Шалхарова Жанат Нагметовна – м.ғ.д., профессор

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Арнайы клиникалық пәндер кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Медициналық білім беру

басқармасының басшысы,

м.ғ.к.

_________ У.Б.Татыкаева

«__»________2016 жыл

КЛИНИКАЛЫҚ БИОХИМИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША

С И Л Л А Б У С

Пән коды – КВ-501

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Жалпы сағат көлемі: 45 сағат

Тәжірибелік сабақтар: 30 сағат

Студенттердің өзіндік жұмысы: 15 сағат

Курс: V

Семестр: IX, X

Диф.сынақ: IX, X

Түркістан -2016

Силлабус "Жалпы медицина" мамандығының 01.12.2006 ж. №582 бұйрықпен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және университет Сенатымен (26.06.2013 жылы №6 хаттамасы) бекітілген негізі оқу жоспары негізінде ҚР ДСМ (№11 хаттама, 14.06.2007 ж.) "Медициналық және фармацевттік жоғары оқу орындарының университеттегі медицина факультеттерінің кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды өңдеу" бойынша №6 нұсқау хат талаптарына сәйкес дайындалған жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.

Силлабус «Арнайы клиникалық пәндер»кафедра мәжілісінде талқыланған.

Хаттама № ____, «____»_____2016 ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. _____________ Г.О. Нұсқабаева

Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.

Хаттама №____ «____» _____________ 2016 ж.

Комитет төрайымы _____________ оқытушы У. М. Амирешова

Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.

Хаттама №____ «____» _____________ 2016 ж.

Комитет төрайымы ______________ магистр- окытушы К. Б. Бураева

Оқытушылар туралы мәлімет

Шалхарова Жанат Нагметовна – м.ғ.д., профессор

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Популяциялық медицина. Аурулардың биохимиялық себептері. Метаболикалық синдром. Емнің биохимиялық тиімділігін бағалау».

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 120 жарияланымдар, оның ішінде 10 оқу-әдістемелік құрал.

Байланысу ақпараты:ЮКО, г.Туркестан, ул. Б.Саттарханов, медицина факультеті, арнайы клиникалық пәндер кафедрасы, кабинет 129

Тел. 8-701-3163410

E-mail: [email protected]

2. Садықова Қарлығаш Жарылқасыновна– магистр-оқытушы, 3-курс докторанты

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы «Популяциялық медицина. Метаболизмдік синдром кезіндегі темір алмасу ерекшеліктері».

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 40 жарияланымдар, оның ішінде 13 оқу-әдістемелік құрал.

Байланысу ақпараты:ЮКО, г.Туркестан, ул. Б.Саттарханов, медицина факультеті, арнайы клиникалық пәндер кафедрасы, кабинет 129

Тел. 8-702-865 4911

8-708-9316476

E-mail: [email protected]

3. Скендерова Шахиста Уалихановна –оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы «Емнің биохимиялық тиімділігін бағалау».

Байланысу ақпараты:ЮКО, г.Туркестан, ул. Б.Саттарханов, медицина факультеті, арнайы клиникалық пәндер кафедрасы, кабинет 129

Тел. 8 775 167 6568; e-mail: [email protected]

Байланысу ақпараты: Арнайы клиинкалық пәндер кафедрасы бас ғимараттың №251 аудиториясында орналасқан. Оқу бөлмесі - ХҚТУ клиникасының № 243 аудиториясы.Телефоны: +77787116922, 8(32533)-6-36-36, ішкі-12-96

2. Пәннің саясаты:

Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау ағымдық (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

Бағдарлама

Кіріспе

Клиникалық биохимия – биохимиялық процессті рөлін және патологияның даму сатысын зерттейтін ғылым. Клиникалық биохимия – физиология және патология жағдайының өзара байланысатын заңдылықтарын оқытады, биологиялық сұйықтықтардың және клетка құрылымдарының жағдайының өзгеруі.

Келешек дәрігерлер биологиялық химия пәнін оқып үйрене отырып тірі организмде, яғни клеткаларда, ткандерде және органдарда жүріп отыратын негізгі процестерді және патологиялық жағдайда клеткадағы метаболизмдердің өзгеру себептерін тереңдете білім алу мүмкіншілігімен бағаланады. Биологиялық химия пәні келешек дәрігер дұрыс меңгеруіне байланысты, клеткадағы бүкіл метаболизмдегі биохимиялық информациялық әдістерді тереңдете меңгере отырып, аурудың дұрыс диагнозын қойып, оны дұрыс емдеу жолдарын оқып үйренеді.

