Дәрістің тақырыбы: Жануарлар дүниесі – Zoa. Бір жасушалы жануарлар дүние тармағы – Protozoa

Терминдер мен анықтамалар: органоид, вакуоль, жалған аяқ, талшық, кірпікшелер, жиырылғыш талшық – мионемдер, циста, гамета, зигота, автотрофтар, гетеротрофтар, миксотрофтар, агамогонія, пелликула, гомогония, симбионттар, паразиттер, макро- және микронуклеус, коньюгация, бентос, планктон, биоиндикация.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

1. Бір жасушалы организмдер - қарапайымдылардың ұйымдасу ерекшелігі.

2. Қарапайымдылардың биологиясы

3. Қарапайымдыларды жүйелеу принципі және классификациясы

4. . Қарапайымдылардың таралуы және экологиялық топтары.

5. Филогениясы

№2 зертханалық сабақтың тақырыбы:Кірпікшелілер (Ciliaphora) және Апикомплекстер (Apicomplexa) типтерінің негізгі өкілдерінің құрылыс ерекшелігі, биологиясы.

Зертханалық сабақтың мазмұны :

1. Қарапайымдылар тұнбасынан дайындалған уақытша препараттан және дайын микропрепараттан кебісшенің микроскоп арқылы құрылысын анықтап, қозғалысын бақылау.

2. Споралылардың (грегарина, кокцидий, т.б. өкілдер) тіршілік әрекетіне орай құрылыс ерекшелегімен танысу.

Әдістемелік нұсқау:

1. Қарапайымдылар тұнбасынан дайындалған уақытша препараттан және дайын микропрепараттан кебісшенің микроскоп арқылы құрылысын анықтап, қозғалысын бақылау.

2. Споралылар класының (грегарина, кокцидий, т.б. өкілдер) тіршілік әрекетіне орай құрылыс ерекшелегімен, тіршілік циклімен танысу.

1) Тең кірпікшелі инфузория класс тармағы – Homotricha

Кірпікшелі кебісше – Paramecium caudatum .

Инфузория тұнбасынан дайындалған уақытша препараттың ( суын сорғыш қағазбен сорып) кебісшенің дене пішінін, құрылысын анықтап, қозғалысын, қоректенуін және зәр шығару вакуольдерінің жұмысын бақылау, суретін салу.

2). Грегаринаның құрылысы, даму циклі

Споралылар классы – Sporozoa

Грегарина – Gregarina sp.

Жауын құртының жыныс без (ұн қоңызының , ішек сұйықтығы) сұйықтығынан уақытша препарат дайындап микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы (дайын микропрепарат) грегаринаның сыртқы құрылысымен дене бөліктерін танып-білу, суретін салу.

Оқулықтан, сызба-кестеден грегаринаның даму циклін зерттеп, меңгеру.

Лабораториялық жұмыс ОЖСӨЖ жалғасады.

Жұмысты қортындылау

4,5,6 - СОӨЖ тақырыбы: Біржасушалы жануарлардың көбею және даму циклдері. Қарапайымдылардың классификациясы, тіршілік ортасы, экологиясы.

Тапсырмалар:

1.Қарапайымдылардың көбею жолдары, даму циклдері.

2.Паразит формалардың (трипоносома, опалина ) құрылыс ерекшелігі, даму циклі. 3.Споровиктердің даму циклі, жұғу жолдары және кебісшенің көбею жолдары

4.Қарапайымдылардың классификациясы. Қарапайымдылардың тіршілік ортасы, таралуы, экологиясы, филогениясы.

Әдістемелік нұсқау:

Көрсетілген оқулықтардан жалған аяқтылар, талшықтылар кластарының негізгі өкілдерінің көбею жолдары, тіршілік циклі, паразитті тіршілік ететін түрлердің құрылыс ерекшеліктері, даму циклі туралы конспект құрастыру.

Кокцидияның, грегаринаның, қан споробиктері (безгек плазмодиясы) даму циклі, иесіне жұғу жолдары және кебісшенің көбею жолдарын оқып, сипаттап жазу, суретін салу. Төменде берілген кестені толтыру.

