Хроококкалар туысының түрлерін айқындау әдісін түсіндіріңіз

Балдырларды жинау және сақтау, органоидтарын анықтаудың биотехнологиялық әдістерін игеру барысын айтыңыз

Хроококкалар туысының түрлерін айқындау әдісін түсіндіріңіз

Эвгленалы, динофитті, криптофитті және сарғылт-жасыл немесе хризомонадалы балдырлардың таралу биотехнологиясына тоқталыңыз

Балдырларды моно және аралас ортада өсіру. Балдырлардың клетка құрылысын зерттеудің сапалық әдістерін игеру бойынша түсіндіріңіз

Балдырларды жинау және сақтау, органоидтарын анықтаудың биотехнологиялық әдістерін игеру барысын айтыңыз.

Балдырларды ерте көктемнен бастап күз соңына дейін, ал жерүсті балдырларды жыл бойы қармен жабылмаған жерлерде жинауға болады.Оларды жинау үшін аузы кең және жақсы жабылатын птығыны бар банка, оларға арналған сөмке өткір қырғыш планктон торын формалині бар құты жерүсті балдырларды жинау үшін қорап немесе полиэтилен қаптар затбелгілерге арналған жазатын қағаз жазбадар енгізуге арналған блокеот пен қарандаш алу керек.Балдырларды жинау мен зерттеу әдістері әр түрлі бөлімдер мен экологиялық топтамалар өкілдерінің экологиялық морфологиялық ерекшеліктерімен анықталады. Флористикалық жүйелік және жартылай гидробиологиялық зерттеулер мақсатында әр түрлі су тоғандарының балдырларын жинау және зерттеудің негізгі әдістерін қарастырайық. Фитопланктон жинау: Фитопланктон сынақтарын іріктеп алу әдісін таңдау су тоғанының түріне балдырлардың даму деңгейіне зерттеу міндеттеріне қолда бар құралдар жабдықтар және т.б. байланысты. Фитопланктонның қарқынды даму барысында оның түрлік құрамын зерттеу мақсатында су тоғанынан су алса жеткілікті пл әлсіз даму барысында су қалыңдығына мекендейтін микроағзаларды алдын ала шоғырландырудығ әр түрлі әдістері қолданылады. Сондай ак бір әдіс планктон торы арқылы суды сүзу болып табылады. Су тоғанының үстіңгі қабатының планктонын жинау барысында планктон торын тордың жоғары тесігі су бетінен 5- 10см қашықтықта болатындай етіп суға түсіреді. Белгілі көлемдегі сауытпен жоғары қабаттан суды алып оны торға құяды сол арқылы 50-100л су сүзіледі Үлкен су тоғандарында планктон сынақтарын қайықпен алады. Планктон торын жіңішке жіппен қозғалып бара жатқан қайықтың артынан5 – 10 мин тартады, Планктонды тігінен динау үшін конструкциясы ерекше торлар қолданыладыү Үлен емес су тоғандарын планктон сынақтарын сауытпен алдыға қарай суды ала отырып және оны тор арқылы сүзіп торды жіңішке жіппен тастап ақырындар тарта отырып жағалаудан жинауға болады. Осындай тәсіл торының стаканындағы жиналған планктон сынағын алдын ала дайындалған таза банкаға шығарылған түтікше арұылы құяды. Планктонның тор сынақтарын тірі және тиянақталған жағдайда зерттеуге болады.Сүзу әдісі арқылы сынақтарды қоюлата барысында алдын ала немесе бактерияалды сүзгішті пайдаланады. Фитобентосты жинау:Фитобентосты жинау түрлік құрамын зерттеу үшін су бетінен су түбінің топырығы мен ондағы шөгіндінің біраз көлемін алса жеткілікті. Таяз суларда -0,5-1,0 м тереңдікке дейн оны су түбіне түсірілген түтік немесе сифон ұштарында шыны түтікшелері бар резеңке шланг арқылы тұнбаны сорып алады. Терең жерлерді сапалық сынақтарды шелек немесе таяққа бекітілген стакан сондай ак әр түрлі әр түрлі тырмалар мысықтар түп алушылар тұнба сорушылар және т. Б. Арқылы алады. Перифитонды жинау. Перифитонның түрлік құрамын зерттеу мақсатында әр түрлі су асты заттарының өңезін жұмыр тас,шағыл, тастар, өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтары қарапайым пышақ немесе арнайы қырғыш арқылы алады.Бірақ бұл кезде көптеген қызықты ағзалар өледі.олардың жартысы су ағысымен кетеді балдырлардың субстратқа бекітілетін органдары бұзылады биоценоз компоненттерін өзара орналастыру бейнесі бұзылады. Шығарылған субстратты балдырлармен біргесынақ тарға дайындалған сауытқа әрі қарай жиналған материалды қалпын зеттеу үшін сол су тоғанынан алынған азғана суды немесе формальдегидтің 4% ерітіндісін құяды.

