Бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
өздерiнiң экологиялық бағдарламаларын әзiрлеуге, бекiтуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды ерiктi негiзде қоршаған ортаны қорғау саласында белсендi қызметке тартуға;
қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөнiндегi жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметiне қатысуға;
экологиялық тәрбие мен бiлiм беру жөнiндегi жұмыстарды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi белгiленген тәртiппен орындауға;
мемлекеттiк экологиялық сараптама өткiзудi талап етуге және қоғамдық экологиялық сараптама өткiзуге;
қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан қоршаған ортаның жай-күйi және оны сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы дер кезiнде, толық және анық ақпарат алуға;
қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара iс-қимыл жасауға, олармен келiсiмдер жасаса отырып, олар үшiн шарттар бойынша заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстарды орындауға;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi заң жобаларын талқылауға қатысуға;
кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектiлердi орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге;
кiнәлi ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеттiру туралы сотқа талап-арыз беруге;
өздерiнiң заңдарда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.
2. Қоғамдық бiрлестiктер өздерiнiң қызметiн қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарға сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.

Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсері болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Негізгі терминдер мен анықтамалар. Осы заңда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;

қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдык шаралар жүйесі;

қоршаған ортаны қорғау объектілері - қоршаған ортаның заңдармен корғалатын құрамдас бөліктері;

табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;

табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы;

қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;

қоршаған ортаның мониторингі - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдары туралы ескерту;

қоршаған ортаның сапасын номалау - адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу;

қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялык және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтык және нормативтік-техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметті орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйым салу;

экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай - күйі;

экологиялың жүйе - организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы.

Наши рекомендации