Бауырым, жақсы өмір сүрші!

Куәлік

Менің аты-жөнім Сарыбай Танабаев, барлық сенуші бауырлар мені Сарыбай-ата деп атап кетті. Тәңіріміз Иса Мәсіхтің қауымында атқарып жүрген негізгі қызметім -Ізгі хабар тарату және ұстаздық.

«Сондықтан күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер, әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын: Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып сендерге жар боламын!» (Мат. 28:19,20)

Қымбатты бауырлар, Тәңіріміз Иса Мәсіх бізді Өзінің осы ұлы тапсырмасын орындау үшін құтқарып алған. Бұл біз үшін ерекше міндет әрі айрықша сенім.

«Естеріңде болсын: Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (20 аят) Бұл керемет уәде!

Жаратқан Ие Мұсаға: «Сенің алдыңда жүгіп отыратын періштені жіберіп,... ол сендерді ағы мен балы ағыл-тегіл сол жерге бастан алып барады. Бірақ Өзім араларыңда жүріп бірге бармаймын» - дейді (Мыс. шығу 33:2,3).

«Мұса:

- Егер Өзің бірге барып жар болмасаң, бізді бұл жерден уәделі елге апара көрме» - дейді (Мыс. шығу 33:15).

Осы аяттарға назар аударсақ, Жаратқан Ие Мұсаға: «...Өзім араларыңда жүріп бірге бармаймын» - депті (Мыс. шығу 33:3). Ал Матай жазған Ізгі хабардың 28-тарауында «Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып сендерге жар боламын!» деп уәде береді (Мат: 28;20).

Тәңіріміз Иса Мәсіхтің бізге осындай керемет уәде беріп, айрықша сенім артып, ерекше міндеттер атқаруға «лайық» деп таңдап алғаны үшін алғысымыз шексіз.

Тәңіріміз Иса Мәсіх Өзінің ұлы тапсырмасын орындауға «лайық» деп таңдағанға дейін алпыс бір жыл мені Өзі жетеледі. Иса Мәсіхті Құтқарушым, Сауықтырушым деп алпыс бір жасымда қабылдадым. Ал менің тәубеге келгенге дейінгі дейінгі өмірімді бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Жас кезімде мен аса құдайшыл адам болғанмын. Анам он үш перзент сүйген, солардың оны әлі нәресте кездерінде шетінеп кетеді. Маған жүкті кезінде анам: «Егер осы перзентім ұл бала болса, қалған өмірімде намаз, оразамды еш уақытта қаза етпеймін» деп Құдайға уәде берген екен. Соғыс кезі, қанша қиын болса да анам өз уәдесін орындайды. Мен анамның ең кенжесі болдым. Менің екі әпкем болды. Екеуі де анамнан бұрын қайтыс болды. Анам тоқсан бес жасында таңертең тамақ ішіп отырғанымызда сөйлеп отырып, отырған жерінде жан тапсырды. Ол тоқсан бес жасқа келсе де қолына таяқ ұстамады. Далаға өзі кіріп шығатын. Бір ерекшелігі - қатты ашуланғанда «Бай болғыр-ай!» - дейтін. Анамның біреуді қарғап-сілеп, жаман сөз айтқанын ешқашан естіген емеспін.

Анам аса құдайшыл жан болғандықтан өзінің Құдай жайында білгендерін балаларына толық үйретті.

Мектепте жоғарғы сыныпта оқып жүргенімде мұғалімдер «Құдай жоқ» деп үйрете бастады. Мұғалімдер жоғары білімді, көзі ашық жандар ғой, мүмкін анам олардың білгенін білмейтін шығар деп анамның Құдай жайында айтқандарына күмәндана бастадым.

Институтқа түскен соң «диалектикалық матерализм» деген пәнді оқи бастадық. Бұл нағыз құдайсыздардың ғылымы екен. Марксизм-ленинизм, ғылыми атеизм ғылымдарының негізгі – осы диалектикалық матерализм. Бұл ғылым «Құдай жоқ» деп дәлелдейді.

Сол кезде қалалық комсомол ұйымының жанынан «Атеистер» курсы ашылды. Сол курсқа жазылып, оны «өте жақсы» деген бағамен бітіріп, нағыз атеист (құдайсыз) болып шыға келдім.

Институтта физика факультетінде оқыдым. Маркс, Энгельс, Ленин және т.б. атеист философтар өздерінің «Құдай жоқ» деген идеясын дәлелдегенде «физиктер олай» деген, «физиктер былай деген» деп физиктерге сілтемелер жасап отырады. Ол сілтемелерді оқығанда біз, физиктер керемет екенбіз деген тәкаппарлық пайда болатын. Институтты бітірген соң кез-келген жиында «Құдай жоқ» деп батыл айтып жүрдім. Жасы үлкен кісілердің кейбіреулері бұл пікірмен келіседі, көбісі төмен қарап үндемей отырады. Мен бәрін біліммен басып, тұқыртып тастадым деп масаттанамын. Сөйтсем олар қарсы сөз айтуға сол кездегі өкіметтің саясатынан қорқады екен ғой. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Құдайдың көптеген қызметшілерін түрмеге жауып, соттап жазалаған заман болған. Құдайдың қаншама қызметшілері осы саясаттың құрбанына айналды.

Кеңес өкіметі заманында басшы қызметке тұру үшін коммунистік партияның мүшесі болуың шарт болатын. Коммунистік партияның мүшесі болмасаң қандай жақсы, білімді, іскер болсаңда басшы қызметке тағайындамайтын.

Орыс халқында «Генерал болуды армандамаған солдат, солдат емес» - дейтін мақал бар. Сол сияқты директор болуды армандамайтын мұғалім жоқ десем қателеспейтін шығармын. Соның бірі мен едім. Мектеп директоры болу үшін партия мүшесі болу керек. Аудандық партия комитетінің бюросында сынақтан өткізеді. Алуан түрлі сұрақ қояды. Сол көп сұрақтың бірі: Құдай бар ма, әлде жоқ па? – деген сұрақ. «Білмеймін» - деп жауап берсең, «Онда біліп кел!» деп шығарып жібереді. «Бар» десең, «Онда партия мүшесі болуға лайық емессің!» –дейді. Сондықтан нақты «Жоқ!» деп жауап беруің қажет.

Нақты «Жоқ!» деп жауап беріп, мен де партия мүшелігіне қабылдандым. Сөйтіп мектепке директор болып тағайындалдым.

Бір зоотехник жігіт совходың бас зоотехнигі болғысы келіп партия мүшелігіне өтуге аудандық бюроға сынаққа келген ғой. Оған да «Құдай бар ма, жоқ па?»- деген сұрақты қойған. Әлгі жігіт аса құдайшыл болған екен. «Құдай жоқ» дейін десе Құдайдан қорқады, демейін десе бас зоотехниктің қазметіне қызығады. Сонда ол естілер-естілмес, бәсең дауыспен «Құдайдан басқа Құдай ЖО-ОҚ!» – деп қатты дауыспен аяқтаған. Бюро мүшелері «ЖО-ОҚ!» - деген сөзді ғана естіп, алғашқы айтылған сөздерді естімей қалған. Сөйтіп оны коммунистік партияға мүшелікке қабылдайды ғой. Әлгі жігіт көп ұзамай совхозға бас зоотехник болып тағайындалды. Міне, біз осындай құдайсыз қоғамда өмір сүрдік.

