Лекция 6 Қоршаған ортаның сапасын бағалайтын нормативтер 1.Табиғи ортаны қорғауды басқару

Қазіргі экологиялық қиындықтар көктен түскен жоқ, адамдардың өз қолдарынан жасалған, келешекті ойламай, бүгінгі күннің əуресінің нəтижесі. Əр мемлекеттің экологиялық жағдайы сол мемлекеттің басқару орындарымен жəне олардың жүргізіп отырған саясатымен тығыз байланысты болады. Басқа мемлекеттер сияқты Қазақстан Республикасында да қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлықтарын пайдалану, азаматтарға экологиялық білім мен тəрбие беру мəселелерін мемлекет тарапынан басқаратын, іске асыратын, бақылау жасайтын, жауапқа тартатын мемлекеттік органдар бар. Олар Қазақстан Республикасы жоғарғы Кеңесі, Министрлер кабинеті, Министрліктер мен мемлекеттік комитеттер жəне жергілікті əкімдер. Қазақстан Республикасының Ата заңында конституциясында жерге, жер қойнауы байлықтарына, ормандарға, суларға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне табиғаттың басқа да байлақтарына иелік ету хұқығы Қазақстан Республикасы жоғарғы Кеңесіне берілген. Оған мемлекеттік экологиялық саясатты білгілеп, табиғи ортаны, биосфераның жеке бөлшектерін қорғау туралы заңдар шығарып, қоршаған ортаны сақтау жəне пайдалану жөнінде халықаралық қарым-қатынас жасап, табиғат қорғау заңдарының орындалуын бақылау жүктелген. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау мəселелерін басқаратын саны көп, құрамы күрделі мемлекеттік орындар жұмыс істейді. Олардан басқа қоршаған ортаны қорғауға қоғамдық ұйымдармен азаматтар бірлестіктеріде қатысады. «Жасыл» жəне «көгілдір» табиғат қорғау ұйымдары, «табиғат достары» мен «гринпис» қозғалысы мүшелері бүгін үлкен күшке айналып, олардың талаптары мен ұсыныстарына түрлі дəрежедегі мемлекеттік шенеұніктер құлақ асуға мəжбүр болды. Техногендік əсерлер жəне олардың экологиялық регламентациясы Қоршаған ортаның сапасын бағалайтын нормативтер Қоршаған орта сапасына қарай тазаға немесе комфортты (адамдардың дені саулығына қарай)жəне зиянды (адам денсаулығы нашарлаған) ортаға бөлінеді. Егер де адамдар ортамен байланысқанда олардың денсаулық жағдайлары қайтымсыз өзгеріске ұшыраса, мұндай ортаны экстремалды деп атайды. Осыған орай біздің еліміздің тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін қоршаған ортаның сапасын барлық уақытта бақылауда ұстау қажет.Ол үшін қоршаған ортаның сапасын бағалау мақсатында қоршаған орта сапаының стандарттары жасалған.Стандарт экологиялық жəне өндірістік – шаруашылық болып бөлінеді. Экологиялық стандарт қоршаған ортаға шекті рауалы əсер нормаларын белгілейді. Егер де осы экологиялық регламенттер негізінде есептелген жəне құқұқтық статус алған антропогендік жүктеме шамасы белгіленген мөлшерден асатын болса, адам денсаулығына қауіп төнуі, ал өсімдіктер мен жануарлар əлеміне оларды құртатын əсер орын алуы мүмкін. Осы нормалар сақталған жағдайда экожүйелердің тозуы болмайды, биологиялық əралуандылық пен халықтың экологиялық қауіпсіздігі сақталынылады. Қоршаған табиғи орта сапасының барлық нормативтері үш түрге (топтпрға) бөлінеді: санитарлық – гигиеналық, экологиялық (өндірістік- шаруашылық), қосалқы. Ол мына суретте көрсетілген. Қоршаған табиғи ортаның сапалық нормативтері Санитарлық-гигиеналық Экологиялық Қосалқы Зиянды химиялық заттектердің ШРК Шығаранды мен төгінділердің нормативтері Терминология нормативтері Физикалық əсердің ШРМ Шу мен дірілдің нормативтері Ұйымдастырушылық нормативтері Биологиялық заттектердің ШРК Биологиялық ластанудың нормативтері Заңдылық нормативтер Радиацияның ШРД Радиация нормативтері Тағам өнімдеріндегі химиялық заттектердің ШРК Шаруашылықта химиялық заттектердің қолдану нормативтері Санитарлық сақтау белдемінің нормативтері Құрылыстық, қала құрылысының ережелері Санитарлық – гигиеналық нормаларға - адамды қоршаған ортаның санитарлық – гигиеналық жағдайларының жəне сапасының көрсеткіштері. Санитарлық- гигиеналық нормативтерге зиянды заттектердің (химиялық, биологиялық) шекті рауалы концентрациясы немесе шекті рауалы мөлшері, физикалық əсерлер, санитарлық қорғау аймағы, радиациялық əсердің шекті рауалы деңгейі жатады.Бұларды сақтау адам өміріне қолайлы денсаулығына қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етеді. Экологиялық нормативтер тобына – экологиялық регламенттер негізінде есептелген жəне құқұқтық статус алған антропогендік жүктеме шамалары жатады. Қосалқы нормалар мен ережелердің негізгі мақсаты қолданылатын терминдерді, ұйымдастыру құрылымдарының жəне экологиялық қатынасты заң тəртібімен реттеу бірлігінде. Қазақстан Республикасының «Қоршаған табиғи ортаны қорғау » заңына сəйкес, осы нормативтер тобына зиянды заттектердің шекті рауалы концентрациялар (ШРК немесе ШРМ) нормативтерін, радиация, шу, діріл, магнит өрістері əсерінің шекті рауалы деңгейлер (ШРД) нормативтерін, зиянды заттектердің тағамдық өнімдердегі шекті рауалы қалдық мөлшерлер (көкөністегі нитраттар, ауыз судағы тұздар) нормативтерін жатқызуға болады.

Наши рекомендации