Идың түріне байланысты залалсыздандыру тәсілдері

Қидың түрлері Залалсыздандыру тәсілдері
физикалық химиялық биологиялық
Ылғалдылығы 65-70 % төсенішті қи     биотермиялық
Ылғалдылығы 70-85 % төсенішті қи     Ұзақ уақыт сақтау
Сұйық қидың ылғалдылығы 80 % болатын қатты фракциясы     биотермиялық
Терең ауыстырылмайтын төсенішті қи     Ұзақ уақыт сақтау, биотермиялық
Ылғалдылығы 86-92 % қою қи   Аммиак, формальдегид Компостау, ұзақ уақыт сақтау
Ылғалдылығы 93-97 % сұйық қи Термиялық өңдеу, сәулелендіру Аммиак, формальдегид Анаэробты термофильді өңдеу, ұзақ уақыт сақтау, аэробты тотықтыру
Ылғалдылығы 97 % жоғары қи сарқындылары Термиялық өңдеу, сәулелендіру   Ұзақ уақыт сақтау
Құс саңғырығы Кептіру   Компостау, ұзақ уақыт сақтау

Биологиялық әдіс қою қиды да, сұйық қиды да зарарсыздандыру үшін қолданады. Қою көңді зарарсыздандырғанда ең жиі қолданылатыны – биотермиялық әдіс. Биотермиялық әдіспен қою көңді зарарсыздандыру микробтардың жылу бөлу процессі есебінен жүреді.

Егер көңнің ылғалдылығы 70 %-дан артық болса, онда ылғал сіңіретін сабан, ағаш үгіндісі, ескі құрғақ көң сияқты заттармен араластырып, үйіндіде ұстайды. Мұндай әдісті компастау деп атайды. компастау кезінде қи ішіндегі температура 65 оС дейін көтеріліп, зарарсыздандырылады әрі тыңайтқыштық қасиеті жоғарылайды. Компастау мерзімі 6 ай, оның 2-3 айы жылдың жылы мерзімі болуы керек.

Көңді ұзақ сақтау әдісікез-келген шаруашылық жасай алатын қарапайым әдіс. Бұл әдісті қолдану үшін 3 секциядан тұратын көң қоймасын жасайды. Секцияларды кезегімен толтырады.

Иды пайдалану

Қиды зарарсыздандырғаннан кейін органикалық тыңайтқыш ретінде қолдануға болады. Органикалық тыңайтқыштар өсімдіктер үшін қоректік зат қана емес, сонымен қатар топырақтың физико-химиялық қасиеттерін де жақсартады. 1 га 20-30 т қи шашу арқылы топыраққа 1 т күлдік заттар, минералдар түсіруге болады, оның 0,5 т топырақтың қышқылдылығын төмендетуге көмектесетін кальций және магний тұздары. Қи ыдыраған уақытта өсімдіктерге қажетті көмірқышқыл газы бөлінеді.

Қидың тыңайтқыштық қасиеті ылғалды топырақта арта түседі, осы орайда сұйық қиды органикалық тыңайтқыш ретінде қолданудың маңызы зор. Бірақ, қиды шығару барысында суды көп қосып, қиды сұйылту оң нәтиже бермейді. Сол себептен қиды қатты күйінде бөлек жинап, егістікке шашқанда жерді ылғалдандырған жөн. Сұйық көң қолданған жерді, жер асты суларын ластауы мүмкін, сондай-ақ ол жауын суларымен тез шайылып, ашық су қоймаларына да қауіп тудырады. Сондықтан биотермиялық жолмен зарарсыздандырылған қатты қиды егістікке пайдаланған жөн. Қатты қиды бірнеше жыл үздіксіз пайдалану, топырақтың азоттық көрсеткішін жоғарылатып, минералдық заттардың өсімдіктерге сіңуін арттырады.

Органикалық тыңайтқыштар неғұрлым көп қолданылса, соғұрлым алынатын өнім де көбее түседі. Олар өсімдіктердің өнімділігіне ғана емес, сонымен қатар оның химиялық құрамына әсер етеді, яғни мұндай өсімдіктердің мал организмінде қорытылуы жоғарылап, сіңімділігі артады.

Органикалық тыңайтқыш қолданылған алқаптағы өсімдіктердің химиялық құрамы, %

Азоттың топырақтағы мөлшері, кг/га Шикі протеин Шикі клетчатка
Тыңайтқышсыз 14,8 26,2
17,2 25,9
18,8 25,6
20,2 25,4
24,6 25,1
26,5 24,2

Қи егістік алқаптарына шашудың екі жолы бар: тікелей шашу және сақтап шашу. Тікелей шашу жақын жерде орналасқан әрі ірі шаруашылықтан егістікке апаруға ыңғайлы және ферма жанындағы қи қоймадан бірден алынып тасымалданады. Сақтап шашу қи аз түсетін шаруашылықтарда қолданылады, қиды бурттарда жинап шетінен егістікке шашады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Т.М.Телеуғали, А.Т.Манкибаев. Мал шаруашылығы өнімдерінің экологиясы. Оқу құралы. Алматы. 2015.

2 Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық гигиена, Алматы, 2005.

3 Сайдулдин Т.С. Індеттану, Алматы, 1999.

Дәріс № 8-10

Тақырыбы Өлекселерді өтелдеу және жою барысында жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шаралар

Дәрістің сұрақтары:

1) Өлекселерді залалсыздандырудың маңызы

2) Мал өлекселерін өртеу және өртеуге арналған қондырғылар

3) Биотермиялық шұңқырды салу және пайдалану

4) Өлекселерді өтелдеуге қойылатын санитариялық талаптар

5) Ветеринариялық-санитариялық өтелдеу заводының құрылымы мен қызметі

6) Ветсанөтелзаводтарының өнімдерін пайдалану

7) Өтелдеу орындарында жүргізілетін дезодорациялық шаралар

Наши рекомендации