1980 жылы ағайында үшеуміздің жанұямызда да (екі әпкемнің және менің) ауыр рухани проблемалар пайда болды. Анам мен жұбайым Ақлима екеуі бір тәуіпке барып бал аштырса, тәуіп «Балаңыз молдалықты ұстауы керек» депті. Содан мен молда болуға мәжбүр болдым. Әрине мұндай шешім қабылдау оңай болған жоқ. Кеше ғана галстук тағып мектеп директоры болып жүрген коммунист адамға сәлде орап молда бола салу оңай шаруа емес. Дегенмен амалсыздан молда болуыма тура келді.

Молда болғанда маған ең қиын болғаны ислам дінінің заңдарын үйрететін қазақша кітаптар мүлдем болмауы еді. Бар кітаптар татар және өзбек тілдерінде болды. Арабша жазылған татар тіліндегі әдебиеттерді жинап алып ыждағатпен оқып үйрендім. Екі жылдан кейін күштеп мені имам сайлады. Сол кезде біздің ауылға маңайлас орналасқан тоғыз ауылда имам жоқ екен. Себебі ескі кадрлар (молдалар) таусылған, жаңадан оқу бітіріп келіп жатқан маман-молдалар жоқ. Сол тоғыз ауылға мен бірден имам болып тағайындалдым.

Алғашқы кезде көптеген қиыншылықтарға кездестім. Ол қиыншылықтар кеше ғана арақ ішіп, «Құдай жоқ» деп жүрген адам бүгін молда бола қалыпты деген ойдан туындаған еді. Сол кездері қай жерге барсам да, бір сөмке кітап арқалап барып жүрдім, кітаптарға сүйеніп шаризаттық сөздерімнің ғылыми негізі бар екенін дәлелдедім. Бірте-бірте халық мені мойындап, сыйлай бастады. Тіпті мені сыртымнан әулие дәрежесіне көтергенін кейін білдім. Сөйтіп бүкіл аудан, облыс аумағында сыйлы, беделді молдаға айналдым.

Бір күні осы мақтаулы молданың үлкен ұлы - Ғалым келіп: Әке, мен Исаға сенушілердің қауымына барып жүрмін, - дейді. Бұл хабар маған төбемнен жай түскендей әсер етті. Баламның бетіне қарасам, ол ыңғайсыз, толғаныс үстінде тұр. «Қауымың не, онда неге барып жүрсің, онда нең бар?» – десем, «Мен сол жерден шынайы, тірі Құдайды таптым!» дейді. «Әй, ол қандай Құдай? Мен он сегіз жылдан бері Құдайды іздеп таппай жүрмін. Сен Оны қалай таптың?» дедім.

«Жарайды, барып жүрген екенсің бара бер, бірақ мынаны ұмытпа: Әлі әрқайсымыз Жаратқанның алдында жеке жауап беретін күн туады, сол күні: «Әке, неге мені тура жолға салмадыңыз?» деп өкпелеме» дедім. Ол: «Жоқ, өкпелемеймін» - деді. Бірақ ұлым екеуміздің арақатынасымызға ешқандай сызат түскен жоқ.

Арада төрт айдай уақыт өткенде, «Әке, иманды болғанымның белгісі ретінде мен шомылдыру рәсімімен өтуім керек екен» деп ұлым тағы келіп тұр. Бұл жолы да оның жүзінде толғаныс бар. «Әй, балам, бекер бұлай еттің-ау. Дегенмен, ақыры Исаны қабылдаған екенсің, енді барлық шарттарын түгел орындауға тиіссің, қай істе де жарым-жарты болған дұрыс емес қой» дедім мен. Сонымен ол қалаға қайтып кетті.

Екі аптадан кейін ұлым тағы да келді. Өзі көңілді, жүзі жайрандап тұр. «Шомылдыру рәсімінен өттім, енді сіз де Исаны қабылдасаңыз жақсы болар еді» дейді. «Әй, балам, сен Исаны қабылдадым дегенде, саған мен қарсылық жасадым ба?»- дедім. Ол: «Жоқ» - деді. «Онда сен өзіңнің Исаңмен бола бер, ал мен өзімнің Мұхаммедіммен боламын» дедім.

Содан кейінгі келгендеріңде ұлым әңгімелесіп отырып маған Құдай жайында сұрақтар қояды. Көбінесе мен (мақтаулы молда!) оның сұрақтарына жауап таба алмай қаламын. Өйткені ол сұрақтарға құранда және дәстүрлікте жауап жоқ. Бірақ оның сөздерінің дұрыс екенін мойындаймын (сөйтсем ол сұрақтарды Киелі кітаптан қояды екен ғой, оны кейін білдім).

Кейін білсем, келінім Бағила да немерелерім де бәрі Исаны қабылдап сенушілер қауымына барып жүр екен. Бұл хабар маған бұрынғы хабардан да қатты әсер етті. Енді олардың бәрін қайтадан Исламға әкелу үшін құранды ыждағатпен зерттеп оқи бастадым. Ойым - Құраннан Исаның атына нұқсан келтіретін аятты тауып, сол арқылы Ғалымды, Бағиланы және немерелерімді қайтадан Исламға әкелу болды.

Құранды оқу барысында бір сөз үшін немесе бір сөз тіркесі үшін құранды бірнеше рет түгел қайта оқып шығуыма тура келді. Бұлай зерттеу аса ауыр еңбек еді. 2000-2001 жж. қысында бүкіл құранды қайта көшіріп шықтым. Құранда 6666 аят бар. Сол аяттардың әрқайсысы тұжырымдалған жеке ойды білдіреді. Белгілі бір хронология (ретімен баяндау) жоқ. Сондықтан әрбір аятта жазылғанды есте сақтау өте қиын.

Ал мен былай еттім: бүкіл құран бойынша Құдай жайында айтылған аяттарды бөлек жазып топтастырдым, адамзат жайындағы аяттарды бөлек, періштелер, шайтан, күнә, сауап, пайғамбарлар жайындағы аяттарды жеке-жеке топтастырдым. Әр пайғамбарларға жеке картотека жасадым.

Сөйтіп әр пайғамбардың іс-әрекетін, өмірін жеке-жеке зерттедім. Құранда жиырма сегіз пайғамбардың аты аталады. Зерттеу барысында құранда аттары аталған жиырма сегіз пайғамбардың жиырма жетісінің болмысы, іс-әрекеті, өмірі бір-біріне ұқсас, ал Біреуі оларға мүлде ұқсамайтынын байқадым.

Исадан басқа жиырма жеті пайғамбардың барлығы да өзіміз сияқты адамдар болған. Барлығы әке-шешеден туып, барлығы да үйленіп балалы-шағалы болған, барлығы да өлген, барлығының моласы жер бетінде қалған.

Ешқайсы да өздігінен керемет жасамаған, қатты қиналғанда Құдайдан көмек сұраған, сонда Құдай олар арқылы керемет көрсеткен.

