Ауіп көзін бағалау

Қауіп көзі Ықтималдылық Болдырмау жолы
Дымқыл препараттармен жұмыс жасау төмен Жұмыс кезінде сындырып алмау үшін абай болу.
Бунақденелер жиынтығы төмен Оларды шашып, бүлдіріп алмау үшін, қақпағын ақырын ашу керек.

Теориялық матрица:

Ароморфоз (грекше "airo"- көтеру, "morpha"-пішіні),арогенез-организмнің құрылысы мен қызметін күрделендіруге, құрылымы мен тіршілік етуге қабілетінің жалпы деңгейін көтеруге акелетін эволция- лық өзгеріс.Аромофоздың нәтижесінде жаңа ірі систематикалық топ-тар мен кластар пайда болады.

Сүтқоректілердің құрылым деңгейі-миының күрделенуі,тірі туу,жылықандылық прогресс жолымен дамуы негізінде күрделенді.

Эволюцияның даму бағыты:

а)бір жасушалылардан көп жасушалыларға:

ә)екі қабатты организмнен үш қабаттыға:

б)төменгі сатыдағыдан хордалыларға дейін дамуы және т.б.

Идиоадаптация( грекше "idios"-"ерекшелігі",латынша "adaptatio"-"беімдеушілік" деген мағына береді), аллогенез-биология құрылым деңгейін күрделендірмей,өзгертпей тіршілік жағдайында бейімделушілігі. Әрбір түр белгілі бір ортада тіршілік ететіндіктен дәл осы ортаға тән пайдалы бейімделушілік қалыптасады

Жануарлардың бүркенгіш (жасырушы)реңі,өсімдіктердің тікен- тері,безді түтіктері,скат,камбала балықтарының су түбіне бейімделіп, жалпақ пішінді болуы-идиоадаптация.Идиоадаптация-тірі организм- дердің тіршілік ортасына жеке бейімделуі.Жануарлардағы нағыз идио- адаптация-аяқтарының құрылысындағы ерекшеліктер (көртышқандар, тұяқтылар, ескекаяқтылар); құс тұмсықтарының түрлі пішінді болуы (жыртқыш құстарда-имек тұмсық, балшықшы құстарда-өте ұзын тұмсық, т.б.); түрлі жәндіктердің, балықтардың бүркеніш реңдері.

Жұмыс барысы: Жануарлар мен өсімдіктерді зерттей отырып, бұл үлгілердегі ароморфоздарды және анықтаймын. Кестені толтырамын.

