Биотермиялық шұңқырларды салу және пайдалану

Биотермиялық шұңқырлар арнайы жобамен салынады (22-сурет) Биотермиялық шұңқырларды құрғақ, жерасты сулары тереңде орналасқан жерге және тұрғын үйлер мен су қоймаларыннан 1 км қашықтықта салынады.Ол үшін 200м2 жер ауданын биіктігі 2м жабық қоршаумен қоршайды.Бұл алаңның ортасын диаметрі 3м тереңдігі 9-10метр болатын биотермиялық шұңқыр жасалады.Оның түбі бетондалады, қабырғасы су өтпейтін материалдан тұрғызылады. Апанның қабырғасы жерден 20см биіктікке дейін көтеріледі. Апанның бетін мықтап қос қақпақпен жауып, аузына құлып салады.Биотермиялық шұңқырдың айналасы бетондалады.Биотермиялық шұңқырға өлекселерді салғаннан соң, 20 тәуліктен кейін, термофильді микрофлораның дамуы нәтижесінде ондағы температура 650С –қа жетеді.Мұндай температурада өлексенің ыдырауы 35-40тәулікте аяқталады.Нәтижесінде бір келкі масса пайда болып, жұқпалы ауру қоздырушылары жойылады.

Биотермиялық шұңқырларды қолдану біздің республикамызда биологиялық қалдықтарды утильдеуде ең тиімдісі болып саналады.Себебі өлексені өртеу әдісі көп жағдайда іске асырылуы қиын әрі қолайсыз деп табылуда (жану температурасының жеткіліксіздігі, ауанық көп шығындалуы, жану кезінде пайда болатын бумер кейбір ауру қоздырушыларының қоршаған ортаға тарауы әрі улы заттардың (фосген, диоксиндер) бөлінуі отынның көп шығыны.Ал бұл ретте ең тиімді деп танылған ветеринариялық-санитариялық утильзауыттары жоқтың қасы, ал өлекселер және басқа қалдықтар жиналмайды, утильденбейді.Мұндай жағдай адам мен малға қауіпті әр түрлі аурулардың тууына және олардың таралуына әкеп соғатыны айдан анық.Сондықтан биотермиялық шұңқырларды әр ауыл округтарында, әрбір шаруашылықтарда соғу әрі оларды дұрыс пайдалану жұқпалы аурулардан сақтанудың бірден-бір кепілі.Мұндай құрылысты ондаған жылдар бойы пайдалануға болады. Ең бастысы аталған құрылыстарды арнайы жетілдірілген бүгінгі күннің талабына сай типтік жобалармен салған дұрыс(Ресейде мұндай жобалар бар) Биотермиялық шұңқырлардың маңыздылығы төмендетпей ең бір айта кететін мемлекеттік мәселе, ол жаңа ветсанутильзауыттарын салу, ескілерін іске қосу болып табылады.

2) Ветеринариялық-санитариялық өтелдеу заводы

Ветеринариялық-санитариялық утильзауыты –мал өкселері мен өндіріс қалдықтарын термиялық өңдеу арқылы утильдейтін кәсіпорын.Мұндай кәсіпорындар бұрын республикада кеңінен қолданылған.

Ветеринариялық –санитариялық утильзауыттары азықтық ұн (ет-сүйек), техникалық май және басқа да шикі заттар (мүйіз, желім) шығарады.

Ветееринариялық-санитариялық утильзауыты арнайы жоба бойынша елді-мекендерден 1км, ал мал шаруашылығы кешендерінен 3км қашықтықта салынады.Құрылыс барысында зарарсыздандырылмаған шикізаттың дайын өніммен бір жолда кездеспеуін, жанаспауын толық қамтамасыз ететін шарттар қараластырылады. Зауыттан шығар қақпанның алдында автокөліктердің дөңгелегін зарарсыздандыруғаи арналған дезтосқауыл болады.

Зауыт территориясы және өндіріс корпусы санитариялық жағдайына байланысты, екі аймақтан, бір-бірінен бөлінген, екі аймақтан (таза, және лас) тұрады.

Лас аймақта шикізатты қабылдау, өлекселерді сою терісін сыпыру, шикі заттарды ұсақтап, қазанға салу, сонымен қатар автокөлік пен терілерді зарарсыздандыру жұмыстарды жүргізіледі.

Таза аймақта шикі заттарды термиялық жолмен зарарсыздандырып, технологиялық өңдеуден өткізеді.Зауытқа келіп түскен өлекселерді ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижесіне қарай қайта өңдеуге жібереді немесе жояды. Азықтың ұн жасауға жарамды шикізаттарды термиялық өңдеу вакуум-қазандарға жүргізіледі (1300С 3атм. қысымда 30-60мин). Өлекселерді уақытша жинау үшін (жазда 12 сағат, басқа мезгілдерде 24 сағатқа дейін) елді мекендерде арнайы өлексе жинау орны болады. Мұндай орындардың көмегімен арнайы автокөліктер шаруашылық территориясында кірмей-ақ өлекселерді және шикізаты бар контейнерлерді алып кете алады.

Өлексе немесе баcқа да өндіріс қалдықтарын алып келген арнайы көліктер зауыт территориясына тек лас аймаққа өтетін қақпа арқылы өтеді.Шикізаттарды түсірген соң, автокөліктермен контейнерлер механикалық тазаланып, жуылып дезинфекцияланады. Зарарсыздандырылған автокөліктер таза аймаққа өтіп, дезтосқауыл арқылы сыртқа шығарылады.

Ет және балық өңдеу кәсіпорындарында, құс фабрикалары мен ветеринариялық-санитариялық утильзауыттрында азықттық заттар алу үшін биологиялық қалдықтар өңдеуден өткізіледі ( соңғысында сонымен қатар, кауіпті биологиялық қалдықтар да жойылады).Осындай өңдеудің арқасында ет сүйек және балық ұны алынады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Т.М.Телеуғали, А.Т.Манкибаев. Мал шаруашылығы өнімдерінің экологиясы. Оқу құралы. Алматы. 2015.

2 «Дүние», «Экология» Республикалық басылымдағы журналдар

3 Баранников В.Д., Кириллов Н.К. Экологическая безопасность с/х продукции, Москва, 2006.

4 Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық гигиена, Алматы, 2005.

5 Сайдулдин Т.С. Індеттану, Алматы, 1999.


Наши рекомендации