Пародонты сырқат адамды тексеру ерекшеліктері.

Пародонт сырқат адамды тексерудің басты мақсаты - аурудың түрін, ауырлығын, ағым ерекшеліктерін, себептері мен патогенездік механизмін анықтау.

Тексеру әдістері:

І. Негізгі тексеру әдістері немесе клиникалық әдістер – пародонты сырқат адамның шағымын, ауруының даму тарихын, өмір тарихын сұрау тексеру арқылы білуден және қарап тексеру арқылы пародонт тіндеріндегі өзгерістерді анықтап сараптардан тұрады.

ІІ. Қосалқы немесе арнаулы тексеру әдістері:

§ Рентгендік әдіс.

§ Лабораториялық зерттеу әдістері (цитологиялық, микробиологиялық, биохимиялық, иммунологиялық, қан құрамын зерттеу немесе гемограмма құру).

§ Функционалдық зерттеу әдістері (стоматоскопиялық, капилляроскопиялық, биомикроскопиялық, реографиялық, полярографиялық әдістер).

Сұрап тексеру арқылы пародонты сырқат адамның шағымын анықтайды. Негізгі шағымдары қызылиектің қанағыштығы, ондағы әртүрлі ауыру сезімдері, тістерінің әртүрлі тітіркендіргіштерден ауыратындығы, олардың орындарынан ауытқуы, қозғалмалылығы, қалыпты тістемнің бұзылуы, эстетикалық ыңғайсыздық, ауыздан нашар иістің шығуы, сілекей бөлінуінің бұзылуы.

Аурудың даму тарихын (анамнезі) туралы мәлімет жинағы кезде алғашқы белгілерінің біліне бастаған уақытын, даму барысын, жүргізілген емдеу шаралары және олардың жиілігін (емдеу жүргізілген болса), нәтижелілігін анықтауға тырысады

Пародонты сырқат адамның өмірінен мәлімет жинаған кезде қандай ортада өскені, тамақтану, демалу кестесі, тағамдардың толыққандығы, мамандық-кәсіпкерлігі жайлы, зиянды ықпалдар әсерлерінің болу-болмауы туралы, ертедегі және қазіргі кездегі бойындағы сырқаттар ы, басқа да тұқым қуалайтын аурулары және олардың пародонт ауруларымен байланысын анықтауға тырысу керек. Сонымен қатар зиянды әдеттерінің бар-жоғын да білген жөн.

Қызылиектегі қабыну үрдістерінің ерекшелігін төмендегі белгілермен сипаттайды: түсінің қызаруы, домбығу немесе ісінуі, тістераралық бүртіктердің пішіндері мен көлемдері және қанағыштығы, эпителий қабатының түлегіштігі, жаралануы. Сонымен қатар ондағы атрофиялық және гиперпластикалық үрдістерді де ескереді. Тістер бетіндегі қатты және жұмсақ шөгінділерді Федоров-Володкина (1964) немесе ГриньВермильон (1960) индекстерінің көмегімен анықтайды. Тіс шөгінділерін бояп анықтау үшін құрамында иод бар арнаулы сұйық (кристалды иод 1 грамм, калий иодиді 2 грамм, 40 мл дистилденген су) немесе эритрозин таблеткаларын пайдаланады. Қызыл иектегі қабыну үрдісінің қарқындылығын гликогеннің жиналу деңгейін анықтау арқылы немесе Шиллер-Писарев сынамасының көмегімен анықтауға болады. Ол үшін жоғарыда келтірілген сұйыққа суланған мақта анжымен қызылиекті сүртеді. Қалыпты жағдайда қызылиек боялмайды, ал қабыну кезінде гликогеннің жиналу деңгейіне байланысты ашық-қоңыр түстен бастап қараөқоңыр түске дейін боялады. Бұл сынаманы қабынуға қарсы жүргізілген жергілікті емдеу шараларының нәтижелілігін бағалау үшін де қолдануға болады.

Қызылиек қабынуы кезінде пародонт тіндерінің жағдайын папиллярлы-маргиналдыөальвеолалық индексті (РМА) анықтау арқылы бағалауға болады және ол гингивалдық индекс (қызылиек қабынуының индекс ө ҚҚИ) деп аталады. Бұл индексті Pаrma (1960) ұсынған.

Қызылиектің қабыну аймақтарын сандық көрсеткіштермен белгілейді. Қызыл иек бүртігінің қабынуы (Р) 1 балмен, жиегінің қабынуы (М) 2 балмен, альвеолалық бөлігінің қабынуы (А) 3 балмен бағаланады.

