Трихофития қоздырғышының сабуро агарындағы өсіндісі

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: Микробиология

Тақырыбы: Саңырауқұлақта: жүйелеу, морфологиясы, дақылдау. Микоздар

Орындау әдісі: КЕСТЕ

Орындаған: Сағидуллин Қ.Н

Группа: 206 “а”

Тексерген: Насухин Ш.Б

Ақтөбе 2016жыл

Жоспары:

1. Cаңырауқұлақтар анықтамасы, құрылысы.

2. САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР СИСТЕМАТИКАСЫ

3. Микология

4. МИКОЗ қоздырғыштары.

Cаңырауқұлақтар - аэробты организмдер. Сондықтан олар қоректік заттардың бетінде колония құрып тіршілік етеді.

Сыртқы орта жағдайларына саңырауқұлақтар төзімді организмдер. Төменгі температура, тұздың едәуір концентрациясы және ортаның қышқылдығы аса әсер ете қоймайды. Сондықтан саңырауқұлақтар іс жүзінде барлық жерлерде кездеседі.

Саңырауқұлақтардың құрылысы. Саңырауқұлақтардың денесі өте нәзік жіпшелерден, яғни гифтерден тұрады. Бұл гифтердің өз ара шатасып орналасуынан барып мицелий пайда болады. Кейбір саңырауқұлақтардың денесі жіптерден құралмайды. Мұндай саңырауқұлақтардың басым көпшілігі өсімдіктер ауруын қоздырады. Мәселен, бұларға картоптың рак ауруын қоздыратын сақырауқұлақтар жатады. Саңырауқұлақтар бір клеткалы және көп клеткалы болып бөлінеді. Бір клеткалы саңырауқұлақтың бұтақталған мицелийі бір ғана клеткадан тұрады, ал көп клеткалы саңырауқұлақтардың гифінде аралық перделер болады.

Жалпы саңырауқұлақтар клеткаларының құрылысы басқа организмдердің клеткаларының құрылысына ұқсас. Клеткалары сыртқы қабықтан, цитоплазмадан, бір немесе бірнеше ядродан тұрады. Қабық құрамында клетчатка, пектин және азот тектес заттар бар. Цитоплазмада әр түрлі заттармен бірге вакуоля да бар. Қор заттары ретінде клеткада углевод және май заттары кездеседі.

Морфологиялық және физиологиялық қасиеттеріне қарай саңырауқұлақтарды негізгі 5 класқа бөлуге болады.

Архимицеттер. Бұлардың ерекшелігі сол, мицелийі болмайды, болса да ол нашар жетілген, 300-ден астам түрі бар. Көбінесе жыныссыз жолмен көбейеді. Споралары спорангийде түзіледі.Бұл саңыраукұлактардың бірқатары жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктерді закымдайды.

Фикомицеттер. Мицелийі жақсы жетілген бір клеткалы саңырауқұлақтар, жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жыныссыз жолмен көбейгенде спорангийде споралар түзіледі, ал жынысты жолмен кәбейгенде зооспоралар пайда болады, оның 700-ге жуық түрі бар.

Аскомицеттер. Бүлардың көп клеткалы мицелийлері бар. Конидий арқылы көбейеді жынысты жолмен көбейгенде аскоспоралар түзеді. Бұл кластың 20 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың көпшілігі мәдени өсімдіктерді және түрлі тағамдарды бүлдіреді. Кейбір аскомицеттер техникалык мақсатта қолданылады.

Базидиомицеттер өте үлкен класс. Базидиомицеттердің көп клеткалы мицелийлері бар. Олар базидиоспоралар арқылы жыиысты жолмен, конидийлер арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Оған 20 мыңнан астам саңырауқұлақтардың түрлері біріктіріледі. Оларға қалпақты саңырауқұлақтар, үй саңырауқұлағы, трутовиктер, қара күйе және дат саңырауқұлақтары жатады.

Жетілмеген саңырауқұлақтар. Топырақта және суда жоғарыда аталғандармен қатар микроскоптық жетілмеген саңырауқұлақтарда көп кездеседі. Олар — көп клеткалы мицелийі бар жыныссыз жолмен көбейетін организмдер. Бұл табиғатта кең тараған. 25 мыңнан астам түрі бар. Олар түрлі тағамдарды көгертіп, мәдени дақылдарды зақымдайды. Олардың негізгі өкілдеріне фузариумды, ботритисті, альтернарияны т. б. атауға болады.

Микология (грек. mykes – саңырауқұлақ және логия) – саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым. Микологияның негізгі мақсаты саңырауқұлақтың морфологиясын, түрлік құрамын, жүйелік топтарын, биологиясын, экологиясын, физиологиясын, филогениясын, т.б. сондай-ақ табиғатта таралуы мен адам тіршілігіндегі маңызын зерттеу.

Саңырауқұлақ (шампиньон, трюфель, бүріспе) туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. 4 ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Теофрастың еңбектерінде кездеседі. Б.з. 1 ғасырында итальяндық ғалым Плиний саңырауқұлақтардың дамуына сипаттама беріп, бірінші рет олардың жіктелімін жасамақшы болды. 1578 жылы голландық ғалым К.Клаузиус саңырауқұлақтардың 221 түріне арналған түрлі-түсті атлас жасады.

