Талшықты дәнекер тіндері, олардың түрлері, құрылысы және қызметі.Сіңір- мүше ретінде.
Тығыз талшықты дәнекер тінніңқұрамында көптеген коллаген талшықтары, біраз жасушалық элементтер және олардың арасында аморфты заты болады.
Тығыз талшықты дәнекер тіні талшықты құрылымдардың орналасуына байланысты екiге бөлiнедi:
1. тығыз қалыптаспаған дәнекер тіні
2. тығыз қалыптасқан дәнекер тіні
Тығыз қалыптаспаған дәнекер тінінің талшықтары бағатсыз, ретсiз орналасқан. Ол дерманың торлы қабатында кездеседі. Ал тығыз қалыптасқан дәнекер тіннің талшықтары қатаң бір ретпен орналасқан. Ол сіңірлерде, байламдарда, фиброзды мембраналарда кездеседі.
Сіңір жуан қатарласып орналасқан коллагенді талшықтардан тұрады. Олардың араларында фиброциттер мен фибробластар орналасқан. Фиброциттердің жіңішке өсінділері талшық будаларының арасына еніп, олармен тығыз байланыста болады. Сіңір будаларының фиброциттері сіңір жасушалары – тендиноциттер деп аталады.
Коллагенді талшықтардың әрбір будасы фиброциттер қабатымен бөлініп, бірінші реттік буданы құрайды. Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жұқа қабатымен қоршалған бірінші реттік бірнеше буда екінші қатарлы буданы құрайды. Екінші реттік буданы бөлетін борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жұқа қабаты эндотеноний деп аталады. Кейде үшінші реттік буда сіңірдің өзі болады. Ірі сіңірлерде төртінші реттік буда болуы мүмкін.
Фиброзды мембраналар. Оларға фациялар, шандырлар, диафрагманың сіңірлі орталығы, кейбір мүшелердің капсулалары, мидың қатты қабығы, аталық және аналық бездерінің белокты қабығын және т.б. жатқызады. Фиброзды мембраналарда коллагенді талшықтардың будалары, олардың араларындағы фибробластар мен фиброциттер белгілі бір ретпен бірнеше қатар болып орналасады. Әрбір қабатта толқын тәрізді иілген коллагенді талшықтардың будалары бір бағытта қатарласып жүреді. Фиброзды мембраналарда коллагенді талшықтардан басқа эластикалық талшықтарда болады.
Тіндер жасушалар жүйесі мен оның туындылары ретінде- тірі ағзаның иерархиялық дамуының негізі. Жасушалар тіннің негізгі элементтері. Жасушалық емес құрылымдар – симпласттар, жасуша туындылары, жасуша аралық зат. Бағаналық жасушалар және олардың ерекшеліктері. Дифферондар
Жоғарғы сатыдағы көпжасушалы организмдерде эволюциялық даму нәтижесінде тіндер қалыптасып пайда болды.
Тін – тарихи даму (филогенез) барысында пайда болған құрылысы, атқаратын қызметі және шығу тегі бойынша ұқсас жасушалар мен жасушалық емес (бейжасушалық) құрылымдар тобы.
Кез келген жүйеде оның барлық элементтері кеңістікте белгілі бір ретпен орналаса отырып, бір-бірімен келісімге сай байланыса қызмет атқарады; мұнда жүйе біртұтастығы сақталғанда аталмыш қасиеттерге ие болады, яғни бұл қасиет оның элементтерінің ешқайсына жеке алып қарастырғанда тән емес. Сәйкесінше әрбір тіннің құрылысы мен атқаратын қызметі оны құрайтын жеке жасушалар қасиеттерінің қарапайым жиынтығы болып табылмайды.
Тіндік жүйенің жетекші элементтері жасушалар болып табылады. Мұнда жасушалардан басқа жасушалық туындылар мен жасуша аралық заттар болады.
Жасушалық туындыларға симпластар (мысалы, бұлшық ет талшығы, трофобластың сыртқы бөлігі), синцитий (дамуға ұшырайтын аталық жыныс жасушалары, эмальді мүше пульпасы), сонымен қатар постжасушалық құрылымдар (эритроциттер, тромбоциттер, эпидермистің мүйізделген қабыршақтары және т.б) жатады.
Жасуша аралық заттар негізгі зат пен талшықтарға бөлінеді. Ол золь, гель күйінде немесе минералдандырылған болуы мүмкін.
Көбіне талшықтардың коллогендік, ретикулярлық және эластикалық деп аталатын үш түрін ажыратады.
ТІНДЕРДІҢ ДАМУЫ
Кез келген тіннің қасиеттерінен оның барлық бұрынғы қалыптасу тарихының іздерін көруге болады. Тірі жүйенің дамуын қарастырғанда оның филогенездегі және онтогенездегі де қайта түзілуі ескеріледі. Тін жасушалар мен олардың туындыларынан тұратын жүйе ретінде көпжасушалы организмдердің пайда болуымен байланысты тарихи қалыптасқан.
Тіпті жануарлар әлемінің губкалар, ішекқуыстылар сияқты төменгі сатыдағы өкілдерінің өзінде түрлі тіндерге біріктірілуі мүмкін болатын жасушалардың алуан түрлі функциялық мамандандырылуы мен сәйкесінше құрылыстарының әр түрлілігін байқауға болады. Дегенмен бұл тіндердің белгілері әлі де тұрақты емес, жасушалардың және сәйкесінше бір тіннің басқаға айналу мүмкіндігі кең ауқымды. Жануарлар әлемінің тарихи дамуы барысында жекеленген тіндердің қасиеттері жетіле тұрақталып, ал олардың өзара айналу, өзгеру мүмкіндіктері тоқталды. Тіндердің саны мамандандырылудың артуымен сәйкес бірмезгілде біртіндеп көбейіп отырды.