Параграф. Патогендігі I-II топты бактериологиялық зертханадағы жұмыс жағдайларына қойылатын талаптар
94. Микробиологиялық зертхананың патогендігі І-ІІ топтардың микроорганизмдерін жұқтырған немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс жүргізу үшін жұқпалы, шартты таза және таза аймақтары болуы тиіс. «Жұқпалы» және «таза» аумақтардың шекарасында, жаңадан салынып жатқын немесе құрылып жатқан зертханаларда санитариялық өткішгіштерді орнату көзделеді.
95. Жұмыс күнінің соңында 1-2 топтардың патогендері сақталатын термостаттар, тоңазытқыштар, шкафтар пломбаланады, өндірістік үй-жайлардың есіктері құлыппен жабылады.
96. Патогендігі I-II топтардың қоздырғыштарымен жұмыс жүргізген кезде мынаны сақтау қажет:
1) буын аяқтылармен жұмыс істеу кезінде қолданылған ыдысты қайнату арқылы дезинфекцияланады, қалдықтарға дезинфекциялық ерітінді құйылады немесе өртеледі. Құрал-саймандар қайнатылады немесе отқа қақталады. Бөзден жасалған қаптар сулы-сабынды ерітіндіде 30 минут бойы қайнату арқылы дезинфекцияланады;
2) жыртқыш құстардың және аңдардың нәжістерін бөлшектеу оларды 1% формалин ерітіндісінде 12-18 сағат ұстағаннан кейін жүргізіледі;
3) жәндіктер және кенелер, олардың тарап кетуін болдырмайтын арнайы үй-жайларда (инсектарийде) шарбақтарда немесе банкілерде ұсталады. Инсектарийді толықтыру үшін ауланған бүргелер қан сормаған жастары пайда болғанға дейін жеке банкілерде ұсталады;
4) жұмыс аяқталғаннан кейін зерттелетін материал температурасы 18-20оС тоңазытқыш термостатқа салынады, үстел дезинфекциялық ерітіндімен, қолдар - 70о спиртпен өңделеді. Қызметкер аз уақытқа бокстан шыққан кезде есік кілтпен жабылады, кілт зерттеу жүргізетін қызметкерде сақталады;
5) жұқпалы аймақтың үй-жайлары жасанды іске қосылатын және шығатын жерінде жеңіл тазалайтын сүзгісі бар ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен жабдықталады;
6) жұқтырылған жануарлармен жұмыс жүргізілетін үй-жайларға кіретін жерде биіктігі 30 см болатын табалдырық орнатылады, бактериологиялық бокстардың, серологиялық және жедел зерттеулер жүргізілетін үй-жайлардың есіктері алдында дезинфекциялық ерітіндіге батырылған кілемшелер төселеді;
7) зертханалық үй-жайлар тұмшаланған болады;
8) зерттеулер нәтижелерін жазу шимай дәптерге жүргізіледі, бокстан шығару алдында дезинфекцияланады;
9) патогендігі І-ІІ топтардың қоздырғыштарымен барлық зертханалық жұмыстарды жүргізу қорғаныш костюмімен жүзеге асырылады. Қорғаныш костюмін қолдануға қойылатын талаптар Санитариялық қағидаларға 3-параграфта келтірілген;
10) патогендігі І топтың қоздырғышын жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істейтін адамдардың жұмыс күнінің соңында дене қызуын арнайы журналда тіркеу арқылы термометрия жүргізіледі;
11) патогендігі І-ІІ топтардың микроорганизмдерін жұқтыруы ықтимал материалды жұқтырған жануарлар басқа жануарлардан бөлек ұсталады;
12) тоқсан сайын сарқынды судағы дезинфектанттың қалдық шоғырлануын және патогендік микрофлораны анықтау жүргізіледі.
