Тақырыбы: «Геннің молекулалық биологиясы» тақырыбы бойынша кеңес

7.2. Мақсаты:- студенттерге геннің құрылысы, қызметі туралы, оның медицинадағы маңызын молекулалық деңгейдегі заманауи көзқарасты қалыптастыру.

7.3. Оқытудың міндеттері:

- студенттерге про- және эукариотты гендердің молекулалық құрылымы туралы заманауи білімді қалыптастыру;

- про- және эукариотты гендердің құрылымындағы айырмашылығын оқыту;

- студенттерге геннің кодтаушы және реттеуші бөлігінің құрылымды-функциональдық айырмашылығы жайлы түсінікті және білімді қалыптастыру.

7.4. Жүргізілу формасы: кесте толтыру, сызбалар сызу, тақырып бойынша бейнефильм көру.

7.5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

7.5.1. Прокариот және эукариот генінің құрылысының сызбасын сызу және қызметтерін түсіндіру.

7.5.2. Про- және эукариотты гендерінің реттеуші қатарлар жүйесінің қызметіне кесте толтыру.

.

Түрлері Қызметі Эукариоттар Прокариоттар
1. Промоторлар      
  -35 қатарлар      
  Прибнов-бокс      
  Голдберга-Хогнесс боксы немесе ТАТА-бокс      
  ЦААТ-бокс      
  ГЦ-бокс      
2. Операторлар      
3. Транскрипцияның басталу нүктесі немесе «О» сайты      
4. Энхансерлер      
5. Сайленсерлер      
6. Аттенуаторлар      

7.6. Үлестірілетін материал:жоқ.

7.7. Әдебиеттер:

Негізгі:

7.7.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. 3-10, 40-52, 74-81 б.

7.7.2. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С. 9-30, 107-110.

7.7.3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология.М., 2003. 2-3, 6-8 ,117-125 б.

7.7.4. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2008. 4-11 б.

7.7.5. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002. 3-28, 68-82 б.

7.7.6. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықов ред. Алматы, 2004. 30-33 б.

7.7.7. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006. 23-28 б.

7.7.8. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. 3-17, 54-56.б.

7.7.9. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша – қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

7.7.10. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2003. 11-14 б.

7.7.11. Щипков В.П., Кривошеина Г.Н. Общая и медицинская генетика. М., 2003. 7-11 б.

7.7.12. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под. ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. 19-20 б.

7.7.13. Коничев А.С., Севастьянова Г.А. Молекулярная биология. М., 2005. 73-114 б.

7.7.14. Наследственные болезни: национальное руководство /под ред. акад. РАМН Н.П. Бочкова, акад. РАМН Е.К.Гинтера, акад. РАМН В.П. Пузырева. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012. 69-72 б.

7.8. Бақылау:

7.8.1. Тапсырмалардың орындалуын альбомда тексеру.

7.8.2. Бақылау сұрақтары:

7.8.2.1. Прокариоттар және эукариоттар ген құрылысының ерекшеліктері.

7.8.2.2. Кодтаушы және реттеуші қатарлар, анықтамасы, қызметтері.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Ген –бір белгінің дамуын бақылайтын, тұқымқуалаушылықтың құрылымдық-функциональдық бірлігі; бір полипептидтік тізбектің (ақуыз молекуласы) синтезін бақылайтын ДНҚ молекуласының кесіндісі. Ген -структурно-функциональная единица наследственности, контролирующая развитие одного признака; отрезок молекулы ДНК, контролирующий синтез одной полипептидной цепи (молекулы белка). Gene – structural and functional unit of heredity, which controls the development of one of trait; segment of DNA that controls the synthesis of a single polypeptide chain (protein molecules).
Промотор –РНК-полимеразамен байланысып, геннің транскрипциясын бастайтын геннің (ДНК молекуласының) құрамындағы реттеуші геннің ( нуклеотидтердің) арнайы қатары. Промоторы – специфическая регуляторная последовательность (нуклеотидов) гена (молекулы ДНК) с которой связывается РНК – полимераза для его последующей транскрипции. Promoters – specific regulatory sequence (nucleotides) of gene (DNA molecule) which binds to RNA-polymerase for subsequent transcription.
Оператор –геннің реттеуші бөлігінде орналасқан, геннің белсенділігін (транскрипциясын) реттейтін арнайы нуклеотидтер қатары. Оператор – специфическая последовательность нуклеотидов в регуляторной части гена, регулирующая активность (транскрипцию) гена. Operator– specific sequence of nucleotides in the regulatory part of gene that regulates the activity (transcription ) of gene.
Энхансерлер –арнайы транскрипциялық факторларымен байланысу арқылы гендер транскрипциясының үдерісін жылдамдататын реттеуші қатарлары. Энхансеры -регуляторные последовательности, ускоряющие процесс транскрипции генов путем взаимодействия со специфическими факторами транскрипции. Enhancers – regulatory sequence accelerating process of gene transcription by interacting with specific transcription factors.
Құрылымдық гендер –құрылымдық ақуыздар мен ферменттер синтезін бақылайтын гендер. Структурные гены – гены,контролирующие синтез структурных белков и ферментов. Structural genes – genes controlling synthesis of structural proteins and enzymes.

Құрастырушы: Аға оқыт. И.К. Нурпеисова

2-сабақ (СОЖӨЖ)

Наши рекомендации