Азіргі кездегі қорларының жағдайы.

Қорықтар – шаруашылыққа пайдаланылудан алынған,әр түрлі географиялық аймақтарда орналасқан, табиғатқа тұрақты және комплексті зерттеу жүргізетін ғылыми мекемлер. Мұнда табиғи процесстердің даму заңдылығы кеңінен зерттеледі.Жабайы жануарларға санақ жүргізу әдістері, орман және ауыл шаруашылығы зиянкестермен күресудің биологиялық әдістері, хайуанаттар қорының азайып- көбеюіне әсер ететін факторлар, сирек аңдар мен өсімдіктерді қалпына келтіру мәселесі терең талданып, қорықтағы табиғи ресурстады сақтаудың жолдары белгіленеді.

Жойылып кету қаупі төңген жағдайда көптеген хайуанаттар мен өсімдіктер қорықтарда мұқият күтімге алынып сақталады, ал кейбір түрлерінің саны арттырылды.Мәселен қорықтарда, кавказ пальмасы, барқыт шөп, лотос сияқты өсімдіктердің кейбір түрлері, онымен қатар зубр, құлан, теңбіл бұғы, ақ тырна, қоқиқаз, кәмшат, жұпар тышқан тәрізді құстар сақталып, саны өсті.

АЛМАТЫ мемлекеттік қорығы - Алматы қаласынан 25 км жерде орналасқан, Іле Алатауының орталық бөлігіндегі биік таулы алқаптың барлық табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылды. Бұл қорық алғаш рет Іле Алатауындағы орман шаруашылық аумағында 1931 жылы ұйымдастырылған. Қазір Алматы қорығының 89,6 мың га жері бар. Бір- бірінен ошақтау жатқан екі тілімнен тұрады. Оның бірі – Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан, таулы аймақ (көлемі 71,7 мың га). Екіншісі – қалған шөлді аймағы (көлемі – 17,8 мың га) осы тілімді тамаша табиғат ескерткіші «Әнші тау» бар. Алатауға сән беріп тұрған қылқан жапырақта ормандар 1400 – 2000 м биіктікте кездеседі. Ормандағы негізгі ағаш түрі Тянь- Шянь немесе Шренк шыршасы кездеседі. Бұл өте баяу өсетін, қалыптасуы үшін көп жылдар керек ететін ағаш. Сондықтан, қорық аумағындағы шыршаны көбірек өсіріп, оның өсу, қалыптасу процессерін зерттеуге, оны басқа тау аймақтарына жерсіндіруге жол ашады. Қорықта шыршаны орман көлемі 5,3 мың гектардай.

1937 жылдан бері қорықта ғылыми бөлім жұмыс істей бастады. 1943 жылы Алатау өңірінде орналасқан бұл қорық территориясында 14 мыңдай қарақұйрық мекендесе, соның жартысы майдан мақсаты үшін аулауға рұқсат етілді. Күнгей және Іле Алатауындағы ормандардан ағаш дайындау жаппай өріс алды. Әрине, мұндай жағдайлардың еліміз басына ауыр күн туған уақытта болуы заңды еді. Бірақ Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін қорық территориясының көлемі қысқарту ешбір дәлелге сыймайтын сияқты еді. 1946 жылы Таушелек орманы алқабы Орман шаруашылығы министрлігіне берілді. Ал одан кейін қорық қармағына тек Шелек орманы алқабы мен тау етегіндегі далалық учаскелер қалдырылды. 1952 жылы бұл қорық жабылып қалды да, ондағы жұмыс тоқталып қалды.

Алматы қорығы әуелі Табанқарағай орман алқабында қайтадан ұйымдастырылды. Ол кезде қорықтың орталығы Шелек ауылында болды. 1964 жылы бұл қорықта Талғар өзенінің сол және оң жақ қабығында өскен орман алқабы берілді. Оған Іле өзені жағасында орналасқан «Әнші тауда» кірді.

