Креатинурия, түзілуі, жануар орган кретиннің тағдыры.

Креатин бұлшық еттерде жоғары энергетикалық қослыс-креатинфосфаттың түзілуіне қажет.Креатин синтезі 2 кезеңде 3 амин қышқылы;аргинин глицин және метионинін қатысуымен өтеді.Бүиректе глицинаминодитрансфераза әсерінен гуанидин ацетат түзіледі.Әрі карай гуанидин ацетат бауырга тасмалданады.Мұнда ол метилдену реакциясы өтеді.Креатинин қан айналымы арқылы бұлшықеттер мен ми жасушаларына өтеді. Мұнда одан жоғары энергетикалық қосылыс креатинфосфат түзіледі. Бұл реакция оңай қайтымды және креатинкиназа ферментімен католизденеді.Фермент жасушалардың цитозоль мен митохондрияларында кездеседі, оның мүше талғамдылығы бар.Креатинфосфат жұмыс жасайтын бұлшыкеттерді бастапқы кезде энергиямен қамтамасыз етуде маңызды қызмет атқарады.Ферментсіз дефосфорланудың нәтижесінде негізінен бұлшыкеттерде креатинофосфат креатинге айналады, ол зәрмен бөлінеді.Креатинурия- Креатиннің зәрмен көп шығуын айтамыз. Креатинурия - миопатиялар, бұлшықеттің прогрессияланған дистрофиясы кезінде байқалады. зәрде креатиннің пайда болуы гипертиреоз кезінде, аддисон ауруы кезінде, қантты диабет кезінде, инфек аурулар, күйіп қалу, белоктық ашығу, қызыл волчанка және Е витамині жетіспеген кезінде байқалады.

6. Дәнекер тіннің химиялық құрамының, құрылысының, алмасуының ерекш.

Дәнекер тін жануар тектес ағзада ең көп таралған ткань, оларда клеткааралық зат және ерекше фибрилярлы талшықтармен қатар фибробластар жіне олардың түрлері(остеобластар, хондробластар, кератобластар т.б), ретикулациттер, мезенхималды және жуан клеткалар бар. Дәнекер т-нің клеткалары базалды мембраналармен байланыспайды,олар клеткааралық заттаң тікелей өзінде орналасады немесе орын ауыстырады. Клеткааралық матрикстың маманданған бөлігі базальды мембраналар болып табылады. Дәнекер тіннің ерекшелігі клеткалар арасында үлкен аралықтардың және соған сәйкес клеткааралық заттың көп мөлшерде болуы. Д.т нің клеткааралық матриксінің негізгі қызметі-клеткалардың пролиферациясы мен дифференцировкасына және тіндер каркасын құруға, мүшелердің формасын түзуге және сақтауға қатысу. Қалыпты жағдайда клеткааралық зат гель түрінде болады және протеогликандардан, гликопротеиндтерден және бос гликозамингликандардан тұрады.Дәнекер тіннің түріне байланысты фибриллярлы элеменнтер 3 түрлі талшықтар түрінде болады: коллагенді, эластинді және ретикулярлы талшықтар.Дәнекер тінің химиялық құрамы күрделі, үш түрлі компоненттен тұрады;

1.Фибрильді акуыздар;колаген,эластиннен

2.Акуыздар мен гетерополисахаридтерден тұратын гибридті молекула протеогликандардан тұрады.

3.Кұрлымдык гликопротеин-фибронектиннен тұрады.

7.Коллагеноз кезінде оксипролинурия.Жас ұлғайған сайын дәнекер тканінде гликозамингликандардың, протеогликандардың және гликопротеиндердің сандық мөлшері, сапалық құрамы өзгерістерге ұшырайды.Теріде гиалурон қышқылының мөлшері төмендейді, коллагенді фибриллалардың мөлшері артады. Коллаген I әсіресе атеросклеротикалық түйіндердің қалыптасқан жерінде өте көп жинақталады. Артериялар қабырғасында коллаген ІІІ коллаген І -ге ауысады. Жас ұлғайған сайын сүйектерде коллаген I-дің орнына коллаген III жинақталады, ол сүйектердің сынғыштығының артуына әкеледі. Гиалурон қышқылы мен хондроитинкүкірт қышқылының қатынасы өзгеред, бұл клетка аралық заттың өткізгіштігінің бұзылуына әкеледі.

8. Сүйек тінінің химиялық құрам. ерекш. Сүйек тканінің хим.қ құрамы, фукциясы, зат алмасу ерекшеліктері.

Сүйек ткані өзінің биологиялық қызметіне сәйкес беріктігі мен тығыздығымен ерекшеленеді. Сүйек ткані ағзаның ішкі ортасының гоместазын сақтауға қатысады. Сүйек тканінің клеткааралық матриксі органикалық ж/е минералды қосылыстардан құралған. Органикалық заттар коллагнді талшықтар, альбуминдер, ферменттер, гликоген, липидтер, органикалық қышқылдар түрінде болады. Минералды заттар құрамында Са ж/е фосфаттардан басқа элементтер бар.

Сүйек тканнінің барлық компоненттері үнемі жаңарып ж/е қайта құрылып отырады: сүйектің органикалық ж/е минералды заттары үнемі ыдырап ж/е синтезделіп отырады. Сүйек тканінің клеткаларының ішінде остеобластар мен остекластар басым болады.