Қызылиек қабынуының индексі = барлық балдар қосындысы *100

Барлық тістер саны *3

Әрбір тіс төңірегіндегі қызылиек қабынуының ең жоғарғы сандық көрсеткіштерін қосқан кезде баллдар қосындысы шығады; ал тістер санын 6 жастан 11 жасқа дейін 24; 12 жастан 14 жасқа дейін ө 28; 15 жастан жоғары 30 деп қабылдайды немесе тексеру кезіндегі ауыздағы тістер санын алады.

Пародонт қабынуы кезіндегі пародонт тіндерінің жағдайын Russel (1956) ұсынған пародондалдық индексті (PJ-ПИ) анықтау арқылы бағалайды.

Таблица

Пародонталдық индекс (ПИ)

бағасы Клиникалық белгілері
Қабыну жоқ
Қызылиек жеңіл қабынған – тіс төңірегіндегі қызылиек толық қабынбаған.
Қызылиек қабынған – қабыну үрдісі тіс төңірегіндегі қызылиекті түгел қамтыған, бірақ тіс – қызылиек бекімі бұзылмаған.
Альвеола өсіндісінің қыры немесе тісаралық қалқан сүйектердің ұшы сорыла бастаған (рентгендік тексеру кезінде).
Қызылиек қабынған, пародонталдық қалта бар, бірақ тіс қозғалмайды және шайнау қызметі бұзылмаған.
Қызылиек қабынған, пародонталдық қалта бар, тіс қозғалмалы, орнынан ауытқыған, шайнау қызметі бұзылған (пародонт тіндеріндегі жоғары дәрежелі деструкциялық өзгерістердің нәтижесі).

Пародонты сырқат адамды тексеру ерекшеліктері. - student2.ru ПИ = барлық балдар қосындысы

тістер саны

ПИ = 0-0,1-0,2 – клиникалық өзгеріске ұшырамаған қызылиек.

0,1-1,0 – аурудың бастапқы сатысы және I дәрежесі;

1,5-4,0 – аурудың II дәрежесіне тән деструкциялық өзгерістер;

4,0-8,0 – аурудың III дәрежесі.

Қазіргі кезде ДДҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) эпидемиологиялық тексерулер жүргізген кезде қолдануға ыңғайлы пародонттағы өзгерістерді емдеудің қажеттілігін көрсететін жаңа индекс (CPJTN) ұсынды.

ДДҰ индексі – CPJTN

Кодтары

0 – пародонт сау.

1 – қызыл иек қанағыш.

2 – тіс тасы бар.

3 – тереңдігі 4-5 мм қалта бар.

4 – тереңдігі 6 мм-ден терең қалта бар.

Пародонт төменгі тістер тұсында тексерілді

17/16 11 26/27

     
     

47/46 31 36/37

Кодқа байланысты емдеу қағидалары:

1 – ауыз гигиенасын сақтау;

2 – тіс шөгінділерін алу және ауыз гигиенасын сақтау;

3 – тіс шөгінділерін алу және кешенді емдеу (қалталарды ашық немесе жабық кюретаждау);

4 – тіс шөгінділерін алу және кешенді емдеу (қиықтап кесіп тазалау операциясын жасау, ортопедиялық емдеу әдістерін қолдану);

Қарап тексеру кезінде қызыл иектің түсіне,консистенциясына жете мән беру керек. Патологиялық үрдістің шектеулі (бір немесе бір топтағы тістер аймағында) немесе жайылмалы (барлық тістер аймағында) екендігін де анықтау қажет. Қызылиекті сұқ саусақпен сипап басу арқылы қалталардан жалқық бөлінуін көруге болады.

Қызыл иек сайын сүңгілеген кезде қабыну үрдісі бар болса, қанағыштық анықталады, ал қабыну үрдісі болмаса қызыл иек қанамайды.

0 – қанағыштық жоқ;

1 – қанағыштық байқалады. Қанағыштық белгісі CPJTN индексінің құрамына кіреді.

Қызылиектің қанағыштығын 16,12,24,32,36,44 тістер тұсында анықтауды H.P.Muhlemann, S.Son (1971) жылы ұсынған. Қанағыштықты бағалау көрсеткіштері:

0 – қанағыштық жоқ;

1 – дәрежелі қанағыштық – қызылиек сайын сүңгілеген кезде нүктелі қан құйылу ошағы пайда болады;

2 – дәрежелі – қанды дақ пайда болады;

3 – дәрежелі – тісаралық кеңістік қанға толады;

4 – дәрежелі – қатты қанағыштық, қан бірден қызыл иек сайын толтырып, сыртқа аға бастайды. Ескерте кететін жай, қанағыштық симптомы CPITN индексінің құрамына кіреді.