Ал Исаның шешесі бар, әкесі жоқ, Құдайдың рухы үрленген, күнә жасамаған, үйленбеген, бала-шағасы болмаған, өліп үш күннен соң қайта тірілген, көкке көтеріліп кеткен, жерде моласы жоқ, өте көп кереметтер жасаған, керемет жасағанда ешкімнен көмек сұрамаған. Аузынан шыққан сөзі орындала берген.

Адамдардың болмысы ет пен сүйектен тұратын болса, Исаның болмысы: «... Шынайы түрде Мәрйем ұлы Мәсіх Ғиса, Алланың елшісі әрі Мәрйемге жалғастырған сөзі және Алла тарапынан бір рух. (Ниса сүресі 171-аят, Халифа Алтай аудармасында).

Бұл аят маған Иса Мәсіхтің болмысының ерекше екенін ашты. Осы аяттағы Иса Мәсіх «Құдайдың сөзі» - деген сөз тіркесі үшін құранды қайта оқып шықтым. Исадан басқа ешбір пайғамбар «Құдайдың сөзі» - деп аталмайды екен. «Құдайдың Сөзі» деген қандай мағынаны білдіріп тұрғаны жайында құранда ешнәрсе жазылмаған. Сонда «Құдайдың сөзі» жайында Киелі Кітаптан іздей бастадым. Жохан жазған Ізгі хабардың бірінші тарауының бірінші аятында: «Әуел бастан Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді» делінген.

Демек Сөз ↔ Құдай еді, немесе Құдай ↔ Сөз еді. Ал Иса ↔ Құдайдың Сөзі еді, немесе Құдайдың сөзі ↔ Иса еді. Олай болса Иса ↔ Сөз болса → Сөз Құдай болса, онда Иса Құдайдың Өзі екен де деген қорытындыға келдім.

Құранды оқу барысында төрт аят маған ерекше әсер етіп, менің өмірімді жүз сексен градусқа өзгертіп жіберді.

І. Әнбия сүресінің 91-аятында: «Намысын сақтаған әйелге (Мәриямға) біз рух үрледік. Оның өзін де, ұлын да (Мәриям мен Исаны) бүкіл жаһанға құдіретіміздің үлгісі еттік» - депті. (Ратбек Нысанбай ұлының аудармасы). Осы аяттағы «құдіретіміздің үлгісі» - деген сөз тіркесі үшін құранды тағы бір рет оқып шықтым. Исадан басқа ешкім «құдіретіміздің үлгісі» деп аталмайды екен.

Құдайдың болмысын, кім екенін, қандай екенін Оның бізге көрсеткен құдіреті, кереметтері арқылы ғана танып-біле аламыз. Ал Құдайдың «құдіреттерінің үлгісі» тек қана Иса Мәсіх болса, онда Иса Мәсіхті танып білмей, Құдайды танып-біле алмайтынымды ұғындым. Он сегіз жыл имам болып «Құдай жолында жүрмін» деп жүрсем Құдай жайында түк білмейді екенмін.

Сонымен Құдай өзінің кім екенін, қандай екенін бізге Иса Мәсіх арқылы танытады екен. Яғни Құдайды танып білудің кілті - тек Иса Мәсіх.

ІІ. 1) Әли Ғимран сүресінің 55-аятында: «Сол уақытта Алла: Әй, Ғиса! Сені мен алушымын! Сондай-ақ өз тарапыма көтерушімін әрі қарсы болғандардан тазартушымын да саған ілескендерді қияметке дейін қарсы болғандарға үстем қыламын. Сонсоң қайтар жерлерін Мен жақ! Сонда таласқан нәрселеріңе үкім беремін»- деді (Халифа Алтай аудармасы).

Бұл аяттан Иса Мәсіхке ілескендердің Құдайдың алдындағы дәрежесі «қарсы болғандардан» үстем болатынын және Иса Мәсіх жайында қандай да бір таласқа барғандарға үкімнің шығатынын білдім. Демек, Иса Мәсіх жайында Киелі Кітапта жазылғандарды шынайы шындық деп ешқандай таласқа бармай қабылдауымыз керек екен!!!

Сонда қауымда ойнап жүрген немерелерімнің Құдай алдындағы дәрежесі 18 жыл имам болып Құдайқа қызмет етіп жүрген менен жоғары екен-ау деген ойға қалдым.

2) Әли Ғимран сүресінің 56-аятында: «Ал енді сондай Исаға қарсы келгендерді дүниеде де ахиретте де өздерін қатты азаппен қинаймын, әрі олар үшін ешбір жәрдемші болмайды» делінген ( Халифа Алтай аудармасы). «Қатты азаппен қинаймын әрі олар үшін ешбір жәрдемші болмайды»-деген сөздерді тағы қай пайғамбарларға қатысты айтылды екен? Құранды тағы да бір рет оқып шықтым. Құдай Иса Мәсіхтен басқа ешбір пайғамбарға қарсы болғандарды «қатты азаппен» қинаймын деп айтпапты. Бұл аяттан ұққаным - біздің бұл дүниеде, ахиретте көретін қиыншылықтарымыз (проблемаларымыз), ауырып, азаптанып, қайғы-қасірет шегуіміз Иса Мәсіхке қарсы болғаннан болады екен. Киелі Жазбада: «Кім Менімен бірге болмаса, сол Маған қарсы, кім Менімен бірге жимаса, сол шашады» (Мат. 12:30) деген сөздер бар. Не Иса Мәсіхпен емес, не Иса Мәсіхке қарсы емес бейтарап жол жоқ. Яғни не Иса Мәсіхпен бірге боласың, не қарсы боласың. Қарсы болсаң, екі дүниеде барлық азап өміріңнен орын алады. Олай болса шындықты біле тұрып, мен неге Иса Мәсіхке қарсы келуге тиіспін деген ойға қалдым.

ІІІ. Хадид сүресінің 27-аятында: «Сосын олардың артынан жалғасты түрде елшілерімізді жібере отырып, Мариам ұлы Ғисаны (Ғ.С) жіберіп; оған ілескендердің жүректеріне жұмсақтық, мейірімділік салдық» - депті. «Жұмсақтық, мейірімділік» – деген сөздер тағы қай пайғамбарларға қатысты айтылады екен? құранды тағыда бір рет оқып шықтым. Құдай Иса Мәсіхтен басқа ешбір пайғамбардың соңынан ілескендердің жүректеріне жұмсақтық пен мейрімділік салдым деп айтпапты.

Біз үшін жұмсақтық пен мейірімділіктің қандай мәні бар?

«Егер өздеріңе күнә жасағандарды кешірсеңдер, онда Көктегі Әкелерің сендерді де кешіреді. Ал егер басқалардың күнәларын кешірмесеңдер, онда Көктегі Әкелерің сендердің де күнәларыңды кешірмейді». Мат. 6:14,15.

Әрбір адам жұмаққа кіруге үміткер, әрі лайық. Ал жұмаққа кіру үшін күнә кешірілген болуы керек. Күнәмыз кешірілуі үшін біз өзімізге қарсы күнә жасаған адамды кешіруіміз керек екен.