1 кесте

Споралылар класының үш өкілінің тіршілік цикліндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар

  Тіршілік цикл ерекшеліктері     Грегариндер   Кокцидиялар   Қан споралылар
Паразиттің иесіндегі локамизациясы      
Жұғу жолдары      
Даму кезеңіндегі иелер саны      
Ұрықтың (зиготаның) локамизациясы      
Споробласт және спораның пайда болатын орны      
Спорозоиттардың пайда болатын орны      
Негізгі ие      
Көбею формаларының кезектесуі      

Қарапайымдылардың қазіргі заман систематикасын оқулықтардан анықтап, дәптерге түсіру. Олардың тіршілік ортасын, қолайсыз жағдайға бейімділіктерін, экологиялық топтарын, филогениясын сипаттап жазу.

4,5,6-СӨЖ мазмұны:Қарапайымдылардың ашылу тарихы. Әртүрлі тіршілік ортаға адаптациясы. Қарапайымдылар көптүрлілігі. Паразит формалардың жұғу жолдары, туғызатын аурулары және күрес жолдары. Қарапайымдылардың табиғаттағы, ғылымдағы, халық шаруашылығындағы маңызы.

Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Protozoa - біржасушалы эукариоттар, олардың құрылысының прокориоттан айырмашылығы
  2. Protozoa-ның әртрлі қызмет атқаратын органеллелар типі
  3. Қозғалыс органеллалары және қозғалыс типі
  4. Қарапайымдылардың қоректену тәсілі және оректену органеллалары
  5. Экожүйеде қоректену тізбегіндегі қарапайымдылардың рөлі
  6. Қарапайымдылардың көбеюі және тіршілік циклдері
  7. Қарапайымдылар типтерінің өзара филогенетикалық байланысы
  8. Қарапайымдылардың экологиялық радиациясы
  9. Адамда және жануарларда қарапайымдылар туғызатын аурулар, оларды алдын-алу жолдары
  10. Адамның шаруашылық іс-әрекеттерде қарапайымдыларды пайдалануы
  11. Қарапайымдылар- шөгінді жыныстар түзу және мұнай қабаттарының индикаторы
  12. Қарапайымдылар- биоиндикаторлар

Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды сұрақтар:

1. Споралылардың тіршілік әрекеті

2. Паразитті тіршілікке байланысты споралылардың қоректену және құрылысындағы ерекшеліктер.

3. Споралылардың даму циклі, жұғу жолдары.

4. Жоғары сатыда ұйымдасқан қарапайым – инфузориялардың құрылыс ерекшелігі.

5. Инфузория типіндегі эволюция бағыттары.

6. Қарапайымдылардың қозғалыс органеллалары, тіршілік ортасы.

Негізгі әдебиеттер:

Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2012 14-23 бет

Болатова Қ.Б. , Байдулова Л.А., Электронды оқулық «Омыртқасыздар зоологиясы» Орал 2007

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 24 - 75 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 32-98 б.

Зеликман А.Л. «Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1969 24-52 б.

Қосымша:

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 22-97 б.

Вестхайде В., Ригер Р. Зоология беспозвоночных. От простейших до моллюсков до арт ропод. Т.І, М.,2008г

Шалапенок Е.С., Буга С.В. Практикум по зоологии беспозвоночных. Минск, 2002. С. 272

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985 29-46 б.

Шінші апта

№ 5,6 дәрістің тақырыбы: Көпжасушалы жануаралар дүние тармағы- Metazoa

Терминдер мен анықтамалар: ұлпа, экто-, энто- және мезодерма, эмбриональды және постэмбриональды даму, фагоцителла, Radiata, гетерополяр, полип, медуза, диффузды жүйке жүйесі, атпа жасушасы, планула, гидрант, гононгий, гидромедуза.

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер).

1. Көпклеткалы жануарларға жалпы сипаттама.

2. Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі туралы теориялар.

3. Фагоцителла тәрізділер бөлім үсті.

4. Паразоа (Parazoa) бөлім үсті. Губкалар типі (Spongia)

5. Нағыз көпклеткалылар (Eumetazoa) бөлім үсті, Ішек қуыстылар типі (Coelenterata) жалпы сипаттамасы, дене симметриясы, биологиясы.

6. Ескектілер типі.

№3 зертханалық сабақтың тақырыбы:Губкалар жәнеІшекқуыстылардың морфобиологиялық ерекшеліктері.