Қазір Алматы қорығының территориясы 90 мың га. Бір -біренен оқшау екі учаскеден тұрады. Оның бірі - Іле Алатауы орталық бөлігінде орналасқан таулы аймақ (көлемі 71681 га), екіншісі Қалқан шөлді аймағы (17850 га). Қорықтың орталығы Алматы қаласынан 25 шақырым жерде, Талғар қаласына таяу орналасқан. Онда ғылыми зертхана мен мұражайы, қорық қызметкерлеріне арналып салынған үйлер бар.

Қорық қызметкерлері алдында ғылыми жұмыстардан басқа, осы өлкенің табиғат байлықтары- жануарлар мен өсімдіктердің дүниесін, таудың сұлу көрікті орындарын өз қалпында сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу міндеті тұр. Алматы қорығының негізгі ғылыми міндеті - Іле Алатауы қойнауындағы табиғат комплексін қорғай отырып, оны жете зерттеу болып табылады.

Жер бедері мен ауа райы.

Алматы қорығының биік шыңдарын мәңгі мұз бен қар басқан, сұлу шыршалы ормандарына қараса көз тоймайды. Алатаудың бауырында сыңғырап өзендер ағып жатады. Алматы қорығына Іле Алатауының орталық бөлігі – теңіз деңгейінен 1400- 5017 м биіктік аралығында орналасқан Талғар тау жоталары енеді. Топырағында зор әсер еткендігі көзге түседі. Оның үстіне қорық территориясына «Ән салатын» құмды таулар да кіреді. Шөлді аймақтың тау етегіне жақын орналасуы оның ауа- райына үлкен әсер тигізеді. Соған сәйкес таудан төмен түскен сайын жылына болатын жауын- шашын мөлшері азаяды. Теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте 500 мм, ал 2400- 3000 м биіктікте 780- 870 мм жауын жауады. Жазда тауға әр бір 100 м көтерілген сайын ауа температурасы 0,71 *С төмендейді. Қыс айлары онша суық болмайды, бұл қорықта паналайтын хайуанаттардың қыстан күйлі шығуына көмектеседі.

Қорық территориясы кіші- гірім өзеншелер арқылы бөлінетін бірнеше тау қыраттарынан тұрады. Ондағы суы мол саналатын өзендер - Талғар мен Есік. Басын мәңгі мұдардан алатын бұл өзендердің ені 3-5 м тереңдігі 0,5-1 м- дей болып ағысы қатты келеді. Өзендердің су деңгейі тіпті тәулік ішінде бірнеше рет өзгереді. Жаз айларында су деңгейінің тәуліктік ауысуы кейде 40- 50 см дейін жетеді.

Өсімдіктері.

Алматы қорығының бір артықшылығы - тау беткейлерінде орманды - дала, субальпі және альпі өсімдік белдеулерінің ұштасып жатуы. Орманды дала белдеуі қорық жерінде 1300- 2600 м биіктік аралығында орналасқан. Оның төменгі етегінде жапырақты ағаштар мен бұталар өседі. Көпшілігі жабайы жеміс ағаштары. Бұл белдеудегі ормандағы негізгі ағаш түрлері- долана, алма, өрік, көктерек, тал. Бұталарымен топтаса қарақат, итмұрын және ұшқат ұштасады.

Алатауға сән беріп тұрған қылқан жапырақты ормандар 1400- 2800 м биіктікте орналасқан. Жалпы жабайы жеміс ағаштарының алып жатқан аумағы 157 гектардай. Алматы қорығындағы шырша орманының көлемі 5,3 мың гектардай болады. Орманды – дала белдеуінің ашық алаңдарында шабындық- көкмайса шөптері өседі. Таудың салқын самалды қыраттарында боз, бетеге, қарабасшалған бетеге, жусан сияқты бұталы ағаштар арасында тау таспасы, қозықұлақ, тянь - шянь еркекшөбі, ширатылған қоңырбас, шабынды қоңырбас, аюбалдырған т.б. балауса шөптер көктемде қаулап шығып, тау беткейін көкорай шалғынға айналдырады.