Мысалы, Әбләкім мені балағаттады делік. Келесі күні келіп ол: «Сарыбай ата, менен бір ағаттық кетті, кешіріңіз десе, егер менің жүрегімде жұмсақтық пен мейірімділік жоқ болса, мен Әбләкімді балағаттап ұрсып, тіпті достарымды жиып, оны сабауым да мүмкін. Ал егер жүрегімде жұмсақтық пен мейірімділік болса, «Жарайды, Әбләкім, бұдан былай олай істеме!» деп кешіремін.

Енді жұмаққа келейік: Мен жұмаққа кіруім үшін күнәларым кешірілген болуы керек. Күнәларым кешірілуі үшін мен Әбләкімді кешіруім керек. Ал бұл актіні жүзеге асыру үшін менің жүрегімде жұмсақтық пен мейірімділік болуы керек. «Оған (яғни Иса Мәсіхке) ілескендердің жүректеріне жұмсақтық, мейірімділік салдық». Олай болса жұмақтың кілті Иса Мәсіхте екен ғой. Иса Мәсіхсіз жұмаққа ешкім де кіре алмайды екен.

ІV. Ниса сүресінің 158-159-аяттарында былай делінген: «Олай емес, Алла оны өз тарапына көтерді. Алла өте үстем, хикмет иесі. Кітап иелері, Ғисаға (Ғ.С) өлуінен бұрын әлбетте иман келтіреді. Және қиямет күнінде ол оларға куә болады».

Бұл аяттағы «өлуінен бұрын» деген сөз «Иса Мәсіхті дәл қазір қабылда, әйтпесе кеш қаласың» деп тұр. Себебі адамның қашан өлетінін бір Құдайдан басқа ешкім де білмейді. Мен өз анамның тоқсан бес жасында сөйлеп отырып, отырған жерінде жан тапсырғанын көргенмін. Яғни мен де кез келген сәтте жан тапсыруым мүмкін ғой. Олай болса «бір реті келгенде», немесе «тағы бірде», немесе «әзірше жүре тұрайын, жасым келгенде қабылдармын» деген сияқты ойларға бұл жерде орын жоқ.

Тұраркент елді мекенінде мынадай жағдай болған: Сенушілер қауымына аздап ішкілік ішіп алған екі жігіт мотоциклмен келеді. Сенушілер оларға «ізгі хабар» айтады. Сонда әлгілер: «Әлі үлгереміз, өлуге жиырма минут қалғанда Исаны қабылдаймыз» - деп мотоциклдарына мінгесіп жолға шығып кетеді. Үлкен жолға шыққан соң ішіп алған жігіттер қатты жылдамдықпен келе жатып «Камаз» жүк машинасына соқтығысып опат болады. Біреуінің басы денесінен бөлініп кеткен, екіншісі жолдың жиегіндегі ағашқа ілініп калған. Бұдан шығатын қорытынды – адам кез келген сәтте о дүниелік болып кетуі мүмкін. Сондықтан Иса Мәсіхті – Құтқарушым, Құдайым, Сауықтырушым деп қабылдауды бір секундқа да кейін шегеруге болмайды.

«Әлбетте» деген сөздің мәні – «міндетті түрде», «сөзсіз» дегенді білдіреді. Олай болса дәл осы секундта, міндетті түрде Иса Мәсіхті қабылдап тәубе етуімізді талап етіп тұр!

Құдай маған Ниса сүресінің 158-159-аяттарының мәнін ашқан күні түнімен төнбекшіп ұйықтай алмадым. Қайта-қайта анамның қалай өлгені есіме түсіп, «Мен де солай өліп кетсем қалай болады? Онда Иса Мәсіхті қабылдай алмай кетем ғой. Егер Иса Масіхті қабылдамай өліп кетсем, о дүниелік өмірімнің не болатыны белгілі болып тұр ғой» деп ойлап мазасыздандым.

Сол күні (22.07.2001) таңертең ерте тұрып Шымкентке кеттім. Машинада келе жатып: «Жол апатына душар болып өліп кетсем, «Сені іздеп келе жатыр едім ғой» - деп айтамын Исаға» деген ой да келді басыма. Құдайға шүкір, қаладағы ұлым мен келінім барып жүрген сенушілер қауымына аман-есен жеттім. Жиналысқа келушілерді қарсы алатын топ «Қош келдіңіз! Қандай проблемамен келдіңіз?» – деп жылы қарсы алды. «Исаны іздеп жүрмін» дедім. «Біз қазір сізге Оны тауып береміз» деп мені үлкен залға алып кіріп, орта шеніне отырғызды. Залда отырған сенушілердің кейбіреуі мені таниды екен. Жұрт «Имам келді, имам келді» - деген сыбырласып жатыр. Мінбеде бір кісі сөйлеп тұр екен. Отырғандар уағыздаушыға қарамай, маған қарап қалды. Олардың осылай назар аударуы мені аса ыңғайсыздандырды. Уағыздаушы бір кезде: «Бірінші рет қауымға келгендеріңіз болса, ілгері шығыңыздар!» - деді. Мен кешігіп қалатындай жүгіріп алға шықтым. Еңіреп жылап жібердім. «Мына кісінің сахнада жылап тұрғаны несі?» - деп адамдар күліп тұр ма? - деп намыстанып та қоямын іштей. Бірақ көз жасыма ие бола алар емеспін. Бұрын мұндай жағдай өмірімде болған емес.

Сол күні 14 адам тәубеге келдік. Жиналыс соңынан барлығымызды екінші қабатқа ертіп жүрді. Менің алдымда бір жас әйел жүріп келеді. Екі қолы иығының деңгейінде қатып қалған, аяқтарын әрең қозғайды. Қасындағы егде әйел (сірә, шешесі болар) қолтығынан сүймелдеп келеді. Солай екінші қабатқа көтеріліп бір бөлмеге кірдік. Онда дастархан жасалынып, шәй дайындап қойыпты. Әлгі әйелдер дастархан басында маған қарама-қарсы отырды. Егде әйел бауырсақты алып жас әйелдің аузына салып, шәй беріп, жас әйелді тамақтандырды. Шәйдан кейін қауым қызметшілері жаңа тәубеге келгендердің әрқайсысымен жеке әңгімелесіп, әр қайсысының мұқтаждықтары үшін дұға етті.

Василий есімді жігіт жас әйелдің басына қолын қойып, басқалары оны айнала қоршап тұрып, қолдарын жайып дұға ете бастады. «Тәңір Ие! Тәңір Ие!» - деп шақырды олар, сосын «Кет, кет!» - деп айқайлайды. Мен «Тәңір Ие!» - деп шақырып алып, «Кет!»-деп қуғаны қалай? деп аң-таң болып қарап тұрмын. Айтқандарының бірін түсінсем, бірін түсінбеймін.

«Сонда қалай? Бұлардың Құдайы саңырау ма, әлде өте алыста тұра ма? Неге бұлар қатты дауыстап дұға етеді. Сыбырлап сөйлеп-ақ Құдайға табынып жүрміз ғой» – деген ой да келіп қояды. Себебі біз мешітте дауыс көтермей жай сөйлеп әдеттенгенбіз ғой. Ал мына сенушілер бар даусымен қатты сөйлеп табынады екен. Бір шама уақыттан соң жас әйел: «Мама, мен қолымды қимылдата аламын! Қолымды қимылдата аламын!» - деп айқайлап жіберді. Қарасақ, әлгі әйелдің оң қолы қимылдап тұр екен, шешесі жылап келіп қызын құшақтап, Құдайға алғысын жаудырды.