Пародонталдық қалталардың тереңдігін ДДҰ ұсынған арнаулы (d =0,5 мм) градуирленген (милиметрлік өлшемдермен белгіленген) сүңгімен (сурет), штифтермен немесе рентгенконтрастылы ертінділердің көмегімен анықтайды.

Пародонталдық қалтаның тереңдігін әр тістің төрт жағынан (алдыңғы, артқы, ұрт және тіл жақтарынан) қызылиек жиегінен тік бағытта қалта табанына дейін өлшейді және цемент-кіреуке шекарасы (ЦЭГ-ЦКШ) бастапқы шартты нысана болып саналады. Пародонталдық қалтаның тереңдігін өлшеуге гуттаперчадан жасалған штифтер қолайлы болып саналады. Оларды қалтаға біртіндеп қарсыластық кездестіргенге дейін немесе қалта табанына тірелгенге дейін енгізеді. Пародонталдық қалталардың топографиясын анықтау үшін болашақта компьютерлі томографиялық әдіс қолданылуға тиіс.

Тістердің патологиялық қозғалмалылығын А.И.Евдокимов әдісі бойынша анықтайды. Стоматологиялық шымшуырдың немесе азу тістердің шайнау беттеріндегі сайлар мен ойықтарға енгізілген сүңгінің көмегімен тісті әртүрлі бағытта қозғап байқайды. Қозғалмалылықтың үш дәрежесін ажыратады: I дәрежесі - тіс ұрт-тіл бағытында 1 мм дейін ауытқиды (көрші қозғалмайтын тіс сауытымен салыстырғанда); II дәрежесі – тіс ұрт-тіл бағытында 1 мм көбірек және алдыңғы-артқы немесе алдыңғы-бүйір бағытта да қозғалады. IIІ дәрежесі – тіс барлық бағытта, тіпті тік бағытта да қозғалады.

Пародонттың қатты тіндеріндегі деструкциялық үрдістердің ауырлығын анықтау үшін рентгендік тексеру әдісінің маңызы зор. Осы мақсатта ауыз іштік және ауыз сырттық нысаналы ренгенографиялық,үлкейтілген панорамдық ренгенографиялық, ортопантомографиялық әдістер пайдаланылады. Пародонттың қабыну кезінде рентген суретте сүйек тініде қабынуға байланысты сорылу үрдісі байқалады және ол қатты сүйек қабатынан басталып, кемік сүйекке ауысады, емдеу шаралары жүргізілмеген жағдайда тісаралық қалқан сүйектердің толық сорылуымен аяқталады.

Егерде ортопантомограф болмаса, пародонттың сүйек тіндері жайлы толық мәлімет алу үшін кемінде 4-6 рентгенсурет жасау керек. Рентгенсуретті арнаулы үлгімен (схемамен) 16,15; 21, 25, 26 және 41, 45, 46; 35,36 тістер аймағында жасаған өте ыңғайлы

Альвеола өсіндісінің сүйек тінінің жағдайын анықтау үшін Фукс индексін қолдануға болады. Бұл индекс сүйек тінінің жойылу дәрежесін тіс түбірініңұзындығымен салыстыра отырып көрсетеді.

Тіс түбірі ұзындығы шартты түрде үш бөлікке бөлінеді, сүйектің сорылу дәрежесі түбір ұзындығына байланысты 4 балды жүйемен белгіленеді.

4 – сүйек өзгеріссіз немесе тіс асқынған тісжегіге байланысты жұлынған;

3 – сүйек түбір ұзындығының ⅓ бөлігіне дейін жойылған;

2 – сүйек түбір ұзындығының ⅓ бөлігінен ⅔ бөлігіне дейін жойылған;

1 – сүйек түбір ұзындығының ⅔ бөлігінен көбірек жойылған.

0 – тіс төңірегінде сүйек толық сорылған немесе тіс пародонт ауруына байланысты жұлынған;

Барлық тістер көрсеткіштерінің қосындысын шығарады немесе тексерілген аймақтағы тістер көрсеткішін есептеп төртке көбейтілген тістер санына бөледі және көрсеткішті төмендегі формуламен анықтайды: ФЛ= -n n – сүйек тінінің

1·4 деңгейі.