Альпі белдеуі 3000- 3600 м биіктікте орналасқан, одан әрі қар мен мәңгі мұз орын тебеді. Бұл өңір көлемінің 70- 80 пайызын қойтастар мен құздар алып жатыр. Ондағы құздардың жарылуынан, бұзылуынан пайда болған тасты шөгінділер үнемі қозғалыста болады да, шөп өспейді.

Нші тау» құпиясы.

Қорықта қарасты әнші тау биіктігі 150 м- дей, ұзындығы 3 шақырымға жуық сусылдаған ақ шағылды төбе. Кейде оны «Жаңғырық тау» деп те атайды. Ғажайып әнші тау халық арасында неше түрлі аңыз әңгімелер туғызған. Мәселен, бұл құнды төбелерде өзінің жырымен жолаушыларды еліктіріп, қалыпты сусыз шөлшерге апарып, қырғынға ұшырастыратын әйел кескінді мақұлық ән салады- мыс. «Әнші тау» туралы әр қилы хиқаялар дінге сенуден, жоққа нанушылықтың салдарынан туған. «Жаңғырық таудың» етегінде ерте замандағы бейіттер кездеседі. Қазіргі ғалымдар құмның айрықа үн шығаруын қалай түсіндіреді? Ол туралы айтылған болжамдар көп, бірақ солардың ешқайсысы бұл сырды нақты ашып бере алмайды. Мұндай қасиеттер өте құрғақ, кремнезем қоспасы бар сусын малы, таза құмдарда ғана байқалатындығы анықталды. Ондай құм түйіршігі ұсақ және біркелкі мөлшерде қийыршық болады. Құмның тек қозғалыс гектарлатып келеді.

Жануарлар дүниесі.

Қорықтың жер бедерінің күрделілігі, ауа райының әр белдеудегі әр түрлілілігі оған сәйкес өсімдік түрлерінің көптігі жан- жануарлар түрлерінің кең таралуына әсерін тигізеді. Мұндағы құстардың 200- ден аса, ал сүтқоректілердің 40- тай түрлері тіршілік етеді. Қорықтың шырша орманында самырсын құсы, шырша торғайы, шиқылдақ торғай, қызылқұйрық торғай, тоқылдақтар мекендесе, орманды дала белдеуінде кәдімгі мысық торғай, қарашымшық, бұлбұл, маубас жапалақ, қара қарға, үкі, кептер, құр және басқа да алуан құстар тірілік етеді. Таудың биік құздарында ұлар мен қозықұмай ұшырасады. Қорықтың Іле өзені бойындағы шөлді бөлімшесінде қорғауға алынған құстың бірі- қырғауыл. Жетісу қырғауылы біздің еліміздегі тауық тұқымдас құстардың ең ірі және сұлуы. Алматы төңірегіндегі қоры 3000- нан асып отыр. Шөлді өңірде, сонымен қатар жылқышы, бұлдырық құстары тіршілік етеді. Жылқышы- түн құсы. Қауіпті сезсе, жерге бұға қалады. Түсі мекенлеген ортасына сәйкес келеді. Тоқылдақтар көп мөлерде ағаш қоңыздарын құртады. Тіпті бір қарлығаштың өзі бір жазда 500 мыңнан 1 млн- ға дейін насикомды жойып, үлкен пайдасын тигізеді. Қорықта елік, таутеке, арқар, марал, қоңыр аю, барыс, сусар, тиін сияқты аңдар бар. Әсіресе, орманды- дала белдеуінде елік көбірек кездеседі. Кейбір жылдары 1000 га жерді елуге жуық елік мекендейді. 1975 жылы қорық қызметкерлерінің жүргізген санағына қарағанда, онда 560- тай елік бар екендігін анықтайды, ал 1974 жылы оның саны 450- дей еді. Бұл тұяқты жануар жүзге жуық өсімдік түрімен қоректенеді. Қыс айларында тау етектерінде тебіндеп жайылады. Тауда қар қалың түсіп, қыс аса суық болған жылдары елікті қорық қызметкерлері әр жерге шөп тастап, үстеме қоректендіреді. Сөйтіп, олар бұл жануарлардың қыстан аман шығуына қамқорлық жасайды. Елікпен бірге тау биігін жайлаған хайуанаттың бірі- таутеке. Ол қорықта альпі және субальпі белдеулерін қоныс еткен. Жазда Алатау қойнауында мәңгі мұзға жақын жүреді де, қысқа қарай шырша орманына жақындап жайылады. Әсіресе қаңтар - ақпанда таутекені таудың күнгей беткейінен көбірек кездестіруге болады. Қорықшылардың 1974 жылы вертолетпен жүргізген есебі бойынша таутекенің саны 560 - тан асып отыр.