Адамдардың, кеміргіштердің, эктопаразиттердің биологиялық материалын, сыртқы ортаның, жұқтырылған жануарлардың сынамаларын алуға және бастапқы өңдеуге байланысты барлық жұмыстар және оларды патогендігі І-ІІ топтың қоздырғыштарына зерттеу жұқпалы блокта 1-2 типті қорғаныш костюмдерін пайдаланып жүргізіледі.
Сап және мелиоидоз қоздырғыштарымен зерттеулер 2 типті қорғаныш костюмінде, резеңке қолғаппен, мақта-дәке бетпердесімен және қорғаныш көзілдірігімен жүргізіледі. Жұқпалы бөлімшелердің боксқа кіреберістерінде жұмыс аяқталған соң қорғаныш костюмдері шешіледі және залалсыздандырылады. ЖИТС орталықтарының зертханаларындағы жұмыс үшін 3 типті қорғаныш костюмі пайдаланылады.
Зертхананың үй-жайынан қызметкердің қорғаныш киімімен шығуына және қызметкер жұқпалы материалмен немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істеп жатқан кезде оны үй-жайдан шақыруға жол берілмейді;
13) күйдіргі қоздырғыштарымен жұмыс кезінде зерттеу ақталғаннан кейін зертхана үй-жайлары мен жабдықтарға осы қоздырғыштың себілуіне тексеру жүргізіледі.
97. Патогендігі I-II топтардың қоздырғыштарымен жұмыс жүргізетін микробиологиялық зертханада қызметкерлерде ауруға күдікті симптомдар анықталған жағдайда олар үшін және аварияға жол берген адамдар үшін оқшаулағыш көзделеді.
Оқшаулағыш негізгі және резервті ерекше дәрілік препараттар қорымен, шокқа қарсы дәрі-дәрмектермен және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етіледі.
98. Виварийлерде және инсектарийлерде омыртқалылар мен буын аяқтылардың қозғалысын тіркеу ауланған күні мен орнын, зерттеу және карантин нәтижелерін көрсете отырып, арнайы нөмірленген және ау өткізілген журналда жүргізіледі.
99. Виварий және инсектарий үй-жайларына жұмыс күні аяқталғаннан кейін сүргі салынады.
100. Адамдар қанындағы сарысулардың антигенін анықтауға немесе патогендігі II топтың қоздырғыштарының антиденелерін анықтауға зерттеулер жеке бокстарда құрамында тірі микроорганизмдер жоқ диагностикумдарды қолданып жүргізеді.
Қан сарысуын центрифугалау арқылы бөліп алу бокста немесе БҚБ-да жүргізіледі.
101. Патогендігі I топтың микроорганизмдерімен жұмыс бокстарды өзара жалғастыратын жүйемен жарақталған арнайы тағайындалған зертханаларда жүргізіледі. Жұқпалы аймақтағы үй-жайларда есіктері автоматты түрде блокталатын өткізгіш автоклав орнатылады.
102. Биологиялық материалды сақтау төменгі температураға шыдамды, төменгі температурадағы шкафтарға немесе сұйық азотты ыдыстарға орналастырылған сынбайтын, тұмшаланған контейнерлерде жүзеге асырылады.
Биологиялық материалды технологиялық желілер арасында немесе қоймаларға тасымалдау залалсыздандыруға жататын, тұмшаланып жабылатын ылғал өтпейтін контейнерлерде жүргізіледі.
103. Жұқтырылған немесе патогендігі I-II топтардың вирустарын жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс кезінде персонал обаға қарсы 2 типті костюмді қолданады, жануарларды, эктопаразиттерді жұқтыру, биологиялық материалды центрифугалау және вакуумдық кептіру кезінде 1 типті қорғаныш костюмінде жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін персонал гигиеналық себезгі қабылдайды.
Кептірілген риккетсий өсіріндісі бар ампуланы ашу, риккетсийдің биомассасын гомогендеу 2 типті қорғаныш костюмінде БҚБ-да жүзеге асырылады.