Қызметшілер оған бетер қатты айқайлап табына бастады. Тағы да біраз уақыттан кейін: «Мама, мен екінші қолымды да қимылдата аламын!» - деп айқайлады жас әйел. Қарасам, оның сол қолы да қимылдап тұр екен. Құдайдың мынадай кереметін көргенде жаңадан тәубеге келген біздің таңданысымызда шек болмады.

Мен Киелі Кітаптан Исаның ауруларды сауықтырғаны ,соқырлардың көзін ашқаны, мешелдерді жүргізгені туралы оқығанда онша сене қоймағанмын. Себебі біздің өмірімізде ондай құбылыстар болмаған. Ал мына қауымда Исаның сол кереметін өз көзіммен көрдім. Қауымда айтылған Киелі Кітаптың сөздері мен істің арасында алшақтық болмайтынына көзім жетті.

Осылай тәубеге келіп Иса Мәсіхті қабылдап, Исаның ұлы кереметтерінің бірін көріп, мен бір ерекше бір күйге еніп қаладан үйге қайттым. Әр апта сайын жексенбілік жиналысқа барып қатысып жүрмін.

Шамамен арада бір айдай уақыт өткенде бірде түс көрдім. Түсімде есіктің алдындағы беткейде адамдар тұр. Алты адам бір топ, олардың арт жағында екі адам тұр. Олардан шамалы жеті-сегіз қадам жоғары биік жерде мен жалғыз тұрмын. Бір кезде «Ол қазір бұлтпен ұшып келеді» - деген дауыс естідім. Киелі Жазбадағы:

«Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз; содан кейін мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз». 1 Сал. 5:17

деген сөздер есіме түсті. «Өзімен бірге болу үшін мына тұрған адамдарды Иса бұлтпен ұшып келіп, көкке көтеріп алып кетеді екен ғой, көптен бері сенушілер, әрине, Иса оларды көкке көтеріп әкетеді. Олар көкке қалай көтеріліп кетеді екен, тым болмаса көріп қалайын» деп мен қарап тұрмын. Бір кезде аспанда аумағы кілемдей, қалыңдығы қырық сантиметрдей аппақ бұлт пайда болып, біз тұрған беткейге қарай ұшып келеді. Бұлт төменде тұрған адамдардың үстінен ұшып өтіп, мені көтеріп қиғаш бағытта аспанға өрлей бастады. Біраз ұшқаннан кейін мен: «Жаңағы жерде қалған адамдар қайтып тұр екен?» деп қайырылып қарайыншы десем «Артыңа бұрылма! Артыңа бұрылма!» - деген дауыс естідім. Дегенмен төменге қарап қалған едім бұлт ұшуын кілт тоқтатты. Бұлттың ұшуын тоқтатқанына қатты өкініп, әрі үрейленіп, тағы алға қарадым, бұлт қайтадан биікке қарай қиғаш өрлеп көкке көтеріле бастады. Тағы да біраз ұшқан соң төмендегі адамдарға тағы қарайын десем «Артыңа бұрылма! Артыңа бұрылма!» - деген өктем дауысты есітіп жатып оянып кеттім.

Бұл түстің мағынасы бірден санамда сайрап қоя берді. «Артыңа бұрылма!» - деген сөз арқылы Құдайдың маған кейін шегінуге жол жоқ екенін айтып тұрғанын анық түсіндім.

Тәубеге келгеніме үш ай алты күн болғанда, яғни қазанның жиырма сегізі күні түнде қатты жел тұрып, нөсер жаңбыр жауды. Біз жайлауда болатынбыз, электр шамы болмағандықтан көзге түртсе көргісіз қараңғылық орнады. Сағат 20 шамасында жатып қалдық. Содан бір апта бұрын жексенбілік жиналыста: «Ата-бабалардан келетін қарғыс» - деген тақырыпта уағыз тыңдағанбыз. Мен төсекте жатып: «О, Тәңірім Иса! Сенің ата-бабалардан келетін қарғысты алып тастайтыныңды білдім. Менің өмірімде ата-бабаларымнан келген қарғысты түгел алып тасташы!» - деп дұға етіп жаттым. Бір кезде оң қол жағымнан күнге күйген бір қоңырқай қол пайда болып, жайлап жүрегіме қарай қозғала бастады. Жүрегімнің тұсына жеткен кезде, жуандығы үш сантиметрдей болатын тампон (жараға салатын шүбірек) сияқты бір нәрсені суырып ала бастады. Тампон қанды іріңге толы сасық иісті екен деймін, бірақ мен иісті сезбеймін. Тампон 40 сантиметрдей болып шыққан кезде, қол да, тампонда ғайып болып көрінбей кетті.

Осылай Тәңірім Иса Мәсіхтің менің өмірімде бар қарғысты алып тастағанын білдім. Қарғыстан құтылғаныма қатты қуанып, Құдайға шексіз алғысымды білдіріп мадақ айтып жаттым. Бір кезде бойы үш метрдей, кең иықты, аппақ киім киген ер кісі бөлмеге кіріп келіп тұра қалды. Бірақ оның бет жүзі маған көрінбейді. Біршама уақыт тұрды да ол жоқ болып, көрінбей кетті. Сөйлеген жоқ. Киімі ерекше аппақ, нұр шашып тұрды, осынша жасқа келгенше ондай нұр шашып тұрған аппақ реңді кісіні мен бұрын еш көрген емеспін. Бұл келген адамның Тәңіріміз Иса Мәсіх екеніне сенімім кәміл.

«Сол жексенбі күннің кешінде Исаның шәкірттері жиналып, яһуди басшыларынан қорыққанынан есіктерді бекітіп алған еді. Кенеттен кіріп келген Иса орталарына тұра қалып: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» - деп батасын берді. Жох. 20:19.

Киелі Кітаптың осы шындығы менің де өмірімде орындалды, өйткені біз де есіктерді іштен бекітіп алған болатынбыз.

Менің әкем елу бір жасынан бастап бронхитпен (тыныс жолдарының қабынуы) ауырып жетпіс жасында сол аурудан қайтыс болды. Ал мен елу жасымнан бастап бронхитпен ауыра бастадым және өте жаурауық болып алдым.

Тәңіріміз Иса Мәсіхтің жоғарыдағы кереметін көргеннен кейін, күннің суықтығын аса сезінбейтін болдым. Бронхиттің белгісі бірте-бірте жойылып кетті.

Менің екі әпкем де буын ауруынан (полиартриттен) қайтыс болған. Ол кісілер қайтыс болғаннан кейін менің де буындарым ауырып, ауруханаға жатып емделіп жүрдім. Жоғарыдағы кереметтен кейін буындарымдағы аурудың белгілері де жойылып кетті.

«Жаратқаннан бір ғана нәрсе сұрадым, бүкіл өмірімде Құдай үйінде болуды, Құдайдың сұлулығын көруді және Оның киелі үйіне барып жүруді қалаймын...». Заб. 26:4.