Хроококкалар туысының түрлерін айқындау әдісін түсіндіріңіз

Хроококкалылар-Сһгоососсорһусеае класы Бұл класқа бір клеткалы, қауымды организмдер жатады. Қауымның құ- рылысы және оның формасы ондағы клетканың бөлінуіне және кілегейдің құралуына байланысты. Қауымдағы клеткалар көпшілік уақытта ретсіз орналасады. Клеткалары шар, эллипсоид, цилиндр, алмұрт, орақ, кейде ұзын иілген цилиндр пішінді. Хлорококкалы балдырлар клетканың жай екіге бөлінуі, кейде планококкалар, споралар және аналық клетканың ұсак клеткалары - нанноциттарға бөлінуі арқылы кебейеді. Нанноциттер немесе ұсақ шар тэрізді көптеген клеткалар аналық клетканың үздіксіз тез бөлінуінің нәтижесінде түзіледі. Хроококкалылар-Сһгоососсаlеs қатары - табиғатта көп тараған әр түрлі пішінді бір клеткалы және қабат кұрмайтын қауымды организмдер. Қауымдары шар, эллипсоид формалы, суда қалықтап жүретін организм. Хроококк-Сһгоососсus - туысы ылғалды топырақта, суда аса көп кездесетін бір клеткалы шар пішінді балдыр. Кейде клеткалар бөлінгеннен кейін ажырап кетпей, кілегеймен қоршалып, кішкене қауым түрінде қалып кояды. Глеокапса-Glоеоcapsа туысы шар пішінді, 2-8 клеткадан тұратын қалың кабыкшасы бар қауым құрайды. Глеокапса бөлінген уақытта аналық клетканың қабықшасы бұзылмай, сол қалпында қалады. Бірнеше рет бөлінгеннен кейін бірінің ішінде бірі орналасып, күрделі қауым түзіледі. Сөйтіп, әрбір клетка қанша бөлінсе, сонша қабатталған қабықшасы болады. Ол клетканы құрғайды. Қолайлы жағдайларда клетка қабықшасы кілегейленіп, оның ішіндегі клеткалар босап, жаңа қауым кұрайды. Глеокапсаның кейбір түрлері түссіз кілегеймен қапталған, суда таралған (С, тіпиtа), екінші бір түрлері қызғылт (С, таgта) қоңыр-сары (С, rupestris) күлгін түсті кілегейлермен қапталып, дымқыл жерлерде, тастарда, қабырғаларда, кейде жерлерде, тастарда, қабырғаларда, кейде суда кездеседі (түсті кесте № ). Хамесифондылар – Сһаmаеsірһоnорһусеае класы Бұл класқа клеткасы апикальды жоғарғы және базальды - төменгі бөлімдері болып дифференцияланған қабаттан кұралған бір клеткалы қауымды және жіптесінді формалар жатады. Жіптесінді формалары қалың кабатты клеткалардаи кұралған және бір-бірімен тығыз жабысып өсіп, жалған паренхима түзеді. Клетка лары шар, сопақ, алмүрт, цилиндр, шоқпар пішіндес келеді. Экзо- және эндоспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Экзоспора түзуші клетка протоплазмасының базипетальды бағытта бөлшектенуіне байланысты жоғарғы жағындағы тесіктен ширатылып споралар түрінде шығып қалып отырады. Мүндай көбею тұщы суларда көптеп кездесетін Хамесифон жатады. Дермокарпа-Dеrmосаrpа туысының клеткалары көпшілік уақыттарда топтасып өсетін шар тэрізді не жұмыртқа пішіндес. Клеткаларының үш жақты бөлінуі нәтижесінде эндоспоралар құру арқылы жыныссыз көбейеді. Тіршілік жағдайларының өзгерісіне байланысты бұлардың жасуша пішіндері, түсі, спораларының маны өзгеріп отырады. Гормогониялар - Ноrтоgопорһусеае класы. БҰЛ класка табиғатта кең тараған жіптесінді көп жасушалы және қауымды ағзалар жатады. Жіптесіңді жасушалары бір-бірімен плазмадесмалар аркылы байланысып жатады да трихомалар түзеді. Трихомалары жалаңаш немесе кілегейлі қынаппен капталған. Гетерецисталары біреулерінде болса, екіңші біреулерінде болмайды. Гормогония сирек споралар аркылы көбейеді. Бір клеткалы организмдердің көбеюі клетканың бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлініп кетуінің, ал көп клеткаларының жіптерінің гетероциста немесе маманданбаған өлі клеткалар арқылы үзіліп кетуінің нәтижесінде жүзеге асады. Жіпшенің вегетативтік көбеюге қажетті участогі гормогония деп аталынады. Осцилляториялык - Оscillаtоrіs қатарының өкілі - осциллятория - оscіllаtоrіа, бҰЛ көп жасушалы тармақталмаған жіптесінді балдыр. /56 сурет А/. Жішпесі бір қатар орналаскан қыска цилиндр пішінді жасушалардан түрады да, жіптері жіңішке келеді. Әрбір жіпшесі ядросыз үсак біртекті жасушалардан және хромотофордан тұрады. Ішкі акшыл бөлігі - орталык плазмасы нуклеии қышқылдарынан, ал сырткы күнгірт кабаты – пигментті /хроматоплазмасы/, цитоплазманың сырткы кабатында гликогеннің ұсақ түйірлері болады.Носток -Nostoc әртүрлі және көлемді кауым. Қауым кілегейлі шар пішінді жасушалардың моншак тәрізді гізбектеліп келуінен кұралады. /56 сурет В, Д/. Біркелкі вегетативтік жасушалар- арасында ірі жасуша - гетероцисталар болады. Гетероциста маңындағы тізбектер жеке бөліктерге - гормогониилерге айрылып кетеді, яғни носток осылай вегетативті көбейсді. Носток табиғатта көп тараған. Бұл батпакка айналып келе жаткан көлдерде, акпайтын суларда, шөлді далаларда, кыналардың| арасында әртұрлі пішінді кілегейлі кауым тұрінде жиі кездеседі.