Осыған байланысты Фукс көрсеткіші «0» тең болса, сүйек тіні түбір ұшына дейін сорылған; 0,25 – сүйек тіні түбір ұзындығының ⅔ бөлігіне дейін сорылған; 0,5 – сүйек тіні түбірдің ⅓ нен ⅔ бөлігіне дейін; 0,75 – түбірдің ⅓ дейін сорылған; 1 – сүйек тіні қалыпты жағдайда сақталған.

Пародонт қабынуының патогенезінде қантамырлардың, оның ішінде ұсақ капиллярлардың (қылтамырлардың) өткізгіштігінің бұзылуының және ұзілгіштігінің үлкен маңызы бар. Сондықтан да олардың төзімділігін Кулаженко (1966) әдісімен анықтайды. Бұл әдіс қызылиекке әсер еткен теріс қысымның (вакуумның) әсерінен ұсақ тамырлар жарылып гематоманың (қан құйылу ошағының) пайда болу уақытын анықтауға негізделген. Бұл аппарат электр жүйесіне қосылғаннан кейін арнаулы іші қуыс шыны түтікті ұштықпен қызыл-иекке 720-740 мм сынап бағанасына тең теріс қысыммен (қалдық қысым 20-40 мм сынап бағанасына тең) әсер етуге мүмкіндік туады, қызылиек шыны түтіктің ішіне сорылып, ұсақ капиллярлар үзіліп, алдымен нүктелі қан құйылу ошақтары және олар біріге келе гематома пайда болады. Қалыпты жағдайда алдыңғы тістер аймағында гематома 50-60 секөндте, азу тістер аймағында 60-80 секөндте пайда болады. Қызылиек пен пародонт қабынулары кезінде бұл уақыт 3-4 есе жылдамдайды. Вакуумдық гематомалардың тек диагностикалық қана емес, емдік те әсері бар. Егер әр топтағы тістер аймағында әрбір қабылдауда 4-6 гематома жасайтын болса, біріншіден резервтік капиллярлар (қорда сақталған) іске қосылады, екіншіден қан құйылу ошағында биологиялық белсенді заттар пайда болып, ферменттер қатысуымен жүретін зат алмасу және қайта құрылу үрдістері жылдамдайды.

Пародонты сырқат адамды тексеру кезінде қолдануға болатын морфологиялық әдістердің де (қызылиектен алынған биоптатты зерттеу) үлкен диагностикалық маңызы бар (эозинофильді гранулеманы, коллагеноздарды, идиопатиялық ауруларды анықтау үшін).

Мүмкіндік болған жағдайда бактериоцитологиялық зерттеулер әдісін (қызылиек қалталарының микробтық құрамын, эпителийдің клеткалық құрылымдарын, түлеу және жетілу дәрежелерін анықтау) және лейкоциттердің қан тамырлардан сыртқа көшу белсенділігін анықтау әдісін де (М.А.Ясиновский әдісі) жүргізген жөн болады. Нейтрофилді лейкоциттердің қан тамырларынан шығып, қызылиек сайлары арқылы ауыз ішіне көшуі олардың фагоцитоздау үрдісіне қатысатынын көрсетеді. Бұл әдіс лейкоциттердің көшу белсенділігін анықтау үшін қолданылады.

Қызылиек эпителийнің түлеу жылдамдығын анықтау пародонттағы патологиялық үрдістің табиғатын, даму және тұрақтану белгілерін бағалау үшін үлкен көмегін тигізеді.

Зерттеуге керек материалды қызыиек бетінен рәзіңке бағаналардың көмегімен жақпа-таңба, қызылиек иек сайынан біліктердің көмегімен жақпа немесе қырынды-жақпа алу арқылы дайындайды. Дайын препараттарды бояу тәсілдері зерттеу әдісінің мақсатына байланысты: жалпы клеткалық құрылымдарды анықтау үшін дайын препаратты Романовский-Гимза әдісімен, ал нуклеин қышқылдары мен гликогеннің клеткаларда таралу ерекшелігін білу үшін арнаулы тәсілдерді (Браше және Мак-Манус тәсілдері) қолданып бояйды. Цитоморфологиялық және цитохимиялық көрсеткіштерді бағалау үшін клеткалардың (нейтрофильді лейкоциттердің, эпителий клеткаларының, лимфоциттердің) сандық және сапалық құрамын, гликоген мен нуклеин қышқылдарының клеткалардағы таралу ерекшелігін және мөлшерін анықтайды.

Қалыпты жағдайда ауыз сұйығының 1мм³ көлемінде 150 жуық лейкоцит, 90-ға жуық түлеген эпителий клеткалары анықталады.

Наши рекомендации