Құстар мен аңдардан басқа Іле Алатауының етегінде кездейсоқ қалқантұмсық жылан, тау жоталарының күнгей беткейін ала отырып, 2000- 2200 м дейін биіктікке өрмелеп шығады. Көбінесе тастар арасында ұшырасып қалады. Қорықта «Алай кесірткесі» деп аталатын кішкентай кесіртке тіпті альпі белдеуіне дейін таралған. Көктемде көбею кезінде оның еркегінің бауыры күміс түсті дақтар араласқан қызыл қоңыр болады.

Талғар өзенінің арнасындағы тастар үстінде кішкене торғай шырылдап ұшып кейде қалықтап барып, ағыны қатты суға барып сүңгиді. Мөп-мөлдір су түбінде оның кішкентай тастарды түрткілеп, безек қағып жүргені анық көрінеді. Бұл – сушыл қоңыр торғай еді. Тіршілігінің барлығы сумен байланысты. Негізгі қорегі су насекомдары, олардың личинкалары болып табылады. Күні бойы дамыл таппай ұшуы да осыдан. Көктемде барлығы жұптасып, өз территорияларын жақсы қорғайды. Ерте көбейеді. Наурызда бұлар ұя сала бастайды. Осы кезде қоразы көп сайрап «күй салтанатын» өткізеді. Сушыл қара ұясын судаға тастар ұясына салады. Ұясын шар тәрізді етіп «есік» шығарып, сондай ғажап жасайды. 3 – 6 жұмыртқа салып, балапан басады. Су түбінде 1 минуттай болады, жалпы ұзындығы 3 – 4 шақырымдай жол жүреді. Қыстың 25 – 30 градус суығына қарамай, мұз астында қорек іздеуге жақсы бейімделген.

Талғар өзенінің аңғарындағы жабайы алма ағаштарында ұшып – қонып, әсем құс – мысықторғай немесе сарғалдақ жүреді. Қоразының түсі айқын сары, тек қанаттары сарғыштау дақ араласқан қара келеді. Тауға 1500-1900 метр биіктігінің аралығында көтерілетін құс. Мысықторғай қара торғайдан (скворец) сәл үкенірек. Бір нәрседен сезіктенген кезде мысық тың мияулағанындай дыбыс шығарады. Балапандары қорек сұрағанда «ки-ки-ки» деп дауыстап ауыздарын ашады. Ұясын аспалы тор қылып ағаштарға салады. Көктемде 3 – 5 жұмыртқа салып, шығарады. Балапандарын тәрбиелеуге еркек-ұрғашысы бірдей жұмылады. Насекомдармен қорекктеніп, біраз пайда келтіреді.

Қара шымшық та ағаш бұтағына қонып, «и-хи-хи-хи-хи» тәрізді үн шығарып шырылдайды. Әдетте суға жақын бұталы тоғайды мекендейді. Іле Алатауындағы 600- 2600 м биіктікте тіршілік етеді. Қоңызқұрт, моллюскалармен, ал күз бен қыс айларында долана итмұрын, ұшқыт жемістерімен қоректенеді. Ұясын ағаш ұтағының қуысына салады. 5 жұмыртқа басады. Ал сары шымшық болса, тәулігіне 6 000 – дай ұсақ жәндіктерді ұстап, бау – бақша, орман зиянкестерімен күресіп, шаруашылыққа маңызды рөл атқарады. 1965 жылы осы қорыққа 145 – дейін қорғауға жіберілген.

