Лимфаның түзілуі

Лимфа түзілуі тінаралық сұйықтықтың лимфа капиллярларына өтуінен басталады. Қан шығып, тінаралық сұйықтыққа өткен су, плазмада еріген кейбір заттар, тіраралық зат алмасу кезінде пайда болған заттар одан әрі лимфа капиллярларына өтеді. Кезінде лимфа, оның түзілуі туралы бірнеше, атап айтқанда фльтрациялық, секрециялық теориялар ұсынылды. Олар бірін-бірі толықтырып, кейін лимфа түзілуі , оның тетіктер туралы ілімінің негізі болды.

Қазіргі таңддағы ұғым бойынша тінде лимфа түзілуі - өте күрделі, көп салалы үрдіс. Ол бірнеше кезеңнен тұрады.

1) Вена капиллярларындағы сұйықтық пен онда еріген заттар, жасушааралық кеңістікте өтеді;

2) Аталған заттар дәнекер тінге өтіп, соны жайлап алады;

3) Вена капиллярлары арқылы сүзінді қайтадан қанға сіңеді;

4) Жасушааралық сұйықтық пен онда еріген заттар, айталық, белок лимфа капиллярларына қайта сіңеді.

Лимфа капиллярлары басқа резорбциялық шөлмектер деп аталады. Лимфа капиллярларының қабырғасы диаметрі әртүрлі саңылаулар, бір қабат эндотелий жасушаларынан тұрады.

Лимфа капиллярларының негізгі резорьциялық қызметі физико-химиялық заңдылықтарға бағынады, яғни конвекция, диффузия, заттардың везикулалық жолмен тасылуы сияқты тәсілдермен іске асырылады.

Бүгінгі таңдағы мағлұматтарға қарағанда, лимфа түзілуі үш себепке, атап айтқанда:

1) қан мен лимфа капиллярларындағы, тінаралық екңістіктегі гидростатикалық қысым айырмшылығы;

3) жалпы осмостық және онкостық қысым айырмашылығына;

4) қан мен лимфа капиллярлары эндотелийінің өткізгіштік қасиетіне байланысты.

Өткен ғасырда К.Людвиг ашқан гидростатикалық қысымның қандай мәні бар екенін, қысымы азайса лимфа түзілуі баяулайтыны, ал ол күшейсе, лимфа түзілуі де күшейетіні сияқты мағлұматтардан байқауға болады. Мәселен, ірі венаны бір жерінен байлап тастаса лимфа түзілуі күшейіп, оның жалпы көлемі арта түседі. Людвигтің бұл ілімін кейін Старлинг толықтырды. Лимфа мөлшері қанның, тінаралық сұйықтықтың және лимфаның осмостық қысмындағы айырмашылықтарына байланысты. Қанға осмостық қысмы күшті ерітінде жіберсе, ның қысымы артады а лимфа көлемі азая бастайды, кейін тұз жасушааралық сұйықтыққа өткен соң лимффа түзілуі қайтадан күшейеді.

Өздеріңізге белгілі, осмостық қысым минерал тұздарға ғана байланысты емес. Бұл қысымға плазма белоктарының да қатысы бар. Олар қан капиллярлары арқылы үлкен молекулалы қосынды ретінде өздеріне суды тартып алады. Сондықтан қанның онкостық қсысымы күшейсе, лимфа түзілуі баяулайды, ал азайса, керісінше лимфа түзілуі күшейеді. Айта кету керек, таза қан капиллярларында гидростатикалық қысым онкостық қысымнан жоғары, бұл лимфа түзілуіне өте қолайлы. Вена капиллярларында, керісінше сұйықтық тінаралық кеңістіктен қайтадан қанға сіңеді де лимфа түзілуі баяулайды.

Сонымен лимфаның мөлшері артериялық әне веналық қан капиллярларындағы үрдістердің арақатынасына байланысты. Белок жетіспесе де дене ісіне бастайды. Қанның онкостық қысымы төмендесе сұйықтық тінаралығына жиналады да денені су кернейді.

Лимфа түзілуі қан мен лимфа капиллярлары эндотелийінің өткізгіштік қасиетіне де байланысты.

Бүгінгі ұғым бойынша қан мен лимфа капиллярларының қабырғасы жартылай өткізгіш мембрана болып есептеледі: оның құрылысы өте күрделі. Сұйықтық пен онда еріген заттар капилляр қабырғасындағы ультомикроскопиялық тесіктер арқылы өтеді.

Капилляр қабырғаларындағы тесіктердің саны мен көлемі әр ағзада әртүрлі, осыған орай оралдың өткізу қабілеті де түрліше. Бауыр капиллярларының өткізу қабілеті өте жоғары, сондықтан да өзегіне құйылатын лимфаның көбі бауырда түзіледі.

Лимаф түзілуін денеге химиялық не биологиялық әсері күшті заттар енгізу арқылы өзгертуге болады. Ондай заттар лимфагога деп аталады. Олар осмостық қысым мен қан қысмы өзгерсе де лимфа түзілуін күшейтеді. Олардың лимфа шығару қабілеті апиллярлардың таңдамалы өткізгіштігінің күшеюіне байланысты. Мұндай қабілет пептин, гистамин, кейбір гормондар, сүлік экатракты сияқты заттарға байланысты.

Наши рекомендации