Курс ХҚТУ медициналық білім беру аясындағы төмендегі құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған:

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзыреттіліктер Салыстырылмалы үлестірілімі
Б.1.1. ҒАЛЫМ-ЗЕРТТЕУШІ (1) - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық , клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады.   0,4
Б.2.2 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ: науқастардың лабораториялық зерттеу жоспарын тағайындау, биохимиялық зерттеу нәтижелерін оқу және интерпретациялау, дифференциальды диагностика жасау, диагноз қою, емдеу жоспарын жасап әр түрлі жағдайлардағы патологияларды ескере отырып оның тиімділігін анықтау үшін биохимиялық негіздерін қолдану секілді дағдыларды көрсете біледі   0,5
Б.2.5. ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) ПРОФИЛАКТИКА ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯ: аурудың алдын алу мен реабилитация қағидаларын түсінеді.   0,1

2.2. Пәннің мақсаты:студенттер диагноз қою және емнің тиімділігін анықтау үшін биохимиялық негіздерін қолдануын дамыту.

2.3. Пәннің міндеттері:

- нормада және патологиялық жағдайда метоболикалық процесстер туралы заманауи ұғым қалыптастыру;

- студенттерді негізгі биохимиялық зерттеу тәсілдерімен таныстыру;

- диагноз қою және емнің тиімділігін анықтау үшін биохимиялық зерттелерді дұрыс тағайындауды және олардың нәтижелерін сауатты талдауды және тұжырымдауды үйрету;

- студенттерде ғылыми және клиникалық ойлау қабілетін дамыту үшін жеке әдебиеттермен таныстыру.

2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелерінің жалпы көлемі:

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзіреттіліктер Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі)
Б1.1.   ҒАЛЫМ,ЗЕРТТЕУШІ (1)   БІЛІМІН ҚОЛДАНУ Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды: адам организмін-дегі биологиялық сұйықтықтағы негізгі биологиялық константа-лардың қалыпты мөлшерін және патологиялық көрсеткіштерін есте сақтайды; Түсінеді:органикалық қосылыстар-дың және зат алмасу процестерінің реттелуін, физиологиялық функция-ларын, процестердің бұзылу себептерін түсінеді; Қолданады:биологиялық материал-дармен жұмыс жасаған кезде (қан, несеп, асқазан сөлін анықтау) техникалық қауіпсіздік шараларын қолданады; Дағдылар (психомоторлы) домені: Манипуляция: тақырыпқа сәйкес білімін пысықтап, әдеби деректерді дұрыс пайдаланып және жаңалықтарды ғылыми тұрғыда дәлдікпен тұжырымдай алады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: биохимиялық мәліметтерді іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтарды құндылықты үлестіреді.  
Б2.2   ДӘРІГЕР–КЛИНИЦИСТ(1)   НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ Білім (когнитивті) домені: Түсінеді: аурулардың биохимиялық негіздерін түсінеді. Қолданады: науқастың организміндегі паталогиялық өзгерістерді болжап, тиісті зерттеулерді қолдана алады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: биохимиялық анализді интерпретациясын дәлдікпен жасау. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді:студенттер диагноз қоюға керекті анализдерді дұрыс оқи алады және келешек дәрігер ретінде білімін көрсете алады.
Б 2.5   ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1)   ПРОФИЛАКТИКА ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯ Білім (когнитивті) домені: Қолданады: метаболизмдік процес-тердің бұзылысымен сипатталатын аурулардың алдын алуда скринингтік биохимиялық лабораториялық зерттеулердің нәтижелерін профилактикалық жоспар құруда қолданады; салауатты өмір салты принциптерін қалыптастырудағы білімдерін қолданады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді және үйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үлестіре отырып, дұрыс профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырады.

Оқытудың нәтежелері:

Студент білу керек:

- көмірсулардың метаболизмін; қант диабеті дамуының биохимиялық негіздерін;

- липидтік алмасуын және атеросклерозда дамытатын механизмдері. Дислипидемияның диагностикасы және коррекциясы;

- ақуыз алмасу; жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушіліктің биохимиялық негіздері;

- күрделі ақуыздардың метаболизмі; гиперурикемияның диагностикалық маңызы; гипербилирубинемия және сарғаю жағдайлары;

- қан мен несептің биохимиясы.

Студент жасай білу керек:

- науқасты зерттеу жоспарын анализдерді сауатты тағайындау;

- диагноз қою және емнің тиімділігін анықтау үшін биохимиялық анализдерді қолдану;

- медициналық ғылыми әдебиетпен және интернет жүйелерімен жұмыс жасау;

- салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыруға бағытталған шараларды өткізу.

Наши рекомендации