Зертханалық сабақтың мазмұны:

1. Төменгі сатыдағы көпжасушалы –губкалардың ұйымдасу ерекшелігі

2.Микропрепараттан гидраның дене қабаттары, дене симметриясы, жасушалық элементтерін анықтап, құрылысымен танысу, тірі гидраның қозғалысын, сыртқы тітіркендіргішке жауабын, қозғалысын, қоректенуін бақылау.

3. Ылғалды препараттан, оқулық пен сызба-кестелерден сцефоидты медузаның құрылысымен танысып, прогрессивті белгілерін анықтау.

Әдістемелік нұсқау:1. Губкалардың макро- және микропрепараттардан, сызба-кестеден ұйымдасу ерекшелігімен танысып, жасушалық элементтерін анықтау, уақытша препараттан, кестеден қаңқасын қарап, суретін салу..

2. Ішекқуыстылар типі – Coelenterata

Гидралылар класы – Hydrozoa

Тұщы су гидрасының ( Hydra Vulgaris) морфологиясын, жасушалық құрылысын, дене симметриясын анықтап, зерттеу.

- Аквариумнан тірі гидраны бақылау (қоректендіру, қозғалысына назар аудару), дене бөліктерін , тіршілік формасын анықтау.

- Микропрепараттан денесінің екі қабатын (экто-,энтодерма), гастраль қуысын дене симметриясын танып-білу, суретін салу.

- Сызба-кестеден, оқулықтан жасушалық элементтермен танысу, суретін салу.

3.Сцифоидтар (Scyphozoa) класы

Сцифоидты медуза аурелия ( Теңіз табақшысы – Aurelia aurita)

- Фиксацияланған аурелияның ораль, обараль полюсін, гастроваскуляр жүйесін, сезім т.б. мүшелерін зерттеп танып-білу, суретін салу.

Көбею және даму циклі, басқа өкілдерінің құрылысы СОӨЖ-де қаралады.

7,8,9- СОӨЖ тақырыбы: Ішекқуыстылардың көбеюі, дамуы, классификациясы, экологиялық топтары, жануарлар филогениясындағы орны. Маржан полиптері..

Тапсырмалар: 1. Ішекқуыстылардың прогрессивті белгілері.

2. Ішекқуыстылардың көбею жолдары, тіршілік циклі.

3. Классификациясы, экологиялық топтары, жануарлар филогениясында алатын орны

4.Маржан полиптерінің құрылысы, түрлері.

Оқулықтан Ішекқуыстылар, ескектілер типінің биологиясы, экологиясы, классификациясы, шығу тегі және жануарлар жүйесіндегі орнын анықтап, сипаттап жазу. Даму стадияларының түр үшін маңызын анықтау. Жануарлар филогениясындағы олардың орнын көрсету.

Обелияның құрылысындағы ерекшеліктерді, ұрпақ кезектесу және олардың түр үшін маңызын көрсету. Ішекқуыстыларлардың көбеюі, даму циклін танып-білу, кестеге түсіру.

Кесте 2

Сцифомедуза аурелия және гидроид полипі обелияның құрылысы мен көбеюіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Салыстыратын элементтер Обелия геникулата Аурелия аурита
полип медуза полип медуза
Дене пішіні        
Тіршілік әрекеті        
Ауыз пішіні және орналасуы        
Желкеме, оның орналасуы және қызметі        
Тепе-теңдік мүшелерінің орналасуы        
Гастраль жіптерімен білеулер, олардың қызметі және орналасуы        
Дара жынысты немесе гермафродитті        
Жыныс гонадаларының орны        
Көбею типі        
Негізгі тіршілік формасы        

Маржан полиптерінің ұйымдасу ерекшелігі, көптүрлілігі, таралуы, биологиясы, экологиясы, маңызы. Маржан аралдары, рифтері т.б.

7,8,9- СӨЖ мазмұны:1.Губканың морфологиялық құрылысы, көбею тәсілі, табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы. 2. Теңіз гидроид полипі-обелияның тіршілік циклі.

3. Сцифоидты медузалардың тіршілік циклі.

