Iv науқастың өмір тарихы
Ауру тарихы
Орындаған:Әбілқасым Ж
6/100топ
Қабылдаған:Абдахина Б.Б
I.Паспорт бөлімі
Аты-жөні:Момбеков Айдар Алимкулович
Жасы: 49
Жынысы:ер
Білімі:орташа
Мамандығы:құрылысшы
Қызмет бабы мен жұмыс орны:жұмыссыз
Аурудың мекен-жайы:Астана қаласы,Сарыарқа ауданы, Автопарк 1/ 210
II. Аурудың шағымдары
Негізгі:Жеңіл физикалық жүктемеден кейінгі және тыныштық жағдайында ентікпе,көбіне таңғы уақытта ауыз толтырып шырышты,ақшыл,иіссіз қақырықтың бөлінуі,жиі таңғы уақытта және күні бойы қақырық аралас жөтел,сол жақ кеуде клеткасының жөтелгенде және дем шығарғанда күшейе түсетін шаншып ауруы .
Қосымша:Жүргенде бас айналуы,жалпы әлсіздік,шаршағыштық,түңгі уақыттағы тершеңдік,түңгі мезгілде дене температурасының 38.1С көтерілуі
III Қазіргі ауру тарихы
1.Ең алғаш ауру көріністері 2011 жылы басталған.Жеңіл физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентікпеге,ақшыл шырышты қақырықпен жөтелдің күшейгенін байқағаннан кейін өзін 4 жыл көлемінде ауру санайды.Аурудың пайда болу себебін ұзақ темекі тарту(22 жыл) және кәсібінің түрімен байланыстырады.
2. Науқас аталған шағымдармен тұратын жеріне байланысты емханадағы участкелік дәрігерге көрінген.Ол кезде оған “созылмалы обструктивті бронхит”диагнозы қойылып,сәйкесінше ем жүргізілген.2013 жылы ентікпе көріністері қайта пайда болған соң,емханаға көрінген.Эуфиллин,преднизалон,гентамицин қабылдаған.Терапия оң нәтиже беріп,шағымдары шамалы уақытқа азайған.2014 жылы Астана қаласындағы №2 қалалық балалар аруханасы жанынан ашылған емханада “Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы”диагнозымен D учетта тұр.07.12.2015 күні жоғарыда көрсетілген симптомдар күшейе түсіп,науқас жедел жәрдеммен”Орталық Темір жол ауруханасына”жеткізілді.
IV Науқастың өмір тарихы
1.Науқас 26.11.1966 жылы Жамбыл облысы,Шу ауданында дүниеге келген.
2.Әлеуметтік тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық,4 баланың тұңғышы.Науқастың дамуы және жетілуі жасына сәйкес.
3.1985-1987 жылдар аралығында Мәскеу облысы,Пушкинский ауданында әскери борышын өтеген.
4.Үйленген,1 ұлы бар, ұлының дені сау.Еңбек жолын 1987 жылы құрылысшы қызметінен бастаған,Науқастың жұмысы ауыр физикалық жүктемемен болған,күнделікті ашық ауада және стабильді емес тәртіпке байланысты суық тигізу жағдайлары жиі болған.Қазіргі таңда жұмыссыз..
5. Әкесі бронхиальді астмамен ауырған.
6.Тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық,жер үйде тұрады.Тамақтануында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ.Спортпен шұғылданбайды.
7.Денсаулыққа зиянды әдеттер:22 жыл көлемінде темекі тартады,күніне 1 қорап темекі.Алкогольді ішімдіктерді қазіргі таңда қабылдамайды.
8.Жұқпалы аурулардан 2008 жылы туберкулезді басынан кешірген.Басқа: мерез,соз,гепатит және т.б инф.аурулармен ауырмаған. Профилактикалық егулер уақытылы жүргізілген және оларға қарсы аллергиялық реакциялар болмаған.Қан,плазма,қан алмастырғыш заттар құйылмаған.
V Науқастың қазіргі жағдайы
1. Жалпы қарау
Науқастың сана-сезімі анық.
Төсектегі қалпы белсенді,жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Дене құрылысы нормостениялық,бойы 174см,салмағы 63 кг,дене қызуы 36.5С.
Терісінің түсі таза, тері асты тамырлары кеңеймеген.Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған,пальпациялағанда ауырмайды.
2. Дененің жеке бөлімдерін қарау
Бастың формасы дұрыс пішінді, Бет терісі қызарыңқы.Қабақтарының түсі ақшыл қызыл түсте.Көз формасы дұрыс.Жарыққа реакциясы сақталған.Мұрын формасы өзгермеген.Еріндері симметриялы,еріннің түсі қызғылт.
Ауыз қуысында иіс жоқ,таңдайы қызғылт.Тістері бүтін,тілі ылғалды. Қалқанша безі көлемі ұлғаймаған,пальпациялағанда ауырмайды.
Бұлшықет дамуы жақсы,пальпациялағанда ауырсыну белгілері жоқ,күші сақталған.
Сүйек жүйесі:деформациялар жоқ.Буындар пішіні дұрыс,ісіктер,тері гиперемиялары жоқ.
3. Тыныс мүшелерін қарау
Кеуде сарайы бөшке тәріздес,симметриялы,кеуденің екі жағы дем алуға бірдей қатысады,қосымша бұлшықеттер тыныс алуға қатыспайды. Тыныс алу түрі құрсақтық.Демікпе экспираторлық.ТАЖ мин 18рет
Пальпациялағанда:ауырсыну жоқ,эластикалы.
4. Өкпе перкуссиясы
Салыстырмалы перкуссия:өепенің барлық беткейінде перкуссиялық дыбыс- қораптық оттенокпен.
Топографиялық перкуссия
Өкпе ұшының биіктігі алдынан | Бұғанадан 3 см | Бұғанадан 3 см |
Өкпе ұшының биіктігі артынан | Мойын омыртқасынан 1см төмен | Мойын омыртқасынан 1см төмен |
Өкпенің төменгі шекарасы | Оң жақтан | Сол жақтан |
Төс жанындағы сызық | 6 қабырғааралық | ----- |
Бұғана ортасы сызығы | 7 қабырғааралық | ----- |
Қолтықтың алдыңғы сызығы | 8 қабырға | 8 қабырға |
Ортаңғы қолтық сызығы | 8 қабырға | 8 қабырға |
Артқы қолтық сызығы | 9 қабырға | 9 қабырға |
Жауырын сызығы | 11 қабырға | 11 қабырға |
Омыртқа жанындағы сызығы | 11 кеуде омыртқасының омыртқа өсіндісі деңгейінде | 11 кеуде омыртқасының омыртқа өсіндісі деңгейінде |
5. ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ:
Кеуде клеткасының симметриялық бөлімдерінде везикулярлық тыныс әлсіреген, тыныс алуы қатты және құрғақ,ысқырықты сырылдар естіледі.