Мүк ауіп көзін бағалау - student2.ru  
Ароморфоз Идиоадаптация
Мүктәріздестердің балдырлардан айырмашылығы- жапырағы мен сабағы болады, ал көбею мүшелері – көпжасушалы. Мүктәрізді өсімдіктерде тамырлары жоқ болғандықтан олар өзіне қажетті заттарды жеткілікті мөлшерде алу үшін тек қана суы, минералды тұздары көп жерде ғана өсе алады. Алайда мүктердің белгілі бір жерге бекіну үшін өсетін ризоидтары бар. Бұл мүктәрізділердің қатты жерде өсуіне байланысты пайда болған бейімделушілік. Мүктәрізділердің көбеюі үшін оларға сулы орта қажет. Осыған орай қоршаған ортаға бейімделушілік нәтижесінде олар ылғалды ауада өзінің арнайы қорғаныс құрылымы бар (антеридия, архегония )жыныс жасушаларын бөліп , көбейе алады.
Қырықбуын ауіп көзін бағалау - student2.ru
Ароморфоз Идиоадаптация
Мүктәріздестерде тірек ұлппасы жетілмесе, қырықбуынтәріздес өсімдіктерде тірек ұлпасы және тамырлары жетіліп олар мекен ету ортасында берік орналаса алды, ал ойыс жерлерінің астында фотосинтездеуші ұлпалар жетілді. Қырықбуынтәріздес өсімдіктерде ұлпалар жақсы жетіле бастады. Суды, минералдық заттарды тасымалдайтын өткізгіш ұлпа, қор жинаушы ұлпа пайда болды. Көбеюі спора арқылы жүре бастады.   Тіршілікке қолайсыз жерлерде тамырланып өсе алады.
Қырықжапырақ ауіп көзін бағалау - student2.ru
Ароморфоз Идиоадаптация
Жанама тамырлардың пайда болуы. Қырықжапырақтәрізді өсімдіктердің жапырақтары жақсы жетілген және екі қызмет атқарады(фотосинтездеуші, спора түзуші). Гаметофитінде хлорофилл болады. Жапырақтары ұшынан шексіз өсетіндіктен, өте ірі болады. Олардың мөлшері бірнеше миллиметрден 30 метрге дейін жетеді. Қырықжапырақтәрізділердің қоршаған ортаға адаптациясы олардың жапырақ тақтасының ауданының өзгеруінен көрінеді. Ылғалы аз жерлерде бұл өсімдіктердің вайя жапырақтары сукулентизация қасиетін қоланады.
Балықтар ауіп көзін бағалау - student2.ru
Ароморфоз Идиоадаптация
Балықтардың физиологиясында алғашқы күрделенуіне қаңқаның шеміршекті құрылымынан сүйекті құрылымға айналуы болып табылады. Оған қоса жұп жүзбеқанаттары пайда болды. Екі камералы жүрек, қанайналым жүйесі тұйық .Желілермен салыстырғанда балықтарда сезім мүшелері жетілді және жүйке түтігінің орнына жұлын жүйкелер қалыптасты. Балықтарда ең алғашқы зәршығару мүшелері (бүйрек, несепағар, қуық)пайда болды. Балықтарың идиоадаптациясына әртүрлі тіршілік ету жағдайларына байланысты дене формасының өзгеруі мысал бола алады.Мысалы, су түбінде бейімделіп жалпақ пішінді иеленетін камбала, скат балықтары.Немесе қатты ағынды өзендерде тіршілік ететін балықтардың денесінің сүйірленіп келуі жатады. Скат — терең суды мекендейтін шеміршекті балықтардан шыққанымен су түбінде тіршілік етуге бейімделуге көшкен. Эволюция процесінде судың кысымы үлғайғандыктан скаттың дене пішіні де жалпайып өзгерді. Баяу қозғалатындықтан козғалу кызметін аткаратын құйрығы жойылды, жыртқыштарға жем бола бастады. Сондықтан денесінде су түбінің түсіне (кұм, кайыр) ұқсас бүркеніш рең, жауынан қорғану үшін күйрық шаншары жетілді. Су түбі ете караңғы болғандықтан электрлі мүшесі пайда болып, жаңа жағдайга бейімделді. Скат балығының дене құрылым деңгейі ешкандай өзгеріске ұшыраған жок.
Қосмекенділер ауіп көзін бағалау - student2.ru
Ароморфоз Идиоадаптация
Алғашында оларда аяқ болмайды. Бастапқыда суда құйрық көмегімен жүзіп жүреді. Алдымен артқы аяқтары, содан кейін алдыңғы аяқтары пайда болады. Құйрығы бірте-бірте қысқарып, жойылады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен). Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері пайда болған. Қосмекенділердің балықтардан айырмашылығы 3- камералы жүректің болуы. Жүрек екі жүрекшеден (Оң жақ жүрекшеде аралас қан,венозды. Сол жақ жүрекшеде артериалды қан) және бір қарыншадан тұрады. Миы балықтарға қарағанда жақсы дамыған. Қосмекенділердің құрылықта еркін қозғалуға көмектесетін жұп артқы және алдыңғы аяқтары қалыптасқан . Оған қоса қосмекенділерде тыныс алу жолы өкпелік және тері арқылы да бола алады. Сол арқылы ол құрылықта да , суда да оттегімен қамтамасыз етіледі.