Забур жырларындағы осы аяттың мәні менің өмірімде орындалуы үшін Тәңіріміз Иса Мәсіх осындай қысқа уақыттың ішінде үш рет кереметін көрсетіп, маған қолын тигізді және мені Өз үйінде алып қалды.

Мені құтқарып, Өз үйінде алып қалғаны үшін Тәңіріміз Иса Мәсіхке шексіз алғыс айтудамын!

Бауырым, жақсы өмір сүрші!

Осы кітаптың атына назар аударсақ «Бауырым жақсы өмір сүрші!» - деп өтініп тұр. Егер жақсы өмір сүруге мүмкін болатын болса, онда неге жақсы өмір сүрмеске!

Қандай өмірді жақсы өмір деп атаймыз?

«Осылайша Құдай адамды рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты. Оларға оң батасын беріп: «Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға иелік етіңдер!» деді». Жар 1 : 27,28.

«Құдай Ие шығыста, Едем деген жерге пейіш бағын орнатып, Өзі жасаған адамды сонда орналастырды». Жар 2 : 8.

Яғни Құдай Адам атаға жұмақты және жұмақтағы бардың бәріне патшалық ету билігін силады. Ал жұмақтағы өмірдің көрінісі мынадай:

«Қараңдар Құдайдың адамдар арасындағы мекені! Ол олармен бірге тұрып, олар Оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады! Ол барлық көздің жасын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды».

Аян 21: 3,4.

Осылай Адам ата жұмақта патша болып өмір сүрді, ал Құдай олармен бірге мекендеп олардың Құдайы болды. Адам ата мен Хауа ана пейіш бағында Құдайдың еркіне сай, Құдаймен үйлесімді өмір сүрген кезде оларда ешқандай қайғы-қасірет, ауру-сырқау, өлім, жоқтау, зар еңіреу, ешқандай проблема болмады!

Осылай жұмақта Құдаймен бірге, Құдаймен үйлесімді, Құдайдың еркіне сай, қайғы қасіретсіз, ауру-сырқаусыз, проблемасыз, молшылықта өмір сүруді кемелденген жақсы өмір деп атайды.

Құдай Иеміздің Адамға және оның ұрпақтарына арнаған жақсы өмірі міне осындай еді. Адам ата мен Хауа ана жұмақта осындай кемелденген жақсы өмір сүрді.

Алайда Адам ата мен Хауа ана Құдайдың әділ еркіне сай мойынсұнбай, шайтанның азғыруына ілесіп, күнәкар болып өмір сүре бастаған сәттен олар кемелденген жақсы өмірді жоғалтып алды.

« - Әйеліңнің тілін алып, Мен тыиым салған ағаштың жемісін жеген сенің кесіріңнен жердің топырағын қарғыс атты! Бұдан былай тамағыңды өмір бақи бейнет шегіп топырақтан өсіріп жейтін боласың. Жердің топырағы саған арам шөп пен тікенектерді қаулатып, сен даланың өсімдіктерімен қоректенетін боласың. Сен тоырақтан жаратылдың, қайтадан ттопыраққа айналасың».

Жар 3:17-19.

«Сонымен Құдай Ие адамды пейіш бағынан қуып шығып, өзі жаратылған жердің топырағын өңдетіп қойды». Жар 3:23.

Осы аяттардағы: «...адамды пейіш бағынан қуып шығып...», «... жердің топырағын қарғыс атты...», «... өмір бақи бейнет шегіп...», «... саған арам шөп пен тікенектер қаулатып...», «... маңдай теріңді төгіп жүріп...» деген сөздер Адам атаның және оның ұрпақтарының өмірлерінде орын алатын қиыншылықтар мен қайғы-қасіреттерді көрсетіп тұр.

Ал ауру-сырқау, қайғы қасірет, үрей мен қорқыныш, уайым мен кіналау, кедейлік пе сәтсіздік Құдай Иеміздің бізге деген үлесі емес! Дегенмен Адам ата мен Құдай Иеміздің арасындағы достық қарым-қатынас бұзылған кезде осы келеңсіз үлес Адам атаның және оның ұрпақтарының өміріне келді.

Егерде біз Құдаймен қайтадан достасып, Оның соңына ілесіп, Оның еркіне сай өмір сүре бастасақ, онда жақсы өмірге қол тжеткіземіз.

Ең алдымен денсаулығымыз түзеліп, өзімізді сергек сезіне бастаймыз. Әрбір ісіңізде сәттілік болып, қаржылық жарылқануға ие боласыз.

Материалдық молшылыққа кенеліп кенеліп, барлық қарыздарыңыздан құтылып, адамдарға қарыз бере бастайсыз. Көптен армандап жүрген заттарыңызға қол жеткізесіз.

Болмысыңыздағы барлық созылмалы ауруларыңыз жойылып, әлсіздіктен арыласыз. Сіз ауруларыңыздың барлығынан да сауығасыз. Өміріңізден орын алып жүрген сәтсіздіктердің орнына сәттілік пен табыс келеді. Іштей жабырқаушылық пен лажсыздықтан арыласыз. Сіздің күнәларыңыз кешіріліп, өзіңізді кінәлі санап айыптаушылықтан арыласыз. Өміріңіз өзіңізге де басқаларға да ұнамды болып, жаңадан достар пайда болады. Сіздің өзіңізде, әрбір істеген ісіңізбен, айтқан сөздеріңізде адамдарға ұнамды болады. Сіз жаман әдеттерден арыласыз.

Сіздің жақын туыстарыңыз, достарыңыз, жолдастарыңыз, таныстарыңыз сіздің өміріңіздегі өзгерістерді, игілік пен берекені көріп, сезіне бастайды. Сіз өзіңіздің де, олардың да проблемаларын шешуге көмектесесіз. Сөйтіп олардың да денсаулығының жақсы болып, молшылықта өмір сүруіне көмектесесіз.

Сіз бақытты әрі табысты боласыз. Адамдар сізді сыйлап, сізге сенеді. (Осы айтылғандардың бәрі менің өмірімде толық орындалған жәйттер) Осылай сіз «кемелденген» жақсы өмір сүру деңгейіне жуықтайсыз.

Бірақ біздің «кемелденген» жақсы сүргеніміз Құдайдың қас дұшпаны шайтанға тіпті де ұнамайды. Сондықтан ол біздің жақсы өмір сүруімізге шамасының жеткенінше кедергі, кесір келтіруге әрекет жасайды.

« Сонда жылан әйелге:

- Жоқ тіпті де олай емес, өлмейсіңдер! Қайта, сендер осы жемісті жеген кезде көздерің ашылып, ненің жақсы, неннің жаман екенін айырып, Құдай сияқты болатындарыңды Ол жақсы біледі, - деді». Жар 3:4-5.

Шайтан Хауа анамызды азғырып, Құдайдың тыйым салған ағашының жемісін жеуге итермеледі.

«Әйел ағаштың қасына барып, жемісінің жеуге жақсы әрі көз тартарлық әдемі екекнін және өзін ақылды етуге қызықтырып тұрғанаын көріп, жемісті алып жеді, оны қасындағы күйеуіне де берді, ол да жеді». Жар 3:6.

