Медициналық симуляциясының сценариясы

Клиникалық жағдай: «Туберкулезді этиологиядағы экссудатты плеврит»

Ситуация:Сіз – қалалық клиникалық ауруханасының пульмонология бөлімінің дәрігерісіз. Жедел көмек көрсету каретасымен 28 жастағы пациент жатқызылды.

- пациенттен анамнез жинаңыз, қарап тексеру жүргізіңіз және аурудың ауырлығын бағалаңыз;

- клиникалық, зертханалық, аспапты зерттеу анализдерінен алынған мәліметтерге талдау жүргізіңіз;

- клиникалық және анықталған аурудың жағдайының жіктелуіне сәйкес болжама диагнозды қойыңыз;

- науқасты жүргізу тактикасын және емін анықтаңыз.

Қорытынды нәтижесі:

- плевритпен ауырған науқасқа сұрау және физикальды зерттеу жүргізіңіз;

- зерттеулерден алынған мәліметтерге талдау жүргізіңіз: қанның, зәрдің жалпы анализы, биохимиялық анализ, экссудат сұйықтығының анализы, плевральды сұйықтыққа микроскопия-лық зертеуді өткізу (бактериоскопия, G-xpert,BACTEC), кеуде торша ағзаларының рентгено-граммасының нәтижесі, компьютерлі томография.

- пациентты жүргізу және емдеу тактикасы.

Бағалау парағы (чек-парақ)

Клиникалық жағдайы бойынша:«Туберкулезді этиологиядағы экссудатты плеврит »

№№ Қадамдарды бағалау Баллмен бағалау
Дұрыс орындады Қатемен орындады орындамады
Шағым және анамнез жинау 1,0 0,5
Аурудың ауырлық критериясын анықтау 1,0 0,5
Физикальды зерттеуді жүргізу – жалпы қарап тексеру 1,0 0,5
Физикальды зерттеуді жүргізу -тыныс алу жүйесін зерттеу 1,0 0,5
Физикальды зерттеуді жүргізу -жүрек тамыр жүйесін зерттеу 1,0 0,5
Болжама диагноз 1,0 0,5
Зерттеу жоспарын белгілеу 1,0 0,5
Дифференциальды ажырату диаг-ностикасының жоспары 1,0 0,5
Микробиологиялық диагностика-сын жүргізу 1,0 0,5
Зертханалық әдіспен зерттеу тәсілдеріне талдау беру 1,0 0,5
Плевра экссудатының анализіне талдау беру 1,0 0,5
ЭКГ талдау 2,0 1,0
Кеуде торша рентгенограммасын талдау 2,0 1,0
Пациенттің типін және категориясын анықтау 1,0 0,5
Химиотерапияны тағайындау 1,0 0,5
Емнің нәтижелігін бақылау 1,0 0,5
Пациентпен оңтайлы қарым қатынасты құру және үрейін жою 2,0 1,5
  Баллдың жиынтығы      

Максимальды балл -20,0

Стандартталған актерге (пациентке) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлі жазылған:пациент денесінің температурасы 38º- 39º С жоғарлауына,кеудедінің ауырсынуына, ентігуге, әлсіздікке, мардымсыз бейпродуктивты жөтелге, жөтелгенде кеудедегі ауырсынудың күшеюіне шағымданады.

Сауалдың мәні Актерге берілетін сауалдар жауап
Аурудың басталуы, симптомдар Осы жағдайыңызды немен байланыстырасыз?   Суық тигенмен және тұмаумен байланыстырамын.  
Ауру қалай басталды? Дене температурасының 38ºС көтерілуі-мен, кеуденің ауырсынуымен, ентігумен, құрғақ жөтелмен басталды.
Сізде кеуденің ауырсынуы алғашқы рет қашан пайда болды? Алғашқы рет бір аптадан кейін кеуде қысып ауырды.
Жөтел қақырықпен қоса жүрді ме? Құрғақ жөтел мазалады.
Әлсіздік байқалды ма? Екі аптадай әлсіздік байқалды.
Ауыртпалы фактор-дың анализы Сіз темекі шегесіз бе? Ия, 14 жасымнан шегімін.
Амбулаториялық ем Сіз дәрігерге қашан қаралды-ңыз? Ем тағайындады ма? Дәрігерге субфебрильды температурамен, кеуденің ауырсынуымен қаралдым. Қабырға аралық невралгиямен амбулаторлы емделдім. Емнің нәтижесі болмады. Әлсіздік, кеуденің ауырсынуы және ентігу күшее бастады. Жедел жәрдем шақырдым.  
Қосарланған аурулар Гепатитпен, туберкулезбен, плевритпен ауырған жоқсыз ба? Жоқ, ауырған жоқпын.
Кәсіби, әлеуметтік тұрмыстық факторлар Сіздің тұрмыс жағдайыңыз және жұмысыныз қандай? 3-бөлмелі пәтерде тұрамын. Жеке меншік фирмада дизайнер болып жұмыс істеймін.

