Homo туыстастығының эволюциясы
Саналы адам -
(лат. Homo sapiens; кейде Хомо Сапиенс деп айтылады - Сүтқоректілер класының Приматтар отрядының гоминидтер тұқымдасының Адамдар тегінің жалғыз биологиялық түрі.
Ислам бойынша Адамды Алла тағала топырақтан жаратқан. Батыс елдерінде әлі қара-қайшылыққа толы эволюциялық теориясын ұстанады, оған сәйкес адам — тірі жүйелер эволюциясының дамуының ең жоғарғы сатысы.
Адамның табиғаты және жаратылысы осы күнге дейін философиялық және діни атыстың негізгі тақырыбы болып келе жатыр.
Ағылшын ғылымы Чарльз Дарвин 1871 ж. шыққан «Адамның тегі және жыныстық сұрыпталу» деген еңбегінде: «Адам жануарлар әлемінің эволюциялық дамуы нәтижесінде пайда болды», — деп дәлелдеген.
Шебер адам (лат. Homo habilis) — еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.
Бұл көне адамдар түрі шамамен бұдан 1,2-1,6 млн жыл бұрын пайда болды. Питекантроптар Африка шегінен шығып, адамдардың таралу аймағын кеңейтіп, Еуропа және Азияға орналасты. Олар біртіндеп өзгере және әбден жетіліп, миллиондаған жылдардан астам өмір сүрді. Бұдан түр бәсекелестікте төтеп бере алмай, тіршілік үшін күресте жеңіліс тапты деуге болмайды. Ол көне адамдардың едәуір алға басқан түрлері неандерталдықтарға бастама болды.
Кәдімгідей тік жүруге байланысты питекантроптардың каңқасында маңызды өзгерістер болды. Аяқ басында күмбезпайда болды. Жамбас пішіні табақка көбірек ұқсас бола бастады. Питекантроптар шапшаң жүріп, алыстау қашықтықка жете алды. Осыған орай питекантроптар homo erectus немесе тік жүретін адам деп аталды.
Австралопитек (лат. «australis» — оңтүстік, грек, «pitekos» — маймыл) — адамның арғы тегі. Австралопитекдің қаңқалары алғаш 1924 ж. Оңтүстік Африкадағы Калахари шөлінде, Таунгс маңынан табылған. Кейін Шығыс және Ортлық Африканың басқа да жерлерінен бас сүйек қалдықтары табылды. Австралопитектерді ағылшын ғалымдары Р. Дарт (1924 ж.), М. Лики, Л. Лики (1959—1962 ж.), американ антропологтары Д. Джохансон, М. Иди (1959—1962 ж.) зерттеген. Австралопитектің бойлары аласа, бас сүйегі мен миы шағындау (500—600 см³), жақ сүйектері үлкен, көздерінің айналасы шұңқыр, мандайы кең, саусақтары ұстауға икемді болған.
Бұл ретте егер hомо сапиенс биологиялық эволюционизм заңдылықтарының негізінде дамымаған болса, қалайша кроманьондықтар соншалықты морфологиялық түрлі нәсілдерге ажырап кетті деген сауал туындайды. Мәселе мынада: қара тері ультрафиолеттік нұрланудан жақсырақ қорғайды, ал ақ түсті тері – Д витаминнің синтезденуін қамтамасыз етеді. Қара тәнділер мен ақ түсті адамдардың айырмашылықтарын осымен түсіндіруге болады. Дарвин адамдық нәсілдерді қалыптастыруда жыныстық сұрыпталу анықтаушы рөл атқарады деп есептеген. Бұл тұрғыда Я.Я.Рогинский мен М.Г.Левин «алғашқы қауымдық қоғамдағы ең күшті еркектер ең сүйкімді әйелдерді өздеріне таңдап алған. Мұндай ер адамдардың ұрпақтары көп санды болған. Ақырында, жыныстық сұрыпталудың нәтижесінде тайпа типі қалыптасқан болуы керек» – деп, болжамдайды[3].
Жаңа заманда қоршаған ортаға тәуелді болмастан өмір сүрген адамдардың жиынтықталған нәсілдік белгілерінің бейімделу үшін маңызы болмай қалды. Алайда, этникалық өздік сана мен жыныстық сұрыпталу үдерістері жинақталған биологиялық айырмашылықтардың араласуына жол бермеді. Табиғи сұрыпталу тек мемлекеттік құрылымның қалыптасуына байланысты ғана рөлін жоғалта бастаған. Адамның саналы және мақсатқа қаратылған еңбегінің де маңызы зор болды. Сонымен, зерттеушілер бастапқы замандарда ғана табиғи және жыныстық сұрыпталу әсерінің әжептәуір болғандығын мойындайды. Айта кету керек, адамзат биологиялық тіршілік иесі болғандықтан, табиғатпен байланысын үзген жоқ. Сонымен бірге адам баласы саналы тіршілік иесі болғандықтан, моралдық қасиеттерін жоғалтпауы тиіс. Табиғат технократтық даңғойлықты кешірмейді. «Бейімділікке қабілет танытпаған нәсілдерді» жоюға қаратылған ресми мемлекеттік саясат та, қанауды ақтау үшін еңбек жазған ғалымдар (Спенсер) да әлеуметтік дарвинизм тұжырымдамасын ту етіп көтеруде.
