Эшерихиоздың микробиологиялық диагностикасы.
Микробиологиялық диагноз қою. Жеделдетілген әдіс: РИФ, ИФТ, патогенділік плазмидаларын анықтау.
Зерттеуге арналған негізгі материал - нәжіс, қосымша қан, өт, несеп, дуоденалды бөліндісі, массалары, асқазан шайындысы т.б.
Негізгі әдіс - бактериологиялық әдіс. Эшерихиялардың патогенді түрін патогенсіз түрінен ферментативтік белсенділігіне байланысты ажырату мүмкін емес және біріншілік себіндіде олар біркелкі колониялар түзеді. Сондықтан келесі кезендермен зерттеу жүргізеді.
Бірінші күн. Зерттеу материалы (нәжіс, құсық массалары, несеп, ас тағамдары) Эндо және Плоскирев орталарына себіледі, 37° С температурада 18-24 сағат инкубацияланады.
Екінші күн. Қоректік орталарда өскен колонияларды іріктеп алады, мысалы Эндо ортасында лактоза оң Е.соіі қою - қызыл металша жылтыр немесе жылтыры жоқ ортасы ашық қызғылттау, кейде түссіз шеңбері бар, кейбіреулері жартылай мөлдір колониялар түзеді. Біркелкі колониялардан шамамен 10, әр түрлі болған жағдайда әр түрінен 2-3 колониядан тандап алып поливалентті ОКА сарысуларымен әйнекше бетіне серологиялық агглютинациялық реакция қояды. Серологиялық реакцияда оң нәтиже берген колониялардың жартысынан біріншілік идентификация жасайтын қиғаш агарға ілмекпен себінді жасалады.
Үшінші күн. Қиғаш агардағы өсіндіні сипаттайды, яғни глюкозаны ыдыратуын, газдың болуын, лактозаны ферменттеуін, күкірттісутек түзуін. Глюкозаны қышқыл мен газға дейін ферменттемейтін, лактозаны ферменттейтін немесе ферменттемейтін, күкірттісутек түзбейтін дақылдар Еsсhеrісhіа туыстастығына күмәнді болып келеді. Бүндай дақылдарды әйнекше бетіне ОКА поливалентті сарысуымен қойылатын агглютинациялық реакциямен қайталап тексереді, оң нәтиже берген жағдайда ОКВ, ОКС, ОКД, ОКЕ немесе ОК - иммундыглобулиндерімен тексереді. Оң нәтиже берген дақылдан индолға сынама қойып, жартылай сұйық қоректік ортаға, Симмонс ортасына, мочевиналы ортаға, Гисс ортасына (адонит, инозит, сорбит, рамноза) ілмекпен себеді
Қозғалғыштығын бақылау үшін жартылай сұйық ортаға инелі әдіспен себінді жасайды. Төртінші күні. Себінділерге қортынды жасалады. Е.соіі бөлінген жағдайда серотипін анықтау қсатында серологиялық идентификация жасалады. О және К антигендерді анықтау үшін қиғаш агардағы иіктік дақылды пайдаланады, ОК поливалентті сарысуымен немесе ОК - иммундыглобулинімен оң ке берген дақылдарды топтық ОК жеке сарысуларымен агглютинациялайды. Алғашқы нәтижені жеке К - сарысумен әйнекше бетіне ОК - иммундыглобулинімен (тірі дақыл) немесе топтық адсорбцияланған ■сарысуларымен (100° С 30 минут қыздырылған дақыл) агглютинациялап дәлелдейді. ОК- иммуногло- инімен адсорбцияланған - О сарысуы болмаған жағдайда ОК - топты анықтауды тірі (К - антигенді ~ау үшін) және 100° С температурада 1 сағат қыздырылған (О- антигенді анықтау үшін) дақылмен ықтық (линейный) агглютинация реакциясымен жүргізеді. ОК- топты анықтаған соң қозғалғыш цардың арасынан Н - антигенді агарда иммобилизациялау немесе әйнекше бетіне агглютинациялау істерімен анықтайды.
И.И.Мечников атындағы НИИВС адсорбцияланған О - сарысуларды (И.Н. Улиско) және бір уақытга антигенді әйнекше бетіне агглютинациялап анықтауға арналған сарысулардың рапид - жүйесін ).А.Ратинер) дайындау технологиясы жасалған.
Бесінші күні. Тізбектік агглютинация реакциясының және Н- антигенді агарда иммобилизациялау істерінің нәтижесі ескеріледі. Тірі дақылмен қойылған К - антиденелік ірі мамықты агглютинат немесе здырылған дақылдағы О -антиденелік үсақ дәнді агглютинат бөлінген штамның ОК - топқа лындығын дәлелдейді. Н- антиген агарда иммобилизация болғызған штамның Н - сарысуға сәйкестігін ціреді.
Айқындалған О-, К-, Н- антигендерге байланысты бөлінген штамның серотипі анықталады. Түрішілік идентификация серологиялықтопты анықтауға, яғни шартты-патогенді ішектаяқшаларды іареягенді таяқшалардан ажыратуға мүмкіндік береді; антибиотикограмма жасалады.
Өкінішке орай қазіргі кезде біздің елімізде Е.соlі - дің патогенділік факторларын анықтайтын "рапайым, жеңіл әдістер жоқ.
Балалар мен ересектердің ішектік әшерихиозына диагноз қою үшін зерттеу кешені үйымдастырылуы рек. Соңғы кездері энтерогеморагиялық эшерихияларға көп көңіл бөлініп жүр. Бүл қоздырғышты анықтау пін сорбит қосылған және Н7 - сарысуы қосылған қоректік орталар қолданылады, сонымен бірге ПТР - н анықтайды.
Парентералды эшерихиоздардың қоздырғыштарын анықтау үшін бактериологиялық әдіс цанылады.