7. Эвгленалы, динофитті, криптофитті және сарғылт-жасыл немесе хризомонадалы балдырлардың таралу биотехнологиясына тоқталыңызДиатомды балдырлар (Dіatomeae) – бір клеткалы организмдердің айрықша тобы. Олардың клеткалары кремнеземнен тұратын тас қабықпен (панцирь) қапталған, сондықтан оларды кремнийлі балдырлар (Вacіllarіophyta) деп те атайды. 12 мыңдай түрі (ішінде қазбадан табылғандары да бар) белгілі. Олар 2 класқа (Рennatophyceae, Сentrophyceae), 9 қатарға, 300-ге тарта туысқа біріктіріледі. Қазақстанда 700-ге жуық түрі бар. Диатомды балдырлар өте майда (4 – 2000 мкм) келеді, жеке немесе шоғыр ( жұлдыз, тізбек, таспа, жіпше, бұта тәрізді) құрып тіршілік етеді. Диатомды балдырлардың хлоропластылары а және с хлорофиллдерінен және қоңыр түс беретін фукоксантин затынан тұрады. Клетканың тас қабығы қақпағы (эпитека) бар қорапқа (гипотека) ұқсайды, шамамен тең екі бөліктен құралады. Қабықтағы саңылаулар арқылы сыртқы ортамен зат алмасу жүреді. балдырлар табиғатта өте кең таралған: ащы, тұщы суларда, су қоймаларында, ылғал топырақта, мүкте, су өсімдіктерінде көп кездеседі Вегетативтік көбеюі протопластың митотикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бірбірінен ажырайды да, әрбір протопласт жаңа гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық клеткадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасына айналады. Осындай бірінен соң бірі келетін бөліністердің сериясынан кейін особьтар біртіндеп ұсақтанады. Осындай осбьтардың одан әрі ұсақтануына жыныстық процесс шек қояды. Бұл жағдай особьтардың санының артуына емес, олардың бұрынғы мөлшерінің (размерінің) қайтадан қалпына келуі мүмкіндік береді. Жыныстық көбеюінің формасы алуан түрлі: ұсақтанған особьтар бір-бірімен жақындасады да жақтауларын тастап, шырышты сұйықтың ішіне енеді. Осындағы клетканың әрқасысы редукциялық жолмен бөлінеді, нәтижесінде олардан төрт гаплоидті клетка - тетрада қосылады, ал қалған клеткалар жойылады. Зиготаны "өсу спорасы" (аукоспора) деп атайды. Одан мөлшері қалыпты жағдағыдай жаңа особь пайда болады. Диатомды балдырлардың өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді. Көбеюі:Классификациясы:Диатомды балдырлар бөлімі мынадай екі кластан тұрады: пеннатталылар класы(Pennatophyceae), центрикалық диатомдылар класы (Centrophyceae). Бірінші класқа 4 катар, ал екінші класқа 5 қатар жатады. Бөлімнің негізгі туысының бірі пиннулярия (Pinnularia). Ол пеннаттылар класына жатады. Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы сопақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ал ортаңғы бөлігі жалпақтау болатын бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оның екі ұшында және ортасында түйін деп аталынатын, үш қалыңдаған төмпешік болады. Цитоплазмасы клетканың ішінде қозғалысқа келе отырып, тігіс арқылы сумен түйіседі, нәтижесінде пиннулярия су қабаттарында жылжып жүруге мүмкіндік алады. Пиннулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтар болады, олар клетканың сыртындағы кремнеземнің бірыңғай тегіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро, вакуоль және екі пластинка тәрізді, қоңыр түсті хроматофоры болады. Пайдасы?Диатомды балдырлар жеңіл, денесі кеуекті болғандықтан адсорбтану қасиеті өте жоғары, тамақ өнеркәсібінде, химия, медицина, құрылыста кеңінен қолданылады. Диатомды балдырлармен су жануарлары қоректенеді.

