Жоғары температурада адам организмінде қандай процестер байқалады. Зат алмасу процестерінің бұзылыстарына тоқтаңыз.
Клеткалық дегедратация синдромы кезінде суды жоғалту тұз жоғалтудан артық болғанда дамиды.Сусызданудың жалпы белгілерңмен қатар гипернатремия,гиперазотемия,орташа гиперкалиемия,олигоурия,гиперстенурия байқалады.Клетканың сыртындағы дегидретация сигдромы-электролиттік негіз төмендегенде кезде болады.Бір тәулік ішінде клетка сыртындағы сұйықтықтың 22%,натрийдың жалпы санының 18-22%, хлордың жалпы санының 28% жоғалтады.
29. Альбуминнің мөлшері қандай процестерде томендейді. Альбуминдер қан сарысуы белоктарының көпшілігін құрайды. Олар судың мөлшерін ұстап тұрады, сондай-ақ қан коллоидты осмостық қысымының 80% құрады. Гипоальбуминемия (қан сарысуындағы альбуминнің мөлшерінің төмендеуі) ол жалпы белок мөлшерінің азаюындағы сияқты себептерден туындайды (тағам өнімдерімен аз түсуі, көп мөлшерде белок жоғалту, оның синтезінің бұзылуы, белок ыдырауының жоғарылауы). Гипоальбуминемия қанның онкотикалық қысымының төмендеуін шақырады, ол ісіктің пайда болуына әкеледі. Белок гидрофильділігі әр түрлі улы заттарды, алкогольдерді төмендетеді. Гиперальбуминемия организм сусыздануы кезінде бақыланады.
30. Қандай потологиялық процестерде қанның құрамында натридің және каллидің мөлшері төмендейді.Гипонатриемия — қандағы натрий мөлшерінің 135 ммоль/лінен төмен болуы. Ол нағыз немесе а\ғашқы және сальгстырмалы немесе кейінгі болып екі түрге бөлінеді. Нағыз гипонатриемия: 1) тағаммен натрий хлориді аз түскенде, мысалы, ашығу, түзсыз емдеу кездерінде кездеседі; 2) натрийді көп жоғалтқанда, мысалы, несеп, тер немесе ішек сөлі арқылы; 3) әльдостерон аз түзілгенде (Аддисон ауруы) бұл кезде нефрон өзекшелерінде натрийдың қайта сіңірілуі азаяды; 4) сульфаниламидтер және олардың туындылары — салуретиктерді (диакарб, дихлотиазид) ұзақ мерзім бойы қабылдағанда кездеседі. Салыстырмалы немесе кейінгі гипонатрийемия: қаннын сұйылуы кезінде болады, мысалы, а) суды артық қабылда-ғанда; ә) изотониялың сүйықты көп мөлшерде енгізгенде; б) бүйректің несеп шығару қызметі төмендегенде; в) ісінуді жою кезінде су тінаралық кеңістіктен тамыр арнасына көптеп өткенде.
Гипокалиемия — қандағы калий мөлшерінің 3,8 ммоль/л-ден төмен болуы, ал ол калийдың теріс тепе-теңдігі кезінде байқалады.
Гипокалиемия мынадай жағдайларда пайда болуы мүмкін: 1) калий тамақпен бірге жеткіліксіз түскенде; 2) несеппен оны көп мөлшерде жоғалтқанда. Бұл мыналарға байланысты: а) глюкокортикоидтермен ұзақ уақыт бойы емделгенде; ә) сынапты диуретиктерді қолдану кезінде; б) ацетилсалицил қышқылымен уланғанда; в) кейбір бүйрек аурулары кездерінде; г) әльдостеронның түзілуі жоғарылағанда; 3) қатты іш өткенде, көп қайталанатын құсу кезінде, себебі асқорыту сөлдерінде калийдың мөлшері қан плазмасымен салыстырғанда 2-4 есе көп болады; 4) теріс азоттық тепе-теңдік пайда болғанда, бұл нәруыздардың ыдырауы күшейген кезде, мысалы: аумақты жарақат, күйік кезінде болады; 5) натрий хлориды немесе глюкоза ерітіндісін организмге артық енгізгенде; 6) бүйрек үсті бездері қыртысының белсенділігі жоғарылаған кезде.