І кезеңде – әр түрлі саңырауқұлақтарды сипаттау, олардың жіктелімін жасау жұмыстары жүргізілді. Бұл кезеңде белгілі болған еңбектер – голландық миколог Х.Персонның “Саңырауқұлақтарға сипаттама” (1801) атты 2 томдығы және швед ботанигі Э.Фристің “Саңырауқұлақтар жүйесі” (1821 – 32) атты еңбектерін атауға болады.

ІІ кезеңде –француз ғалымдары ағайынды Л. және Ш. Тюландар бір саңырауқұлақ түрінің әр түрлі спора түзетінін (плеоморфизм құбылысын) анықтады. Ал неміс ботанигі А. де Бари паразитті саңырауқұлақтарды зерттеудің тәжірибелік әдістемесін ұсынды.

ІІІ немесе жаңа кезең - саңырауқұлақтардың физиологиясы мен биохимиясының дамуымен сипатталады.

МИКОЗДАР – патогенді микроскоптық саңырауқұлақтардың жұқпалы ауруларының тобы.

Микоздар (көне грекше: μύκης — «саңырауқұлақ»). Адамда және жануарларда түрлі шаш, тырнақ ауруларын қоздыратын саңырауқұлақ бактериялары.

Дерматомикоз қоздырғыштарына теріні және оның туындыларын зақымдайтын микоздар жатады. Олардың қоздырғыштары кератині бар тканьдерді зақымдай отыра тіршілік етеді.

Бұл аурудың қоздырғыштары Deuteromycetes класына жататын жетілмеген саңырауқұлақтар. Дерматомикоздардың клиникалық белгілері бір-біріне ұқсас болғанымен, олардың қоздырғыштары әр түрлі туысқа жатады: Trichophyton (трихофития) және Microsporum (микроспория).

ТРИХОФИТИЯ қоздырғышының келесі түрлері белгілі: Trichophyton verrucosum - ірі қара малдарды, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton equinum - жануарлардың басқа түрлерін, Trichophyton gallinae - құстар мен сүт қоректілерді ауруға шалдықтырады.

Трихофития қоздырғышы - аэроб, арнайы қоректік орталарда жақсы өседі. Сабуро агарында 26-28оС температурада 10-20 тәуліктен соң біркелкі, қатпарлы, субстратқа енген тарамдары бар колонияларды қалыптастырады.

Құстар трихофитиясы (фавус - таз, тазқотыр) кезінде олардың терісі, қауырсындары, ішкі органдары зақымданады. Құстардың айдарында, сырғасында, тұмсық айналасында, ал мысықтар мен иттердің аяқтарында, тырнақтарында және басында сұрғылт-ақ түсті қабыршақтар (скутулалар) пайда болады.

Трихофития қоздырғышының сабуро агарындағы өсіндісі

Дерматомикоздарда патологиялық материал ретінде сау және жарақаттанған терінің шектескен жерінен қабыршақтары, зақымдалған жүндерімен бірге алынған қырынды пайдаланылады.

Дерматомикоздардың таза өсінділерін бөліп алу үшін патологиялық материалдардың үлгісі арнайы қоректік орталарға (Сабуро, сусло-агар, 2%-ды глюкозасы бар ЕПА) себінді жасалады. Үлгілерді 5-7 минут бойы 60оС спиртте ұстағаннан кейін екі рет дистильденген сумен шайып, термостатта (+37оС) кептіреді. Осы тәсілдермен өңделген үлгілер басқа микрофлоралардан тазартылады. Кейде оларды антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин) қосылған қоректік орталарға себінді жасап 26-28оС температурада 20-30 күн өсіреді.

МУКОРОМИКОЗ қоздырғышы Oomycetes класына Mucor туысына жататын төменгі жетілген саңырауқұлақтардың өкілі.

Аурудың қоздырғышы M.racemosus. Мукоромикоз (фикомикоз) - лимфа бездері мен өкпеде, сирек жағдайда басқа да органдар мен тканьдарда гранулематозды процестердің (туберкулезге ұқсас) дамуымен сипатталады. Бұл ауруға шошқа, жылқы, ірі қара мал, қой, терісі бағалы аңдар және зертханалық жануарлардың ішінен - теңіз шошқасы мен тышқандар сезімтал келеді. Зерттеуге ірің, некрозға ұшыраған және гранулематозды тканьдар, экссудат алынады. Диагноз патологиялық материалдарды микроскопиялау және таза өсінділерді бөліп алу негізінде қойылады.

Мукоромикоздың Сабуро ортасындағы өсіндісі

КАНДИДАМИКОЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ Candida туысына жататын, ашытқыға ұқсас микроскоптық саңырауқұлақ. Candida albicans жоғарғы жетілмеген саңырауқұлаққа жатады. Бұл жануарлардың кілегей қабаттарында өне бойы мекендейтін, кандидамикоз ауруын тудыратын, ас қорыту және әр түрлі органдардың кілегейлі қабаттарының тканьдерін зақымдайтын факультативті паразит. Candida albicans негізінен құстарды, сирек торай, бұзау, қозы, күшіктерді ауруға шалдықтырады. Мұндай малдар организмінің резисттенттілігі төмендейді.

Candida albicans микроскопиясы.

Candida albicans глюкоза мен мальтозаны қышқыл мен газға, сахарозаны қышқылға дейін ферменттейді, ал лактозаны ферменттемейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл

2. Медициналық микробиология, Б.А.Рамазанова, Қ.Құдайбергенұлы, Алматы 2010 жыл

Наши рекомендации