Балдырларды моно және аралас ортада өсіру. Балдырлардың клетка құрылысын зерттеудің сапалық әдістерін игеру бойынша түсіндіріңіз

Жоғары биологиялық белсенділікке қарамастан адамдарға, жануарларға жəне əр түрлі аспектілердегімүмкіншілікті пайдалана отырып, микробалдырлардан май қышқылдарын алу аз мөлшерде . Өндіріс масштабтарында микробалдырлардан липидтерді алу оптимизациясы, құрамына əсер ететін өсіру жағдайларымен тығыз байланысты Өсіру кезінде микробалдырлардан полиқанықпаған май қышқылдарды алудың максимальды мақсатын бірнеше факторларға жіктеуге болады - түрлерді таңдау, культура тығыздығы, көректік ортаның құрамы, т.б. Мысалы, аралас өсіру кезінде диатомды Odontella aurita жəне Chondrus crispus макрофиттері биомассаның шешімі, ал керісінше, полиқанықпаған май қышқылдары əр түрлі монокультуралармен салыстырғанда 44%-ке дейін көтеріледі. Өсіру кезіндегі маңызды параметрлер: тұздылық, аэрация, культиватор типтері жəне басқалары болып табылады [7]. Коллекциядан лабораториялық жағдайда қарқынды жəне тұрақты өсуімен ерекшелінген жасыл микробалдырлардың 9 штаммы тандалды. Балдырлар люминостатта 20 күн бойы өсірілген, содан кейін, жалпы липидтер мөлшері анықталынды. Нəтижелер 1-ші кестеде көрсетілген. Сараптаманың нəтижесі бойынша липидтердің көп мөлшері: Nautococcopsis constricta - 53,91±1,4, Dictyochlorella globosa 53,41±2,7 жəне Selenastrum gracilis 32,5±1,4 г / 100 г құрғақ массаға шаққанда кездеседі. Липидтердің аз мөлшері микробалдырлардың: Chlorococcum infusionum 0,67±0,1, Nephrochlamus subsolitoria 0,75±0,3 г/100 г құрғақ массасына шаққанда кездеседі. Қалған зерттелінген микробалдырлардың түрлерінде липидтердің мөлшері 7,87±0,7-дан (Scenedesmus sp.) 16,43±0,7 г/100 г дейінгі аралықта құрғақ массаға шаққанда болды (Characium falcatum). Сонымен, тəжірибе көрсеткендей, жасыл микробалдырлардың 3 түрі липидтердің жоғары мөлшерде болуымен ерекшеленді - Nautococcopsis constricta, Dictyochlorella globosa жəне Selenastrum gracilisСызба нұсқада өсіру мерзімі 110 күнге дейін ұзарғанда липидтер мөлшерінің тұрақты түрде артуы байқалады. Мысалы, Dictyochlorella globosa 40-күндік өсіру барысында липидтер 15,7 г-нан (10 тəулік) 25,0 г-ға / 100 г құрғақ биомассаға шаққанда дейін көбеюіне алып келді. 110 куннен кейін липидтер мөлшері 3 есе артып - 46,4 г / 100 г құрғақ биомассаға шаққанда құрады. Əлбетте, 125 өсу тəулігінде липидтердің жалпы мөлшері 12,9 г / 100 г құрғақ биомассаға шаққанда төмендеді. Себебі, жасушалар майларды қорек ретінде жəне өміршеңділіктерін сақтау үшін пайдаланды. Осылай максималды түрде май қышқылдарын алу үшін микробалдырларды өсірудің маңызды факторлары: қоректіқ ортаның құрамы; температура; фотопериод; жарық қарқындылығы, кейбір микробалдырлардың май қышқылды құрамын өзгертуі мүмкін, дегенмен мерзімінің əр түрліфазаларында максималды өнімділік байқалады; өсу фазасы, стационарлы өсу фазасында көптегенмикробалдырлардың жалпы липидтерінің құрамы өседіКелесі жұмыста липидтердің жоғары мөлшерімен ерекшеленген жасыл микробалдырлардың 3монокультурасы қолданылды:1) Dictyochlorella globosa,2) Nautococcopsis constricta,3) Selenastrum gracilis.Сонымен қатар олардың ассоциаттары:4) Dictyochlorella globosa + Nautococcopsis constricta,5) Dictyochlorella globosa + Selenastrum gracilis,6) Nautococcopsis constricta + Selenastrum gracilis.Зерттеудің бірінші кезеңінде көбею коэффиценттері анықталды. Нəтижелер 2-ші суреттекөрсетілген.Моно- жəне дикультураларының көбею коэффиценті жақын дəрежеде 2,4±0,2-тен 3,3±0,1 дейінболды. Дегенмен, Selenastrum gracilis (2,4±0,2) монокультурасының төмен көрсеткіші аралас культурада көтерілді. Мысалғы Dictyochlorella globosa-мен ассоциациа кезінде 3,1±0,3 дейін, ал Nautococcopsis constricta-мен 2,6±0,1 дейін өсті. Яғни, жасыл микробалдырларды біріктіріп өсіру олардың белсенді көбеюіне жағымды əсер етеді. 3 жасыл микробалдырлардың аралас жəне монокультураларындағы липидтердің құрамын өсуінің 7-інші күнінде анықталуы 2-ші кестеде көрсетілген. Жасыл балдырлардың моно- жəне аралас культураларындағы липидтер жалпы құрамыЖалпы липидтердің мөлшеріг / 100 г құрғақ масса