Осылай шайтан Адам атамыз бен Хауа анамыздың Құдайдың заңын бұзып, күнә жасауына ықпал жасды.

Күнә дегеніміз:

«Күнә жасаған әркімнің Құдай заңын бұзғаны, себебі

күнә – Құдай заңын бұзғандық». 1 Жх 3:4.

ҚҰДАЙ ЗАҢДАРЫ

Ал Құдайдың заңы дегеніміз:

1. Құдайдың тыйым салғандары:

«Оған бұйрық беріп: «Саған бақтағы күллі ағаштың жемістерін жеуге болады. Бірақ жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жемейсің! Себебі оны жеген кезде өлесің!» деді».

Жар 2:16,17.

Осы аятқа назар аударсақ «...жемейсің!...» деп Құдай адамға тыйым салыпты.

2. Құдайдың өсиеттері:

«Ұстаз, Таураттағы ең үлкен өсиет қайсы? Иса: - « Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл ойыңмен сүй!». Бұл ең ұлы да басты өсиет. Ал екіншісі де сол сияқты маңызды: «өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!»,». Мт 22:36-38.

Бұл аяттарда Құдай бізге Құдайды да, адамдарды да «сүй» деп өсиет етіп тұр.

3. Құдайдың өтініштері:

«Ал енді, ең алдымен сыйынуыңды өтінемін: барлық адамдар үшін Құдайға сиынып, тілектер, өтініштер мен алғыстар арналсын. Патшалар мен басқа да барлық әкімшілік иелері үшін де мінәжат ету керек. Соның нәтижесінде біз барлық жағдайда Құдайға ұнамды да адал болып, тыныш та бейбіт өмір сүрмекпіз». 1 Тим 2:1-2.

Бұл аятта Құдай біздің ең алдымен сыйынуымызды өтініп тұр.

4. Құдайдың Өзі көрсеткен үлгілерін орындау:

«Содан Ол(Иса) дастархан басынан тұрып, сырт киімін шешті де, алжапқышты беліне байлады. Бұдан кейін шылапшынға су құйып, шәкіртерінің аяқтарын жуып, беліне байлаған алжапқышпен құрғатып сүрте бастады». Жх 13:4-5.

«Ал егер Мен иелерің және ұстаздарың бола тұра аяқтарыңды жусам, сендер де солай етсін деп үлгі көрсеттім. Осыны біліп, солай іс-әрекет етсеңдер бақытты боласыңдар!».

Жх 13:14,16,17.

Бұл аяттардан ұғатынымыз: Өзі Құдай бола тұрып тәкаппарлық көрсетпей, шәкірттеріне солай қызмет етіп бізге үлгі көрсетті.

Осы сияқты Киелі Кітапта көрсетілген Құдайдың заңдарын біліп және ол заңдарды бұзбауға тиіспіз. Күнәлі болсақ бітті бізді қарғыс атады. Себебі біз Құдай заңын бұзған сәтте Оның «әділ еркін» орындамай қоямыз.

«Оның әділ еркін орындауға ұмтылыңдар!».

Мт 6:33

Құдайдың әділ еркі – ол Киелі Кітап арқылы бізге жіберілген Құдайдың Заңдары. ( Құдайдың Заңдарын қосымшадан қараңыз) .

Әдетте, біз заңды көбінесе білмегендіктен бұзамыз. Алайда, заңды біліп бұзсақта, білмей бұзсақта, бәрібір Құдай заңы бұзылды. Демек күнә жасалды.

Көптенген адамдармен сұхбаттасу барысында «Құдай заңын білесіңдерме?» - деп сұрағанымда сенбеуші адамдар көбінесе: өтірік айтуға, ұрлық істеуге, неке адалдығын бұзуға, кісі өлтіруге, арақ ішуге болмайды – деген жауаппен шектеледі.

Сенуші бауырлар Құдайға шүкір «Он өсиетті» барлығы дерлік біледі және басқа да бір неше заңдарды біледі.

Дегенмен Құдайдың заңдарын көпшілік адамдар біле бермейді. Демек Құдайдың Заңдарын білмегендіктен, заңды бұзып тұрғанын да біле бермейді. Солай Құдайдың заңдарын білмей бұзып жүргендіктен ондай адамдар өздерін күнәсізбін деп есептеп жүреді.

Ал Құдайдың заңын бұзу – немесе күнә жасау біздің өмірімізге не әкеледі?

«Егер Жаратушы Иенің, өз Құдайыңның айтқандарын тыңдамайтын болсаң және бүгін саған мен өсиет етіп отырған Оның барлық шарттары мен нұсқауларын орындауға тырыспасаң, онда осы қарғыс атаулының барлығы сенің басыңа үйіледі және саған өз кесапатын тигізеді. Онда сен қалада қарғысқа ұшырайсың және далада да қарғысқа ұшырайсың. Жаратушы Ие саған желікпе дертін, безгек, қобыну дертін, құрғақшылық, бет шалар аңызақ жел мен астық атаулыны бүдіретін зең жіберіп індетеді, сөйтіп мүлде құрып біткенге дейін осы жамандық атаулы сенің қыр соңыңнан қалмайтын болады». Заң 28: 15-16,22.

Демек Құдайдың Заңын бұзып күнә жасасақ біздің өмірімізге қарғыс келеді екен. Өмірімізге қарғыс келсе барлық түрлі қайғы – қасірет, ауру – сырқау, әр түрлі проблемалардың барлығы да келе бастайды екен. Өмірімізден қарғыс орын алып тұрғанда ешуақытта да жақсы өмір сүре алуымыз ықтимал емес.

Сонымен өмірімізге қарғыс келсе, жақсы өмірден журдай болып айырыламыз. Өмірмізге қарғыс күнә жасағанда ғана келеді. Ал күнәға итермелейтін шайтан және оның жауынгерлері «жындар».

ШАЙТАННЫҢ ҚАМАЛДАРЫ

Адам атадан бастап қазіргі заманға дейін адамдарды күнә жасуға азғырып машықтанған шайтанның азғыру әдістері өте көп. Және ол әдістерді шайтан өте жақсы меңгерген. Шайтанның пайдаланатын қамалдары да молшылық.

Қазіргі кезде ажырасып кетіп жатқан жанұялардың, ынтымағының бұзылуына көбінесе күйеулерінің ішкілікке салынып, маскүнем болып кетуі себепкер болуда. Сондай жанұя мүшелерімен әңгімелескенде сол маскүнем болып кеткен адамның жұбайы, немесе туысқандары оның маскүнем болып кету себебін білмейді. Барлығы дерлік себепті арақтан немесе оның жолдастарынан іздейді. Осы арақ деген бәле құрып кетсе екен, күнде келіп шақырып тұратын жолдастары жоғалып кетсе екен деген сияқты әңгімелер айтады.

Арақтың және оның жолдастарының сыртында жасырынып тұрған шайтан ол байғұсты арақ ішуге итермелеп тұрады. Ал адамдар шайтанның бұл әдісін білмегендіктен, ешуақытта себепті шайтаннан іздемейді. Және оған қарсы күресуді де білмейді. Арақ пен маскүнемнің жолдастары шайтанның жасырынып тұратын қамалы ғана.