4. Ескектілердің түрлері, жануарлар эволюциясындағы маңызы. Ескектілердің биологиясы, экологиясы, жануарлар жүйесіндегі орны. Қарастырылған сұрақтар бойынша баяндама, хабарлама дайындау, есеп беру.

Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Губканың тіршілік әрекеті, қоректену тәсілі

2. Губканың морфологиясы, клеткалық элементтері, қаңқа элементтері

3. Губканың жануарлар жүйесінде губканың орны.

4. Ішекқуыстылар мен ескектілердің ұйымдасу ерекшеліктері, дене симметриясы

5. Ішекқуыстылар мен ескектілердің еркін жүзіп тіршілік етуге бейімділіктері

6. Ішекқуыстылар мен ескектілердің тіршілік циклі

7. Ішекқуыстылардың прогессивті белгілері.

8. Ішекқуыстылар мен ескектілердің табиғаттағы маңызы

Негізгі әдебиет:

Төртінші апта

№ 7,8 дәрістің тақырыбы:Алғашқы ауыздылар бөлімі. Жалпақ құрттар типі (Plathelminthes)

Терминдер мен анықтамалар: дорзаль, вентраль, лабераль, тері-бұлшықет қабы, парехима, ортогонды, протонефридия, гермофродит, телобластика, энтероцель.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

1. Екі жақты симметрияның пайда болуы.

2. Үш қабатты алғашқы ауызды жануарлардың сипаттамасы.

3. Жалпақ құрттардың ұйымдасу деңгейі (морфологиясы).

4. Жалпақ құрттардың классификациясы.

5. Жалпақ құрттар типінің филогениясы

№4 зертханалық сабақтың тақырыбы:Сорғыш құрттар (Trematoda) Бауыр сорғышы

Зертханалық сабақтың мазмұны:

1. Бауыр сорғышының паразитті тіршілік етуіне байланысты сыртқы құрылысы.

2. Тері-бұлшықет қабы.

3. Ас қорыту, зәр шығару және жыныс жүйелері .

Әдістемелік нұсқау:

Тапсырма 1. Визуалды және қол лупаның көмегімен фиксацияланған материалдан құрттың дене пішінін, мөлшерін, фиксация мүшелері-ауыз және бауыр сорғыштарды анықтап, суретін салу.

Тапсырма 2. Сызба кестеден, оқулықтан Бауыр сорғышының тері-бұлшықет қабының құрылысымен танысып, оның шығу тегі және атқаратын қызметін белгілеп, суретін салу.

Тапсырма 3. Микропрепараттан микроскоп арқылы құрттың асқорыту, зәр шығару, жыныс жүйелерінің құрылысын қарап, мүшелерін талдап, олардың атқаратын қызметі және прогрессивті белгілерін көрсетіп, шығу тегін анықтап, суретін салу.

10,11,12-СОӨЖ тақырыбы: Кірпікшелі құрттар және моногенетикалық сорғыштардың ұйымдасу ерекшеліктері, биологиясы, экологиясы. Трематодтардың даму циклі, паразитизмге бейімділіктерін танып-білу.

1.Ақ сұламаның морфобиологиялық ерекшеліктері, тіршілік ортасы, экологиясы, филогениясы.

2. Моногенетикалық сорғыштардың құрылыс ерекшелігі және тіршілік циклі.

3.Трематодтардың эндопаразитизмге бейімділіктері, тіршілік циклі.

Әдістемелік нұсқау:

Оқулықтардан кірпікшелі құрттар және моногенетикалық сорғыштардың морфологиясы, көбеюі, тіршілік циклі, таралуы, экологиялық топтарын оқып,сипаттап-жазу. Кірпікшелі құрттардың еркін тіршілік етуіне байланысты құрылысындағы ерекшеліктерін анықтау. Моногенетикалық сорғыштардың паразитті тіршілігіне байланысты морфологиясын, тіршілік цикліндегі белгілерді анықтау.

Оқулықтардан бауыр сорғышы, таспа тәрізді қосезу т.б. сорғыштардың даму стадияларын, олардың биологиялық ерекшеліктерін анықтап, ұрпақ сақтауға бейімділігін көрсету. Трематодтардың паразитизмге құрылысындағы және биологиясындағы бейімділіктерін анықтап, кестені толтыру, суретін салу.

Кесте 3

Наши рекомендации