Ыныс мүшесін тексеру.
І. Паспорттық бөлім.
Аты-жөні: БАлтынбек Абай Ерланұлы
Жасы: 17.10.1992 ж (24 жас)
Жынысы: ер
Қызмет бабы мен жұмыс орны: қатардағы жауынгер
Мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс 79\1-65
Түскен күні: 23.11.2016 ж сағ 10:12
Түскен кездегі диагноз: Асқазан жарасы ауруы.
ІІ. Түскен кездегі шағымдары
Науқас тамақтан кейін және аш қарынға, түнде асқазан маңы күйдіріп,қысып, шаншып ауырсынуына, ұзақтығы 15-20 минут, өздігінен басылатын, терісінде ұсақ, қызғылт бөртпелер шығып, қышынуына, жалпы әлсіздік, бас айналу, тітіркендіргіштікке шағымданып түсті.
ІІІ. Ауру анамезі
Науқас өзін 2-3 апта көлемінде аурумын деп есептейді.Барлығы асқазан маңы ауырсынуынан басталған. Асқазан маңы аздап ауырсынуына біршама уақыт болған ( 2-3 апта көлемінде, нақты уақытын білмейді). Ауырсынулар аллергиядан кейін басталған. Денесінде өздігінен кетіп қалатын, майлы, қуырылған немесе тұздалған (кәуеп, чипс, тұздалған қызанақ), жеңіл дайындалатын тамақ жегенде пайда болады. 4-5 күннен соң өздігінен кетеді. Ұсақ, қызғылт нүктелі дақтар. 2-3 апта алдын бөртпелер шыққаннан кейін іші тұсы ауырсынуы күшейген. , жылы немесе ыстық шәй, тамақ ішкеннен соң басылған. Ауырсынулар аптасына 2-3 рет қайталанған. Сол себепті 16.11.2016 ж ІІМ емханасына қаралған. Мұнда терапевт ЭФГДС-ке жолдама берген. 18.11.2016 ж ЭФГДС-ке түскен. Қорытындысы: өңеш өтімді, кілегей қабаты қызғылт түсті, кардия толық жабылады. Асқазанда мөлдір сілекей көп, өт аралаас. Барлық бөлімнің кілегей қабаты қызғылт, жылтыр. Қақпа ашық, өтімді. Он екі елі ішек: алдыңғы қабырғасында каллезды ойыцқ жара, диаметрі 0,6 х0,7 см , түбінде фибрин. Ұйғарым: Он екі елі ішек пиязшығының ойық жарасы. Сонымен қатар емханада дератолог та қараған. Осы себептер нәтижесінде, емдеу мақастында , жоспарлы түрде ІІМ ауруханасына жолданған. Емханаға қаралар алдында ешқайда тексерілмеген, өздігінен ем қабылдамаған.
ІҮ. Өмір тарихы
Науқас 17.10.1992 жылы ОңҚО, Сарыағаш ауданы, Абай ауылында аудандық перзентханада дүнеге келген. Отбасында 6 перзенттің үшіншісі ( 5 ұл, 1 қыз). Жасы мен жынысына сай өсіп дамыған. Ауылдағы «50 жылдық» атты орта мектебін 2009 ж аяқтап, Алматыдағы Абай атындағы университетке түсіп, заңтану мамандығы бойынша 2013 ж аяқтаған.2014 ж ҚР ҚК қабылданып, Алматы қаласында қызметтік борышын өтеген. 2016 ж тамыз айынан бастап Астана қаласы Сарыарқа аудандық РУВДда қатардағы қызметкер ретінде жұмысқа қабылданған. Әлеуметтік жағдайы орташа. Тамақтану режимы тұрақты.
Бұрын ауырған аурулары: Туберкулез, гепатит, тері венерологиялық ауруларды теріске шығарады. Анамнезынде 2009 ж – аппендэктомия, 2015 ж- созылмалы есекжем.Өткізілген профилактикалық егулер асқынусыз.
Тұқым қуалау ауруларын теріске шығарады.
Зиянды әдеттері: жоқ .
Аллергологиялық анамнез: Дәрілік және тұрмыстық заттарға бұрын соңды аллергия болмаған.
Мүгедектік: жоқ.
Эпил.айналасы: таза.
Гемотрансфузиялық анамнез: қан құюлар жоқ.
ауқастың жалпы жағдайы (Status preasens).
Есі: анық
Көруі: сақталған.
Естуі: сақталған.
Төсектегі қалпы: белсенді.
Жалпы жағдайы: орташа ауырлық дәрежесі.
Дене құрылысы: конституциясы нормостеник. Бойы 184 см, салмағы 100 кг. ИМТ- 29,5кг\м2 (артық салмақ). Бел өлшемі- 112 см.
Тері және көзге көрінетін шырышты қабаттары: бел аймағында ұсақ нүктелі дақтар, қалған дене бөліктері таза, ашық қызыл түсті .
Тырнақ: түсі өзгермеген, пішіні овал тәрізді. Тырнақтың бетіндегі сызықтары, қатпарлануы, сынғыштығы анықталмайлы.
Шаштың сипаты: жынысы мен жасына сәйкес. Дене түктерінің өсуі орташа. Жанды, ұшталмаған, қалыңдығы орташа.
Перифериялық лимфа түйіндері: ауырсыну сезімі жоқ, ұлғаймаған, пальпацияланбайды.
Перифериялық ісінулер: анықталмайды.
ыныс мүшесін тексеру.
Тыныс алуы мұрын арқылы, еркін. Мұрын формасы қалыпты.
Кеуде сарайын қарау: формасы нормостеник, симметриялы, екі өкпе бірдей тыныс алу актісіне қатысады.Тыныс алу түрі қарындық. Тыныс алу актісіне қосымша бұлшықет қатысуынсыз. Тыныс алу жиілігі минутына 16 рет.
Кеуде сарайын пальпациялау: ауырсыну сезімі жоқ. Эластикалық. Дауыс дірілі екі өкпеге бірдей таралынады.
Өкпе салыстырмалы перкуссиясы: өкпенің барлық аймағында ашық өкпелік дыбыс.
Топографиялық перкуссия өкпе ұшының орналасуы:
Топограф.сызықтар | Оң жақ | Сол жақ |
Алдынан | бұғана үсті шұңқырынан 3 см жоғары | бұғана үсті шұңқырынан 4 см жоғары |
артынан | ҮІІ мойын омыртқасы | ҮІІ мойын омыртқасы |
Өкпенің төменгі шекарасы:
Топограф.сызықтар | Оң жақ | Сол жақ |
парастернальды сызық | Ү қабырғаның жоғарғы қыры | - |
бұғана орта сызығы | ҮІ қабырға аралығы | - |
Алдыңғы қолтық сызығы | ҮІІ қабырға | ҮІІ қабырға |
Ортаңғы қолтық асты сызығы | ҮІІІ қабырға аралықта. | ҮІІІ қабырға аралықта |
Артқы қолтық сызығы | ІХ қабырға аралықты | ІХ қабырға аралықты |
Жауырын сызығы | Х қабырға аралықта. | Х қабырға аралықта. |
Омыртқа маңы сызығы | ХІ кеуде омыртқасының сүйір өсіндісі | ХІ кеуде омыртқасының сүйір өсіндісі |
Өкпе экскурссиясы:
Сызық | Оң жақ | Сол жақ |
Бұғана орта сызығы | ||
Ортаңғы қолтық асты | ||
Жауырын сызығы |
Аускультация: өкпенің барлық аймағында везикулярлық дыбыс.