Бауырдағы гормондар инактивациясы және қосылыстардың,бөгде заттардың детоксикациясы.

Бауырдың ерекше қызметтерінің бірі - оның детоксикациялық кызметі болып табылады, оныц нэтижесінде эртүрлі заттардыц метаболитикалық айналымында тканьдерде түзілген эртүрлі улы заттардыц залалсыздандырылуы, ішекте аминқышқылдардың шіруі кезінде түзілген токсиндердің, биологиялық белсенді заттардыц (гормондар, биогенді аминлер) инак-тивациясы жүреді Айталық, бауырда аминқышқылдардың дезаминденуі кезінде түзілген аммиак мочевинага айналу арқылы залалсыздандырылады. Тэулігіне бауырда 25-30 грамм мочевина синтезделеді, ол зэрдің құрамында ағзадан шығарылады. Мочевина түзілуінің ме­ханизмы 12 тарауда көрсетілген. Сапасыз тағаммен агзаға келіп түскен бөтен қосылыстар (ксенобитиктер), токсиндер, дэрілік қосылыстар бауырда ыдырайды. Бауырдагы залалсыз-дандырылу (детоксикация ), инактивация процестері мынадай 2 негізгі механизмдердің ин-теграциясы есебінен жүреді:

- гидроксильдену реакциялары (тотыгу)

:

- флавопротеид НАДФН2 - цитохром Р450 - редуктаза (ФАД)

- адренодоксин (рубредоксин немесе ферродоксин)

- цитохром Р 450 (Fe+++ « Fe++)

Бул ферменттерден улы заттардыц гидроксильденуі жүретін тыныс алу тізбегі қалыптасад

Бауырдағы гормондар инактивациясы және қосылыстардың,бөгде заттардың детоксикациясы. - student2.ru

Адреноксинның күрамында геминды емес темір бар, соның көмегімен бұл фермент цитохром Р450 темірін тотықсыздандырады. Сүтқоректілер бауырының цитохром Р450 бірнеше түрлері белгілі. Олардың барлығы эндоплазматикалық ретикулум мембраналары-мен тығыз байланысқан жэне оларды солюбилиздеу өте қиын. Олардың кейбіреуі рубре-доксин типтес белоктарды қажет етпейді, өйткені тікелей ФАДН2 - ден тотықсызданады. Әртүрлі дэрілік заттар, мысалы фенобарбитал, цитохром Р450 синтезін индукциялауы мүмкін, бұл жағдайда цитохром Р450 деңгейі мен белсенділгі 20 есе артады. Бұл процесс бауырда негізінен ароматтық қосылыстардың детоксикация процестерін жеделдетуші "қорғаныс" механизмы болып табылады.

Конъюгация реакциялары

Бауырда залалсыздандырылу процесі улы заттарға эртүрлі қосылыстардың қосылуы арқылы жүруі мүмкін. Соның нэтижесінде улы емес ( белсенді емес ) конюгаттар түзіледі. Улы заттарға қосылатын заттар ретінде бауырда мыналар пайдаланылады:

- глюкурон қышқылы (глюкурон қышқылының УДФ-ы)

- фосфо-аденозил - фосфо-сульфат (ФАФС) құрамында болатын күкірт қышқылы

- глицин, глутамин

- таурин немесе цистеин

- ацетил КоА -дан ацетильды топ

- S - аденозилметиониннен метильды топ.

Мысалы, глюкурон қышқылымен конъюгация реакциясы арқылы гемнің ыдырау өнімі -билирубин залалсыздандырылады, индол-күкірт қышқылы көмегімен, бензол - гликоколдың көмегімен залалсыздандырылады. Глюкурон немесе күкірт қышқылымен конъюгация реак­циялары арқылы стероидты гормондардың гидрокситуындылары, қалқанша безінің кето-туынды гормондары - тироксин мен трииодтиронин инактивтеледі.

