Дәріс сабағының құрылымы
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
Мазмұны
- Глоссарий
- Дәрістер
- Практикалық сабақтар
- Студенттердің өздік жұмысы
Глоссарий
Билогиялық ресурстар-генетикалық ресурстар, оргнаизмдер немесе олардың бөліктері, популяциялық немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқада биотикалық компоненттер.
Гентикалық түрлендірілген организмдер-өсімін молайтуға немесе тұқым қуалайтын генетикалық материалды беруге қабілетті, табиғи организмдерден ерекше, гендік инженерия әдістерін қолдана отырып алынған және құрыамында гендік-инженерлік материал бар организмдер
Инертті қалдықтар- елеулі физикалық , химиялық немесе биолгиялық өзгерістерге ұшырамайтын әрі қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтін қалдықтар
Коммуналдық қалдықтар- елді мекендерде,оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары
Қауіпті қалдықтар- құрамында қауіпті қасиеттері бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қошаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе ықтимал қауіп төндіретін қалдықтар
Қоршаған орта-атмосфералық ауаны, ЖЕрдің озон қабатын жер бетіндегі және жер астындағы суларды жерді , жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниеісн, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды обьектілердің жиынтығы
Қоршаған ортаны қорғау-қоршаған ортаны сақтау менн қалпына келтіруге, шаруашылық және өзге де қызметттің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.
Қоршаған ортаның сапасы-қоршаған ортаның құрамы мен қасиетерінің сипатамасы
Радиоактивтік қалдықтар-мөлшері мен шоғырлануы ҚР ның атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген радиоктивтік заттар үшін регламенттелген мәндерден асатын радиоктивтік заттары бар қалдықтар
Су обьектілер-құрылқ бетінің рельефінде және жер қойнауында шоғырланған, шекараары, көлемі мен су режимі бар сулар
Сұйық қалдықтар-сарықынды суларды қоспағанада, сұйық түрдегі кез келген қалдықтар
Табиғат пайдаланушылар-табиғи ресурстарды пайдалануды және қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар.
Табиғи обьектілер-шекарасы, көлемі және тіршілік режимі бар табиғи обьектілер
Экологиялық ағарту ісі- қоғамда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру мақсатында экологиялық білім, қоршаған ортаның, табиғи ресурстарының жай-күйі, экологиялық қауіпсіздіктік туралы ақпарат тарату.
Экологиялық аудит-аудиттеленетін субьектілердің шаруашлылық және өзге де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтуа мен бағалау және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі ұсынымдар әзірлеу бағытында тәуелсіз тексеру
Экологиялық менеджмент- қоршаған ортаны қорғауды әкімшілік басқару, ол кәсіпорынның экологиялық саясатын әзірлеуге, енгізуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылыиын, жоспарлауды, жауапкершілікті ,әдістерді, рәсімдерді, процестер мен ресурстарды қамтиды.
Экологиялық мониторинг- қоршаған ортаның жай күйін және оған әсер етуді жүйелі түрде байқау мен бағалау.
Экологиялық рұқсат- жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландырутын құжат.
Экологиялық сараптама- көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізу мүмкін қолайсыз әсерлерінің және слармен байланысты әлеуметттік зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама обьектісін іске қосуға жол берлуін айқындау.
Экологиялық таза өнім белгісі- таңбаланған өнімнің экологиялық таза өнім стандарттарына сәйкестігін растайтын тіркелген белгі
Экологиялық талаптар- осы Кодексте,Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған отаға және халықтың денсаулығына теріс ықпал жасайтын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу және оларға тыйым салу
Дәрістер
Дәріс сабағының құрылымы