Тянь – Шянь тауларында шырша мен арша өскен жерде құр паналап, тек қыста ғана қорегін ағаш бұтақтарына теріп жейді. Ал негізінен жерде тіршілік етеді. Сәуірдің аяғында көбейе бастайды, көбеймес бұрын олардың қораздары ұрғашы құр үшін шайқасады. Бұл құстың саны қорықта өте аз.

Іле Алатауында шырша оманында мекен ететін құс – самырсын. Ол ұзақтан сәл кішірек, ақшыл жолақтары бар, қоңыр – қызыл келген құс. Ағаштың басында отырып, адам көзіне көрінбеуді ұнатады. Шыршаның зиянкестері: сүген, ізтұмсық, қоңыздар, ағаш қандаласы, насекомдар және личинкалар жерге түскен жапырақтармен қоректенеді. 4 – 6 жұмыртқасы басады.

Кекілік – өте өсімтал құс. Салмағы 600 грамм. Қорегі тау өсімдіктерінің жемісі мен тамырлары. Ол 7 –ден 20 – ға дейін жұмыртқа салып, балапан ұшырады.

Субальпі белдеуінде ағаш бұтақтары төңірегінде мекендейтін қара ала торғай. 4 балапан шығарады. 1980 жылдардан бастап қорғауға алынды негізгі қорегі – тауда өскен ағаш жемістері мен ұсақ насеком, салмағы 3 килограммға жетеді.

Қорықтың Іле өзені бойындағы бөлімшесінде қорғауға алынған құстың бірі – қырғауыл. Тау тұқымдас құстардың ең ірісі де сұлуы. Алматы төңірегінде қоры 3 000 – нан асып отыр.

1975 жылы қорық қызметкерлерінің жүргізген санағына қарағанда, онда 560 – тай елік бар екен. Ал 1974 жылы оның саны 450 – дей еді. Елік тұяқты жануар, 100 – ге жуық өсімдіктен мен қоректенеді. Елік пен бірге тау биігін жайлаған хайуанаттың бірі – барыс. Кейде оны «Ілбіс» деп атайды. Ол өте сирек кездесетін бірте – бірте жойылып бара жатқан, ал Алматы қорығында 5 – ақ түрі кездеседі. Қызыл кітапқа етгізілген, халық тарапынан қамқорлыққа алынған. Барыс - ерекше сымбатты, күшті және епті аң. Таутекелерді еліктерді, жүгіріп жүріп жейді. Жемтігіне 15 мертдей биіктен атылып, олжа қылады.

Сілеусін – 1970 жылы Талған өзені бойында қорғауға алынған жыртқыш аң. Алатау өңірінде сілесіннің саны өсіп келе жатқындығы байқалды.

Шырша орманыныда, әсіресе тау жотасының теріскей беткейінде, тау сусары да молайып келе жатыр. Зоология институтының ғылыми қызметкерлері А. К. Федосенко мен Ю. С. Лобачевтің зерттеулеріне қарағанда, Талғар өзенінде 7 тау сусарының түрі мекендеген. Ал 1963 жылы олардың саны 12 – ге өсті.

Ақкіс пен аққалақ та Алатау етегінде көбірек кездесетін жыртқыш аңдар. Мекендері – орман, ал қысқа қарай қорек іздеп, тау етектеріне қарай түседі.

Қорық жерінде жыртықыш аңдарының ірісі - қоңыр аю да баршылық. Қыста тау үңгірлерінде аз уақытқа ұйқыға кетеді. Күзде жабайы алма мен өрік өскен бақтарды жейді. Кейбір жерде қасқыр да кездесіп қалады.

Наши рекомендации