Жас нәресте мәйітін сот-медициналық тексеру ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 97-і бабы «Жаңатуған сәбиді анасының өлтіруі» деп аталады. Нәресте мәйіті табылған жағдайларда көбінесе, тергеу ісін жүргізуіші тергеушіде табылған мәйіттен басқа ешқандай мәлімет болмайды. Сәби өлімі зорлық әрекеттерден туды ма, немесе аурудан туды ма, сәби неше айлық болып туылған, және басқа да мәліметтерді анықтау үшін нәресте мәйіті сот медициналық тексеруге бағытталады. Ересек адамдардың мәйітін тексеруден сәби мәйітін тексеру көп жағынан ерекшеленеді. Бұл өзгешелік ең біріншіден сарапшыға қойылатын сұрақтардан көрінеді. Сонымен қатар мәйітті жарып ашу әдісі, бас қуысын тексеруде айрықшаланады. Негізгі сұрақтар төмеңдегідей болып келеді:

1. Сәби жаңа туылған нәресте ме?

Егер сәби жаңа туылған нәресте болмай, емшек жасындағы бала болса, тексерудің ересек адамдар мәйітін тексеруден айырмашылығы болмайды. Егер мәйіт жаңа туылған сәби денесі болса, онда арнайы сұрақтарды шешу қажеттігі туындайды. Арнайы сұрақтарға жататындар:

2. Сәби өмір сүруге қабілетті болған ба?

3. Құрсақта өмір сүрген уақыты (ұзақтығы)?

4. Сәби тірі туылған ба, әлде өлі туылған ба?

5. Сәби туылғаннан кейін өмір сүрген уақытының ұзақтығы?

6. Сәбиге қажетті күтім жасалған ба?

7. Өлімнің себебі?

1. Сәбидіц жаңа туылған нәресте екенін анықтау. Педиатрияда 1 айға дейінгі сәбиді жаңа туылған нәресте деп атайды (29 күн). Ал сот медицинасында туылғаннан кейін 1-2 тәулік өмір сүрген сәбиді жаңа туылған нәресте деп қарастырады.

Жаңа туылған нәрестенің белгілері:

• Кіндіктің кесілген ізі құрғамаған, кіндік айналасынан демаркациялық белдеудің белгілері анықталмайды немесе кіндігі бала жолдасынан бөлінбеген болады.

• Денесінде кілекей жұғынды болады (көбінесе мойнында, қолтығында, шабында).

• Денесінде қан іздері болады. Бұл белгі баланың денесінде сыртқы жарақаттары болмаған кезде ғана ескеріледі.

• Егер сәби басымен туылған болса, басында туылу ісігі болады.

• Тоқ ішектен, артқы тесік айналасынан, санынан меконий табылады (меконий-қою жасыл түсті алғашқы нәжіс).

2. Өмір суру қабілеттілігін анықтау. Кей жағдайларда сәби анасынантыс өмір сүре алмайтындықтан, туыла салысымен өліп кетеді. Бұл кезде сәби өлімінің себебі оның өмір сүруге қабілетсіздігі деп қаралады. Сәбидің өмір сүруге қабілетсіздігі біріншіден оның жетілмей туылғандығынан болады.

Жетіліп туылғандықтың негізгі белгілері:

• бойы 48-50 см айналасында немесе 47 см төмен болмауы керек

• дене салмағы 2500 г аз болмауы керек

• басындағы шашы 1-3 см жетеді және қалың болады

• тырнағы тырнақ орнын толық жабады немесе саусақ ұшынан асып тұрады

• ұл балаларда - жұмыртқасы ұмасына түскен болады - қыз балаларда - кіші жыныс еріндері үлкен жыныс еріндерімен жабылып тұрады

• бас шеңбері 34-35 см төмен болмауы керек

• кіндік сақинасы төс сүйегінің қылыш тәріздес өсіндісі мен қасаға бірігуінің ара қашықтығының орта нүктесінен төмен орналасады

• бала жолдасының орташа салмағы 500 граммнан аз болмауы керек

• кіндік бауының орташа ұзындығы 50 см

• сан сүйегінің төменгі эпифизініқ сүйектену нүктесінің диаметрі 0,5 см.

Дене салмағы жетіліп туылғандықтың ең бір көрнекі белгісі болғанымен, сот медициналық тексеру барысында барлық кезде аса құнды болып табылмайды. Себебі өлгеннен кейін түрлі себептерге байланысты (денесінің кебуі, шіруі, жаралануы, мумификациялану және т. б.) дене салмағы күрт өзгеруі мүмкін.

Сонымен қатар туа біткен кемістіктер мен туа біткен ауруларды да есепке алады. Туа біткен кемістіктер деп - сырт көзге көрінетін бұзылыстарды айтады. Туа біткен ақаулар мен аурулардан мыналарды атауға болады:

• жүрек ақаулары

• жүрек перделерінің ақаулары

• 12 елі ішектің бітеу болуы, диафрагма грыжалары

• туа біткен мерез ауруы және т. б.

3. Құрсақ ішінде өмір сүру ұзақтығы. Тәжирібеде, сәбидің құрсақтағы өмірінің ұзақтығын анықтау үшін баланың физикалық көрсеткіштеріне негізделген Гаазе кестесі қолданынады: егер нәресте бойы 25 см аз болса, онда бұл санды түбір астына алады. Егер бой ұзындығы 25 см жоғары болса, ол санды 5-ке бөліп, екі жағдайда да нәрестенің анасының құрасығынды неше ай болғандығы есептеп шығарылады. Басқа әдістер: баланың басының шеңберін өлшеу (оны 3,4 ке бөледі); сүйектену нүктесінің диаметрін анықтау (10 айда - сан сүйегінің төменгі эпифизинде сүйектену нүктесінің диаметрі 0,5-0,7 см болуы керек); кіндіктің ұзындығы бойынша және балажолдасының салмағы бойынша да құрсақтағы өмір сүру уақытын анықтау мүмкіндіктері бар.

Наши рекомендации