32.Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды сипаттаңыз(филогенез)
Адам ағзасы басқа тірі ағзалар сияқты өзінің биологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылады. Осы арқылы ағза өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап отырады. Адам ағзасы өз қажетін қанағаттандыру үшін үнемі тамақтанады, тыныс алады және т.б. Соған байланысты өседі, дамиды және тіршілігін жалғастырады. Адам қоғамдағы өз мінез-құлығы аркылы әлеуметтік және рухани қажетін қанағаттандырады. Мұндай қажеттіктерге еңбек етуі, білім алуы, шығармашылық жұмысы, білгенін басқаларға үйретуі және т.б. жатады. Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін міндетті түрде алдына мақсат қояды. Ішкі сезімге беріліп, ойлайды, қиялданады, есіне түсіреді. Мұның бәрі әр адамның жеке ішкі сезімі арқылы миында алдын ала бейнеленеді. Бұлар адамның психикасына тән қасиеттер. И. М. Сеченов адам психикасы мен жоғары жүйке қызметінің рефлекстік сипатының ұқсастығына ерекше мән берді. Психология ғылымының физиологиямен өте тығыз байланысты екенін атап көрсетті.
Әрбір адам белгілі бір әлеуметтік ортада тіршілік ететіндіктен, сол ортаның тыныс-тіршілігімен санасады. Адам қоғамда басқа адамдармен қарым-қатынас жасамай, өмір сүре алмайды. Отбасында, ұжымда, қоғамда тіршілік етіп, сол аркылы психикасы қалыптасады. Осындай қарым-қатынастың нәтижесінде әрбір адам жеке тұлға ретінде өмір сүреді. Адамның психикасының қалыптасуында сөздің де маңызы зор. Өз қажетін қанағаттандыру мақсатында қалыптасқан күрделі психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығы - мінез-құлықты білдіреді
Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология (гр. «еtһоs» - мінез, «logos» - ілім) дейді. Рефлекс — жүйке қызметінің негізі, оның түрлері. Адам денесіндегі барлық тіршілік үдерістердің тікелей жүйке жүйесінің басқаруымен жүретіні өздеріңе белгілі (жүйке жүйесін, рефлексті естеріңе түсіріңдер). Ағзаға сыртқы және ішкі ортаның өзгерістері тітіркендіргіш ретінде әсер етіп, рефлекс пайда болады. Рефлекс арқылы ағза үнемі өзгеріп тұратын сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. Ішкі мүшелермен мүшелер жүйелері қызметтерінің үйлесімді жүруі рефлекс арқылы реттеледі. Рефлекс кезінде үлкен ми сыңарларының қыртысында сыртқы және ішкі ортадан келетін тітіркендіргіштердің әсері талданады. Рефлекс ұғымын ғылымға алғаш рет еңгізген француз ғалымы - Р.Декарт (1596-1650).
Рефлекстерді шығу тегіне сәйкес шартсыз жөне шартты рефлекстер деп екі топқа бөледі. Шартсыз рефлекс орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері (жұлын, сопақша, ортаңғы ми, мишық) арқылы жүзеге асады. Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары алып тасталған жануарларда шартсыз рефлекс сақталады. Шартсыз рефлекстер адамның жасына сәйкес үнемі өзгеріп отырады. Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бірімен-бірі байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы - түйсік - инстинкт (лат. «instictus» - түйсіну) деп аталады. Түйсік - едәуір күрделі мінез-құлықтың бір түрі. Түйсік көбінесе топтасып тіршілік ететін бунақденелілерде де айқын байқалады. Түйсік арқылы ағзаның ішкі ортасының қажеті қанағаттандырылады.
33 Адамның жеке басының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды атаңыз (онтогенез)
Адмның жеке басының дамуындағы биологиялық факторлармен әлеуметтік факторлардың алатын орны мен рөлі жайлы түрліше пікірлер болад және қазір де бар. Мәселен: Ч. Дарвиннің Ілімін насихаттауда көп еңбек сіңірген неміс биологы Геккель адам мен қоғамның дамуын негізінен анықтаушы биологиялық фаторлар, ал қоғам дамуымен адам эволюциясының қозғаушы күші тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу деп есептеді. Сондықтанда дәл осындай қөзқарасқа негізделген әлеуметтік дарвинизмнің тууын көбінесе Геккельдің есімімен байланыстырады.