Анамнезінде: тұмаудан және суық тигеннен кейін екі аптадан астам өзін аурумын деп са-найды. Дімкәстіктен, әлсіздіктен, бас ауруынан, денесінің субфебрильды температурасынан басталды. Дәрігерге қаралды. Қабырға аралық невралгиядан емделді. Ем барысында жалпы жағдайы нашарлады, дене температурасы 38ºС көтерілді, жалпы әлсіздік және кеудегі ауру оң жағында күшее бастады.

«Плеврит» деген диагнозбен қалалық клиникалық ауруханаға пульмонология бөліміне жедел көмек каретасымен әкелді. Ауруханада кең спектрлі антибиотиктармен 10 күн емделді. Цефтриаксон тәулігіне 1,0 г 2 рет, метрогил 200мл көк тамырға тамшылап жіберді, солютаб 500мг тәулігіне 2 рет, флунол 150мл күніне 1 рет №1. Қабылдаған ем нәтиже бермеді.

14 жасынан темекі шегеді, күніне 1 пачка. Науқастын сөзіне қарағанда алкогол ішпейді. Нар-котикалық дәрілерді қабылдамайды. Кеуде торша ағзаларының соңғы ФГ 2013 жылы жасалған, патологияға анықталмаған (амбулаториялық картасында нәтижесі жазылған).

Қарап тексергенде/объективты: Интоксикацияға байланысты жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, дене бітімі астеникалық. Тері жабындысы ылғалды, түсі бозғылт, дене температурасы 38ºС, перифериялық лимфа бездері пальпацияланбайды.

Кеуде торшасы нормостеникалық, тыныс алуда кеуде торшасының оң жоғы қалып қоюда, ТҚС- минутында 22. Салыстырмалы перкуссияда оң жақтын 2 қабырға аралығында бұғанының ортаңғы сызығы, қолтықтың сызығы бойынша перкуторлы дыбыс қысқарған. Дауыс дырылы анықталмайды. Топографиялық перкуссияда оң және сол өкпенің ұшы алдынан 3 см бұғанадан жоғары, артынан жетінші мойын өмыртқасының қылқанды өсіндісінің деңгейінде, 4 см латеральды, Кренинг алаңының ені оң және сол жағында 4 см. Өкпенің аускультациясында өкпенің оң жағында тыныс естілмейді. Жүрек тоны ашық, дыбысты, ритмі дұрыс. ЖСС – минутында 74 соғу. АҚ – 110/70 мм с.б.. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыр, көк бауыр палпация-ланбайды, зәр шығару өзгеріссіз.

Жалпы қан анализы

Көрсеткіштері нәтижесі
Эритроциттер 4,2 млн.
Гемоглобин 138 г/л
Түсті көрсеткіш 0,89
Лейкоциттер 13,8*109
Нейтрофильдер: таяқшаядерлы
Сегментоядерлы
Эозинофилдер
Лимфоциттер
Моноциттер
Тромбоциттер 185*109
ЭЖШ 45 мм/час

Қанның биохимиялық анализы

Көрсеткештері нәтижесі
жалпы протеин 68 г/л
Альбуминдер 42,0 г/л
Мочевина 4,2 ммоль/л
Креатинин 108 ммоль/л
Глюкоза 3,8 ммоль/л
АЛТ 42 Ед/л
АСТ 24 Ед/л
Билирубин 22 ммоль/л
Холестерин 4,1 ммоль/л
   

Наши рекомендации