Бейметалдар тобының сомтума минералдары

Дүниедегі ең қатты зат алмас құрамы көміртегінен, ең жұмсақ органикалық нәзік заттар да сол көміртегінен тұрады.

Бейметалдар тобының сомтума минералдары - student2.ru Алмас С. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Жоғарғы қаттылық және алмасша жылтырлық, кристалл пішіндері октаэдрлік, ромбододекаэдрлік және тетраэдлік (1 – суретке сәйкес).

Бейметалдар тобының сомтума минералдары - student2.ru Бейметалдар тобының сомтума минералдары - student2.ru Бейметалдар тобының сомтума минералдары - student2.ru Бейметалдар тобының сомтума минералдары - student2.ru

1 2 а б 3 4

1 – сурет. Алмас пен графит кристалдарының пішіндері

Алмас: октаэдрлік (1), ромбододекаэдрлік (2, а), тетраэдлік (2, б); графиттің алты бұрышты пластинкалары (3-4)

Генезисі (жаратылысы). Алмастың түпкі кенорындары аса негізді сілтілі магмалық таужыныстарымен, яғни кимберлиттер және лампроиттермен байланысты. Метеориттерде, импактиттерде, гнейстерде кездеседі. Жер бетінде шашылымдарда алмас, құрамында алмас бар таужыныстардың мору қабаттарынан пайда болады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Пироп, ильменит, оливин, флогопит, серпентин және хромит.

Қолдануы. Өте мөлдір алмастар асыл тастар ретінде, зергерлік істе гаухарлар жасауға пайдаланады. Алмастың ұсақ түрлері техника саласында қолданады. Металл және тас өңдеу жұмыстарында, түрпілі материал ретінде техникалық алмастың борт, баллас, карбонадо түрлері пайдаланады.

Бейметалдар тобының сомтума минералдары - student2.ru Графит С. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Түсінен, кристалдардың пластинкалы пішінінен (1 – суретке сәйкес) оңай танылады, каттылығы төмен және қолға майлы болып келеді, қағазға жазады. Ұқсас молибдениттен темірдей қара түсімен және әлсіз жылтырлығымен айырылады.

Генезисі (жаратылысы). Графиттің тегі магмалық (пегматиттерде), пневматолитті (кварцты және пегматитті желілерде) және метаморфты (кристалдық тақтатастарда, гнейстерде және мәрмәрларда). Метеориттердің акцессор минералы болады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Кварц, дала шпаттары, мусковит, тас көмірлер мен битумдар және т.б.

Қолдануы. Графиттің пайдалану өрісі өте кең. Ол арнайы ыдыстар, химиялық тигельдар, электродтар, қарындаш грифельдері, электротехникалық және резеңке, бояу өндірістерінде, механизмдердің үйкеліс бөліктер аралығын майлау және т.б. кеңінен қолданады.

Бейметалдар тобының сомтума минералдары - student2.ru Күкірт S. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Жарқыраған-сары түсімен, кристалдар дипирамидалық, қиылған дипирамидалық және сфеноэдрлік пішіндерімен (2 – суретке сәйкес), жақтарындағы алмасша жылтырлығымен және морттылығымен оңай анықталады.

Бейметалдар тобының сомтума минералдары - student2.ru Бейметалдар тобының сомтума минералдары - student2.ru Бейметалдар тобының сомтума минералдары - student2.ru Бейметалдар тобының сомтума минералдары - student2.ru Бейметалдар тобының сомтума минералдары - student2.ru

1 а б в 2 а б 3

2 – сурет. Күкірт пен сульфидтер кристалдарының пішіндері

1) күкіртің кристалдары: а – дипирамидалық, б – қиылған дипирамидалық,

в – сфеноэдрлік; 2) халькозиннің кристалдары: а – призмалық, б- гексагондық;

3) галениттің кубтық кристалдары

Генезисі (жаратылысы).Жанартаулық жаратылысты күкірт газдармен, биогенді-шөгіндік, және битумды таужыныстармен байланысты, тағы да гипс құрамды қабаттарда және сульфидті кенорындарының тотыққан белдемдерінде пайда болады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Жанартаулық күкірттің: реальгар, аурипигмент, гематит, гипс және цеолиттер. Биогендік-шөгінді күкірттің – гипс, ангидрит, арагонит, кальцит.

Қолдануы. Күкірт қышқылын дайындау өндірісінде, сіріңке, бояулар, резеңке, желім, қағаз, тері өңдеу өнеркәсіптерінде, ауыл шаруашылығында (зиянкестермен күресуге) пайдаланады.

Әдебиеттер:[1, с. 160-205].

Наши рекомендации