Жорғалаушылар ауіп көзін бағалау - student2.ru
Ароморфоз Идиоадаптация
Жорғалаушылардың мекен ету ареалы кең. Себебі олар суда да, құрылықта да тіршілік ете алады. Күрделі қозғалыс жасауларына байланысты аяқтарында, жақсүйектерінде, мойнында және кеуде қуысында бұлшықеттері жақсы дамыған. Қосмекенділердің артерия қаны мен вена қаны жорғалаушырадағы сияқты раласпайды. Соның арғасында оттегімен жақсы қамтамасыз етіледі. Олар іштей ұрықтанады және жұмыртқалайды. Жорғалаушылардың терісі құрғақ және онда бездер өте аз. Терінің сырты мүйізді қабыршақтар мен, қалқаншалармен, сауытпен қапталған. Мұндай мүйізді түзілістер теріні құрғап кетуден сақтайды әрі қорғаныш қызметін атқарады. Өсу кезінде терісі үнемі түлеп, түсіп отырады.
Құстар ауіп көзін бағалау - student2.ru
Ароморфоз Идиоадаптация
Құстардағы ең негізгі ароморфоз бұл олардың жүрегінің 4-камералы болуы. Бұл құстарға дене температурасының тұрақты болып, оған қоса газалмасуының жақсы жүруіне септігін тигізеді. Осы қасиеттердің көмегімен құстардың мекен ету ареалы кеңейді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған .Құстарда үлкен ми сыңарларының қабығы пайда болды. Тропиктік жерлерде тіршілік ететін құстардың тұмсықтарының пішіндері үлкендігімен ерекшеленеді. Олардың осндай үлкен тұмсықтары оларға үлкен жеміс –жидектерді, жаңғақтарды жеуге мүмкіндік туғызады. Ал дәндермен, жәндіктермен қоректенетін құстардың тұмсығы жіңішке әрі кішкентай болып келеді. Страустар мен пингвиндер үлкен салмаққа ие болғандықтан ұшпайды сондықтан олардың қанаттары дамымаған. Қаз , аққу , үйрек сияқты құстар судан қорек тауып жеуге машықтанған. Аяқтарындағы башайлары арасындағы жарғақ тері суда жақсы жүзуге көмектеседі
Сүтқоректілер
Ароморфоз Идиоадаптация
Сүт бездері мен қағанақтың, балаларын құрсақта көтерудің дамуы, түкті жабын, жылықандылық және зат алмасудың жоғары сатыда өтуі, мидың көбірек дамып, күрделі мінез-құлықтың пайда болуы нәтижесінде сүтқоректілер класы ғаламшарымызда үстемдікке ие болды. Сүтқоректілердің жылықандылығы басқа организмдер бара алмайтын Арктика мен Антарктидаға таралуына себепші болды. Организмдердің орта жағдайларына бейімділігі артып, жаңа кеңістікке көбірек таралуына әсерін тигізеді. Сүтқоректілерде идиоадаптацияға зебра, жолбарыстың тері жабынының түсі; таутеке, жылқының тұяқтары; итбалық, теңіз тасбақасы, морж сияқты теңіз жануарларының жарғақ аяқтары мысал бола алады. Осының барлығы сүтқоректілерге өмір сүру аймағында тіршілік жасау үшін қажет.

Қорытынды: Бұл жұмыста мен әртүрлі ағзалардың ароморфоздары мен идиоадаптацияларымен танысып бұл құбылыстар тірі ағзалардың құрылымдық және қызметтік жағынан күрделеніп, жоғары сатыға көтерілуі екенін, ал идиоадаптация ағзаларға қоршаған ортаға , құрылымдық деңгейінің өзгермей, күрделенбей бейімделуі екенін анықтадық.Ароморфоз да, идиоадаптация да биологиялық эволюцияның негізгі бағыттары. Жоғарыдағы кестедегі барлық тірі ағзалардың өмір сүру процесінде әртүрлі өзгерістер, бейімделушіліктер болған. Ароморфты өзгерістер бұл ағзаларға эволюциялық дамуда едәуір биік деңгейге көтерілуге себеп болды. Идиоадаптацияланған ағзалар табиғатта өзінің тіршілігі үшін үлкен аумақты қамтып, онда өмір сүру мүмкіндігіне ие болды.

Наши рекомендации