Антиденелер қасиеттері

Антигендер және антиденелер.

Гуморальды иммунитетжүйесі.Иммундық жауаптың екі түрінің біреуі болуы мүмкін.

1. гуморалды жауап (жасуша аралық В - жасуша) антидене, қан айналымында және басқада сұйықтық организмінде болады, сонымен антидене жасушамен байланыспайды және IgG, IgM, IgA, IgD, IgE тұрады. Антидене жасушамен байланыспаса да олар жасушаны жою алады, яғни цитотоксикалық әсеріне тән қабілеті бар, антиген және антиденеден басқа үшінші заттың қатысуы қажет. Бұл – комплемент, қалыпты қан сарысуында қатысады. Комплементсіз бос антидене жасушаның беткейіндегі антигенді детерминанттарымен байланысуы мүмкін, бірақта жасушаны өлтіруі мүмкін емес. Комплемент ферментті белсенуімен қабілетті, көптеген компоненттер жиынтығынан тұрады.

2. Жасуша аралық жауап (Т - жасушалық) сенсибилизацияланған лимфоциттермен жүзеге асады. Иммундық жауап кезінде антидене жасушаның бөлігінен үзілмейтін, оны өндірген және жасушамен байланысқан болып табылады. Антидене таныстырушы лимфоциттер, ісіктік жасушалардың беткейінде антигенді детерминантымен антидене байланысқанда ғана ісіктік жасушаларға дейін жетіледі. Сосын жасушамен байланысқан бұл антидене, ісіктік жасушаны жоюды және жаруы мүмкін.

Антиденелер – иммуноглобулиндер

Иммуноглобулиндердi плазмалық торшалар шығарады. Олар қан сарысуында, лимфада, уызда, сілекейде, торшалардың сыртқы қабығында болады. Иммуноглобулиндер 5 класқа бөлінеді. G, M, A, D, E.

Бұлардың құрылысында квадриметрикалы димер екі тізбектен (жеңіл және ауыр) тұрады. Иммуноглобулиннің биохимиялық, қызметтік ерекшеліктері ауыр тізбекке байланысты. Сөйтіп әрбір иммуноглобулин құрылысы бірдей екі жеңіл , екі ауыр тізбектен тұрады, оның молекулалық салмағы Антиденелер қасиеттері - student2.ru Дальтон. Бұл тізбектер өзара дисуль­фидті көпіршіктермен байланысқан, жеңіл және ауыр тізбектің өзгермейтін (С), өзгеріп отыратын (V) аймақтары бар, солардың қосылатын жерінде белсенді антигендермен байланысатын орталық орналасқан. Антиденелер антигеннің әсерінен плазмалық торшадан шығарылады. Әрбір антигенге қарсы сонымен ғана байланысатын арнайы антидене түзіледi.

Антиденелер қасиеттері

1. Спецификалық қасиеті - иммуноглобулин тек арнайы антигенмен қарым-қатынасқа түседі. Онда антидене белсенді орталығы — антидетер­минант (паратоп) антигендер белсенді орталығы — детерминантпен (эпитоп) байланысады.

2. Валенттілігі-иммуноглобулин молекуласындағы антидетерми­нант­тың саны, көбінесе бұлар екі валентті, бірақ кейде 5-10 валентті антиденелер кездеседi.

3. Аффиндігі олардың байланысы өте мықты, (антидене + антиген) антидетерминант + детерминант байланысы.

4. Авидтігі — антиген мен антидене байланысы тұрақты, олардың байланысуы жылдам және толық, олар әр түрлі торшалармен бай­ланыс жасай алады:

- макрофагтармен байланысып фагоцитозды белсендіреді.

- нейтрофилдермен фагоцитозды белсендіреді.

- базофилдермен байланысып атопиялық реакция жүріп, медиаторлар бөлініп, жедел жүретін аллергиялық реакцияға әкеледі.

- тромбоциттермен байланысып қан ұюын өзгертеді.

- Лимфоциттермен-FC рецепторымен (иммуноглобулин G)

Иммуноглобулиндер гетерогенділігімен 3 топқа бөлінеді:

а) изотипті

б) аллотипті

в) идиотипті

Изотиптілігі — ауыр тізбегі құрылысына байланысты қалыпты жағдайда бір түрдегі жануарларда, адамдарда бірдей. Ал олардың айырмашылығы 4-тізбегіндегі аминоқышқылдармен сипатталады. Сөйтіп иммуноглобулин G1, G2, G3, G4, ал иммуноглобулин А1, А2 болып бөлінеді.

Аллотиптілігі — әрбір жеке адамның иммуноглобулин айырмашылығын көрсетеді, ол генетикалық маркерлерге байланысты.

Идиотиптілігі — бұл антигендер спецификалық қасиетіне байланысты тек бір иммуноглобулинге арналған. Қанша арнаулы иммуноглобулин болса, сонша антиген варианттары болады.

Идиотип – антиденелердің өзгермелі бөлігіндегі аминоқышқылдардың орналасуының немесе Т-торшалық антиген танитын рецепторының ерекшелігі. Оларға қарсы антиидиотипті антиденелер өнеді.

Наши рекомендации