1 Dictyochlorella globosa 3,51±0,2

2 Selenastrum gracilis 6,13±0,3

3 Nautococcopsis constricta 8,34±1,1

4 Dictyochlorella globosa+Selenastrum gracilis 3,86±0,2

5 Selenastrum gracilis+Nautococcopsis constricta 11,02±0,6

6 Dictyochlorella globosa+Nautococcopsis constricta 11,35±0,3 Монокультура өсіру жағдайында майлардың жоғарғы көрсеткіші Nautococcopsis constricta 8,34±1,1 г 100 г құрғақ массаға шаққанда болған. Монокультуралардағы жалпы липидтер құрамының азаю ретін мына тəртіппен көрсетуге болады: Nautococcopsis constricta > Selenastrum gracilis > Dictyochlorella globosa. Ең төменгі көрсеткіші Dictyochlorella globosa - 3,5%, болған, яғни бұл өсіруінің бастапқы кезенінде липидтердің аз жинақталуымен түсіндіріледі. Nautococcopsis constricta-ны біріктіріп өсіру барысында липидті синтездеу қабілетін арттырды.. Сонымен, жасыл микробалдырлардың 3 түрі - Nautococcopsis constricta, Dictyochlorella globosa жəне Selenastrum gracilis, липидтердің жоғары мөлшерде болуымен ерекшеленді. Dictyochlorella globosa балдырын өсіру мерзімі 110 күнге дейін ұзарғанда липидтердің мөлшері тұрақты түрде артуы байқалынды. Монокультуралардағы жалпы липидтер құрамының азаю ретін мына тəртіппен көрсетуге болады:Nautococcopsis constricta > Selenastrum gracilis > Dictyochlorella globosa Dictyochlorella globosa + Nautococcopsis constricta жəне Nautococcopsis constricta + Selenastrum gracilis аралас культурасын 7 күн бойы өсіруі, липидтердің мөлшері 1,4 есе көбейгенін көрсетті.

Наши рекомендации