Ацетил-КоА түзілуі жолдары мен оның пайдалануы.
Түзілуі:
CH2-OH АДФ CH2-OH
|
CH2OH CH2O-PO3 H2
Глицерин α-глицерофосфат
АМФ+H4P2O5
R R
CH2 HS-KoA+АТФ CH2
CH2 Ацил-КоА синтетаза CH2
COOH C=O
Май қышқылы S-KoA
Ацил-КоА
Ары қарай ацилтрансферазаның қатысуымен глицерфосфат және май қышқылдарының белсенді түрлерінің фосфатидті қышқыл синтезделеді,ол үшацилглицериннің синтезі үшін немесе фосфолипидтердің синтезі үшін пайдаланылады.
28.Кетон денелерінің биосинтезі,өкілдерінің химиялық табиғаты,тағдыры,организмдегі маңызы.Кетон денелеріне жататындар ацетосірке қышқылы,В-гидрокси май қышқылы және ацетон.Негізінен бұлар май қышқылының немесе катогенді амин қышқылының толық тотықпаған аралық өнімдері болып табылады.Кето денесінің түзілуі тек бауыр клеткасының митохондриясында өтеді.Кетон денедері ацетил-КоА синтезделеді.Алдымен ацетил-КоА ацетилтрансфераза ферментінің әсерінен екі моолекула конденсацияланыпацетоацетил-КоА түзеді.Соңғысы гидроксииметил глутарил КоА синтетазаның қатысуымен тағы бір молекула конденсацияланып В-гидрокси-B-гидрокси-метил глутарил түзіледі.ГМГ-дан ацетил-КоА бөлініп шығып қайтадан бірінші сатысына жұмсалады,сонымен процесс циклға тұйықталады және бірінші кетондық дене болып саналатын ацетосірке қышқылы түзіледі.Қалған кетон денелер ацетосірке қышқылынан түзіледі.Бауырда түзілген кетон денелер одан әрі бауырда өзгеріске ұшырамай қанға өтеді.Қанмен бірге басқа органдардың тканьдерге түсіп одан энергетикалық материал ретінде пайдаланылады.Кетон денелері тотыққанда 24 немесе 27 молекулалық АТФ синтездеп алынады.В-гидроксимай қышқылы тотықса 27 АТФ түзіледі,түзілетін НАДН2 3 молекула АТФ береді.Егер кетон денелері энергия синтездеууге жұмсалмаса,клеткадағы гомеостазды сақтау үшін олардың синтезі баяулайды және ГМГ-КоА тотықсызданып мевалон қышқылы түзіледі.Соңғысы холестериннің синтезіне жұмсалады.
29. Организмдегі бос май қышқылдарының биосинтезі,реакциялар жүйелігі,физиологиялық маңызы.Барлық тканьдерде,әсіресе бауырда,май тканінде және сүт безінде май қышқылының синтез процесі үздіксіз жүріп жатады,тек материал ретінде емес,әртүрлі липоидтардың синтезі үшін пайдаланылады.Бұл процесс май қышқылдарының синтетазасы деп аталатын полиферментті молекулярлы комплекс арқылы катализденеді.май қышқылының синтетазасының негізгі өнімі-пальмитин қышқылы,бұл периферменттік комплекс пальмитатсинтетаза деп аталады.Май қышқылының қайнар көзі ацетил-КоА-дан түзілетін малонил-КоА болып табылады.Осы процеске қажетті қосылыс ацетил-КоА митохондрия түзеді.Ол май қышқылының В-тотығуы кезінде түзіледі.Митохондриядан цитозольға ацетил-КоА-ның жеткізілуі карнитинді «қайықты» механизм арқылы немесе цитраттың көмегімен іске асырылады.КоА-дан және қымыздықсірке қышқылынан цитрат синтезделіп,цитозолға жеткізеді.Май қышқылдары жинақталған сайын май қышқылының синтезінің негізгі ферменті ацетил-КоА-карбоксилазаның белсенділігі төмендейді де,клеткада малонил-КоА-ның деңгейі төмендейді,ал ацетил-КоА кетон денелерінің синтезіне жұмсалады.