1869ж. Евгеника ілімінің принциптерінің тұңғыш тұжырымдаған Ф. Гальтон деген Дарвиннің немере інісі екенін жоғарыда ескрткенбіз. Сол Гальтон адамның болашақ ұрпақтарының тұқым қуалаушы сапаларын (денсаулығын, дарындылығын,ақыл-ой қабілеттерін) жақсартуға әсерін тигізетін факторларды зерттеуді ұсынды. Сонымен бірге озат ойлы ғалымдар евгениканың алдына гуманистік мақсаттар қойған болатын бірақ оның идеялары көп жағдайларда нәсілшілдікті, атап айтқанда фашистік нәсілшілдік атап айтқанда фашистік нәсілшілдік теорияларды актау үшін пайдаланылады. Қазіргі заманғы ғылымда евгениканың көптеген проблемалары, медициналық генетика саласында шешімін табуда.
Фашизм жеңілгеннен кейін түрлі нәсілдердің өзара қосылысуы зиянды болуы былай тұрсын, қайта биологиялық жағынан пайдалы екендігін дәлелдеген еңбектер щыға бастады. 1950 және 1951 жылдары ЮНЕСКО-ның барлық нәсілдерінің теңдігін жариялаған Мәлемдерінің зор иаңызы болды, өйткені оларда түрлі нәсілдердің ақыл-ой қабілетінің әр-түрлі екндігін көрсететін ғылыми мәлеметтері жоқ екендігі, сондықтан нәсіл аралық неке қауіпсіз екені айтылған.
Дегенмен, түрлі нәсілдер арасында түрлі генетикалық айырмащылықтар бар, негрлердің ақыл-ой коэфиценті төмен, өйткні ақыл-ой қабілетінің коэфиценті тұқым қуалау арқылы, нәсілі арқылы анықталады деп насихаттаушы еңбектер әліге дейін шығуда. Шындығында, нағыз ғылыми, жан-жақтыда терең зерттелген еңбектер генотиптің ерекшеліктері нәсілдік деңгейде емес, жеке адамдық деңгейде көрінетінін дәлелдеді. Әрбір адамның генотипі — әр-түрлі, ерекше (тек бір ұрықтас егіздерде ғана генотип бірдей болады). Ақыл-ой коэфицентіндегі айырмашылық тек тұқым құалауға байланысты емес, сыртқы орта жағдайларына да байланысты. Р. Иннес деген белгілі қоғамдық негр қайраткері дамыған индустриялуық Солтүстік АҚШ-тың негірлерінің және дамымаған ауыл шаруашылықты Оңтүстік АҚШ-тың ақ нәсілдерінің ақыл-ой қабілетінің деңгейі жоғары екні анықталған. Фенотип –организмнің жеке даму барысында қалыптасқан барлық қасиет, белгілерінің жиынтығы.
Фенотип организмнің дамуы іске асатын сыртқы ортамен өзара әрекеттесуіне байланысты айқындалады. Генотиптен фенотиптің айырмашылығы сол, фенотип организмнің бүкіл өмір бойында өзгереді. Сөйтіп, фенотип генотиппен сыртқы ортадан тәуелді болады. Бұл ұрықтас егіздердегідей, бірдей генотиптер түрліше ортаға тап болса, түрліше фенотиптер беруі мүмкін. Фенотипке әсер ететін факторлардың бәрін ескере отырып, адамның фенотипін құратын бірнеше элементтерді атауға болады:
А) гендерде хабарланған биологиялық нышандар;
ә) табиғи және әлеуметтік орта;
б) жеке адамның іс-әрекеті ;
в) ақыл-ой (сана, ойлау).
Адамның фенотипінің құрылысы күрделі екендігін негізге ала отырып, жоғарыда аталған евгеника ғылымының пәні тек бірінші ғана элемент екенін, яғни гендердегі биологиялық нышандар ғана екенін атап көрсеткен жөн. Евгениканың өкілдері дәл осы биологиялық факторды асыра дәріптейді. Фенотиптің әлеуметтік факторлары олардың назарынан мүлдем тыс қалған. Бұл теорияны жақтаушылардың қателігі міне осында жатыр.
Тұқым қуалау мен ортаның адам дамуындағы өзара қарым-қатынасы дам өмірінің бүкіл өнбойында болады. Алайда организмнің қалыптасу кезеңдерінде: ұрықтың өсіп-өнуі, баланың емшектегі кезінде, сәбилік, балалық, жас өспірімдік кездерінде оның маңызы ерекше болады. Міне дәл осы кезеңдерде адам тұлғасының қалыптасуы мен дамуы айрықша күшті болады.
Тұқым қуалау организмі қандай болуы мүмкін екенін анықтайды, бірақ адам екі фактордың-тұқым қуалаудың да, ортаның да бір мезгілде бірдей әсер етуі нәтижесінде дамиды. Адамның бейімбелуі тұқым қуалаудыың екі программасының: биологиялық және әлеуметтік програмалардың әсерінен жүзеге асатыны көпшілік мойындайтын ақиқатқа айналады. Кез-келген жеке адамның барлық қасиеттерімен белгілері, сонымен оның генотипі мен ортаның өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табыладыекен, тек қанының группасы, саусақ таңбалары сияқты биологиялық қасиеттері ғана ортаның әсеріне көнбейді. Сондықтан әрбір адам әрі табиғаттың бөлігі, әрі қоғамдық дамудың жемісі.