Сүйек ткані бұлшық ет бекитін каркас, әрі қорғаныштық қызмет атқарады. Дененің арқауы, қозғалыс қимылын қамтамасыз етеді. Неорганикалық қосылыстардың депосы.

Са- 99%

P- 87 %

Mg- 50%

NA- 46% сүйекте жиналады.

Зат алмасуы: глюкозамингликандар – қорғаныштық, механикалық қызмет атқарады. Су ж/е электролиттер алмасуына қатысады. Плазмалық альбумин сүйек тканінде гормондарды катиондарды тасымалдау үшін қолданылады.

Пирофосфотаза минералдану процесіне қатысады, глюкопротеидтер сүйектің минералдануына өсуне дамуына қатысады. Сүйек тканінің химиялық құрамы.Сүйек ткані дәнекер тканнің бір түрі болып табылады және сүйектің құрылымы мен қызметін анықтайды.Сүйек ткані өзінің биологиялық қызметіне сәйкес беріктігі мен және тығыздығы мен ерекшеленеді.Бұл қасиеттер сүйектің клеткааралық затының құрамында минеральді қосылыстардың көп мөлшерде болуымен байланысты.Минералды заттардың негізінен калций мен фосфаттардың,сүйек ткані ағзаның ішкі ортасының гомеостазын сақтауға қатысады.Сүйек тканінің көп бөлігі клеткааралық матрикс, ал аздаған бөлігі клеткалық элементтер түрінде болады.Сүйек тканіің барлық компоненттері үнемі жаңарып және қайта құрылып отырады,сүйектің органикалық және минералды заттары үнемі ыдырап және синтезделіп отырады.Сүйек тканінің клеткаларынығ ішінде остеобластар басым болады.Остеобластарда клеткаларға тән барлық компоненттер болады және коллаген,гликопротеиндер мен глюкозаамингликандардың синтезінің күшті аппаратымен ерекшеленеді.Ересек адамның сүек тканінде 1200г калций ,530г фосфор,11г магний бар,бұлардан басқа сүекте микроэлементтер де бар. Сүек тканінің құрамында сүектің өзгешелік қызметтері мен құрылымдық ұйымдастығын қамтамасыз етуге қажетті белоктар коллаген, альбуминдер мен гликопротеиндер бар.Сүек коллагеніне лизинді және оксилизинді қалдықтардың бос топтарының көп мөлшері,сонымен қатар молекулаға теріс заряд беретін моноаминотканінің аминқышқылдардың көп мөлшерде болуы тән. Сүекті тканнің альбуминдері коллагенді емес белоктардың негізгі бөлігін құрайды және иммунологиялық қасиеттері бойынша қан сарысуының альбуминдеріне ұқсас болады.Сүектің альбуминдері гормондардың ,минералды және басқа да заттардың қан ағымының сүекке жеткізілуін қамтамсыз етеді. Сүек тканінің қайта түзілу процесі үшін органикалық негізгі коллагенді фибриллалар синтезделуі және олар минерализациялануы қажет.Осы процесстердің барлығындада остеобласттар негізгі рол атқарады.

9. Тіс тканінің хим. құр. ерекш. Адамда тістердің 2 рет алмасуы жүреді.Алғашында онда сүт тістері пайда болады(cүтті қатардағы 20тіс),біртіндеп олар тұрақты тістермен алмасады (тұрақты 32 тістер). Тістің органықалық заттары белоктар,нулеин қышқылдары ,липидтер,көмір-сулар,органыкалық қышқылдар және витаминдер түрінде болады.Тіс тканінің белоктары коллеген,протеогликандар,глико протеитер,фосфопротеидтер,остекальцин, альбуминдер және глобулиндер түрінде болады.Тістің және сүйектің негізгі белогы -коллеген болып табылады. Тістің қалыпты дамуы мен қызметі үшін A,D,E,K,C және P витаминдері қажет.Эмаль- ағзаныңең қатты ,қан тамырсыз ткані болып табылады.Олдентинді,пулпаны кез келген әсерден сақтайды.Эмальда бейорганикалық субстанция -93,7%, су-2,3%,органықалық заттар 4%болады.Эмальдың минералдық заттары 41элементтерден тұрады.Эмальдың сыртқы қабатында фтор,қорғасын,темір,ал натрий,магний,карбонаттар аз.Эмаль барлық бағытта өткізгіш. Дентин- тістің негізгі бөлігін құрайды.Бұл қан тамырынсыз,остеобластардың тармақтары -өскіндермен толтырылған ткань.Дентин түтікшелерінде дентинді сұйықтық ағында болады. Эмальға қарағанда дентинде судың мөлшері 5-6есе көп.Органықалық заттар көп,ал минералды заттар аз.Дентиннің органықалық матриксы коллеген және коллеген емес белоктар түрінде болады.Кариес кезінде коллегенді емес белоктары өзгереді. Пульпа тістің көп тканьды бөлігі,көбінесе дәнекер тканінен тұрады.Құрамында клеткааралық зат бар және онда талшықты құрылымдар,одонпластар,фибробластар орналасқанболар дентин мен эмаль түзілуіне қатысады.Пульпа жақсы дамыған торы және митохондриялары көп болуымен ерекшеленеді.Пульпаның талшықты құрылымы коллеген түрінде болады

Наши рекомендации