Адамдардың өмірінен жиі көрінетін шайтанның әдістері мен қамалдары мынадай: азғырушылық, күнәға құштарлық, менмендік, мансапқорлық, өзімшілдік, сенімсіздік, әлсіздік, құштарлық, мертігу, қайғы – қасірет шегу, уайымшылдық, маскүнемдік, нашақорлық, күйзеліс, жындану, нәпсіқұмарлық, ашу – ыза, ашушаңдық, ызақорлық, кекалушылық, өшпенділік,ажырасу, сәтсіздік, бедеулік, қайыршылық, кедейшілік, қарызданушылық, аурушаңдық, инфекциялық, тоқыраушылық, шектеулілік, алаңғасарлық, ұмытшақтық, бизнестегі және әрбір істегі сәтсіздік, лажсыздық (депрессия), саңыраулық, соқырлық, мылқаулық, кері кетушілік, тежеушілік, былығушылық, бүлдірушілік, жетімсіздік, ысырапшылдық, жетіспеушілік, ынжықтық, жігерсіздік, көпсөзділік, дүниеқоңыздық, пайдакүнемдік, екіжүзділік, іштарлық, қызғаншақтық, көрелмаушылық, кертартпалық, дәлелсіз қарсылық (нигилизм), жалқаулық, тойымсыздық(тамаққа), қанағатсыздық, өсекшілік, ұялшақтық, өзін-өзі өлтіру, келемеждеу, қорлау, құдайсыздық, күмәншілдік, қалыптан тыс нәрсеге ынтығу(извращение), құмарпаздық, ырымшылдық, Киелі Кітап сөздеріне қатты қарсыласу, әртүрлі жаман ойларға берілушілік, негізсіз қиялдану, балаштыруға, астрологияға, болжамдарға құштарлық, былапыт-боқтық сөздерге құштарлық, ұрыншақтық, өтірікшілік, ұрлықшылық,бүлдіру, тапшылық, кемтарлық, адамдар жасаған ырым –дуа, шатасушылық, есалаңдық, ажырасу, қылмыс жасаушылық, мұңаю, үрей, зұлымдық, неке адалдығын бұзушылық, шырмалу, зақымдану,сәтсіздік, т.с.с. әдіс-тәсілдерді қолдана отырып шайтан адамдарды күнә жасауға итермелейді.

СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ КҮНӘЛАР

Адамдардың жасайтын күнәсін сыртқы күнә және ішкі күнә деп екіге бөлуге болады.

1. Сыртқы күнәға мысалы: ұрлық жасау, өтірік айту, неке адалдығын бұзу, кісі өлтіру, ата-ананы сыйламау, маскүнемдік, нашақорлық, т.с. күнәлар жатады. Көбінесе адамдар осындай сыртқы күналарды жасамай жүрген болса, мен күнәсізбін, әділетті өмір сүріп жүрмін деп ойлайды. Олардың осылай әрекет жасап, әділ өмір сүруге талпыныстары үшін Құдайға шексіз алғыс!

2. Ішкі дүниемізде болатын күнәлар. Яғни біз санамызда пайда болатын әртүрлі жағымсыз ойлар арқылы да күнә жасауымыз мумкін. Ондай күнәларды ішкі дүниеміздегі күнәлар деп атайды.

а) Уайым мен тынышсыздану. Әр түрлі нәрселерді ойлап, уайымдап тынышсыздану күнә.

«Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен, шүкіршілікпен білдіріңдер!». Філ 4:6.

«Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп

өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар!»

Мт 6:25-34.

Сонымен уайымдау, Құдайдың өситетін бұзып, орындамау болып есептеледі. Тіпті уайымдау Құдайға деген сеніміміздің кемдігін білдіреді. Біреу былай деген: «Уайым Құдайға деген сенімсіздіктен болатын ауырулық». Тәңіріміз Иса Масіх барлық уайым мен тынышсыздықтан азат еді. Оның өмірі кезкелген жағдайда Әкеге деген сенім арқылы тыныштыққа кенелген, жарқын еді. Тіпті долданған дауыл соғып, теңіз тулап жатқанда Ол ескі қайықта тыныш ұйықтап жатты.

«Біраздан кейін сурапыл дауыл көтеріліп, қайық толқын астында қалып, суға тола бастады. Иса қайықтың артқы жағында көпшік жастанып ұйықтап жатты». Мр 4: 37,38.

б) Сары уайым мен лажсыздық.

Сары уайым! Бір кезде Иляс пайғамбар осы күнә арқылы күнәкар болды.

«Сонда Изавель Илясқа хабаршы жіберіп, былай деді: егер мен ертең және осы уақытта әулилердің әрқайсысының жанына істегеніңді сенің жаныңа істемесем құдайлар маған не істеймін дегенін істесін және одан да асыра жазамды берсін. Мұны көрген ол өмірін құтқару үшін жолға шықты, сөйтіп Иудеядағы Вирсавия қаласына келді, ол осында өзінің жасөспірім баласын қалдыпды. Ал өзі бір күн жол жүріп, сахараға жетті, осында келіп, қалың жапырақты ағаштың түбіне отырды да өзіне өлім тіледі. Жаратушы Ие осы да жетеді,,менің жанымды ал, себебі мен әкелерімнен артық емеспін». 3 Пат 19:2-4.

Иляс пайғамбар Құдайға сенім артудың орнына лажсызданып, сары уайымға түсіп күнәкар болды. Бұл күнә шайтанның Синай шөлінде исрайлдіктерге қарсы қолданған негізгі үрейлі қаруы да болды.

«Ал Мұсаның тау басынан ұзақ уақыт бойы түспегенін көрген халық Һаронның қасына жиналып:

- Қане, бізге алдымызда жүріп отыратын тәңір мүсінін жасап беріңіз! Бізді Мысыр жерінен алып шыққан анау Мұса болса, оған не болғанын білмейміз, - деп талап етті»!

Мыс 32:1.

Осылай Исрайлдіктер Синай шөлінде лажсызданып «сары уайымға» түсіп, Құдайға деген сенімдерін жоғалтып күнәкар болды.

Қазіргі кездің өзінде Құдайға деген сенімін, қуанышын, сергектігін жоғалтып алып, сары уайыммен лажсыздыққа салынып жүрген мәсіхшілер бар.

в)Ашуланшақтық, наразылық, күңкілдеушілік, өкінушілік, көрелмаушылық, күншілдік, т.б.

Өмірімізде болып жатқан әртүрлі жағдайларға үнемі ашуланып, өкініп, қанағаттанбай басқа адамдардың қолы жеткен табысты көрелмай, күншілдік жасап, наразылық білдіріп, күңкілдеп жүрген кездеріміз болады.

«Мысыр елінде Жаратқан Иенің қолынан өлгеніміз жақсы болған болар еді! Ол жерде етке толы қазанды айнала отырып, нанды тойғанымызша жеп жүрдік. Ал сендер бізді бүкіл қауымды аштан қатыру үшін осы шөл далаға бастап алып келдіңдер, - деді».

Мыс 17:3.

Синай шөлінде исрайлдіктерді негізгі мүдіртуші күн&

Наши рекомендации