2-кезең
1 . Протеинурия,түрлері,түзілу себептері сапалық реакциялары және зәрдегі белоктың мөлшерін анықтау– бүйрек зақымдануының ең негізгі симптомдарының бірі. Зәрде анықталатын ақуыздар негізігнен қан сарысуынан түсетін ақуыздар болып келеді. Тәулігіне екі бүйректен 180 л шамасында қан сарысуы сүзіледі. Қалыпты жағдайда тәулігіне 150 мг дейін ғана ақуыз зәрмен шығады. Қан сарысуының 1 л-де 60-80 г ақуыз болатындықтан зәрде мұндай аз көлемде ақуыздардың анықталуы гломерулярлы тосқауылдың, қан сарысуындағы ақуыздардың ұсталуын қамтамасыз ететінін, өте жоғары тиімділігін дәлелдейді. Бүйрек шумақтарында қан сарысуы ақуыздарының молекулалық салмағына және көлеміне байланысты сүзілуі жүреді. Молекулалық салмағы 20 000 Да аспайтын кішкентай ақуыздар алғашқы зәрге түседі, бірақ кейін кері сіңіріледі немесе проксимальді өзекшелерде ыдырайды. Қалыпты жағдайда соңғы зөрде анықталатын ақуыздар: альбумин (40%), IgG (10 %), жеңіл тізбек (5%), IgA (3%). Қалыпты зәрде кездесетін ақуыздардың 50 % Тамма-Хорсфалл ақуызы құрайды, олар өзекшелерде (Генле ілмегінің өрлемелі бөлімінде) түзіледі. Шамалы бөлімін кері сіңірілмеген төмен молекулалы ақуыздар құрайды (β2-микроглобулин, ά1, ά2 микроглобулин γ, лизоцим). Қарапайым зерттеу әдістері (сульфасалицил қышқылымен сынама, тест-сызықшалар) қалыпты зөрмен бөлінетін ақуыздарды анықтай алмайды.
Кетонурия,кетон денелерінің түзілуі.Кетонурия себептері.Ацетонға сапалық реакция.Кетонурия қалыпты зәрде кетон денелері өте аз мөлшерде кездеседі оны нитропрссидті сынама арқылы , Ланге сынамасы арқылы анықтауға болмайды. Ал кетонурия кезінде бұл сынамалар оң мәнді болады. Кетонурия: қант диабетін, ашығу, тағамда көмірсулардың болмауы, тиреотоксикоз, бас ми жарақаты, дизентерия ,токсикоз, скарлатина, грипп, туберкулезд байқалады. Несептегі кетон денелерін анықтау. Несепте кетон денелері пайда болса, оны кетонурия деп атайды. Кетон денелеріне үш қосынды жатады: ацетон, ацетонсірке қышқылы, бетта – оксимай қышқылы. Қалыпты жағдайда несеппен кетон денелері өте аз бөлінеді. Олар сапалы сынақтармен анықталмайды. Несепте кетон денелері біріккен түрде кездеседі, сондықтан оларды бөлек анықтаудың клиникалық аса маңызы жоқ. Кетон денелеріне жасалған сапалы рекциялар олардың натрий нитропруссидімен сілтілі ортада қосылу әрекетімен пайда болатын әр түсті реацияларға негізделген. Көп таралған Ланге снағы: натрий нитропроссидімен сілті қышқылы қосылған несепке аммиакты қабаттайды, егер сынақ оң болса, сұйықтар арасында күлгін түсті сақина пайда болады.
3.Билирубинурия.Түзілу себептері.Тікелей билирубиннің химиялық табиғаты.Өт пигменттеріне сапалық реакция. Қалыптыжағдайда лабораториялықәдістермен анықтауга болмайтын аз мөлшерде кедеседі .Ал көбеюі гипербилирубинурия бауыр аурулары от жодарынын бітелуі.обтурациялық саргаю кезінде байқалады.Таза билирубиннің құрамында қоңыр ромбылық кристаллдары болады.Суда мүлдем ерімейді,диэтильді эфирде,глицеринде,этанолда нашар ериді. Бензолда, хлороформда, хлорбензолда және таратылған сілтілі ерітінділерде жақсы ериді.Билирубин суда еритін күйге айналып,толқын ұзындығы 450-460нм болатын көк жарықты сіңіріп алады.