Бауырда улы заттардың залалсыздандырылуы, биологиялық белсенді қосылыстардың инактивациясы метильдену реакциялары арқылы жүзеге асырылады, бүл конъюгация реакцияларының бір түрі болып табылады. Бүл реакциялар S - аденозилметиониннен метильді топты тасымалдайтын метилтрансферазалармен катализденеді. Метильді топтың қосылуы ксенобиотиктердің, белоктардың, дэрілік заттардың, нуклеин қышқылдарының жэне т.б. молекулалардың химиялық модификациясын тудырады. Бұл жағдайда ағзадан шығарылатын белсенді емес немесе улы емес туындылар түзіледі. Гидроксильді топ бойынша метильдеу жолымен жэне глюкурон немесе күкірт қышқылымен коньюгация жолымен норадреналин жэне адреналин гормондары инактивтеледі. Глюкурон қышқылымен немесе глицинмен ко­ньюгация арқылы салицил қышқылы жэне оксифенобарбитал инактивтеленеді. Жаңа туған нэрестелерде бауырдың детоксикациялық қызметі нашар дамыған. Сол себепті балалар ағзасы токсиндер мен дэрілік заттардың эсеріне өте сезімтал болады. Бауырдың залалсыз-дандыру қызметі дэрілік заттарды, алкогольды мөлшерден тыс пайдаланганда, вирусты гепа­тит кезінде жэне т.б. бүзылуы мүмкін. Клиникалық практикада бауырдың детоксикациялық қызметін бақылау үшін Квик эдісі пайдаланылады (12 тарауды қараңыз).

Адам ісіктерінің 80 % -ын қоршаған орта факторлары, негізінен химиялық заттар ту-дыратыны белгілі. Бул заттардың адам ағзасына эсері кәсіптік іс-эрекетіне (фенол, бензол, асбест,арсенат, бериллий, кадмий, хром), өмір салтына (темекі), тамақтану ерекшеліктеріне (тағамда нитраттардың, нитрозаминдердің, ароматтық аминдердің болуы), кейбір дэрілік препараттарды пайдалануына байланысты болады. Бауырда канцерогендік қосылыстар ги-дроксильдену, метильдену жэне т.б. реакциялар кезінде түзіледі.

Канцерогендік қасиеттер бірқатар химиялық қосылыстарға тэн. Агзаға келіп түскен жэне метаболитикалық айналымға ушыраган бул заттар ісіктің дамуын тудыратын қосылыстар түзеді. Мысалы, цитохром Р 450 -дің күшті индукторы 3-метилхолантрен, ги-дроксильдену нэтижесінде өте күшті канцерогенге айналады. Сол сияқты темекі түтінінде болатын ароматтық полициклды көмірсутегі бензантрацен (бензпирен) гидроксильдену жо­лымен бауырда "залалсызданып", канцероген - эпоксид бензантраценге айналады, ол ДНҚ, РНҚ жэне белоктардың алкильденуін тудырады. Анилинды бояуды шығаратын өндірісте жұмыс істейтін адамдардың ароматты амин - 2-нафтиламинді пайдалануы салдарынан бау­ырда гидроксильдену реакциясы нэтижесінде 2 -амино-1-нафтол канцерогені түзіледі, ол зэр қуысының қатерлі ісігін тудырады. Басқа бір ароматты амин - ацетиламинофлуорен бауырдың қатерлі ісігін тудырады. Алифатты аминдер мен нитриттерден түзілетін нитроза-миндер, ағзаға тағаммен түсіп, клеткалардың микросомальды фракциясы ферменттерінің эсерінен тотығып, жоғары белсенділігі бар карбоний ионын СН 3+ түзеді. Бул ион бело­ктар мен нуклеин қышқылдарын метильдейді де, бауырдың, бүйректің, өкпенің, асқазанның ісіктерінің дамуын индукциялайды.

Наши рекомендации