19-тарауына 240- 306-баптар аралығыңдағы қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтары кіргізілген. Баптар табиғат объектілері бойынша бөлінген:

— атмосфералықауаны қорғау (243-249-баптар);

— жерді қорғау мен пайдалану (250-258-баптар);

— жер қойнауын қорғау мен пайдалану (259-275-баптар);

— суды қорғау мен пайдалану (276-281-баптар);

— орманды қорғау мен пайдалану (282-294-баптар);

— жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану (295-299-баптар);

— құрлықтағы шельфті қорғау мен пайдалану (301-306-баптар);

— қоршаған табиғат ортасымен байланысты қызметке қойылтын жалпы экологиялықталаптар (240, 241, 245-баптар).

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді сот органдары, ішкі істер органдары, мемлекетік автомобиль инспекциясы, мемлекеттік өртке қарсы қызметі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдары мен осыған арнайы өкілеттігі бар өзге де органдар (аңшылық инспекциясы, балық аулауды қадағалау, жерге орналастыру қызметі және т.б.) қарайды.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік экологиялық құқық бұзушылықпен келтірілген материалдық нұқсан өтелген жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда табиғатқа келтірілген нұқсанның материалдық сыйақысы болуға тиіс, мұның өзі табиғаттың, ауаның, судың, орманның және т.б. ластануымен келтірілген нұқсанды есептеген кезде барлық ретте мүмкін бола бермейді. Осымен байланысты заңнамамен азамат немесе заңды тұлға келтірген нұқсанды есептеудің екі ұдай тетігі қолданылады. Бірінші жағдайда, экологиялық заңды бүзғаны үшін мүліктік жауапкершілік тіркелген ақша төлемдері, арнаулы нақты түр немесе табиғат кешенінің объектісі үшін арнаулы кесімді баға нысанында белгіленеді. Бұл кесімді бағалар Қазақстан Республикасында жер бетіндегі жануарларға, ормандарға, балықтарға қатысты белгіленген. Екінші жағдайда, нұқсан Азаматтық заңның жалпы негіздері бойынша есептеледі, ҚР-ның Азаматтық Кодексіне және ЭК-тің 321-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу ерікті түрде немесе жүргізілу тәртібі Экологиялық Кодекске сәйкес айқындалатын залалды экономикалық бағалау негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі

Экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар өздері келтірген залалды ЭК-ке Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өтеуге міндетті.

Мыналардың:
1) табиғи ресурстарды жою мен бүлдірудің;

2) табиғи ресурстарды өз бетімен және ұтымсыз пайдаланудың;

3) қоршаған ортаны өз бетімен ластаудың, оның ішінде авариялық, келісілмеген жаппай шығарындылар мен төгінділердің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың;

4) қоршаған ортаны нормативтен тыс ластаудың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залал өтелуге тиіс.

Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі. Зиян жәбірленушінің еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі, оның емделуіне және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындар, аурудың күтіміне байланысты шығындар, өзге де шығыстар мен жоғалтулар ескеріле отырып, толық көлемде өтелуге тиіс.

Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіптілікпен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның еңсерілмейтін күш немесе жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, жоғары қауіп көзі келтірген зиянды өтеуге міндетті.

ЭК-тің 322-бабына сәйкес қоршаған ортаға зиян келтірген тұлға келтірілген залалды ерікті түрде жоюға не өзгеше тәсілмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта жазылуға тиіс.

Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру төлемдері есебінен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.

Зиянды өтеудің құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян
келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіруге, табиғи ресурстарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығындарды өтеуге арналған ақшалай қаражат жатады.

Тараптардың келісімімен сот шешімі бойынша зиян жауапкерге қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді жүктеу жолымен заттай нысанда өтелуі мүмкін.

Зиянды өтеудің заттай нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіру, жойылған не бүлінген табиғи ресурстың орнына оған құны тең ресурс беру жөніндегі шаралар жатады. Зиянды заттай нысанда өтеу келтірілген зиянды өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен көлемін регламенттейтін шарт және (немесе) келісім жасасу жолымен жүргізіледі.

Зиянды өтеудің өндіріліп алынатын сомасы мемлекеттік бюджетке, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жәбірленуші тұлғаға аударылады.

Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаны әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Наши рекомендации